Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аймақтық еңбек нарығы дамуының əлеуметтік негіздері

Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды:

  • ең алдымен, мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестіруді күшейту қажет;
  • өтіп бара жатқан жылда біз моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, əлеуметтік мəселелерді шешуге, кəсіпорындар жұмысын жетілдіруге айтарлықтай ресурстар бағытталды. Сонымен бірге бізге өңірлерде əлеуметтік- экономикалық жағдайларды теңестірудің тиімді жаңа тетіктері қажет;
  • бізге көші-қон мəселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет [1].

Бұл мəселелерді шешу үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданғанымыз дұрыс. Осыған байланысты əкімшілік басқарудың аймақтық деңгейінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық əдістерін зерттеу, экономикалық қатерлерді айқындау əдістемесін жасау, қазіргі жағдайлардағы экономикалық жүйелерді басқарудың тетігі ретіндегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бағыттарды жəне аймақтық саясатты негіздеу ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек əлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын-соңды болмаған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы əзірленді.

Бағдарламаның мақсаты — жұмыспен тұрақты жəне нəтижелі қамтуға жəрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың əл-ауқатын арттыруға жəрдемдесу. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • инфрақұрылымды жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  • ауылдағы жеке кəсіпкерлік бастаманы қолдау жəне тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кəсіпкерлікті дамытуға жəрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру;
  • жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту жəне жұмысқа орналастыруға жəне қоныс аударуға жəрдемдесу [2].

Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне əсерін тигізуде.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі əлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету — халықты əлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары əлеуетін дамыту жəне іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Аймақтық еңбек нарығын реттеудің əлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық- инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, əлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кəсіби даярлау жəне қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мəселелердің бірі болып отыр.

Еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың оңтайлану механизмін қарастыра отырып, оны реттеудің басқа да механизмдерін бөліп көрсетеді, зерттеушілердің ойынша, жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында заманауи жағдайларда ресми мақұлданған болуы мүмкін. Оларға жататындар:

  • еңбек төлемін қаражаттандырудың түрлі тəсілдері;
  • жұмыс орындарын үлестеу механизмдері;
  • азаматтарды жедел қайта оқытуды ұйымдастыру;
  • азаматтарды аумақтық қайта бөлуді ынталандыру;
  • жұмыс уақытының икемді тəртібі шарттарындағы еңбекке жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушілерді ынталандыру;
  • қоса атқарушылықты реттеу;
  • уақытша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Еңбек нарығы жəне халықты жұмыспен қамту саласындағы үдерістер əрқашан əлеуметтік- экономикалық даму аспектілерінің орталық мəселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу жəне еңбек нарығы саласындағы əр түрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты.

Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тəуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мəселелері пайда болады. Еліміздегі нарықтық экономикаға əсер ететін қаржылық жəне экономикалық тұтқалардың, нарықтық инфрақұрылымының жетілдірілуі көптеген əлеуметтік мəселелерді, əсіресе еңбекке жəне жұмыспен қамтылу саласындағы мəселелерді өте маңызды ете түсті.

Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақстандық еңбек нарығы аймақтық еңбек нарықтарының қарама-қайшылықтарын бойына жинақтаған. Сондықтан да жұмыс күші еңбек нарығын саралау үшін жəне сол негізде макродеңгейде біртұтас стратегия құру үшін республикадағы жұмыспен қамту мəселесіне толық талдау жасау қажет.

Экономикалық өсудің алғашқы жылдары еңбек нарығындағы оңтайлы өзгерістерге толы болды, бірақ анағұрлым мəселелі аймақтарда жағдай экономикалық дамыған аймақтармен салыстырғанда баяуырақ жақсарды. Бұл тек Қазақстанға ғана тəн емес жəне экономикалық өсу кезеңіне ғана тəн емес. Экономикалық жағдай нашарлаған кезде дамыған аймақтарда жұмыссыздық анағұрлым тезірек өседі, ал əлсіз дамыған аймақтарда, керісінше, жайырақ өседі. Осылайша, аймақтық теңгерімсіздік қысқара түседі. Экономикалық ахуал жақсарған сайын күшті аймақтар жұмыссыздықты бірінші болып тез қысқартады, сондықтан аймақтық ерекшеліктер өсе түседі. Мысал ретінде Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарын алуға болады, мұнда соңғы бес жыл ішінде жұмыссыздық 15 %-дан астам деңгейге дейін қысқарды, бұл орташа республикалық деңгейден екі есе көп (1-кесте). Алайда Қазақстан үшін жұмыссыздық деңгейіндегі аймақтық ерекшеліктердің тұрақты өсуін экономиканың циклдылығымен ғана түсіндіру мүмкін емес. Себептердің бірі демографиялық факторлардың əсері болып табылады. Аймақтардың көбісінің жұмыссыздықтың төмен деңгейіне өтуі тек экономикалық өсу мен жаңа жұмыс орындарын қалыптастырумен ғана емес, сондай-ақ еңбек нарығына келетін жастардың азаюы мен көптеген жұмысшылардың зейнетақыға шығуымен байланысты. Жұмыссыздықты төмендетудің төмен деңгейі байқалатын, артта қалған, ауыл шаруашылық аймақтардағы жағдай өзгеше — тұрғындар санының қарқынды табиғи өсімі кезінде жастардың еңбек нарығына келуі көбейеді, ал экономикада заңда жұмыс орындары инвестициялар үшін көптеген институционалдық жəне т.б. бөгеттердің болуы себебінен аз ашылады.

  Қазақстан аймақтары бойынша 2007–2012 жж. жұмыссыздық деңгейі,%

 Анағұрлым аз дамыған аймақтардың тұрғындарының ұтқырлығы жағдайды жұмсартады. Еңбек мигранттарының негізгі ағымы ірі агломерацияларға жəне жетекші мұнай-газ аймақтарына (Астана жəне Алматы қалалары, Атырау, Маңғыстау облыстары) кетеді. Олардың табыстары анағұрлым жоғары болады, жұмысбастылық қалалардағы қызмет көрсету саласында шоғырланады жəне ресми емес сипатта болады. Дамыған жанұяаралық трансферттер арқасында оңтүстік аймақтар тұрғындарының еңбек миграциясы аймақтарда қалатын жанұялардың табыстарын көтеруге мүмкіндік береді. Алайда мемлекет аймақтық еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты теңгерімдеудің бұл тетігін ешқалай қолдамайды, керісінше, əлсіз дамыған аймақтан келген еңбек мигранттарын қабылдаушы аймақ билігінің қарсы əрекеттері мен жергілікті қоғамның оларға көңілдерінің толмауы туралы айтуға болады.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі бойынша теңсіздігінің анағұрлым сезімтал көрсеткіші табыс болып саналады. Бір жұмысшының 2007–2012 жж. аралығындағы орташа айлық номиналдық еңбекақы көлемі бойынша жетекшілер Атырау, Маңғыстау облыстары жəне Алматы мен Астана қалалары болып табылады. Ең кіші орташа еңбекақыны Жамбыл жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары алған (2-кесте).

 Жұмысшының орташа айлық номиналдық еңбекақысы, теңге

  Ең үлкен жəне ең кіші мəндердің қатынасының 2007–2012 жж. аралығындағы серпіні көрсеткендей, жалпы алғанда бір жұмысшының орташа айлық номиналдық еңбекақысы деңгейі бойынша аймақтық ерекшеліктер қысқару құбылысына ие, бірақ онша көп емес. Бұл мемлекет пен бизнес саясаты мен нəтижесі болып табылады, бұл жерде олардың саясаттары əр түрлі. Мемлекет артта қалушы аймақтардағы жұмысбасты азаматтардың тобын құрайтын мемлекеттік қызметкерлерге бірнеше рет еңбекақы көлемін жоғарылатты. Дəл осы уақытта бизнестің шығындарды қысқарту бойынша саясаты жұмысбастылықтың қысқаруына жəне қолданыстағы жоғарғы еңбекақы көлемінің баяу өсуіне əкелді. Ресурстар өндірумен айналысатын аймақтарда шикізат салаларында қызмет ететін жұмысшылардың еңбекақыларының серпіні орташа аймақтық көрсеткіштерге қатты əсер етеді, өйткені мұнайшылардың, газшылардың жəне металлургтердің айлықтары жеткілікті жоғары. Осының нəтижесінде бұл аймақтарда еңбекақы көлемі анағұрлым баяуырақ өседі.

Тұрғындардың жан басына шаққандағы табыстарының ресми еңбекақы көлемімен салыстырғандағы едəуір теңсіздігі себептерінің бірі демографиялық фактормен байланысты. Кедей аймақтарда жұмысбастыларға асырайтын адамдарының болуы себебінен жүктеме көбірек түседі, сондықтан жан басына шаққандағы табыс көлемі азаяды. Демографиядан басқа тағы бір себебі мемлекеттің қайта бөлістіру саясатында жатыр. Ол тұрғындар табыстарының əркелкілігін əлеуметтік трансферттер (төлемдер) арқылы жұмсартуы тиіс. Алайда олардың теңгерімділік векторы шамалы. Əлеуметтік төлемдер жағрафиясында анағұрлым көп үлесті зейнетақы алады. Төмен дамыған аймақтарда реципиенттердің көп бөлігін балалар жəрдемақысын алатын тұрғындар құрайды, кедейлерге жəрдем көрсетудің басқа арнайы бағдарламалары əлсіз дамыған. Артта қалушы аймақтар тұрғындарының табыстарын көтеру жəне аймақаралық теңсіздікті жоюдың анағұрлым тиімді тетігі бюджеттік саладағы еңбекақы көлемінің өсуі болып отыр.

Соңғы бес жыл ішінде көптеген аймақтарда кедейшілік деңгейі екі есе төмендеген, бірақ екі зонада кедейшіліктің шоғырлану құбылысы сақталуда: өмір сүру қымбат жəне табыстар арасындағы айырмашылық қатты байқалатын дамыған елдердегі тұрғындардың əлсіз топтарында жəне онша дамымаған аймақтарда.

Жаппай кедейшілік мəселесі өтпелі кезеңнің ең өткір мəселелерінің бірі болды, 1990 жылдардың соңында кедейлердің үлесі ел тұрғындарының 30 %-ын құраған болатын. Əлеуметтік əлсіз топтардың (көп балалы жəне толық емес жанұялар, мүгедектер, жұмыссыздар) дəстүрлі кедейшілігінен басқа, республикада кедейшіліктің жаңа түрі байқалады — əке-шешелері жұмыс істейтін, бірақ еңбекақыларының көлемі жанұяға ең төменгі күнкөріс көзін қамтамасыз ете алмайтын толық жанұялардың кедейлігі [4].

Одан басқа, кедейшілік мəселелеріне мұнай-газ аймақтары да соқтығысты. Оның деңгейінің 2004 жылмен салыстырғанда екі еседен артық қысқарғандығына қарамастан, ол басқа сипатқа ие болуда. Кедей топтардың арасында өте төмен адам ресурстары (денсаулық, білім, ұтқырлық) бар тұрғындар саны көбейіп келеді. Тұрғындардың мұндай топтарын кедейшілік күйден шығару қиынға соғады жəне қымбатқа түседі, сондықтан кедейшілік деңгейінің қысқару қарқыны төмендейді.

Елдің Батысының ресурс өндіруші аймақтарында табыстардың түрленуінен басқа, кедейшіліктің тағы бір факторы — өмір сүру қымбаттылығы (Атырау, Маңғыстау облыстары) болып отыр, ол зейнеткерлер мен балалары бар жанұялар үшін ерекше қиындықтар тудырады. Ауылшаруашылығы аймақтарында, əсіресе республиканың оңтүстігінде табыстардың əртараптануы азырақ, ал өмір сүрудің қымбат еместігі олардың табыстарының төмен болуына қарамастан, кедейшілікті төмендетуге себепші болады.

Кеңістіктік теңгерімсіздікті қысқарту үшін артта қалушы аймақтардағы тұрғындар табыстарын анағұрлым тез өсіру керек. Оны негізінен екі тетік қамтамасыз ете алады — бюджеттік саладағы еңбекақы көлемін едəуір көтеру жəне əлеуметтік трансферттерді өсіру. Статистикаға жүгінсек, Қазақстанда анағұрлым мəселелі аймақтарды жүйелік республикалық қолдау жүргізілмейді, əйтпесе ол тұрғындар табыстарының өсуінде көрінетін еді. Мойындауға тура келеді, қолдау үшін басым бағытты аймақтарды анықтау тек аймақтық теңсіздікті шешу міндетімен ғана емес, сонымен бірге басқа да өлшемдерімен түсіндіріледі. Аймақ тұрғындарының табыстарының өсуі жəне кедейшілік деңгейін төмендету факторлары алуан түрлі жəне олардың тізімін жүйелеуге болады:

1) экономикалық фактор (тұрғындар табыстарының табиғи артықшылықтары мен төмен табыс базасымен қарқындап өсуі);

2) республикалық орталықтың қайта бөлістіруші əлеуметтік саясаты (əлсіз дамыған аймақтардың көбісінің табыстарының қуып жетіп өсуі);

3) саяси фактор (кейбір аймақтарды ерекше қолдау, бұл олардың тұрғындары табыстарын өсіруден де көрінеді);

4) институционалды фактор (бизнеспен ерекше қарым-қатынас, бұл аймақ табыстарын көбейте түседі).

Бірінші екі фактор жетекші рөльді ойнайды, бірақ екіншісі кеңістіктің ерекшеліктерін жұмсартады. Саяси фактор бір бағытта ғана ықпал етпейді, өйткені республикалық орталықтың қаржылай көмегі тек «əлсіздерді» тартумен ғана сипатталмайды. Тұрғындар табыстарының серпініне əсер ететін факторлардың көп қырлылығы жəне көп бағыттылығы аймақтық теңсіздіктің қысқаруы немесе өсуінің нақты тенденциясын көрсете алмайды.

Өндірістік процестің жəне аймақтық мүдделердің тұрақтандыру негіздерінің бұзылуы шағын қалалардың ахуалының нашарлауына əкелді, бұл қалалар облыстың өндірістік күштерін орналастырудың бірегей аумақтық жүйесінің маңызды құрамдас бөліктері болып табылады. Қазіргі жағдайдың ерекшелігі келесіде: шағын қалалар өндірістік-ресурстық əлеуеті, оның болашағы бойынша ахуалына əсер ете алмайды, яғни, жұмысбастылық, тұрғындар табыстары, əлеуметтік қызметтер, экология облыстарындағы қолайсыз құбылыстарды жоя алмайды, дағдарыстық ахуалдан өздері шыға алмайды, өзінің ішкі ресурстары есебінен өмір сүре жəне дами алмайды.

Олар мемлекет, биліктің облыстық жəне аудандық органдары көмегіне мұқтаж, тіпті халықаралық ұйымдардың да көмегін қажет етеді. Олардың дағдарыстың ахуалының соншалықты өсуі осы күні бұл мəселенің тек облыстық қана емес, сонымен бірге жалпыұлттық деңгейдегі маңызы бар өзекті міндеттердің біріне айналды.

Осылайша, қорытындылай келе, Қазақстанның дамуына тəн сипат аймақтардың экономикалық дамуы мен олардың тұрғындарының өмір сүру сапасы деңгейлері арасындағы айырмашылық болып табылады. Бұл жерде əлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша аймақтардың əртараптануы бір көрсеткіштер бойынша бірталай уақыт жоғары болып сақталады, дəл сол уақытта басқа көрсеткіштер бойынша əртараптануы ұлғая түседі.

Сараптама бағалауларына сəйкес, аймақтардың шектен тыс экономикалық теңсізідігі тек перифериялық аудандардың экономикалық тұрақсыздануына жəне жалпы аймақтық өнім көрсеткішінің өсуінің қысқаруына ғана емес, сондай-ақ болашақта — елдің экономикалық өсу қарқындарының төмендеуіне əкеледі [5].

Сондықтан аймақтардың еңбек нарығы тұрғысынан алғандағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі олардың пропорциялық емес дамуындағы алшақтықты қысқарту болып табылады. Бірақ бұл шараны тек жетекші аймақтардың деңгейін төмендету есебінен ғана емес, сонымен бірге артта қалушы аймақтарды əлеуметтік-экономикалық көтеру негізінде іске асыру қажет. Берілген бағыттың артықшылығы аймақтардың өз күшіне — оның экономикалық əлеуетіне сүйемелденуі арқылы дамуында жатыр. Белгілі болғандай, аймақ ресурстарын пайдаланумен іске асырылатын жобалар аймақтық əртараптану деңгейінің əлсіреуіне, өз күшімен дамуы есебінен рационалды жəне əділ аймақтық пропорциялардың қалыптасуына ықпал етеді. Осылайша, мемлекет талпыныстарының ақырғы мақсаты — депрессивті жəне əлсіз дамыған аймақтардың жаңа жұмыс орындарын ашу жəне қолданыстағыларын сақтап қалу, инфрақұрылымды дамыту, экономиканы əртараптандыру, жергілікті салық базасын кеңейту жəне т.б. арқылы тұрақты «өздігінен» дамытуға қол жеткізіледі. Мұның барлығы сонымен бірге аймақтардың экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етудің өршіп келе жатқан өзекті мəселелерінің шешілуіне септігін тигізеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. — 2012 жылғы 14 желтоқсан // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz/kz/page/page_kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-2012- zhylhy-14-zheltoks_1357813742
  2. Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 Қаулысымен бекітілген // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000636
  3. Казахстан в цифрах. — Астана, 2013. — 32 с.
  4. Матаев Т.М. Региональное развитие и проблемная территория. — Алматы, — С. 48.
  5. Современное экономическое развитие Казахстана: отраслевые, региональные, внешнеэкономические приоритеты /Под общ. ред. Б.К.Султанова. Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2011. — 236 с.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.