Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ғаламдану кезеңіндегі ұлттық мəдениеттің даму мəселелері

«Ғаламдану» термині латынның «глобус — Жер, Жер шары» деген сөзінен шыққан, яғни қандай да бір үдерістердің жалпы ғаламдық сипатын білдіреді. Яғни ғаламдану қазіргі кезеңдегі адамзат дамуының бірыңғай жүйесіне еніп, ортақ əлеуметтік, мəдени, экономикалық, саяси сипаттарға жіктелуінен көрінеді.

«Ғаламдану» термині 1990 жылдың ортасынан бастап 1996 жылғы Давоста өткен Бүкілəлемдік экономикалық форумның ХХV сессиясынан кейін кең түрде қолданыла бастады.

2000 жылы БҰҰ шеңберінде мыңжылдық саммитінде мыңжылдық Декларациясы қабылданып, ғаламдануды барлық əлем халықтары үшін позитивті факторға айналдыру ұйғарылды.

Мəдениеттің ғаламдануы бойынша төмендегі мəселелер жетекші орындарға шығып отыр:

  • білім берудің түрінің, мазмұнының, əдістерінің өзгеруі;
  • жаңа этика элементтерінің қалыптасуы;
  • мемлекеттің ғылым мен мəдениет саласындағы ынтымақтастық мəселесіндегі ролі;
  • ғаламдық жəне ақпараттық кеңістік жағдайындағы бұқаралық мəдениеттің таралуы: позитивті жəне негативті ағымдар;
  • ұлттық-мəдени даму мəселесі жəне мəдениеттің өзара ықпалдастығы.

Ғаламдануға қатысты туындайтын, ХХІ ғасырдың күн тəртібіне ұсынылып отырған маңызды мəселе мəдениеттің ғаламдануы төңірегінде қазіргі таңда ғалымдар арасында өткір пікірталастар туындатып отыр. Ғаламдану мəселесіне қатысты көзқарастар əлі күнге дейін бір  арнаға тоғытылмаған, шешімін таппаған дүние болып отыр.

ХХІ ғасырдың басында халықаралық қатынастар жүйесінде жəне халықаралық қатынастар теориясын зерттеп жүрген ғалымдар еңбегінде ғаламдану идеясына көп көңіл бөлінуде, (демографиялық мəселелерге, экологиялық мəселелерге, азық-түлік қауіпсіздігіне, энергетикалық мəселелерге қатысты). Яғни, ғаламдану идеясы негізінде, дүниежүзілік дамудың ішкі үйлесуі мен мемлекеттердің географиялық-территориялық шекаралық аумағы мен одан сыртта жатқан əлемдік кеңістікке бағытталған саяси, экономикалық, білімдік, ақпараттық, мəдени, ғылыми қозғалыстардың өзара ықпалдасуы жатыр.

Оның басты адамзат күткен мақсаты — əлемдік қоғамдастықты ізгілендіре, демократияландыра, экономикалық қуаттандыра түсу. Бұл бірінші мəселелік жағдайды батыстың жəне ресей мен отандық саясаттанушылар, əлеуметтанушылар еңбектері негізінде осы идеялардың астарын, маңызын,  оң жəне теріс бағыттарын қарастыру маңызды.

Батыстық саясаткерлер мен ғалымдардың пікірінше, аймақтардың,  мемлекеттердің, халықтардың əлеуметтік-мəдени, экономикалық, саяси айырмашылықтарына, өзгешеліктеріне қарамастан, бірыңғай ортақ өркениеттік кеңістік, жаңа планетарлық ортақ ой-тұжырымдар заман талабынан туындап отырған қажеттілік деп түсіндіріледі.

Атап айтқанда, ғаламдық үрдістерге бейімделу, осы құбылысты дəріптеу «постиндустриалдық қоғамның» тұжырымдамаларында, американдық əлеуметтанушы, саясаткерлер  Д.Белл, З.Бжезинский, Э.Тоффлер жəне тағы басқалардың еңбектерінде дəйектеледі [1–3].

Бұл жөнінде танымал, саясаткер, əлеуметтанушы, Колумбия университетінің профессоры 1977– 1981 жж. аралығында АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мəселелері бойынша кеңесшісі З.Бжезинский АҚШ бастаған əмбебап əлемдік жүйенің құрылу идеясын дамытады [4].

Американдандыру идеясын батыс ғалымы Бергер төмендегідей түрде дамытады: оның  ойынша, «давос мəдениеті» негізінде Латын Америкасынан бастап Шығыс Азияға дейін «яппи (yuppie) интернационал» (young urban professional) өкілдерін, яғни бизнеске қол жеткізу үшін барлығына дайын, қолайлы тұтынушылық философияны ұстанатын өкілдерді, көбейту [5]. Бергер сонымен қатар «мəдени империализм» идеясын ұсынады, бұл халықаралық ғылыми жəне мəдени бағдарламалардың батыс тарабынан белсенді қаржыландырылуы.

Жалпы батыс ғалымдары ғаламдық мəдениетті А.Аппадурай енгізген [6] бес кеңістіктен тұратын: этникалық, технологиялық, қаржылық, электронды, идеологиялық құбылыс деп түсіндіреді. Терминологиялық жағынан ол этноскейп, техноскейп, финансскейп, медиаскейп жəне идеоскейп деп қарастырылады.

Ғаламдық мəдениеттің негізгі құрамдас бөлігі ретіндегі этноскейп — бұл миграциялық ағымдағы қауымдастық өкілдері. Олардың қатарына туристер, мигранттар, босқындар, шетел жұмысшылары кіреді. Олар ғаламдық мəдениет ұқсастығының өзегін құрайды.

Ғаламдық мəдениеттің екінші құрамдас бөлігі — техноскейп — бұл ғаламдық мəдениеттің техникалық, ақпараттық бөлігі. Техноскейп арқылы жалпы планетарлық деңгейде əрбір тұлға мəдени кеңістікке қатыса алады, Интернет, бұқаралық ақпарат көздері арқылы ақпарат ала алады.

Медиаскейп арқылы тұлға, мемлекет бейнелері сомдалып, бұл ақпараттық соғыстарға əкеліп соғады.

Идеоскейп арқылы — мемлекет идеологиясына, саяси идеяларға байланысты құрылатын кеңістік. Бостандық, адам құқығы, егемендік, демократия ұғымдары арқылы тұлға санасына қашықтықтан ықпал ету құралдары.

Батыстың мəдени экспансиясы халықаралық құжаттарда мəдени империализм ретінде жиі анықталады. Əдетте «мəдени империализм» ұғымы шетелдік мəдениеттің құндылықтары мен ғұрыптарын өзге ұлттың мəдениеті есебінен тарату мен көтеру үшін саяси жəне экономикалық билікті қолдану деп түсіндіріледі. Ал мəдениет саласының өз ішінде мəдени империализмнің негізгі белгілеріне төмендегілер жатады:

  1. Батыстық қоғамға тəн өмір тəртібі мен тұтынушылық бағдарларды көшіру.
  2. Өзге мəдениеттердің үлесін ескермей, əмбебап деп сипатталатын батыстық мəдениетті енгізу.
  3. Мəдени байланыстар арқылы саяси мақсаттарға жетуге ұмтылу.
  4. Ақпараттың біржақты ағымы — «орталықтан» «шеткеріге» (периферия), яғни коммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары жəне көңіл көтеру индустриясы саласындағы ірі батыстық компаниялардан өзге елдердің сан мыңдаған аудиториясына, қарай ағуы.
  5. Батыстық бағдарды бекітуге жағдай жасайтын жəне буржуазиялық Батыс ықпалының сүйеніші болатын жергілікті əлеуметтік-мəдени элитаны қалыптастыру.

Неміс ғалымдары Кельнер, Зофнер еңбектерінде мəдениеттің ғаламдануы нəтижесінде англицизмнің енуі орын алып отыр деп алаңдатушылық тудырады [7].

Ал,  ресейлік  ғалымдардың  ғаламдану  үрдісіне  деген  күмəндары  басымырақ.     А.С.Панарин, «ғаламдану, баламасы жоқ табиғи-тарихи шынайылық емес, біздің заманымыздың пайдалы элитарлы жобасы болып табылады» [8] деп жазған болса, А.Г.Дугин пікірінше, «ғаламдану барлық елдер мен мемлекеттерге батыстық экономикалық, саяси, мəдени, технологиялық жəне ақпараттық кодын зорлап енгізу» [9]. В.Расторгуев: «Лидер мемлекеттер ғаламдану арқылы бөтен қорларды игеру үшін жаңа координаттарға ие болуға ұмтылуы», — деп тұжырымдайды [10].

Ғаламданудың қарсыластары мəдениеттің ғаламдануын, халықтар арасында ақпарат алмасудың кеңеюі Интернет торабының дамуы (саясатқа ықпалы 2011 ж. «араб көктемі» кезіндегі Фейсбук арқылы жастардың алаңға шығуы), дүние жүзінде батыс өнерінің, əсіресе кинофильмдердің дəріптелуі, халықаралық туризмнің өсуін американдық үстемдіктің орнауы деп қарастырады.

Жоғарыда айтылған мəселе шеңберінен, біздің тақырыбымызға қатысты заңды мəселе туындайды: «Мəдениеттің ғаламдануы деген қажетті, оң бағыттағы ағым ба жоқ əлде ұлттың дамуына, ұлттың салт-дəстүріне зиянын тигізетін, теріс пиғылдағы құбылыс па?» деген.

Зерттеулер көрсеткеніндей, мəдениеттің ғаламдануы міндетті түрде бірыңғай  (біртұтас) мəдениет құруды білдірмесе де, космополитті жəне өзімен мəдени біркелкілікті, бұқаралықты, ұлттық мəдениеттердің, əсіресе əлемдік аренада бекіп үлгермеген басым емес мəдениеттердің   шекараларын жою үрдісін енгізеді. Мұндай жағдайларда мəдени ғаламдану қауіп-қатерге айналуы мүмкін. Бірақ бұл ғаламдануды теріске шығаруды білдірмейді, ал сайып келгенде, оған сын көзбен қарауды жəне ықтимал түзетулер жасауды мегзейді. Осыған байланысты, жаһандану ретсіздігін бақылау тетіктерінің біріне мəдениеттердің өзін-өзі танытуы, яғни олардың өзіндік ерекшеліктерін, қайталанбас өзгешеліктерін көрнекілеуі жататыны, кездейсоқ емес.

Дегенмен, жоғарыда айтылған ой-пікірлер біз ғаламдық мəдениеттен бой тасалап, оны тек жағымсыз құбылыс ретінде қабылдауымыз дұрыс деген пікірлерді жақтамайды. Керісінше, қазіргі өркениетке тəн құбылыстардың барлығын меңгеріп, ғылыми-техникалық прогрестерді игеруге құлшыныс танытуға талпыныс қажет.

Себебі дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық негізі жəне этностың рухани кеңістік мəдени дəстүрлердің дамуында ең басты факторлар болып қала береді. Бұл үш дəрежеде жүзеге асырылады:

Мəдениетті, оның базистік негіздерін сақтау.

Мəдениетті жаңғырту, мəдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету.

Мəдениетті трансляциялау, немесе мəдениет əлемін халықтың игілігіне айналдыру.

Бұл үш дəреженің арқасында мəдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, философия, экономика, тағы басқалары) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мəдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.

Мəдени ғаламдану үдерісін, ұлттық мəдениетпен ұштастыра қолдана білсек, сонда ғана оның теріс жақтарынан қорғанып, тиімді жақтарын өз бойымызға сіңіре аламыз. У.Айымбетова тұжырымдағандай: «Əдетте қоғамдағы мəдени өзара диалог этноəлеуметтік кеңістікте пəрменді жүзеге асып жатқанда ғана, ондағы əр түрлі халықтардың, діндердің өзара жақындасуы, түсінісуі жүзеге аса бастайды, олар бір-бірін өзара мəдени байытуы мүмкін, ал өзімшілдікке, тұтынушылыққа негізделген қатынастар өз кезегінде бұл əлемді құлдыратады, субъектілердің өзара қатынастарын алыстатады» [11].

Бірінші мəселені аяқтай келе жалғасы ретінде екінші мəселеге — ұлттық-мəдени даму мəселесі жəне мəденитеттің өзара ықпалдастығына көшетін болсақ, мұнда қазіргі заманғы институттардың барлық халықтардың мүдделерін ескере бермейтінін мойындауға тура келеді. Кеңінен қанат жая бастаған жаһандану əлсіз мəдениеттерді немесе азшылық мəдениеттерді өздерінен күшті мəдениеттермен қақтығыста жеңіліске ұшырататыны даусыз.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында ғаламдану үрдісіне тəн келеңсіз құбылыстардың бірі «тұтынушылар қоғамы» пайда болып, жастар осы құбылысқа еліктеп келеді. Бұл құбылыс, негізінен, сана сезімді тұмшалап, адамгершілік, эстетикалық сезімдерді өшіріп, азаматтық, өзінділік сияқты сезімдердің қалыптасуына тосқауыл қойып отыр.

Адамзат тарихы мəдениеттер мен өркениеттер арасындағы айырмашылықтардың көбiне жанжал мен зорлық-зомбылықты ақтау үшiн себеп ретiнде пайдаланылғанын айғақтайды. Өкiнiшке қарай, бүгiнгi заманның да тұрақты еместiгiн, керiсiнше, одан сайын ушыға түскенiн амалсыз мойындауға тура келедi.

Г.А.Андреева адамның биологиялық, əлеуметтік жəне мəдени мəнінің үш тұғырлы сипатын көрсете келе, мəдени құрамдас бөлігі ғана адамның бойында шынайы адамгершілікті қалыптастыратынын атап өткен [12].

Ал, танымал француз əлеуметтанушысы Г.Лебонның пікірінше, «адамгершілікті  сіңірмеген тұлға өркениет сатысы арқылы алғашқы қауымдық варвар деңгейіне бірақ түсуі мүмкін» [13].

Мұндай əлеуметтік жағдайда, ең алдымен, балғын жастар еліктеушілік сипатқа бой ұрындырып, өзіндік сипатын, ерекшелігін, халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, мұра ретінде тастап кеткен асыл қазынасын жоғалтып алуы жəне американдық психолог А.Маслоу «Ион күмəні» деп атап өткен сезімге бой ұрындыруы мүмкін. А.Маслоу бойынша, «Ион күмəні» бұл «өз тағдырынан бас  тартып», «өзіндік ерекшелігінен бой тасалау» болып табылады [14].

Сондықтан да осы бір келеңсіз құбылыстардан жастарды, тұлғаны бой алдырту үшін, ұлттық сана-сезімімізді сақтау үшін, білім беру үрдісінде ұлттық сана-сезімді сіңірту үшін, ұлттық келбетті сақтап қалу үшін, оқыту үдерісінде халықтық мəдениетті дəріптеу арқылы, болашақ  ұрпақты тəрбиеге баулу — аса маңызды, қажетті дүние.

Қайсыбір ұлттық мəдениетті алсақ та, ондағы салт-дəстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады.

«Салт-дəстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мəдениет бастауларының анасы» [15].

Мəдениет   өзінің   кең   мағынасында   бір   ұрпақтың   келесі   ұрпаққа   жолдаған   өмір   сүру  тəсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дəстүрлер жүйесі мəдениет өзегін құрастырады. Ал салт-дəстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тəжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нəрі, қысқа да көркем бейнесі». Ғасырлар бойы күнделікті іс-тəжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам əлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар мəдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен əдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі ұлттық мəдениеттердің архетипін аңғарған жөн. Кез келген ұлттық мəдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мəдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет [16].

Қытай халқының атақты философы Конфуций да (б.э.д. 551–479 жж.), халық тəрбиесінің мəніне үңіліп, антропоцентризммен, яғни, адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі жəне ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындайды [17]. Конфуцийдің ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сəйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тəртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған.

Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы — адамшылық, адамның əділ, ақжүрек болуы (жэнь).  Ұлдың  кішіпейіл  болуын,  ата-ананы,  жалпы,  үлкен  кісілерді  сыйлап  жүруін  анықтайтын «сяо» тұжырымдамасы да осы қатарда. Ол «текті ерлерді» (цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып отырған».

Осы  тұрғыдағы  көзқарасты  ежелгі  грек  философы  Аристотель  жалғастыра  отыра,      атақты «Саясат» трактатында «балаларды еркін туған адамның қадір-қасиетіне сəйкес келмейтін барлық нəрседен тыс ұстау керек» деген көзқарасты дамытады [18].

Ойшылдардың тұжырымдарына талдау жасай келе, автор ХХІ ғасыр бейіміне негізделген ғаламдану құбылысының қажетті жағын негізге алып, тылсым, түсініксіз, ел болашағына балта шабады-ау деген жақтарынан жастарды аластату мəселесінде отбасы, білім мекемелері, мемлекет тарапынан жасалатын жастарға қатысты саясат бағыттарында жетекші идея ретінде ұстанған маңызды деп санайды.

Жеке тұлғаның рухани байлығы ең алдымен сол адамның тікелей өз халқының рухани байлығының   бөлшегі   деп   есептейді   Сухомлинский.   Сонымен   қатар   ол   былай   деп   жазады: «Қалыптасу үстіндегі адамның ақыл-ойы халықтың идеологиясы мен психикасын, оның нанымын, дəстүрлерін, интеллектуалдық, моральдік жəне эстетикалық мəдениетін өз бойына сіңіреді» [19].

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тəлім дəстүрлерін, əдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі жастар тұлғасын қалыптастыруда ұтымды қолдану — уақыт талабы. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, ең алдымен жастарды ұлттық мəдениет арқылы тəрбиелеп, халықтық тəрбие арқылы адамгершілік нормаларын сезіндіру айрықша қажет.

Этнос пен ұлт деңгейлерi үшiн жоғарыда айтылған факторлармен қоса, сондай-ақ халықта өзiнiң халықтығын, арын, абыройын, қолда барын (кей мағынада — жерiн, елiн, малын, казынасын т.б.) қорғай да, сақтай да, қастерлей де бiлуге жетелейтiн, мəжбүр ететiн, көмектесетiн рух та, намыс та, мерей де болуы шарт [20].

Мəдениеттің ғаламдануы жағдайындағы қазақ халқының мəдени дамуының болашағы негізінен халықтың өз мəдениетіне деген көзқарасынан, оны аялап сақтап қалуға деген ұмтылысынан, оның мəдени құндылықтарын, мұраларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білуге деген құлшынысынан айқындалмақ.

Сондықтан да «Ғаламдану кезінде бізді алда не күтіп тұр?» деген сұрақтарға жауап іздеп əуре болмай, болашақ өз қолымызда екенін жадыда сақтап, төл мəдениетімізді, халықтық ерекшеліктерімізді сақтап қалуды жалпы халықтық идея ретінде ұғынғанымыз жөн.

Жалпы, ұсынылып отырған мақаланы қорытындылай келе, төмендегілерді ерекше көрсетуге болады.

Космополитті жəне өзімен мəдени біркелкілікті, бұқаралықты, ұлттық мəдениеттердің, əсіресе əлемдік аренада бекіп үлгермеген басым емес мəдениеттердің шекараларын жою үрдісін енгізуі мүмкін, мəдени ғаламдану қауіп-қатерге айналуы мүмкін.

Сондықтан да мəселенің ерекшелігіне байланысты мемлекеттік деңгейде басым бағыт — мəдени саясат нысаналы түрде жүргізілгені маңызды.

Осы бағыттағы нақты қадамдар білім беру үрдісінде де кеңінен қолданыс табуда. Мұны Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасындағы идеясын жүзеге асыра отыра, тəрбие мəселесіне, оның ішінде ұлттық тəрбиеге көңіл аударуымыз қажет.

ХХІ ғасырда əрбір қоғамның өскелең ұрпақ үшін алаңдап, оның тəрбиесіне ден қоюы — қажетті дүние. «Ел боламын десең — бесігіңді түзе» деген халық даналығына сəйкес, болашақта елдің тұтастығын сақтап, əлемдік деңгейдегі жетекші мемлекет қатарына жеткізу болашақ ұрпаққа байланысты.

Бұл қазіргі таңда Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси- идеологиялық, мəдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тəрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дəстүрге негізделген бабалар рухына сай тəрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының бірі ретінде саналады.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Bell D. Coming of the Postindustrial Society: A Venture in Social Forecasting. — New York: Basic Books, 1973. — 357 р.
  2. Brzezinski Z. Grand Chessboard: American Primacy and Its Geostrategic Imperatives // Misses Review. — 1998. — № 4(4). — 256 р.
  3. Тоффлер Э. Шок будущего. — М.: ООО Изд-во «АСТ», 2002. — 557 с.
  4. Бжезинский З. Стратегический взгляд: Америка и кризис глобальной силы. — М.: Изд-во «АСТ»; «Астрель», — С. 19.
  5. Бергер П. Культурная динамика глобализации // Многоликая глобализация. Культурное разнообразие в современном мире / Пер. с англ. В.В.Сапова; под ред. М.М.Лебедевой. — М.: Аспект Пресс, 2004. — С.
  6. Appadurai A. Modernity at Large. Cultural Dimensions of Globalization. — London: Minneapolis, 1996. — 38
  7. Кельнер Х., Зофнер Х.Г. Культурная глобализация в Германии. — М.: Аспект Пресс, 2004. — С.
  8. Панарин А.С. Глобальные деконструкции как новейшая стадия развития нигилизма // Полигнозис. — — № 3. — С. 36.
  9. Дугин А.Г. Тезисы о глобализме (глобализации) // Глобализация: сущность, проблемы, перспективы. — М., 2003. —С. 31.
  10. Расторгуев В.Н. Глобализация на руинах глобализма // Логика метаисторического времени. — М.: Изд-во «Социально-политическая мысль», 2004. — С. 137.
  11. Айымбетова У.У. Ұлтаралық қатынас мəдениеті: мəдени философиялық талдау: Филос. д-ры ... дис. — Алматы, 2013. — 10-б.
  12. Андреева Г.М. Социальная психология: Учеб. для высш. шк. — М.: Аспект-Пресс, 1999. — С.
  13. Лебон Г. Психология народов и масс. — СПб.: Макет, 1995. — С.
  14. Maslow A. Neurosis as a Failure of Personal Growth // Humanitas. — 1966. — Vol. III. — P.
  15. Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. — М.: Наука, 1977. — С.
  16. Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1993. — 36-б.
  17. Малявин В.В. Конфуций. Сборник изречений Конфуция и тексты памятников конфуцианской педагогической мысли. — М.: Амонашвили, 1996. — С. 97.
  18. Лосев А. Ф., Тахо-Годи А.А. Платон. Аристотель. — М.: Молодая гвардия, 1993. — С.
  19. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. — М.: Педагогика, 1979. — Т. 1. — С.
  20. Бабакумаров Е., Жансугурова Ж., Кушалиева Г.А. Устойчиво ли развитие Казахстана? (Оценка потенциала напряженности в обществе по результатам социологического опроса). — Алматы: ИРК, 1996. — С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.