Еңбек нарығы

Бұл мақалада миграциялық процестер мен еңбек мигранттары және олардың заңсыз сипатқа ие болу мәселелері қарастырылған. Мақаланың зерттеу объектісі заңсыз еңбек мигранттары, ал пәні ретінде оның қоғам құрылымына негативті әсері болып табылады. Бұл мәселені зерттеу нәтижесінде миграциялық процестерге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар анықталды, ҚР статистикалық агенттігінің мәліметтері талданып және келесі қорытындылар жасалды: жергілікті халықтың жергілікті еңбек нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі, елдегі әлеуметтік қысымға алып келетін экономикалық белсенді секторларының мигранттармен монополизациялануы мәселелері анықталды.
2012

Қазақстан қоғамының əлеуметтік құрылымындағы жастардың алатын орны мен атқаратын рөлі ерекше. Жастардың демографиялық көңіл-күйі жəне осы саладағы өзгерістер, демографиялық хал-ахуалға байланысты статистикалық мəліметтер олардың əлеуметтік топ ретіндегі өсу тенденциясын көрсетеді. Қазіргі қоғамдағы модернизациялық өзгерістер жағдайында бұл топтарға қатысты мемлекеттің ұстанып отырған саясаты əлеуметтік тұрғыдан дамуға қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар жастардың денсаулық саласындағы, білім жүйесіндегі жəне еңбек нарығындағы хал-ахуалы, оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің түрлері, жүргізіліп отырған жобалардың басты мақсаты əлеуметтік қызмет көрсетумен байланысты. Мақалада қолданылған статистикалық мəліметтер Республика тұрғындарының арасында жастардың алатын орнының қаншалықты деңгейде екенін бейнелейді.
2012

Еңбек этикасы, еңбек өнімділігі мәселелері кез келген қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі еңбек басымдыққа жеткен қоғам әрқашан басқа мемлекеттерден бірнеше табан алда болған және алда болатынын әлемдік тәжірибе мен ғалымдардың ой-пікірлері дәлелдеп отыр. Мақалада Конфуцийдің, М. Вебердің, Ли Куан Юдің, Махатхир Мохаммадтың және т.б. ғалымдардың еңбек этикасы мен еңбек өнімділігіне қатысты ой-пікірлері сарапталады. Дамудың үлгісіне айналған «Азия барыстарының» дамуындағы еңбектің рөлі мен еңбектің маңыздылығын арттыруға арналған мемлекеттік іс-шаралар салыстырылып талданады. Тарихы, салт-санасы, менталитеті, діні, мәдениеті бір Корея халқы 1945 жылдан кейін социолизмдік даму бағытын алған Солтүстік Корея және капитализмдік даму бағытын алған Оңтүстік Корея деп екіге бөлінді. Әртүрлі даму жолды таңдаған ұлты бір екі мемлекеттің жеткен жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мақалада сипатталады. Еңбек өнімділігі жоғары мемлекеттердің санатына Жапония мемлекетін қоса аламыз. Екінші дүниежүзілік соғыста үлкен жеңіліске ұшыраған Жапонияның экономикалық және әлеуметтік салалары әлсіреген еді. Дегенмен соғыс аяқталғаннан кейінгі 25-30 жылда Жапония әлемдегі ең қарыштап дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды. Жапония әлемге техника мен технологияның ең жаңа түрлерін алып келді. Өмір сүруге ең қолайлы мемлекеттердің алдына шыққан Жапонияның дамуында еңбектің рөлі қарастырылады. Мемлекеттің дамуындағы еңбектің орны сипатталып, еңбекқорлықтың қалыптасуына мемлекеттік саясаттың, діннің, ділдің, психологияның, халық дәстүрінің әсері мен ықпалы талданады. Мақалада әлеуетті мемлекеттердің не себепті басқа қоғамдардан дамуы тұрғысынан алда болатындығы сарапталған. Адамның еңбегін жеңілдететін, мемлекеттің дамуына әсерін тигізетін түрлі факторлардың оң және теріс тұстары көрсетілген.
2013

Мақалада публикациялар қатарын талдау негізінде жалпыланған мотивтер тізімі, тұлғаның алғашқы кәсібилену кезеңінің өзекті мәселелері ұсынылған. Кәсіби мотивацияның зерттеу өзектілігі жас мамандарды жаңа экономикалық жағдайларға даярлау міндеттеріне шартталған, жалпылаудың жоғары деңгейіне шығу, бар теорияларды біріктіру қажеттілігі, сондай-ақ, жұмысшылардың іс-әрекетінің нітижелілігін жоғарылату, ұйымдардағы жұмысшылардың еңбек ісәрекетінің мотивациясына жаңа ыңғайлар табу тәжірибелік міндеттерінде болып отыр. Кәсіби әрекеттегі мотивация адамның әркетіне бағытталған сипатын, оның потенциалды мүмкіндіктерін, берілген іс-әрекет түрін қажеттілігін анықтайтын бөлім ретінде алға қойылады. Өз кезегінде, мотивация сәтті бейімделуге әсер етеді, психологиялық ыңғайлылық, жұмыстан моральді қанағаттанушылықпен анықталады және шешуші кезеңде маманның тағдырына оған таңдаулы іс-әрекет аймағында әсер етуі мүкін. Қазіргі қоғамның толықтай даму кезеңінде еңбек іс-әрекетінің сапасы тек қана нәтижеге жетумен ғана емес, жұмысшының қажеттілігінің қанағаттандырылуымен анықталады.
2015

Жастардың кәсіби потенциалы елдің әлеуметтік-­экономикалық дамуына ықпал етуші негізгі факторлардың бірі болып табылады. Әрбір мемлекет өз елінде кәсіби мамандардың болуына және олар­ ды қалыптастыруға мүдделі. Қоғамның барлық саласы кәсіби маман­ дарды қажет етеді. Әсіресе, инновациялық технология дамыған ХХI ғасыр жастардан біліктілікпен қатар, кәсіби маман болу үшін жаңа технологиялық өзгерістерді игеруді де талап етіп отыр. Бұдан ұғаты­ нымыз жастардың кәсіби потенциалының қалыптасуы үздіксіз жетіл­ діруді, дамуды қажет  етеді. Сонымен мақаланың мақсаты жастардың кәсіби потенциалын қа­лыптастырудың теориялық­әдіснамалық негіздерін анықтау болып табылады. Осы мақсатта мақалада «жастар» және «жастардың кәсіби потенциалы» ұғымдарының зерттелу деңгейлері қарастырылады.
2015

Мақала еңбек нарығындағы жастардың жұмыссыздығы мен жұ­ мысбастылығы және жұмысқа орналасудағы басты кедергілері туралы болмақ. Осы тұрғыда жастардың еңбек құндылықтары, еңбек­ ке қатынасы, кәсіби деңгейі, жұмысты сапалы әрі жоғары деңгейде орындауы секілді құбылыстарды екінші қырынан зерттеп көруге тырыстық. Жастардың жұмыссыздығын азайту қоғамды регресс қаупі­ нен арылтатындығын дәлелдей келе, оның, яғни, кәсібиліктің қоғам­дық прогресске әсер ету мүмкіншілігін талдадық. Жастардың еңбек құндылықтарын көтеру, сапалық деңгейге шығару түрлі деңгейдегі мекемелердің даму кілті бола алатындығына көз жеткіздік. Еңбек на­ рығын жан­жақты сауатты зерттеу үшін объективті ақпарат көздерін іздеу мақсатында ғалымдар мен зерттеушілердің, мемлекеттік органдардың ақпараттары қарастырылады. Жастар жұмыссыздығы бойынша зерттеулерге салыстырмалы талдау жасалып, өз зерттеуіміздің нәтижелерін ұсынамыз. Осы және өзге де тұжырымдар мақала барысында өз оқырманын таппақ.
2015

ЖОО-­ның тиімді дамуының қажетті алғышарттары, оның бәсеке­ ге қабілеттілігін көтеру, еңбек нарығының талаптарымен сәйкес мо­ дернизациялау инновациялық және әлеуетті интеграцияланған бір­ лестіктерге оқу орындарын жатқызу механизмдерін қалыптастыру болып табылады. Ол мақалада көрініс тапқан себептермен байланыс­ ты. Мәселені шешудің бағыттарының бірі – жекелей курстарды оқы­ ту, жоғары білім беру стандарттарын құру үдерісінде жұмыс беруші­ нің қатысуымен, алатын білім мен қабілеттіліктің тәжірибелік мәнін күшейту контекстінде еңбек нарығының қажеттілігіне бейімделген модульды білім беру бағдарламаларын жаңарту. Бұл орайда ЖОО­-да ең жоғары білікті кадрлардың қызмет атқаруы үшін еңбектерін мара­ паттаудың жағдайларын құру керек. Қалыптасқан жағдайда жоғары білім беру нарығының еңбек нарығымен өзара әрекеттестік механиз­ мін жетілдіру, білікті кадрларды дайындау қажет. Ол үшін әр тарап­ тың өзара мүдделерін ескеретін ынтымақтастықтың қазіргі заманға сай формалары мен институттары талап етіледі.
2015

Бұл мақалада тұрақсыз жұмыс мәселелері және оның пайда болу себептері мен әлемдік қауымдастықтың осы мәселені шешудегі тә­жірибесі қарастырылған. Халықаралық еңбек ұйымының осы әлемдік мәселені шешудегі рөліне ерекше орын берілген. Тұрақсыз жұмыс мәселесі әлемнің жаһандану салдарынан пайда болған құбылыс болып танылған. Әлемнің жаһандануына байланысты халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық бәсекелестік, еркін тауар қозғалысы, халықаралық капитал қозғалысы, трансұлттық компаниялар сияқты түсініктер пайда болды. Еңбек ету мемлекеттегі қоғамның айнымас бір бөлігі болғандықтан, экономикалық даму, макроэкономикалық тұ­ рақтылық, адами потенциалдың қалыптасуы мен дамуы, адамдардың өмір сүру сапасының өсуі, осының бәрі еңбек етумен байланыстыры­ лады. Тұрақты даму үшін адамдарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету керек.
2015

Еңбек қатынастары дегеніміз өндіріске қатысушылар арасында қалыптасатын қатынастар. Бұл қатынастар құқықпен реттеледі, оның өзінде құқық нормалары еңбектену процессінде не тек оның нәтижесін алумен байланысты туындайтын қатынастарды ғана реттейді. Еңбек құқығының затына еңбек қатынастары жатады. Бұл қатынастардың жалғыз «еңбек» терминімен белгілеу реттеу затын бөлектегенде қандай да бір қиындық тудырады, себебі бұл терминнің мәндік, семантикалық мазмұны еңбек заңдары ықпал ететін еңбек қатынастарына қарағанда едәуір ауқымды.
2009

Қай салада болмасын еліміздің өркендеуінің негізі болып адами фактордың танылатындығы баршаға мəлім. Əлеуметтік мəселелерді айқындау жəне осы бағыттағы бағдарламалық іс-шараларға əркімнің тікелей қатысу мүмкіндігі заңнамамен айқындалады. Өндірістің өрбуінің бірден бір бөлігі болып қызметкер танылса, екінші бөлігін өндіріс құралдары, технологиялық үдеріс құрайды. ҚР ЕК- нің 3-бабының 2-тармағына сəйкес еңбек заңнамасының міндеттері – жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсімге қол  жеткізуге,  өндіріс тиімділігі мен адамдардың əл-ауқатын арттыруға қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Жұмыс берушіге қатысты қызметкерлердің еңбекті ұйымдастыру, жоспарлау үдерісіне тікелей қатысу мүмкіндігі ҚР ЕК-нің 33-бабы 3-тармағының екінші бөлігімен реттеледі.
2011

Мақалада еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдай отырып, жүзеге асыруға тиісті бағыттар мен атқарылатын іс-əрекеттерді тұжырымдау қарастырылған. Əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан аймақтық еңбек нарығының мазмұны нақтыланған. Теориялық-əдіснамалық деңгейде нарықтық экономикада халықты жұмыспен қамтудың бағыттары мен басымдылықтары зерттелген. Аймақтағы еңбек нарығын реттеу үшін маңызды факторлар анықталған. Осы шарттарда аймақтың ерекшеліктерін, аса маңызды өндірістік жəне өмір сүруді қамтамасыз етуші салалардағы жеке сектордың басымдылығын ескеретін аймақтық экономикалық саясатты қалыптастыру жүргізіліп отыр. Нормативтік-құқықтық, ұйымдық-басқару, ақпараттық-талдамалық қосалқы жүйелерінің негіздеуі жасалған аймақтардағы еңбек нарығын тиімді қамтамасыз етудің ұйымдық-экономикалық тетігі ұсынылған. Аймақтық еңбек нарығының ұйымдық-экономикалық тетігін жетілдіру тəжірибесі жалпыланған жəне оның тиімділігін жоғарылату жолдары анықталған.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.