Статьи, год 2014

Мақалада Таңжарық ақын өлеңдерін өзінің өмірінен, бастан кешірген тағдырымен бірлестікте қарау басты мақсат ретінде алынған. Ақын туындыларының тарихи негізі, туу себептері өз өміріне, көріп- білген оқиғаларына барып тірелетіні жүйелі түрдегі бір сабақтастықта қарастырылады. Қытайдағы қазақ əдебиетінде Таңжарық Жолдыұлының өршіл де өміршең тұлғасы көркем туындыларын əдеби- теориялық тұрғыда талдаулар жасау арқылы бағаланады. Күрескер ақынның тар жол, тайғақ кешулі қысқа ғұмырында қалдырған мұрасы зерттеу мəселелері нақты сөз болады.
2014

Мақалада Ш. Уəлиханов тұлғасы — таусылмайтын сырға толы ғажайып тұлға екендігі туралы айтылған. Оның өмірбаянын зерттеуге, мұраларын халқымен қауыштыруға ғұмырларын арнаған орыс зиялыларына ерекше көңіл бөлінген. Шоқанды бүге-шігесіне дейін зерттеп, толық тануға қадам жасаған отандық ғалымдар мен жазушылардың еңбектері сараланған. Ұлы ғалым мұрасының əлі де толығымен зерттелмегені көрсетілген. Болашақта Шоқан мұраларын тəуелсіздік заманы талабы тұрғысынан зерттеу жағына назар аудару керектігі дəлелденген.
2014

Мақалада метафораның зерттелу тарихына қысқаша шолу жасалды. Автор метафораның жасалу жолдарын, жіктелуін қарастырған қазақ жəне орыс тіл біліміндегі еңбектерге жан-жақты тоқталды. Тіл білімінде жəне əдебиеттануда метафораға берілген анықтамалар келтірілді. Метафора тілдегі қолдану сипатына қарай: тілдік метафора, тұрақты метафора, жеке қолданыстағы метафора деген түрлерге бөлінетіндігі анықталды. Зерттеушілердің еңбектерінде метафораның бірнеше қызмет атқаратындығы айқындалды
2014

Мақалада этноменталды мəтіндердің лингвокоммуникативтік маңызын ғылыми тұрғыда зерттеу басты нысанға алынған. Олардың əр түрлі жағдаяттарға байланысты айтылуы, мазмұны ұқсас болғанмен, алуан формада көрініс табатын, психикалық өзгеріс тудырушы əсерлі сөйлеу үлгісі болуы айқындалады. Этноменталды мəтіндерде сөйлеушінің қызметі жай ғана ақпарат жеткізу емес, оның алдында тыңдаушының болашағына бағдар беретін мақсаттық прагматика міндеті тұратыны туралы жаңашыл тұжырымдар мен талдаулар жасалған.
2014

Мақалада тыйым, тыйым сөздер жəне эвфемизм сөздерді тілге тиек етіп, тілге байланысты тыйымдар «тіл киелі», «тілдің де иесі бар» деп қарайтын ежелгі мифтiк, дiни наным-сенімнің тілдегі бейнесі, тілде реал өмір сүріп отырған дəстүрлі-мəдени құбылыс ретінде қарастырылған. Сонымен бірге олар түрге бөлініп таныстырылды. Автор тыйым сөздер де, жалпы тыйымдар сияқты, қоғамдық өмірді, іс- қимылды үйлестіру, үндестіру, ретке салып, тəртіпке келтіру, тілдің əдепті, қимылдың ибалы болуы сынды қоғамдық моральдың қалыптасуына əсер ететіндігі туралы айтты.
2014

 Мақалада білім беру қызметі саласында мамандардың кəсіптік біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау үздіксіз үрдіс мəні мен орны қарастырылды. Авторлар білімділікті арттырудың үздіксіздігі ұлт мектебінің 12 жылдық білім деңгейіне көшу үдерісінде ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тəжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бəсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру мəселелеріне талдау жасаған.
2014

 Мақалада көліктік-жолдық бейінді мамандарын даярлау кезіндегі оқыту əдістерін қолдану сұрақтары қарастырылған. 5В090100 – «Көлікті пайдалану жəне жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығына арналған «Көліктегі еңбекті қорғау жəне эргономика» оқу курсының құрылымы мен мазмұны ерекшеленген. Автор оқу барысының дидактикалық мақсаттар мен міндеттерін қарастырған, оларды шешу кезінде оқу үдерісінде оқытушының оқу жұмысы мен білім алушылардың танымдық қызметінің сəйкес тəсілдерін ұсынған. Əдістерді талдау оқыту мазмұнының əдістеріне, білім алушылардың контингентінің ерекшеліктеріне, оқу уақытының мерзіміне сəйкестігі туралы оқыту теориясына қойылатын талаптарға сəйкес жүргізілді.
2014

Мақалада болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары қарастырылған. Оқытудағы құзыреттілік тəсіл білім беру нəтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді əдіс-тəсілдерді жүзеге асыруды, жоғары мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. «Кəсіби құзыреттілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, «кəсіптілік», «біліктілік», «кəсіби мүмкіндіктер» жəне т.б. түсініктерге талдау жүргізген. Авторлар болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың деңгейiлерін көрсеткен.
2014

Мақалада математикадан сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру мəселелері қарастырылған. Авторлар 5В010900 – «Математика» мамандығында оқытылатын «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар» пəнінің құрылымын сипаттаған. Жалпы білім беретін орта мектеп жəне жоғары оқу орыны арасындағы педагогикалық байланыс нəтижелері талданған. Математика пəнінен үйірме жұмыстарын жоспарлауға қойылатын талаптар көрсетілген.
2014

Мақалада оқу жəне жазу бұзылысы мектеп жасындағы балаларда кең тараған сөйлеу бұзылысының түрлері жайлы айтылған. Сөйлеу патологиясы баланың танымдық жəне тұлғалық дамуына кері ықпалын тигізетіні дəлелденген. Оқу мен жазудың бұзылысы салдарынан мектеп жасындағы балалардың қабілеттері өте төмендегені байқалады. Сонымен қатар сөйлеу бұзылысы бар балалардың кеңістікте бағдарлаудың қалыптасу ерекшеліктері туралы мəлеметтер келтірілген.
2014

     Мақалада мультимедиалық материалдарды құрастыру үшін инструменталдык құралдарды қолдану сұрақтары қарастырылған. Мультимедиалық интребелсенді тұсаркесерді құрастырудың қарапайым құралы болып саналатын Prezi.com веб-сервисына ерекше көңіл бөлінген. Авторлар Prezi.com бағдарламалық құралды қолдану технологиясын сипаттаған. Стандартты қолданбалы бағдарламасы мультимедиалық материалдарды өңдеу барысында жиі пайданылатындығы дəлелденген.
2014

 Мақалада жалпы білім беретін орта мектептерде мультимедиалық жəне инновациялық технологияларды қолданып, математиканы оқыту əдістемесін жетілдіру мəселесі қарастырылды. Авторлар мектептің техникалық жабдықталуы, жекелеп алғанда, Flash технологиясы мен HTML тілі негізінде математика сабағының тиімділігін арттыру жолдарын сипаттады. Арнайы компьютерлік бағдарламалар мен инновациялық технологиялардың көмегімен математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін тиімді арттыру бойынша əдістемелік ұсыныстар келтірді. Жоғары оқу орнында кəсіби, педагогикалық маман дайындау мен орта білім жүйесі арасындағы байланысты көрсетті.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.