Маркетингтік қызмет

Нарық жағдайында көптеген фирмалар ресми түрде бекітілмеген жоспарсыз жұмыс жасайды. Дегенмен өзгермелі динамика жəне фирманы қоршаған ортаның күрделілігі басшыларға жүйелі жоспарлаудың қажеттілігін көрсетеді. Жоспар кез келген қызметті бастамас бұрын жасалуы тиіс (1- сур.). Жүйелі жоспарлау фирмаға аз пайда əкелмейді: жоспарлау фирманың жетекшілерін келешекті ойлауды жүйелендіреді; жоспарлау фирманың барлық бөлімшелерінің күшін неғұрлым дəл шоғырландыруға ықпал етеді; фирма өзінің мақсаттары мен міндеттерін неғұрлым дəл анықтайды; өз қызметін жоспарлаушы фирма нарықтық конъюнктуралардың өзгерулеріне барынша дайын болып шығады; маркетингті жоспарлау кəсіпорын қызметінің басқа салаларын жабдықтау, өндіріс, қаржы жəне кадрларды жоспарлау үшін негіз болып саналады. Маркетингті жоспарлау 3 фазадан (сатыдан) тұрады: фирманың жай-күйін жəне ортаны талдау (ахуалды талдау), мақсаттарды белгілеу жəне алға қойған міндеттерді қамтамасыз ету үшін маркетингтік құралдарды анықтау [1–4].
2009

Мақалада Қазақстанда банк қызметі саласында маркетингтің дамуы жəне банк қызметінің даму стратегиялары, cонымен қатар банктік өнім жəне банктік қызмет түсініктері қарастырылды. Екінші деңгейлік банктер жəне олардың депозиттік салымдарына талдау жасалды. Қазақстанда банктік қызметтерге инновацияны жасау мен инновациялық енгізулер келтірілген. Ребрендинг түсінігі мен Қазақстан банктерінің ребрендингі зерттелді. Банкте маркетингтің даму бағыттары анықталды жəне дамудағы жаңа тенденциялар ұсынылды. Банк клиенттеріне қызмет көрсетуді жетілдірудің жекелеген бағыттары талданды.
2014

Мақалада жоғары оқу орындарындағы (жоо) маркетингті басқару процедурасының үрдістері талданды. Маркетинг қызметінде ұйымның құрама бөлшектері жəне университеттің маркетинг қызметіндегі негізгі бағыттары қарастырылды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжƏТУ маркетингті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар əзірленді. Жоо маркетингтік қызметті басқару қолданысы, əлеуметтік-этикалық, стратегиялық жəне жеке маркетинг тұжырымдамалары дəлелденді. Шетелдік тəжірибелер (АҚШ — Бостон университеті, Австралия — Сидней университеті, Ұлыбритания — Бирмингем университеті) зерттелді. Жоо стратегиясы мен оның маркетингтік қызмет арасындағы қарым-қатынастар анықталды. Жоо білім өнімдерін негізгі арналарға бөлу жүйелі түрде сипатталды.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.