Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы əскери қызметшілерді əлеуметтік қорғаудың конституциялық-құқықтық негіздері

Əдебиеттерде «əлеуметтік қорғау» термині жиі қолданылады, бірақ қажетті талаптарынсыз. Халықаралық еңбек ұйымдарының анықтауы бойынша, əлеуметтік қорғау – бұл «экономикалық жəне əлеуметтік апаттардан қоғамдық мөлшерде қоғам өзінің мүшелерін қамтамасыз ету барысында қорғау, қайтыс болған немесе қартайған кезде, мүгедектік, жұмыссыздық, өндірістік қайғылы жағдайларды, ауру нəтижесінде, табысы қысқартылғанда немесе тоқтатылғанда балалары бар отбасыларды жəрдемақымен қамтамасыз ету жəне медициналық көмек көрсету» [1].

Біздің мемлекетіміздегі, өзге құқықтар сияқты, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сəйкес айтылған жағдайлар орын алған кезде жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, тұрған жеріне, дініне, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатысуына жəне өзге де жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының əр азаматына кепілдендіріледі [2].

Азаматтарды əлеуметтік қамтамасыз ету өзінің қызмет көрсетуі мен қамтамасыз ету түрлерінің мазмұнына байланысты əр түрлі болып келеді. Мысалы, оларға: əр түрлі тікелей төленетін төлемдер (зейнетақы, жəрдемақы); жұмысқа орналастыру жəне оған қажетті мамандандырылған оқу мен қайта оқыту; асырау үшін мүгедектер үйінде, интернаттарда, емдеу-сауықтыру орындарында, демалу орындарында, санаторийларда жəне басқа да емдеу-профилактикалық мекемелерден жеңілдік орындарын ұсыну жəне тағы басқалар жатады.

Мемлекеттің əлеуметтік қорғалмаған дəрежедегі азаматтар үшін беделді өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету бойынша саясат саласында механизм жəне тəртіптік əлеуметтік бағдарлама құрастырылуда. Бұл санатқа əр түрлі əдіснамалық анықтамаларға негізделе отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің əскери қызметкерлері жатқызылады. Əлеуметтік бағдарлама тетігін жетілдіру саласындағы зерттеулер басқарманың барлық маңызды ресурстары мен факторларын есепке алу қажеттігін көрсетеді. Əлеуметтік бағдарламаны жетілдіруде кешенді ықпал тигізуді қамтамасыз етудің маңызды талабы болып ерекше əлеуметті-мəдени топ ретінде əскери қызметкерлердің мəдени жəне білім ресурстарын зерттеу болып табылады.

Əлеуметтік саясат теориясының тұрғысы бойынша, əлеуметтік қорғау – барлық деңгейдегі органдардың басқармалары мен басқа институттар, азаматтардың əлеуметтік, құқықтық жəне экономикалық кепілдемесі бекіткен заңнаманы жүзеге асыру бойынша механизм жəне басымдылық жүйесі, сонымен қатар қоғамның дамуындағы нақты талаптарға сəйкес халықтың əлеуметтік түрде тиімді өмір сүру деңгейіне қолжеткізу, əлеуметтік қызмет жүйесі [3].

Ресей Федерациясы Президентінің қарамағында адам құқықтары бойынша құзыретті В.П. Лу- кин атап өткендей: «Əскери реформа талаптарына сай əскери қызметкерлердің өмір сүру деңгейін жоғарылауы, əлеуметтік қорғалулары, олардың атқарып жүрген еңбектеріне лайықты ақы төлеу сұрақтары аса маңыздылыққа ие болуда. Көбінесе əскери қызметкерлерге əр түрлі қосымша, компенсациялық, əлеуметтік жəне басқа да төлемдер ұсталып отырады. Əскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің сақтандыруын қамтамасыз етуде құқықтары жиі бұзылады» [4].

Əлеуметтік қорғаудың маңызды көрсеткіші болып өмір деңгейі табылады – бұл адамдардың игілігін қамтамасыз ету бойынша, айрықша сандық көрсеткішін сипаттайтын (еңбекақы мөлшері, кірісі, қызмет пен тұтыну көлемі, өндірістік жəне сатылушы тауарларды тұтыну деңгейі, тұрғын үй талаптары, денсаулық сақтау жəне т.б.), олардың материалдық жəне мəдени қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін көрсетеді [5].

Əлеуметтік қамтамасыз етудің конституциялық құқығы əскери қызметті өтіп жатқан азаматтарғада тиесілі. Бұл азаматтарды əлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету өзгеше түрде жүзеге асырылады, олардың əскер қызметінен кеткеннен кейін ары қарай жүзеге асырылады. Мұндай қамтамасыз ету, əскери қызметтен кеткен тұлғалар жəне олардың отбасы мүшелері, қалған азаматтармен салыстырғанда, жағдайлары анағұрлым маңызды. Олардың əскери қызметте орындаған уақыт аралығындағы жұмысымен жəне оның өту талаптарымен анықталады, əскери міндет əскери қызметтің ұзақтығымен, қызметтен шығару есебімен жəне басқа факторлар сипатымен түсіндіріледі.

Əскери қызметті өткен жəне олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі қарастыратын сұрақтарының талаптары мен оның жүзеге асырылу тəртібі Қазақстан Республикасының «Əскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік қорғау мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасында жасы бойынша жəне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, мүгедектігі бойынша мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы туралы» жəне «Қазақстан Республикасында арнайы мемлекеттік жəрдемақы туралы» заңнамаларымен қарастырылған.

Əрекет етуші заңнамаларға сəйкес бұл тұлғаларды əлеуметтік қорғау, оларды қандайда бір мемлекеттік міндеттерден босату немесе олар үшін кейбір басымдықтар беру, оларға белгілі бір əлеуметтік қызмет түрлерін ұсыну (қызмет көрсету), сəйкес ақша сомасын төлеу жолдарымен жүзеге асырылады [6].

Атап айтқан да «Əскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік қорғау мəртебесі туралы» Заңының 17-бабымен əскери қызметтен босатылған азаматтарға жұмысқа орналастыру бойынша қосымша құқық бекітілген. Əскери мерзімдік қызметті өтеп шыққан тұлғаларға жұмысқа орналасу кезінде өздері шақырылған мекемеге орналасу басымдылық құқығы қарастырылған.

Əскери қызмет уақыты үздіксіз жұмыс өтілі ретінде саналып, мамандығы бойынша мемлекеттік міндетті əлеуметтік сақтандыру бойынша жəрдемақы төлеу кезінде есепке алынады, еңбек сіңірген жылдар үшін бір ретті сыйақы, еңбекақысына пайыздық үстеме, жеңілдіктер ұсыну.

Əскери қызметтен шығарылған азаматтарды еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінде олардың жұмысқа орналасу мен мамандық білімі бойынша құрылымдар құрылуда.

«Əскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік қорғау мəртебесі туралы» Заңында, сонымен қатар əскери қызметтен шығарылған тұлғаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жеңілдік құқығы қарастырылған. Жекелеп қарастырғанда, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңының 5-бөлімі 101-бабында сол елдi мекенде қызмет атқарған кезеңде қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берiлген əскери қызметшiлер он жыл əскери қызмет өтілінен кейiн, ал еңбек сiңiрген жылдары, науқастануы немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен босаған кезде қызмет мерзiмiне қарамастан, оны (əскери қалашықтарда, шекара бекеттерінде жəне өзге де жабық объектiлерде орналасқан тұрғын үй-жайлардан басқасын) жекешелендiруге құқылы деп жазылған [7].

Күнтізбелік есептеу бойынша еңбек сіңірген жиырма жыл немесе одан да көп, айтылған негіздер бойынша əскери қызметтен шығарылған əскери қызметкерлер тұрғын үйді ақысыз жекешелендіру құқығына ие.

Əскери қалашықтарда, шекара бекеттерінде жəне өзге де жабық объектiлерде орналасқан тұрғын үй-жайлар тұрған əскери қызметкерлер, мұндай тұрғын үйді жекешелендіруге мүмкіншілік болмаған жағдайда, оның басқа жерден тұрғын үй алуы үшін, жекешелендіру құқығы соған сəйкес тұрғын үй құнымен орны толтырылады.

Жоғарыда айтылған жеңілдіктер тек бір рет қолданылады.

Əскери қызметтен шығарылған азамат пен оның отбасы мүшелерін (жеке санаттар) медициналық жəне санаторий-курорттық қызмет көрсету, денсаулығын сақтау сұрақтары бойынша жеңілдік тəртіпте əлеуметтік қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Əскери қызметтен шығарылған азамат пен оның отбасы мүшелерін əлеуметтік қорғау шегінде ақшалай төлемдер зейнетақы жəне жəрдемақы түрлері ретінде қарастырылған. Əскери қызметтен шығарылған азамат пен оның отбасы мүшелеріне зейнетақы төлеу материалдық қамтамасыз ету, өмір сүрудің негізгі көзі ретінде қарастырылады. Əскери қызметтен шығарылған азамат пен оның отбасы мүшелеріне ақшалай жəрдемақы бұл тұлғаларға бір жолғы жəне басқа уақытша материалдық көмек ретінде белгіленеді. Əскери қызметтен шығарылған азаматтар үшін жəрдемақының негізгі үш түрі қарастырылған: бір жолғы, ай сайынғы əлеуметтік жəне бір жыл уақыт аралығында əскери шені бойынша еңбекақы мөлшерін төлеу. Əскери қызметтен шығарылған тұлғаларға бір жолғы жəрдемақы төленеді (оған əскерге шақыру бойынша əскери қызметтен өткен офицерлер жатқызылмайды): əскери қызметінде күнтізбелік 10-нан 15 жылға дейін еңбек сіңірсе — төрт айлық мөлшерді құрайды; 15 жылдан 20 жылға дейін — бес айлық мөлшерді; 20 жылдан 25 жылға дейін — алты айлық мөлшерді; 25 жылдан 30 жылға дейін — жеті айлық көрсеткішті; 30 жылдан артық — сегіз айлық көрсеткішті құрайды.

Мерзімді қызметтегі əскери қызметкерлер бір айлық мөлшердегі көрсеткішті, ал айтылған тұлғалардың жетім балалар санынан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бес айлық көрсеткіш мөлшерде.

Əскери қызметтің өту барысында мемлекеттік орденмен марапатталған əскери қызметкердің бір жолғы жəрдемақы мөлшері екі айлық еңбекақы мөлшерін құрайды.

Қызметтен жасы бойынша шығарылған, штаттың қысқаруы немесе зейнетақыға құқығынсыз денсаулығы бойынша қызметтен шығарылу кезінде бір жолғы немесе демалыс жəрдемақысын сақтай отырып, ішкі істер органдарының орташа, бас жəне жоғарғы басшы тұлғалары мен офицерлеріне қызметтен шығарылған күннен арнайы немесе əскери шені бойынша жəрдемақы бір жыл көлемінде сақталып, төленеді. Оған қоса, егер көрсетілген мерзім ішінде айлық мөлшері көтерілсе, əскери немесе арнайы шені бар əскери қызметкерлердің жəне ішкі істер органдарының жоғары тұрған лауазымды тұлғалар құрамына, қызметте жүрген əскери қызметкерлерге, сəйкесінше əскери немесе арнайы шені бар əскери қызметкерлердің жəне ішкі істер органдарының жоғары тұрған лауазымды тұлғалар қызметтен шығарылғаннан кейін осы айлық мөлшерлері бір жылдық мерзім өткенше де өседі.

Əскери қызметкерлер санындағы отбасы мүшелерінің қайтыс болған зейнеткерлер, ішкі істер ор- гандарының басшылық жəне қатардағы құрамына, асыраушысынан айрылған жағдай бойынша жəр- демақы белгілегеніне қарамастан, бір жолғы жəрдемақы əйеліне (күйеуіне) – асыраушының үш айлық мөлшердегі зейнетақысын төлейді жəне отбасының əр еңбекке жарамсыз мүшесіне – асы- раушысының бір айлық мөлшердігі көрсеткіш зейнетақысын өзі қайтыс болғанға дейін төлейді [8].

Əскери қызметтен өткен тұлғаға жəне оның отбасының мүшесіне мүгедектік бойынша, жасы бойынша жəне асыраушысынан айрылған жағдайда əлеуметтік жəрдемақы төленеді.

«Қазақстан Республикасының мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жəне жасына байланысты мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар туралы» Заңының 11-бап 2-тар- мағына сəйкес мүгедектігі бойынша жəрдемақы алуға құқығы бар мүгедектерге қатарына:

  • мерзімді қызметтегі əскери қызметкерлер санындағы мүгедектер, əскери қызмет өту кезінде алған аурулар, мертігулер, контузия, жарақаттар нəтижесінен болған мүгедектік, азаматтық жəне əскери тағайындауда ядролық объектілерде апат жағдайының нəтижесінде немесе ядролық объектілерде апат салдарын жою кезінде болған мүгедектік;
  • Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті жəне ішкі істер органдарының басшылығы мен қатардағы құрам тұлғалары (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметкерлерден басқа) əскери қызметкерлер санындағы мүгедектер, қызметтік жəне əскери парызын орындамаумен байланысты емес немесе əскери қызметтегі міндетін орындамаумен байланысты емес, келеңсіз жағдайлар нəтижесінде пайда болған, əскери оқу салдарынан мүгедек болған жағдайда;
  • Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті жəне ішкі істер органдарының басшылығы мен қатардағы құрам тұлғалары (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметкерлерден басқа) əскери қызметті өту кезінде алған ауру, əскери-оқу, контузия, жарақаттану нəтижесінен пайда болған мүгедектік жатады [9].

Мерзімді əскери қызметтегі санындағы мүгедектерге, əскери қызметті өту кезінде алған ауру, мертігу, контузия, жарақаттану нəтижесінен пайда болған мүгедектік; азаматтық немесе əскери тағайындау ядролық объектілерінде апаттық салдарды жою кезінде немесе ядролық объектілерде апаттық жағдай нəтижесінде жəне төтенше экологиялық жағдай салдарынан болған мүгедектерге, сонымен қатар ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезінде жəне олардың себепті тергеу талаптарымен байланысты радиациялық əрекеттесу нəтижесінен пайда болған мүгедектікке, мүгедектік бойынша бір айлық жəрдемақы келесідей мөлшерде төленеді:

  • бірінші топ мүгедектеріне — тоғыз айлық есептік мөлшерінде;
  • екінші топ мүгедектеріне — алты жарым айлық есептік мөлшерінде;
  • үшінші топ мүгедектеріне — бес айлық есептік мөлшерінде.

Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті жəне ішкі істер органдарының басшылғы мен қатардағы құрам тұлғалары (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметкерлерден басқа) əскери қызметтік міндетін орындау кезінде, əскери қызметті өту кезінде алған ауру, мертігу, контузия, жарақаттану нəтижесінен пайда болған мүгедектікке, мүгедектік бойынша бір айлық жəрдемақы келесідей мөлшерде төленеді:

  • бірінші топ мүгедектеріне — он алты айлық есептік мөлшерінде;
  • екінші топ мүгедектеріне — он жарым айлық есептік мөлшерінде;
  • үшінші топ мүгедектеріне — жеті айлық есептік мөлшерінде.

Асыраушысынан айрылуы бойынша жəрдемақы. Асыраушысынан айрылу бойынша жəрдемақы алуға, асыраушы қайтыс болған отбасының оның қарауында болған еңбекке жарамсыз мүшесі құқылы. Сонымен бірге егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сəйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, əкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы; егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса жəне жұмыс iстемейтiн болса, ол асыраушының қарамағында болған-болмағанына қарамастан, отбасының еңбекке жарамсыз мүшесі қайтыс болды деп санамағанша асыраушысынан айырылу бойынша жəрдемақы тағайындалады.

Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті жəне ішкі істер органдарының қызметкерлері, əскери қызметкердің отбасы мүшелерінің əскери қызметті өту кезінде немесе əскери қызметтік міндетін орындау кезінде алған аурулар, мертігулер, контузия, жарақаттар салдарынан өлген немесе қайтыс болғанда, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жəрдем- ақының бір айлық мөлшері, отбасының əр еңбекке жарамсыз мүшесінің бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне көбееді, бірақ барлық отбасы мүшесіне 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайды.

Енді жасы бойынша жəрдем ақы тағайындау сұрағын қарастыру қажет. Жасына байланысты жəрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған жағдайда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа жеткен кезде Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады немесе зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнетақының ең төмен мөлшерін алғанда.

Жасы бойынша айлық жəрдемақы үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады [9].

Əскери қызметкерлерді əлеуметтік қорғау жүйесіндегі маңызды фактор зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылады.

Əскери қызметкердің еңбек сіңірген жылдары зейнетақыға шығу құқығы мен оның мөлшерін Қазақстан Республикасының 1997 жылы 20 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-1 Заңымен анықталады [10].

Əскери қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 26 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі, өртке қарсы қызметі, қаржы полициясы, ішкі істер орган қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдар үшін бір жолғы жəрдемақы төлеу мен тағайындау Ережесін бекіту туралы» №803 Қаулысына сəйкес саналады [11].

Зейнетақыны төлеуді жүзеге асыру мен тағайындау тəртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 23 ақпанда «Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі,өртке қарсы қызметі, қаржы полициясы, ішкі істер орган қызметкерлеріне, олар бойынша арнайы шен беру жəне ішкі істер орган қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тəртіпте əскери қызметкерлерге мемлекеттік базалық əлеуметтік жəрдемақы төлеу, мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу, зейнетақы төлеуді жүзеге асыру мен тағайындау Ережесін бекіту туралы»

№138 Қаулысына сəйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақыны төлеуді тағайындауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының халықты əлеуметтік қорғау мен Еңбек министрлігінің зейнетақыны төлеу бойынша Республикалық бюджет есебінен банктегі Зейнетақы қорына аударылу жолымен Мемлекеттік орталық төлемдерді ағымдағы айда төлеуді жүргізеді.

Мемлекеттік бюджет есебінен төленетін зейнетақылар 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап əскери қызметте еңбек сіңірген жылдар үшін əскери қызметкерге толық жəне толық емес көлемде тағайындалады.

1998 жылдың 1 қаңтарынан 10 жылдан артық əскери қызметте еңбек сіңірген жылдар үшін əскери қызметкерге зейнетақы төлеу толық көлемде тағайындалады жəне қызметтен шығарған кездегі қаражат көлемінің 50–65 % шамасындағы көлемде бекітіледі.

«Еңбек сіңірген жылдар үшін зайнеткерлік» түсінігі «əскери қызметте еңбек сіңірген жылдар» түсінігімен сəйкес келмеуі мүмкін.

Əскери қызметкерлерді зейнеткерлікке тікелей əскери қызметте еңбек сіңірген жылдар үшін ғана емес, сонымен бірге экстремалды жағдайларда уақыт өткізгені немесе əскери қызметтің кейбір түрлері қосылады. Əскери қызметтен басқа (оның барлық түрлері) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығарады, мысалы:

  • Украина, Белоруссия, Латвия, Литва жəне Эстония территориясында 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта халықты қорғау мақсатында отрядтарда жəне взводтарда, жойғыш батальонында қызметте болғандар;
  • Азаматтық министрліктерде, ведомстволарда жəне ұйымдарда оларды əскери қызметке қалдырғандарды, мемлекеттік билік органдарында офицерлердің жұмыс уақытында;
  • Ұлы Отан соғысы кезінде халық жасағының құрамасы мен бөлімдерінде, кеңес партизан құрамасы мен бөлімдерінде қызметте болған;
  • əскери құрылыс отрядтарда (бөлімдер) əскери құрылысшы ретінде қызмет атқарғандар;
  • Əскери қызметкерлердің (сонымен бірге əскери қызметке мерзімді шақырылғандар) тұтқында, қоршауда жəне арнайы тексеруде болған, егер тұтқында ерікті түрде болмаса, əскери қызметкер тұтқында болған кезде Отанына қарсы қылмыс істемеген болса;
  • əскери қызметкерлер (сонымен бірге əскери қызметке мерзімді шақырылғандар) жер аударылған кезде жəне бас бостандығынан айыру орындарында жазасын атқарған кезінде, қамауда болған уақытта, негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарды, негізсіз репрессияға ұшырағандар мен нəтижесінде ақталғандар (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығарудың барлық түрлерінің тізімі Үкіметтің Қаулысында анықталған) [12].

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығаруда, еңбек өтілі қажет жағдайларда, сонымен қатар олардың зейнеткерлікке шығу құқықтарын бекіту үшін əскери қызметтен шығарылған жасын жұмыстан шығарылған күні белгілейді. Еңбек сіңірген жылдарын əскери қызметкердің жеке ісінде бар мəліметтермен, қызмет тізіміндегі мəліметтер жəне басқа да мағлұматтарды санау бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылы 20 қаңтарда қабылданып, 2009 жылы қазанда толықтырулар мен өзгертулер енгізген «Əскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік қорғау мəртебесі туралы» Заңында əскери қызметкерлердің жауапкершіліктері мен міндеттері, құқықтары бекітілген, əскери қызметтен шығарылған азаматтарды, əскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік жəне құқықтық қорғау бойынша мемлекеттік саясаттың негізі анықталған.

Əскери қызметкерлердің демалыс жəне қызметтік уақытының жалпы ұзақтығы əскери қызметкерлердің апта сайынғы қызметтік уақыты (мерзімді əскери қызметке шақырылғандар мен (арнайы) əскери оқу орындарындағы курсанттардан басқа) жұмысшылар мен əскери қызмет етушілер үшін заңнамада бекітілген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауы тиіс, ал мерзімді əскери қызметке шақырылғандар үшін əскери жарғының талабына сəйкес анықталады.

Əскери қызметкерлерге (мерзімді əскери қызметке шақырылғандар мен (арнайы) əскери оқу орындарындағы курсанттардан басқа) апта сайын бір тəуліктен кем емес демалыс ұсынылады, бірақ айына алты тəуліктен аз емес демалыс беріледі.

Жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет), оқу жəне басқа да əскерлер мен əскери қалыптастырулар құрылымында əскери қызметкерлер əскери қызметте тұрады, қызметтік уақыттың жалпы ұзақтылығын шектеусіз өткізу іс-шаралар тізімін Қарулы Күштер басшылығы анықтайды. Əскери қызметкерлерді апта сайынғы қызмет уақытынан тыс бекітілген əскери міндеттерді атқаруға қатыстыру кезінде, сонымен қатар демалыс, мереке жəне жұмыс күндері емес уақытында болатын болса аптаның басқа күндерінде командирлерге (бастықтарға) демалыс беріледі.

Əскери қызметкерлерге (мерзімді əскри қызметке шақырылғандар мен (арнайы) əскери оқу орындарындағы курсанттардан басқа) жылдық негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы əскери қызмет талабы мен ерекшеліктеріне, жылпы еңбек сіңірген жылдарға байланысты бекітіледі: əскери қызметте 10 күнтізбелік жылдан артық еңбек сіңіргені үшін — 30 тəулік; 10 жылдан 15 жылға дейін— 35 тəулік; 15 жылдан 20 жылға дейін — 40 тəулік; 20 жылдан артық — 45 тəулік.

Жаздық əскери қызметте қызметін өтеп жатқан тұлғаларға, сонымен қатар жергілікті жерлерде қызметін атқарушылар үшін демалыс ұзақтығын Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі — 45 тəулік.

Демалыстың ұзақтық уақытына демалу орнына барып-келу үшін қажетті уақыты саналмайды.

Əскери қызметкерлердің демалысы (əскери қызметке мерзімді шақырылғандарды есепке алынбайды) əскери қызметкердің тілегі мен қызметтік мүддесі есепке алына отырып, екіге бөліп алу мүмкіндігі қарастырылған.

Айтылған əскери қызметкерлер санаттарына қосымша демалыс ұсынылады:

Зиян (ауыр) талаптарда міндеттерін атқарған үшін, қызметтің ерекше сипаты үшін (ұзақ іс- сапарлар, жауынгерлік кезекшіліктің вахталық тəсілі жəне олардың өз орналасқан жерлерінен басқа жерге ұзаққа ауыстырған жағдайлар) қосымша демалыс уақытын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.

Экологиялық апат аумақтарда қызмет өткендер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес беріледі.

Мерзімді əскери қызметке шақырылғандар үшін марапаттау ретінде қысқа мерзімді демалыс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы əскери Жарлығында анықталған тəртіпте беріледі.

Əскери қызметкерлерге ауруы, отбасылық жағдайлары бойынша қысқа мерзімді, ал арнайы əскери оқу орындарында оқитындар үшін — демалыс бойынша беріледі.

Əскери қызметкерлерге (мерзімді əскери қызметке шақырылғандардан басқа) адъюнктураға, əскери докторантураға дайындық пен түсер алдындағы емтихан тапсыру үшін, сонымен қатар жоғары оқу орындарына түсу үшін оқуға түсер алдындағы емтихан тапсыру үшін оқу демалыстары ұсынылады, ал кандидат немесе докторлық ғылыми дəреже ізденушілер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тəртіп бойынша шығармашылық демалыс ұсынылады.

Əскери қызметте істейтін əскери қызметкер əйеліне (күйеуіне) жыл сайынғы демалыс олардың күйеулерінің (əйелдерінің) кезекті демалысына сəйкес бір уақытта беріледі. Демалыс ұзақтығы күйеуінің (əйелінің) демалыс ұзақтығымен бірдей болуы мүмкін, еңбекақысы сақталмауынсыз қосымша демалыс ұсынылады [12].

Əскери қызметкерлер əскери медициналық мекемелерде, бөлімдерде, бөлімшелерде тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқылы. Қызмет орны бойынша немесе тұрғылықты жерінде əскери медициналық мекеменің болмауы немесе оларда медициналық көрсеткіш бойынша арнайы жабдықтар немесе олар үшін сəйкес бөлімдер болмаған жағдайда, ведомстволық жабдыққа қарамастан, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке денсаулық сақтау орындарында жəне жеке медициналық тəжірибемен айналысатын тұлғалар кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек алуға құқылы.

Əскери қызметкерлерге жеке денсаулық сақтау орындарында жəне жеке медициналық тəжірибемен айналысатын тұлғаларға кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек көрсеткені үшін шығын Қазақстан Республикасын Үкіметімен бекітілген тəртіп бойынша мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.

Емдеуге кеткен құралдардың орны Қарулы Күштердің əскери қызметкерлерімен, басқа əскер мен əскери құрамалар құрылымында өздерінің əскери қызметтерін өтеген əскери қызметкерлермен толтырылады.

Сонымен қатар əскери қызметкерлерді санитарлы-эпидемиологиялық қамтамасыз ету, əскери қалаларда, шекара бекеттерінде жəне комендатураларда пəтерге орналастыру Қазақстан Республикасы заңнамасы бекітілген тəртіп бойынша жүзеге асырылады.

Əскери қызметте міндетін атқару кезінде ауру немесе мүгедектік, зақым, контузия, жарақат алған əскери қызметкерлер əскери құрама жəне басқа əскер түрінде, олар əскери қызметін өткенде құрылым, Қарулы Күштер есебінен шипажайға жіберіледі.

Əскери қызметкер əйелдер ана мен баланы қорғау, əйелді əлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған барлық жеңілдіктерді қолдана алады. Бұл жеңілдіктер балаларын анасыз тəрбиелеп отырған барлық əскери қызметкерлерге қолданылады (оның қайтыс болу жағдайында, ата-ана құқығынан айырған жəне заңмен бекітілген өзге де жағдайлар).

Əскери қызметкерлер арнайы əскери оқу орындарында оқуға құқылы.

Арнайы əскери оқу орындарын бітірген əскери қызметкерлер біліктілікті көтеру мен қайта дайындау курстарында оқуға мүмкіндіктері бар.

Əскери қызметкерлерге (мерзімді əскери қызметке шақырылғандар мен (арнайы) əскери оқу орындарындағы курсанттардан басқа) əскери құрама жəне басқа əскер түрінде, олар əскери қызметін өткенде құрылым, Қарулы Күштердің басшыларының келісіміне сəйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес сессиялық жəне қорытынды емтихандар тапсыруға демалыстар ұсына отырып, сырттай немесе кешкілік оқу нысаны бойынша орташа, жоғарыдан кейінгі, жоғары оқу орындарынан кейін жəне қосымша білім беру ұйымдарында оқуға рұқсат етіледі.

Оқу кезінде əскери қызметке шақырылған тұлғалар əскери қызметтен шығарылғаннан кейін əскери қызметке шақырылғанға дейін оқыған оқу орындарында оқуын жалғастыруға құқылы.

Келісім-шарт бойынша əскери қызметін өтеуші солдат (матрос), сержант (старшина) лауазымындағы əскери қызметкерлер күнтізбелік санау бойынша сегіз жылдан кем емес уақыт қызметін атқарғандар, шығын орнын толтыру есебінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында бюджеттік құрал есебінің оқу құнының елу пайыздық мөлшерде ақылы түрде оқуға құқығы бар. Бұл жеңілдік бір рет қана қолданылады.

Айтылған шығынның орнын əскери қызметкерге өзі əскери қызметін атқарған мемлекеттік орган толтыруы тиіс.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Волгина Н.А. Социальная политика: Учебник для ст-тов и слушателей вузов / Под общ. ред. Н.А. Волгина; Рос. акад. гос. службы при Президенте РФ. — М.: Экзамен, 2002. — С.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж. (07.10.1998 ж., 21.05.2007 ж. жəне 02.02.2011ж. өзгерістер мен толықтырулар). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_
  3. Холостова Е.И. Социальная политика. — М.: ИНФРА-М, 2001. — С. 165,
  4. Разаев Д.А. Управленческие ресурсы программирования в сфере социальной защиты (на примере военнослужащих)// Социология образования. — 2008. — № 6. — С. 64–72.
  5. Бестужев-Лада И.В. Уровень жизни, жизненный уровень, жизненный стандарт: Российская социологическая энцик- лопедия / Под общ. ред. Г.В. Осипова. — М.: НОРМА-ИНФРА, 1999. — С.
  6. Кемелханов А.Ж. Сборник законодательств Республики Казахстан по военному праву. — Алматы: ТОО «Изд-во LEM», 2010. — 324 c.
  7. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі № 94–1 Заңы. — [ЭР].Қолжетімділік тəртібі: www.zakon.kz
  8. Постановление Правительства РК от 26 августа 1998 года № 803 «Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам органов внутренних дел РК, назначения и выплаты единовременных пособий». — [ЭР]. Режим доступа: zakon.kz
  9. Закон Республики Казахстан «О государственных социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кор- мильца и по возрасту в РК» 1997 г. с изменениями и дополнениями на декабрь 2003 г. — [ЭР]. Режим доступа: zakon.kz
  10. Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2013 ж. 21 маусымдағы № 105-V Заңы. (10.06.2014 ж. өзгерістер мен толықтырулар). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: zakon.kz
  11. Постановление Правительства РК от 26 августа 1998 года № 803 «Об утверждении правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам органов внутренних дел, финансовой полиции, противопожарной службы, уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции РК, назначения и выплаты единовременных пособий». — [ЭР] Режим доступа: www.zakon.kz
  12. Қазақстан Республикасының «Əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мəртебесі жəне оларды əлеуметтік қорғау туралы» Заңына 20 қантар 1993 ж. (2008 жылғы 27 маусымдағы № 626 толықтырулар мен өзгерістер). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: zakon.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.