Әлеуметтік-экономикалық

Қай салада болмасын еліміздің өркендеуінің негізі болып адами фактордың танылатындығы баршаға мəлім. Əлеуметтік мəселелерді айқындау жəне осы бағыттағы бағдарламалық іс-шараларға əркімнің тікелей қатысу мүмкіндігі заңнамамен айқындалады. Өндірістің өрбуінің бірден бір бөлігі болып қызметкер танылса, екінші бөлігін өндіріс құралдары, технологиялық үдеріс құрайды. ҚР ЕК- нің 3-бабының 2-тармағына сəйкес еңбек заңнамасының міндеттері – жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсімге қол  жеткізуге,  өндіріс тиімділігі мен адамдардың əл-ауқатын арттыруға қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Жұмыс берушіге қатысты қызметкерлердің еңбекті ұйымдастыру, жоспарлау үдерісіне тікелей қатысу мүмкіндігі ҚР ЕК-нің 33-бабы 3-тармағының екінші бөлігімен реттеледі.
2011

Экономикалық негіздеріне тоқталғанға дейін «конституциялық құрылыс» түсінігін анықтаған жөн. О.Г. Румянцев «конституциялық құрылыс» үғымын мемлекеттік-құқықтық категория ретінде сипаттай отырып, оған келесідей анықтаманы береді: «Конституциялық құрылыс əлеуметтік қатынастар жиынтығы болып келсе, оның негіздері — осы қатынастарды реттейтін принциптер жүйесі» [1]. Бұл жерде тоқталып кететін тағы бір жағдай, конституциялық құрылыс барлық мемлекеттерге тəн бола бермейді. Себебі конституциялық құрылыс мемлекеттің құқыққа бағыныштылығын қамтамасыз етіп, конституциялық сипат беретін мемлекеттің ұйымдастырылуының нысаны болып табылады. О.Е. Кутафин конституциялық құрылыстың толық мазмұнын «егеменділік, басқару нысаны, мемлекеттің құрылысының нысаны, саяси жүйенің əрекет етуінің негіздері жəне құрамына меншік нысандары бекітілген, еңбекті қорғау, қоғам мүшелерінің əлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз ететін жүйені қамтитын экономикалық жүйенің негіздері» деп сипаттама бере отырып, осы қатынастар мемлекет пен қоғамды ұйымдастыруда басқа қоғамдық қатынастарға бағыт беруші жəне негіз қалаушы болып келетінін атап өткен [2; 152]. Сонымен қатар О.Е. Кутафин конституцияларда мемлекеттің экономикалық негіздерінің бекітілуі осы мəселеге маңыздылық сипат беріп, осы саладағы қатынастардың конституциялық құқық пəнінің бөлігі болып табылатынына тоқталып өткен [2; 153].
2010

Экономикадағы қайта құрулар көптеген жағдайларда мемлекеттің экономикалық саясатының ғылыми тұғырнамасына байланысты болып келеді. Қазіргі таңда ғылыми негізделген экономикалық саясаттың қажеттілігі мемлекет жəне əр түрлі нарық институттарының, заңшығарушы органдар мен атқарушы органдардың қызметтерінде маңызды орын алып отыр. Мемлекеттің əлеуметтік- экономикалық саясаты мемлекеттілік институтының пайда болуымен бірге əрекет етіп келеді. Қазіргі заманда əлеуметтік-экономикалық саясаттың мемлекеттің өміріндегі маңыздылығы қоғамның дамуының жаңа кезеңдеріне өтуіне байланысты жəне қоғамдық өмірдің күрделенуі жаңа міндеттерді тудыртып отырғандықтан, тұрақты түрде өсіп отыр. Мемлекеттің кешенді түрдегі саясаты əлеуметтік-экономикалық талдау арқылы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси процестердегі белгісіздік пен экологиялық сілкіністер қаупінің алдын алуға көмектеседі. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында «əлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізілгенмен шектелтіп қоймайды.
2011

Мақалада «тұрғын үй» түсінігінің мəні ашылған, тұрғын үй нарығының қалыптасу шарттары берілген, тұрғын үй нарығының ел экономикасында алатын орны мен тұрғын үй нарығы дамуының циклдік сипаты көрсетілген. Қазақстан Республикасының тұрғын үй нарығының негізгі даму кезеңдері мен қазіргі тенденциялары сипатталған, құрылыс саласындағы жағымды жəне дағдарыс салдарынан пайда болған жағымсыз тенденциялары құрылыс ұйымдарының санының өзгеруі, құрылыс саласына бөлінген инвестиция көлемі жəне баға динамикасы арқылы көрініс тапқан. Тұрғын үй құрылысына əсер ететін факторлар талданған.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары, нысандары мен əдістері қарастырылған. Интеграциялық үдерістерді кеңейту жəне тереңдету үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының əлеуеті бағаланған. Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы шығарылымы Қазақстанның түрлі аймақтары бойынша, шаруашылықтардың санаттары мен түрлері бойынша талданған. Қазіргі заманғы экономикалық құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдірудің негізгі бағыттары анықталған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.