Статьи, год 2014

Мақалада жоғары оқу орындарындағы (жоо) маркетингті басқару процедурасының үрдістері талданды. Маркетинг қызметінде ұйымның құрама бөлшектері жəне университеттің маркетинг қызметіндегі негізгі бағыттары қарастырылды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжƏТУ маркетингті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар əзірленді. Жоо маркетингтік қызметті басқару қолданысы, əлеуметтік-этикалық, стратегиялық жəне жеке маркетинг тұжырымдамалары дəлелденді. Шетелдік тəжірибелер (АҚШ — Бостон университеті, Австралия — Сидней университеті, Ұлыбритания — Бирмингем университеті) зерттелді. Жоо стратегиясы мен оның маркетингтік қызмет арасындағы қарым-қатынастар анықталды. Жоо білім өнімдерін негізгі арналарға бөлу жүйелі түрде сипатталды.
2014

 Мақалада нарықты экономика жағдайындағы салықтар жүйесінің рөлі мен маңызы қарастырылған. Жанама салықтардың мəні ашылып көрсетілген. Жанама салықтар жүйесін зерттеуде ілімдік көзқарастар талданған. Жанама салықтардың маңызды бөлігі болып табылатын қосымша құн салығына ерекше көңіл бөлінген. Қосымша құн салығының мөлшерлемелерінің өзгеру кезеңдері көрсетілген.
2014

Мақалада отандық екiншi деңгейдегi банктердің даму серпiнi қарастырылған. Коммерциялық банктердiң соңғы жылдардағы қаржылық көрсеткiштерiне талдау жүргізілген. Екінші деңгейлі банктердің əр жұмыс бағыттары — есеп айырысу, депозиттық жəне несие операциялары — зерттелді. Сонымен бірге Қазақстан экономикасының банк секторының даму бағыттары қарастырылған. Əр түрлi көрсеткiштер бойынша екiншi деңгейдегi банктердің ранг беру өткiзiлген. Коммерциялық банктердiң несие саясатын жетiлдiру жолдары ұсынылды.
2014

Білім беру қызметтерін көрсетуде, технологияны жəне маркетингтік қызметті басқаруды айқындаушы, маркетингтік қағидалар сараланды. Автормен құралымдар жəне білім беру қызметін көрсетуде келесі принциптерге негізделген (кешенділігіне, инновациялылыққа, креативті ой, біліктілікке, функционалдыққа, динамизмға, бейімделушілікке, ғылымдылыққа, үйлесімділікке, тиістілікке, оралымдылыққа, басқарушылыққа жəне т.б.) даму тұжырымдамасы ұсынылды. Маркетинг жүргізілімінде ортақ ғылыми əдістер пайдаланылады. Ол қоян-қолтық басқа нақты ғылымдардың əдістерімен іліктес. Сонымен қатар нақты маркетинг əдістері қолданылады. Ұсынылған концептуалды моделі негізгі қажеттіліктерді жаңғыртады жəне принциптер құралымдары мен білім беру қызметін, қызмет атқару ортасын дамытады.
2014

Автор білім беру саласында маркетингтің əлеуетін іске асырудың қажеттілігі мен болашағын дəйектеді, маркетингтік ортаның анықтамасы берілді. ҚазХҚжƏТУ-нің стратегиялық даму жəне мониторинг басқармасы университеттің ішкі, сонымен қатар сыртқы маркетингтік ортасын зерттеуді үнемі жүргізеді. Автормен Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония жоо-дың модельдері талданып, ҚР қалыптасып жатқан жоғары мектептердің алдында əлі көп мағыналы салдарды болжайтын, білім беруді мазмұндық интернационалдандыру сатысы тұрғандығы жайлы айтылған. Сұранысқа ие мамандарды қалыптастырудың маркетингтік заңдылықтарын анықтау жəне оларға талдау жасауға мүмкіндік берді, жоғарғы білім беру жүйесіндегі субъектілерінің қызметін бағалау жүйесін құрастыруға алғышарттар жасалды. Осы зерттеудің аясында, Абылай хан атындағы ҚазХҚжƏТУ маркетингтік талдаудың нəтижелері бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлау үдерісіндегі құзыреттілік тұрғысынан қарау мен психоəлеуметтік факторлардың рөлінің күшеюін бейнелейтін білім беру қызметі нарығының профиль-пакеті ұсынылды.
2014

Мақалада қоғамның тарихи даму үрдісiнде пайда болған мəдени құндылықтар жүйесi, жеке тұлғалардың қызмет барысында жəне жұмыс орнындағы iс-əрекетiне əсер етуi тұрғысынан алып қарағанда өте маңызды болып саналатындығы айтылған. Себебі артып келе жатқан жаһандану үрдісімен бірге кəсіпорындардың өзге мəдениет өкілдерімен құрған байланысы да тығыз өсуде. Бұл зерттеудің мақсаты халықаралық кəсіпорын басшыларының басқа мəдениеттерден келген адамдармен түсіністікті арттыру мақсатымен ортаға шыққан жаһандық көшбасшылық ұғымын сипаттау жəне қазақстандықтардың мəдени құндылықтары анықтау болып табылады. Гирт Хофштедтің ғылыми əдісін пайдалана отырып, авторлар мəдени құндылықтар классификациялық топтарға бөлінген жəне эмпирикалық зерттеу нəтижесінде қазақстандықтардың мəдени құндылықтары сандық индекстермен анықталған.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасында кəсіпкерлікті инновациялық негізде жүргізудің ілімдік жəне тəжірибелік мəселелері қарастырылған. Кəсіпкерліктің инновациялық түрлері ретінде венчурлік, концессиялық, лизингтік жəне франчайзингтік бағыттары алынған. Қазақстандағы инновациялық кіші кəсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлар талданған. Инновациялық кəсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар ұсынылған. Шағын жəне орта инновациялық кəсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында құрылуы мүмкін екендігі дəлелденген. Еліміздегі кəсіпорындарының инновациялық белсенділігінің меншікті салмағы екшеліп сараланған.
2014

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлы өкілдерінің бірі Санжар Асфендияровтың өмірі мен қызметі баяндалған. Оның өз дəуірінің буырқанған саяси оқиғалары арасында елеулі рөл атқарғандығы туралы айтылған. Оның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында үлкен маңызға ие болған келелі үдерістерге қатысып отырғаны туралы пайымдалған. Жас республиканың білім беру жəне денсаулық сақтау жүйелерінің құрылуы мен қалыптасуында оның зор рөл атқарғандығына ерекше көңіл бөлінген. Отандық ғылым мен білім беру саласындағы оның сан қырлы шығармашылық қызметіне баға берілген. Санжар Асфендияровтың өмірі қайғыға толы болса да, ол өзінің туған жеріне елеулі із қалдырғаны туралы қорытынды жасалған. Оның еңбектері Қазақстан мемлекеттілігі үшін үлкен үлес болып табылатындығы, ал ол жазып қалдырған сөздердің қазіргі кезге дейін үлкен мағына мен маңызға ие екендігі туралы ой топшыланған.
2014

Мақалада «найман» руы шығуының қысқаша тарихы бейнеленген. Наймандардың Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін жалпылауға арналған отандық жəне шетелдік бірқатар ғалымдардың ғылыми зерттемелері талданған. Наймандар тайпасының жекелеген ру ішілік бөлімшелері тыңғылықты зерттелген. Негізінен географиялық қоныстанудан туындайтын наймандардың төрт ру ішілік бөлімшелері жекеленіп қарастырылған. Қазақ халқының белгілі тағдырында ерекше рөл атқарған, «найман» руынан шыққан көрнекті тарихи тұлғалардың өмірбаяндарына көңіл бөлінген.
2014

Мақалада ғаламдану кезеңіндегі ұлттық мəдениеттің даму жағдайына жəне ғаламданудың ұлттық мəдениетке тигізетін ықпалына талдау жасалынды. Соңғы кезеңдегі ғаламдық үрдістер адамзат өмірінің барлық салаларына деңгейлеп еніп, мəдени өміріне де ықпал жасап отыр. Осы орайда ұлттық мəдениетті сақтап, ары қарай дамыту, халықтың ұлттық құндылықтарын сақтап қалу бүгінгі таңның өзекті мəселесіне айналып отырғаны шындық. Қоғамның ғаламдануы негізінде құндылық, мəдениет, мораль салаларында түбегейлі өзгерістер жүреді. Ал бұл өз кезегінде барлық мемлекеттің қауіпсіздік мəселесіне қауіп төндіріп отырған күн тəртібіндегі өзекті мəселе.
2014

Мақалада ғылым жəне тəжірибедегі отбасы үлгісіндегі балалар үйі тəрбиеленушілерінің мəдени-тынығу қызметі арқылы əлеуметтік бейімделуінің мазмұны мен маңызы қарастырылды. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі тəрбиеленушілерінің əлеуметтік бейімделу үрдісінің талаптары, түрі, əдісі жəне жаңартылу құралдары қамтылған. Осы тақырыптың теориялық тұсын қарастырған бірқатар ғалымдардың пікірлері баяндалды. Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды əлеуметтік бейімдеу кезінде əлеуметтік-мəдени саланың ең тиімді түрлері анықталды. Мəдени-тынығу жұмысының мазмұны, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің, отбасы үлгісіндегі балалар үйі тəрбиеленушілерінің нақты социум жағдайындағы білім алуы, тəрбиесі, дамуы мен өзін-өзі жетілдіру сұрақтарының мəні ашылды.
2014

Мақалада тəуелсіздік қазақ халқының төл санасының қайта жаңғыруының мүмкіндігі ретінде анықталған. Отарлаушылардың қазақтың ұлттық санасын, болмысын жоюға бағытталған əр түрлі əрекеттері нəтижесінде ұлттық рухтың құлдырауға ұшырағаны да баса көрсетілген. Авторлардың ойынша, қазақ халқы тəуелсіздігін алғаннан кейінгі кездегі ұлттық рухтың қайта жаңғыруына қазақтың халқының қалыптасуынан бастап осы кезге дейінгі тарихын қайта зерделеу, мəдениетін, əдебиетін, данышпан ғұламаларын қайта тану əсер етуде.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.