Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, ірі заңгер-адвокат Уəлитхан Танашевтың өмірі мен қызметі суреттелген. Оның төңкеріс жылдары Алаш қозғалысына белсенді атсалысқандығы айтылған. 1917 жылы сəуір айында Хан ордасында өткен Бөкей  ордасы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі болғанына көңіл бөлінген. Жалпыресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, съездің Атқарушы комитеті құрамына енгендігі көрсетілген. Азамат соғысы кезінде Сібір аумағында бой көрсеткен саяси құрылымдардың өкілдерімен келіссөз жүргізуге қатысқан. Большевиктер диктатурасы орнағаннан кейінгі кездегі оның Кеңес аппаратындағы қызметіне сипаттама берілген. Оның 1937 жəне 1949 жылдары екі мəрте қуғынға ұшыраған өмірінің соңғы кезеңі зерттелген.
2013

Мақала Жетісудағы Алаш қозғалысының жетекшісі, əскери қолбасшысы, ағартушы жəне публицист Отыншы Əлжановтың 140 жылдығына арналған. Оның ғылыми мақалаларының негізгі тақырыптары халық ағарту қызметі, жастарды өнер-білімге шақыру, руаралық тартыстарды сынау, жергілікті шаруашылықтарды дамыту, қазақтың ұлттық дəстүрлерінің ерекшеліктері жəне ауыз əдебиеті болғандығы туралы айтылған. 1916 жылғы көтерілісте Патша үкіметі билігі тарапынан қарапайым қалың қазаққа қысымшылық жасалмауы үшін тырысып баққаны пайымдалған. Оның Алашорда Үкіметінің құрамына сайлануына, Жетісу қазақтарының съезіне дайындық жұмыстарын жүргізуге, халықтық милиция құруға бағытталған сан қырлы қызметі суреттелген. Азамат соғысы жылдарында Ашыққандарға жəрдем жасау комитетін құру, сондай-ақ Жетісу халқын қорғау үшін милиция жасақтарын ұйымдастыру жолындағы айрықша рөлі дəріптелген. Сондай-ақ оның 1918 жылдың жазында қызыл партизандармен болған ауыр шайқаста қайғылы қазаға душар болғаны мəлімденген.
2013

Мақалада жаһандану үрдісін талдауда жаңа əдістемелік ұстанымды алға тартып, жаһанданудың талаптары мен қауіп-қатерлерін инновациялық дамудың құралдарына жəне формаларына ауыстыра отырып, тəуелсіз мемлекеттердің жаһандану үрдісіне қарсы шығуын ғана емес, сонымен қатар оның күш-қуатын елдің дамуына бейімдеп, қолдануы ұсынылған.
2013

Мақалада қыпшақтардың этникалық тарихының негізгі кезеңдері, атап айтқанда, қалыптасуы жəне этникалық құрамы сараланып көрсетілген. Орта Азияға басып кірген жер қайысқан қалың монғол қолдарын түркілендіруге қыпшақтардың маңызды рөл атқарғанына көңіл бөлінген. Олар көптеген түркі тілдес халықтардың пайда болып қалыптасуын бастап бергені айтылған. Бұл халық өзінің айрықша тарихи белсенділігінің арқасында Еуразия орталығындағы өзара ықпалдаса дамыған барлық халықтардың этникалық шығу тегі  мен  мəдениетінде  із  қалдырғаны  баяндалған.  Қыпшақтар тарихы — күрделі тақырыптардың бірі екендігі жəне оны зерттеудің көптеген бағыттары əлі күнге дейін аңықталмағандығы туралы қорытынды жасалған.
2013

Мақалада Алаш партиясының мүшесі, педагог, жазушы Сейітбаттал Мұстафиннің өмірі мен қызметі суреттелген. Əсіресе оның оқыту-педагогикалық қызметіне айрықша назар аударылған. Оның «Абай» журналын шығарудағы рөлі, осы журналда жарияланған мақалаларды талдап қарастырғаны,  сондай- ақ «Айқап» журналында жəне «Алаш» газетінде жарық көрген мақалаларды талқыға салғаны туралы сөз қозғалған. Мақала авторы Исатай жəне Махамбет бастаған көтеріліске қатысушы халық ақыны Шернияздың өмірі мен қызметіне арналған «Шернияз» повесіне баға берген. Алаш қозғалысына белсенді атсалысқан осынау бірегей тұлғаның шығармаларын болашақта барынша тереңірек зерттеу қажеттігі негізделген
2013

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлы өкілдерінің бірі Санжар Асфендияровтың өмірі мен қызметі баяндалған. Оның өз дəуірінің буырқанған саяси оқиғалары арасында елеулі рөл атқарғандығы туралы айтылған. Оның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында үлкен маңызға ие болған келелі үдерістерге қатысып отырғаны туралы пайымдалған. Жас республиканың білім беру жəне денсаулық сақтау жүйелерінің құрылуы мен қалыптасуында оның зор рөл атқарғандығына ерекше көңіл бөлінген. Отандық ғылым мен білім беру саласындағы оның сан қырлы шығармашылық қызметіне баға берілген. Санжар Асфендияровтың өмірі қайғыға толы болса да, ол өзінің туған жеріне елеулі із қалдырғаны туралы қорытынды жасалған. Оның еңбектері Қазақстан мемлекеттілігі үшін үлкен үлес болып табылатындығы, ал ол жазып қалдырған сөздердің қазіргі кезге дейін үлкен мағына мен маңызға ие екендігі туралы ой топшыланған.
2014

Мақалада «найман» руы шығуының қысқаша тарихы бейнеленген. Наймандардың Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін жалпылауға арналған отандық жəне шетелдік бірқатар ғалымдардың ғылыми зерттемелері талданған. Наймандар тайпасының жекелеген ру ішілік бөлімшелері тыңғылықты зерттелген. Негізінен географиялық қоныстанудан туындайтын наймандардың төрт ру ішілік бөлімшелері жекеленіп қарастырылған. Қазақ халқының белгілі тағдырында ерекше рөл атқарған, «найман» руынан шыққан көрнекті тарихи тұлғалардың өмірбаяндарына көңіл бөлінген.
2014

Мақалада ғаламдану кезеңіндегі ұлттық мəдениеттің даму жағдайына жəне ғаламданудың ұлттық мəдениетке тигізетін ықпалына талдау жасалынды. Соңғы кезеңдегі ғаламдық үрдістер адамзат өмірінің барлық салаларына деңгейлеп еніп, мəдени өміріне де ықпал жасап отыр. Осы орайда ұлттық мəдениетті сақтап, ары қарай дамыту, халықтың ұлттық құндылықтарын сақтап қалу бүгінгі таңның өзекті мəселесіне айналып отырғаны шындық. Қоғамның ғаламдануы негізінде құндылық, мəдениет, мораль салаларында түбегейлі өзгерістер жүреді. Ал бұл өз кезегінде барлық мемлекеттің қауіпсіздік мəселесіне қауіп төндіріп отырған күн тəртібіндегі өзекті мəселе.
2014

Мақалада ғылым жəне тəжірибедегі отбасы үлгісіндегі балалар үйі тəрбиеленушілерінің мəдени-тынығу қызметі арқылы əлеуметтік бейімделуінің мазмұны мен маңызы қарастырылды. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі тəрбиеленушілерінің əлеуметтік бейімделу үрдісінің талаптары, түрі, əдісі жəне жаңартылу құралдары қамтылған. Осы тақырыптың теориялық тұсын қарастырған бірқатар ғалымдардың пікірлері баяндалды. Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды əлеуметтік бейімдеу кезінде əлеуметтік-мəдени саланың ең тиімді түрлері анықталды. Мəдени-тынығу жұмысының мазмұны, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің, отбасы үлгісіндегі балалар үйі тəрбиеленушілерінің нақты социум жағдайындағы білім алуы, тəрбиесі, дамуы мен өзін-өзі жетілдіру сұрақтарының мəні ашылды.
2014

Мақалада тəуелсіздік қазақ халқының төл санасының қайта жаңғыруының мүмкіндігі ретінде анықталған. Отарлаушылардың қазақтың ұлттық санасын, болмысын жоюға бағытталған əр түрлі əрекеттері нəтижесінде ұлттық рухтың құлдырауға ұшырағаны да баса көрсетілген. Авторлардың ойынша, қазақ халқы тəуелсіздігін алғаннан кейінгі кездегі ұлттық рухтың қайта жаңғыруына қазақтың халқының қалыптасуынан бастап осы кезге дейінгі тарихын қайта зерделеу, мəдениетін, əдебиетін, данышпан ғұламаларын қайта тану əсер етуде.
2014

 Көрнекті қазақ ғалымы, республика археологтары ғылыми мектебінің негізін салушы академик Əлкей Марғұланның өмірі мен қызметі жалпыланған. Ол елдің жəне əлемнің ғылыми қоғамдастығына археология саласындағы көптеген еңбектерімен ғана белгілі болып қоймай, сондай-ақ айтулы этнограф, тарихшы, шығыстанушы болатын. Сонымен қатар оның қазақтың дəстүрлері, музыкасы жəне фольклоры, елдегі географиялық атаулар туралы белгілі еңбектердің авторы болып табылатындығы айтылған. Этнография, археология, антропология, тарих жəне өнертану саласында білгір ғалым болған осынау бірегей тұлғаның шығармашылық қызметін əрі қарай зерттеу қажеттігі туралы пікір айтылған.
2014

Мақалада Орта жүздегі іргелі тайпа — Қоңыраттар болып табылатыны дəлелденген. Қоңыраттар тарихы өзінің барлық ерекшеліктерімен жəне ешкімге ұқсамас өзіндік соқпақтарымен қазақ ұлтының тарихын толықтыратыны қарастырылған. Қоңыраттар бабаларының тармақталған тарихы теренде жатқаны көрсетілген. Тарихымызда зерттеле қоймаған «ақтаңдақ» мəселелер — Орта жүздегі ірі тайпалардың бірі — Қоңыраттардың этникалық тамыры, оның шежіре деректері, қазақ жерінде орналасуының себеп-салдары көптеген тың мəліметтер негізінде баяндалған.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.