Статьи, год 2014

Мақалада Қазақстан Республикасының білім жүйесіне сипаттама беріліп, түрлі деңгейде білім берудің ерекшеліктері қарастырылған. Ақылы білімнің мемлекет пен қоғам үшін пайдасы мен зияны көрсетілген. Ақылы білімнің дамуына салыстырмалы талдау жасалған. Ақылы білімнің ұлттық адами капиталды қалыптастырудағы рөлі айқындалған. Қоғам мен мемлекеттің элитасы жəне адами əлеует мəселелері зерттелген. Ақылы білім беру қолданыстағы заңнамада қаншалықты бекітілген жəне қандай заңнамалық олқылықтар бар екендігі айтылған. Зерттеу нəтижелері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған.
2014

Мақалада құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңінде азаматтардың қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығының ерекшеліктері қарастырылған. Аталмыш тақырыпты ашу барысында автор Қазақстан Республикасының заңдары мен конституциялық негіздеріне сəйкес адам жəне азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мəртебесіне жəне олардың түрлері мен нысандарына түсінік берген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігу құқығын реттейтін жəне оған кепілдік беретін қазақстандық заңдарды жүзеге асыру үшін бірқатар мəселелерге қатысты ұсыныстар жасаған.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасындағы əскери қызметшілерді əлеуметтік қорғаудың конституциялық-құқықтық реттелу мəселелері қарастырылған. Автор əскери саясат жəне қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық нормаларының қорғау жəне қамтамасыз ету сұрақтарын қарастырды. Сондай-ақ Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етті.
2014

Мақалада «тұрғын үй» түсінігінің мəні ашылған, тұрғын үй нарығының қалыптасу шарттары берілген, тұрғын үй нарығының ел экономикасында алатын орны мен тұрғын үй нарығы дамуының циклдік сипаты көрсетілген. Қазақстан Республикасының тұрғын үй нарығының негізгі даму кезеңдері мен қазіргі тенденциялары сипатталған, құрылыс саласындағы жағымды жəне дағдарыс салдарынан пайда болған жағымсыз тенденциялары құрылыс ұйымдарының санының өзгеруі, құрылыс саласына бөлінген инвестиция көлемі жəне баға динамикасы арқылы көрініс тапқан. Тұрғын үй құрылысына əсер ететін факторлар талданған.
2014

Мақала өңірлік инновациялық жүйені (ӨИЖ) қалыптастырудағы маңызды факторлар — білім-ғылым жəне инновациялық белсенділікті зерттеуге арналған. Осы аталған мəселенің тəжірибелік аспектісін қарастыруда ӨИЖ қалыптастыру мен оны дамытудағы қазіргі кезеңде Қазақстанда жасалып жатқан іс-шараларды, сондай-ақ үкіметпен қолға алынып жатқан кешенді жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктерінің статистикасын пайдалану көзделген. Оның ішінде инновациялық жүйе құрудағы ғылым мен инновациялардың маңыздылығы зерттелген. Ғылым мен инновациялық белсенділік жан- жақты талданған. Корреляция-регрессиялық жəне салыстырмалы талдаулар негізінде ӨИЖ тиімділігін бағалаудың танымал жəне тиімді қолданыстағы əдістердің кешені көрсетілді.
2014

Мақалада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мəселесі қарастырылды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің тиімді жақтары талданып, ел экономикасы дамуы, отандық салалардың шетелмен бəсекелестігі туралы сөз болады. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі мақсат-міндеттері белгіленіп, Ұйымға енудегі маңызды мəселелер талданып, негізгі бағыттары да айқындалған. Жалпы, жаһандану заманындағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуының маңыздылығы, ел үкіметінің осы орайда атқарып жатқан бірқатар жұмыстары, олардың елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басты бағыттары аталып көрсетілген.
2014

Мақалада «инновация» ұғымына қатысты əр түрлі авторлардың көзқарасы қарастырылған. Автор оның өзінің эволюциялық дамуында алуан түрлі мазмұны мен нысандары болғандығына назар аударған. Сонымен бірге инновацияның түрлері мен оның белгілері бойынша жіктелуі, функциялары, инновациялық қызметке қандай қызмет түрлерін жатқызуға болатындығы көрсетілген. Инновациялық үдеріс кезеңдеріне назар аударылған. Автордың «инновация» ұғымына қатысты өзіндік пікірі келтірілген.
2014

Мақалада «инновация» ұғымына қатысты əр түрлі авторлардың көзқарасы қарастырылған. Автор оның өзінің эволюциялық дамуында алуан түрлі мазмұны мен нысандары болғандығына назар аударған. Сонымен бірге инновацияның түрлері мен оның белгілері бойынша жіктелуі, функциялары, инновациялық қызметке қандай қызмет түрлерін жатқызуға болатындығы көрсетілген. Инновациялық үдеріс кезеңдеріне назар аударылған. Автордың «инновация» ұғымына қатысты өзіндік пікірі келтірілген.
2014

Мақалада Қазақстанда банк қызметі саласында маркетингтің дамуы жəне банк қызметінің даму стратегиялары, cонымен қатар банктік өнім жəне банктік қызмет түсініктері қарастырылды. Екінші деңгейлік банктер жəне олардың депозиттік салымдарына талдау жасалды. Қазақстанда банктік қызметтерге инновацияны жасау мен инновациялық енгізулер келтірілген. Ребрендинг түсінігі мен Қазақстан банктерінің ребрендингі зерттелді. Банкте маркетингтің даму бағыттары анықталды жəне дамудағы жаңа тенденциялар ұсынылды. Банк клиенттеріне қызмет көрсетуді жетілдірудің жекелеген бағыттары талданды.
2014

Мақалада еліміздегі жұмыссыздық мəселесін шешудің түрлі жолдары қарастырылған. Соңғы жылдардағы жұмысбастылық деңгейінің жоғарылауы жəне жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі тұрақты экономикалық өсудің нəтижесі болып отырғаны атап көрсетілді. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталықтарындағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі де жан-жақты талқыланды. Соның ішіндегі жұмыссыздықты төмендету, яғни, жұмысбастылықты көтеру мақсатындағы халықты жұмыспен қамту саясаты толық талданған. Соңғы жылдардағы ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейінің төмендеу ерекшеліктері де нақты көрсетілген. Əсіресе жастар жұмыссыздығының өзекті де, шешімін табуды қажет ететін басты мəселенің бірі екендігі баса айтылды. Жалпы, қазіргі таңда еліміздегі жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған əр түрлі бағдарламалар мен стратегиялардың жүзеге асырылу бағыттары айқын да жүйелі талданып көрсетілді.
2014

Мақалада еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдай отырып, жүзеге асыруға тиісті бағыттар мен атқарылатын іс-əрекеттерді тұжырымдау қарастырылған. Əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан аймақтық еңбек нарығының мазмұны нақтыланған. Теориялық-əдіснамалық деңгейде нарықтық экономикада халықты жұмыспен қамтудың бағыттары мен басымдылықтары зерттелген. Аймақтағы еңбек нарығын реттеу үшін маңызды факторлар анықталған. Осы шарттарда аймақтың ерекшеліктерін, аса маңызды өндірістік жəне өмір сүруді қамтамасыз етуші салалардағы жеке сектордың басымдылығын ескеретін аймақтық экономикалық саясатты қалыптастыру жүргізіліп отыр. Нормативтік-құқықтық, ұйымдық-басқару, ақпараттық-талдамалық қосалқы жүйелерінің негіздеуі жасалған аймақтардағы еңбек нарығын тиімді қамтамасыз етудің ұйымдық-экономикалық тетігі ұсынылған. Аймақтық еңбек нарығының ұйымдық-экономикалық тетігін жетілдіру тəжірибесі жалпыланған жəне оның тиімділігін жоғарылату жолдары анықталған.
2014

Қазіргі уақытта жаңартпашылық қызмет мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болған жоқ: отандастық экономикада маңызды технологиялық ашылымдар, зерттеу нəтижелері мен өңдеулерді қарқынды бұқаралық игерілуі бақыланған жоқ. Бұл байланыста жаңа аса жоғары деңгейге көшу мен жұмыс істеу үшін технологиялық құрылыстың алмасуы шарттарында кадрлардың дайындық деңгейі ерекше маңызға ие, себебі кəсіптік кадрлар сапасы, бейімділігі мен оңтайлығы экономиканың жаңартпашылығын анықтайды. Мақалада автор аймақтағы кадрлық əлеуеттің қалыптасу мəселелерін қарастырды. Мемлекет аймақтарында құрылған жағдайдың қысқаша талдауы өткізілді. Экономиканың жаңартпа дамуына көшу үшін мүмкіндіктер анықталды.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.