Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жетісудағы Алашорда үкіметінің мүшесі, Алаш əскерінің қолбасшысы — Отыншы Əлжанов

Кіріспе

«Алашорда» үкіметінің негізін қалаушылардың бірі, белсенді көшбасшы Отыншы Əлжановтың өмір дерегінде: «1917 жылғы ақпаннан Жетісу облысындағы Алаш қозғалысы жетекшісінің бірі болды. Ол Екінші жалпы қазақ съезінде (Орынбор, 1917 жылдың 5–13 желтоқсаны) Жетісуда құрылған Алаш əскерлерінің қолбасшысы болып, большевиктерге қарсы соғысты ...» [1; 77], — делінген.

1917–1918 жылдары Тарбағатайдың «Қызыл қырандарының» қатыгездігі шектен шығып, тау етегіндегі халыққа зардабы тиіп, қия басқанның көзін жойып, қан қақсатып тұрған. Сондықтан да Тарбағатайдың күнгей беттерінде Алаш жасақтарының бір легі 1918 жылдың басынан құрыла бастайды.

Алаш сарбаздары атпен сапқа тұрғанда аттың түсіне қарай тұрған (көк аттылар бір қатарға, жирен аттылар бір қатарға). Ал жерде жаяу тұрғанда роталар ру бойынша сапқа тізілген. «Байжігіт» ротасы, «Сыбан» ротасы, «Болатшы» ротасы т.с.с.

Алаш полкінде 3 дөңгелекті, атпен сүйретіп жүретін 14 зеңбірек болған. Оларға офицерлер басшылық жасаған. Көшпелі ас-ауқат болған, қазандар дөңгелекті рамаларға орнатылып, атпен тартылып жүреді екен. Жол үстінде ас əзірлене берген. Бағындырған ауылдардың үйлерінде күзет қойып, əр шаңырақта бірнеше сарбаздан тұра береді екен.

Алаш полкі соғысты əрдайым сəтті жүргізген. Əсіресе О.Əлжановтың басшылығы тұсында ірі жеңістерге жетіп отырған [2].

Өйткені Жетісу майданында əскери дайындық сауатты жүргізілген. Атпен шауып келе жатып екі жақтағы қарға шаншылып қойылған шыбықтарды қылышпен шапқанда шыбықтар тіп-тік түсуі керек екен. Гранатаның үстіндегі пестонын таспен ұрып, «быж» ете түскенде лақтыру, мылтықты дəл ату, окоп қазу, қорғану тəсілдері — бəрі жаттықтырылады. «Алаш» гимні де үйретіледі.

Отыншы бірде Лепсіден Көктұмаға (Бақтыға) келіп, сарбаздардың дайындығын көріп, олардың алдында сөз сөйлейді. Оның мына бір қанатты сөзі сарбаздардың жадында мəңгі сақталып қалған: «...Көз алдыңа елестетіңдер! Ресей үкіметі бұрын ақбоз ат сияқты болатын. Сол ақбоз аттан аттың қасқасындай ғана Ақ үкіметі қалды. Қасқа бара-бара төбелге айналады да, жирен ат болады... Ол үкіметтен жеті ата-бабаңның ұрпағына иненің жасуындай жақсылық келмейді. Тек Құдай қайдасың деп аспанға, көкке шыққанда əлемді шарпып, өз-өзінен құлайды» [1; 77].

Отыншы  ұзын  бойлы,  арық,  қара  кісі  болған.  Ол  құралайды  көзге  атқан  қас  мерген   екен.

Жаттығу алаңында наганмен де, мылтықпен де көкке лактырған тиындарды атып ұшырады екен.

О.Əлжанов қаза болғаннан кейін Жетісу майданында қызылдарға қарсы соғысып жатқан Алаш полкіне тікелей атаман Анненковтың өзі басшылық жасайды.

Отыншы Əлжанов ағартушы-публицист ретінде

Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Алашорда үкіметінің мүшесі, Жетісудағы Алаш қозғалысының басшыларының бірі, ағартушы-публицист, халық мұғалімі Отыншы Əлжанов 1873 жылы 12 тамызда бұрынғы Семей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысының 16 ауылында ауқатты отбасында туған.

Отыншының əкесі Əлжан — əйгілі аға сұлтан Құнанбайдың Найман еліне ұзатылған туған қарындасы Тайбаланың бауырына салып алған баласының бірі. Үлкені — Бақтыбайды (Ізғұтты) Құнанбай жиені ретінде өз қолына алып тəрбиелеп өсірсе, Əлжан Тайбала бəйбішенің тəрбиесінде өседі. Əлжан жалғыз ұлы Отыншыны орысша оқытуға ынталы болып, тоғыз жасар кезінде, 1882 жылы 12 қыркүйекте Зайсан қаласындағы ер балаларға арналған бастауыш орыс-қазақ училищесіне берген. Жас шəкірт аталған училищені 1887 жылы үздік бітіреді. Ұлына орта білім беру ниетімен Əлжан Отыншыны сол жылы Омбы қалалық училищесіне оқуға береді [3].

Жас дарын осы училищені 1890 жылы ойдағыдай тəмамдап, Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Сол кезде Омбы қаласында шығып тұрған «Киргизская степная газета» мен «Дала уəлаятының газеті» атты басылымдарда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қатысты мақалалар жазып тұрған.

Сонымен бірге қазақ даласында мектептер ашып, онда қазақ не қазақ тілін білетін мұғалімдердің сабақ беруін, оқу-ағарту саласының басқа да толғақты мəселелерінен сөз қозғап, баспасөз бетіне көтеруі оның белгілі орыс шығыстанушысы жəне Патша əкімшілігінің ірі шенеунігі, Семей жəне Ақмола облыстарының Халық училищелерінің директоры А.Е.Алекторовтың көзіне түсіп, қолдауына ие болған.

1905 жылы 10 мамыр – 3 маусым аралығында Санкт-Петербург қаласында «Шығыс бұрата- наларын» оқыту мəселелеріне арналған Ерекше мəжіліске Дала уəлаятындағы қазақ мұғалімдерінің атынан барып, сөз сөйлейді. Мəжіліске II Николай патша мен халық Ағарту министрі Глазов қатысқан. 1907 жылы қыркүйек-қазан айларында Санкт-Петерборда Халық ағарту министрлігі ұйымдастырған жиналыста да Əлжанов бұратана халықтардың оқу-ағарту мəселелері жөніндегі 1906 жылы 31 наурыздағы «Ережеге» қатысты пікірін, сын ескертепелерін баяндап шығады [4; 161,162].

Осы мəжілістен оралған соң белгілі орыс шығыстанушысы, Семей жəне Ақмола облыстарындағы Халық училищелерінің директоры А.Е.Алекторовтың жəрдемімен 1907 жылы Көкпекті 2 кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі болып тағайындалады. Өскемен, Зайсан уездеріндегі қазақ мектептеріне басшылық жасау міндетін қоса атқарады. Мектеп ісін жолға қоюда көптеген шаралар ұйымдастырып, мектеп ашуға ел байларын жұмылдырады.

Көкпектіде ол тек ұстаздықпен айналыспай, істі болған, зəбір-жапа шеккен қазақтардың мұң- мұқтажын жоқтап, оларға нақты көмек қол ұшын берді. Дала өлкесіндегі миссионерлік бағыттағы оқу жүйесінің зардапты əрекеттерін əшкереледі. Осы жылдары ол Қошке Кемеңгеровтың апасы Нұржамилаға үйленді [5].

О.Əлжанов Көкпектіде тұрып жатқан қазақтардың жер мен судың түпкілікті иесі бола отырып, оны пайдалануда орыс келімсектері мен саудаға құныққан татар көпестеріне есесі кетіп, теңдік ала алмай отырғанын көріп-білді.

Қазақ жерінен қала үлесіне, əскери жасақтар үлесіне, қазына үлесіне, орман шаруашылығы үлесіне деп кесіп алынған жерлерге қазақ бұқарасының аяқты малы түсіп кетсе иесіне айып салынып, абақтыға жабылып, істі болып жатса, ал тасты, шөлді, қуаң жайылымына жүздеп, мыңдап ала жаздай малын жайған, қазақ жерінің өрісін тарылтып, құтын қашырған орыс алпауыттары мен татар саудагерлеріне ешқандай заң қолданылмады. Осындай шектен шыққан қиянатты көре, біле тұрып Отыншы қол қусырып отыра алмады: заңға жүгініп əділет сұрап, өтініш-арыздар жазды. Отыншының ақ сөзін арсыздықпен теріс жорыған Патша əкімдері оның өзіне пəле жапты. Оның əділеттілік сұрап, заңға жүгінуін қазақ халқын Патша үкіметіне қарсы үгіттеп, қазақ жеріне орыс келімсектерін қоныстандыру саясатына қарсылық көрсету деп білді [6; 64,65].

Жергілікті шенеуніктерден жапа шеккен қазақтардың мұң-мұқтажын жоқтап, оларға нақты көмек берген О.Əлжановтың əрекетінен қауіптенген Патша əкімшілігі орыс келімсектері мен татар саудагерінің атынан жалалы арыз ұйымдастырады. Асыл азамат 1909 жылы Дала генерал- губернаторының жарлығымен тұтқындалып, 6 қыркүйекте Жетісу облысының Лепсі уезіне жер аударылады [4; 162].

Бес жыл мерзімге Үріжарға жер аударылған Отыншы ақыры жаза мерзімі біткен соң да еліне қайтпай осында тұрып қалады.

Əлжановтың тағдырының Жетісу жерімен тығыз байланыста болуы

Алаш көсемдерімен пікірлес, саптас болған Отыншы Үріжар, Мұқаншы, Алакөл маңындағы елді оятуға, олардың хат сауатын ашуға бар күшін салды. 1916 жылғы көтеріліс кезінде де осы елге ес болып, артық қантөгістен қорғап қалған да — сол Əлжанов еді.

Жетісу өңірінде Отыншы халық мүддесін жоқтап, адвокаттықпен айналысады. 1912 жылы Лепсі уезіндегі Қаракөл болысында болған толқуға қатысқан қазақтарға Əлжановтың адвокат ретінде ақыл- кеңес беруі олардың жағдайларының оңалуына ықпал етеді. Жетісуда ол қазақ зиялыларымен, Маман əулетімен, «Мамания» мектебінің мұғалімдерімен, жер аударылып келген қазақ оқымыстылары Ж.Ақпаев, К.Төгісов, тағы басқалармен тығыз байланыс жасады.

1916 жылы түгелдей Патша тарапынан арнайы қаруланған орыс келімсектері ішінен қазан бұзар бұзақылар көптеп шыға бастаған болатын. Олар кешегі 1916 жылғы дүрбелеңде қазақ халқының Патша өкіметіне бас көтеріп, қолына қару алғанын орысқа қарсы жасалған əрекет деп еске алады. Қарусыз, қорғансыз халықты кейде қорқытып, кейде үркітіп ойларына келген бейбастықтарын істеп, ел берекесін кетіре бастаған еді. Осы тұстағы Жетісу елінің жағдайын Семейде шығып тұрған «Абай» журналы төмендегіше: «...1916 жылдан бері соры ашылмай келе жатқан Жетісу қазақтарының бұл жолы тағы да үлкен апатқа ұшырап, басына ауыртпалық түскен көрінеді. Еркек, əйел, кəрі, жас, бала- шаға демей көзіне көрінген қазақты оқтың астына алып өлтіріп, үйін, мүлкін өртеп, малын талап алды» [6; 66], — деп жазды.

«Ел болса ер туғызбай тұра алмайды» деген рас. Үріжардағы қара шекпенділердің бейбастық зорлығына қасқайып қарсы шыққан бір ғана адам болды. Ол — Отыншы Əлжанов еді. Патша үкіметі құлағанда ол Уақытша үкіметтің Лепсі уезі комиссарының орынбасары болды.

Отыншының Жетісу жеріндегі Алаш қозғалысына белсене араласуы

1917 жылы Патша үкіметі құлаған соң О.Əлжанов Алаш қозғалысына белсене араласады. Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде облыстық, жалпықазақ съездеріне түгелдей қатысады.

1917 жылдың 12–14 сəуір аралығында Верный қаласында Жетісу облыстық қазақ съезін өткізуге атсалысады. Бұл съездің күн тəртібіне соғысқа жəне Уақытша үкіметке көзқарас, азық-түлік, жер-су мəселесі, рухани-діни іс, сот, оқу-ағарту, мал шаруашылығы, орыстар мен қазақтардың арақатынасын реттеу жəне 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыстан соң ауған босқындарды Қытайдан қайтару сияқты 17 мəселе қойылып, нақты шешімдер қабылданды. Соғыс мəселесінде — «оны жеңіске жеткенше жалғастыру», Уақытша үкіметке бағынып, оған жан-жақты қолдау көрсету, дін ісінде — «далалық Орал, Торғай, Ақмола, Семей жəне Жетісу облыстарына ортақ» ерекше діни жиналыс құрып, оны «Қазақстан» деп атау, басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде міндетті түрде екі комиссардан — бірі орыс, екіншісі мұсылман тағайындау, жер мəселесінде — «облыс шеттен қоныс аударушылар үшін мүлде жабық деп саналсын» делініп, Қытайға ауған босқындарды мүмкіндігінше қауіпсіз жерлерге орналастыру, қарулы қақтығыстарды болдырмау үшін бұл мəселені Уақытша үкіметтің Түркістан Комитетінің бақылауына беру болды [7; 173].

О.Əлжанов 1917 жылы 21–28 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші жалпықазақ съезінде Жетісу облысынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысының депутаттығына ұсынылады [4; 162].

Отыншы 1917 жылы желтоқсан айының 5–13 күндері Орынборда өткен Екінші жалпықазақ съезіне қатысады. Съезде құрылған Алаш автономиясының үкіметі – Уақытша Ұлттық Кеңес — Алашорда деп аталынды, ал оның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік» революциядан («бүлікшіліктен») қорғау болды. Съезд шешімінде көрсетілгендей, Уақытша Ұлттық Кеңес — Алашорданың құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды: Уəлитхан Танашев (Бөкей Ордасынан), Халел Досмұхамедов (Орал обл.), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола обл.), Халел Ғаббасов (Семей обл.), Мұстафа Шоқай (Сырдария обл.), Садық Аманжолов (Жетісу обл.) т.б. Алашорда құрамына облыстардан тыс халыққа кеңінен таныс қайраткерлер: Ғалихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Əлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Əлжанов сайланды [7; 42].

Алашорда құрамына сайланғандар түгелге дерлік жоғары білімді зиялылар еді. Олар Петроградтың,  Мəскеудің,  Қазанның,  Томскінің,  тағы  басқа  қалалардың  жоғары  оқу  орындарын заңгер, экономист, дəрігер, математика, тау-кен жəне темір жол инженерлері, тағы басқа мамандықтар бойынша бітіргендер. Бұлардың басым көпшілігі өз мамандықтары бойынша қызмет атқарумен қатар ғылыми, шығармашылық жұмыс атқарды.

Отыншы 1918 жылы қаңтарда Верный қаласындағы Жетісу облысы қазақтарының  Екінші съезіне қатысып, автономия, милиция құру жұмыстарымен айналысты. Алаш зиялыларының іс- қимылынан қауіптенген большевиктер 1918 жылы 9 наурызда О.Əлжанов, Ы.Жайнақов жəне С.Сабатаев сияқты Алаш басшыларын тұтқындады [7; 271].

Мəскеудегі Кеңес үкіметінің алдына большевиктердің озбырлығы туралы мəселе қойылғаннан кейін сəуір айында Отыншы абақтыдан босатылып, Лепсі жағына келеді. Азамат соғысы жылдары Лепсіде Жұтаған елге көмек көрсету комитетін құрады. Милиция жасақтап, «елдің басына мынандай пəле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмаймын, өлсем-тірілсем де бірге көремін» деп елді қорғауға бел байлайды. 1918 жылы 29 маусымда арнайы Далалық Сібір корпусының штабына, Жетісудың əскери атаманы Ионовқа «Верный уезінде большевиктердің бейбіт халықты аяусыз қырғынға ұшыратқанын, Кіші, Үлкен Алматы, Қаскелең, Тастақ станцияларын  қиратқанын» хабарлап, телеграмма жолдайды.

Отыншы мен Əсет

Отыншы Əлжановты көрнекті ақын, əнші, композитор Əсет Найманбайұлы жақсы білген.

Əсет татар медресесінде оқып, сауатын ашқан. 15–16 жасынан той-думандарда əн салып, өлең айта бастайды. 18 жасында саудагерлерге ілесіп, əйгілі Қоянды жəрмеңкесіне барған. Сонда ақын қыз Ырысжанмен айтысып, елге танылады.

1913 жылы Əсет Алматыға келіп, жұрт алдында өнер көрсетеді. Осы тұста «Атым Əсет» деп өзін таныстыратын толғауы Жетісу аймағына кеңінен тарайды. Атақты ақын Семей, Жетісу жерлерімен қоса, Бақты шекарасының арғы жағындағы, Қытай жеріндегі қазақ ауылдарын жиі аралаған [4; 166].

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Отыншының үйіне Əсет Найманбайұлының ары-бері өтіп жүргенде талай рет түскені бар. Алаш партиясының мүшесі О.Əлжанов досы Əсеттің құлақ құрышын қандыратын шырқау əндеріне, хисса-дастандарына, халықты өнер-білімге шақырған ғақылия өлеңдеріне өте жоғары баға берген.

Алаш көсемдерінің Шəуешек қаласына сапар жасауы Сары Арқа, салқын Қалба, Кербетеге

Қысым көрмей мекенінен ел кете ме? Суырдай шұбатылып шыққан іннен Ұл туып енді бұл жерде ер жете ме?

 Бұл өлең осы күнге дейін ел ішінде сақталған.

Отыншы Əлжанов — «қызыл террордың» құрбаны

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін билікті қолға алған большевиктер «қызыл террорды» қолдану мəселесін күн тəртібіне қойды. Оның негізгі себебі басшылыққа келгендердің өз мақсатын орындау болатын. Қарумен билікті басып алған олар елде күшпен тəртіп орната бастады.

Қазақстандағы большевиктік террордың əсері төмендегі жағдайлардан көрінген болатын. 1918 жылы 6 наурызда Қазы Нұрмұхамедұлы, Нұғман Сарыбөпеұлы, тамызда Отыншы Əлжанов өлтірілді. Бұл туралы азалы мақалалар «Қазақ» газетінде жарияланды [8].

Əсіресе О.Əлжановтың қазасы бүкіл қазақ халқын күңіренткен азалы өлім болды. Бүкіл қазақ даласы аза тұтты. Қазақ тілінде шығып тұрған барлық газет-журналдар арнайы қазанамалар арнады.

Б.Мəметов пен Ы.Жайнақов «Абай» журналында: «...Алаш баласына Отыншының шығыны батады. Орны ойсырайды. ...Жетісудағы ағайындарға басшысынан, көсемінен айрылғаны жан ауырарлық іс болды. Тағдырға шара бар ма?» деп басқарма атынан азалы сөз жазды [9].

Міржақып Дулатов «Жас азаматта» (1918 жылдың 25 тамызы) Отыншы Əлжановтың азаматтық өр тұлғасы, бітім болмысы туралы былай деді: «...Өткен июль айында мен Отыншының елінде болдым. Сол кезде Отыншы марқұмнан хат келді. Хатында жазған екен: «Мұндағы жұрттың басына қиямет-қайым туды, қатын, бала-шағамды алып кетіңдер, бұл ел қан жылап, қырғынға ұшырап жатқанда мен жан сақтап, бұларды тастап кете алмаймын, өлсем де, тірілсем де бірге көремін» деп.

Бірге көрді, ұлты үшін өлімнен қорыққан жоқ. Есіл ер Алаш жолында ғазиз жанын құрбан қылды. Топырағың торқа, жаның жəннатта болсын, аяулы Отыншы!

Ұлтың үшін қан жыладың, қамын жедің, қызықты ғұмырың абақтыда, айдауда өтті, сонда да тауың шағылмады.Қамалға шаптың, қанға боялдың, қаза таптың, бірақ арманда кеттің. Алаштың көргенін көре алмадым деме, сендей ұл туған ел ешкімнен кем болмас.Хош, бауырым!» [10].

Жүсіпбек Аймауытов пен Қошке Кемеңгеров сияқты қайраткер, қаламгерлер де О.Əлжановтың қоғамдық-əлеуметтік қызметін жоғары бағалап, арнайы мақалалар жазды.

Түйін

Алаш зиялылары Шəуешектен қайтып кеткен соң Отыншы Əлжанов Үріжар төңірегінен Алаш жасағын құрды. Сойыл-шоқпар, қылыш-найза, əр түрлі мылтықпен қаруланған жүз шақты аламан осы елге кəдімгідей қалқан болды. «Қызыл қырандар» Үріжарға үкім жүргізгенде, оларға Отыншы ғана қарсы тұра алды. Амал не, қару-жарағы кемшін, шағын қол көп күшке төтеп бере алмады.

Отыншы «Қызыл қырандардың» қолынан мынандай жағдайда опат болады. Ол  Лепсіден Семейге шақырылады. Семейден Шəуешекке баруға тапсырма алып, 30-дай сарбазымен Тарбағатайдың Келдімұрат асуынан күндіз асып келе жатқанда «Қызыл қырандардың» тосқауылына тап болады. Сарбаздарына сенген бе, асығыс па, жасырынбай жүрген. Олардың тастай бекініс шебін бұзып өтеді. «Қырандар» да ізіне өкшелей түсіп қалмайды. Атыса-атыса жазықтағы Мұқаншыны бетке алады. Бұлар үш топқа бөлініп алып, 40–50 км бойы атысып қашқан. Ұрымтал жерде қуғыншыларға қайтарма соққы да берген. Балатөбе мен Жайтөбе арасында «Қызыл қырандардың» көрнекті қолбасшыларының бірі оққа ұшады. Отыншы сарбаздарының да қатары сирейді.

Алаш зиялыларының «Алашорда» үкіметі құрылысымен 1918 жылы көктемде Шəуешек қаласына сапар жасағаны белгілі. Бұл сапар жөнінде 1990 жылдары баспа беттерінде хабарланды. Бір топ адаммен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Мəрсеков жəне Əсет Найманбаевтың бірге түскен суреті жарияланды.

Əсет сол сапарда ұлт көсемдері Ахмет, Міржақыптармен біраз күн бірге болды. Оларды да ой меңдетіп, ұйқы қашып, шарасыздық шаршатып жүрген кезі екен. Отырыс-мəслихаттарда əн салып, көңілдерін көтерді.

Ахмет пен Міржақып Əсет Найманбайұлын төбесіне көтеріп, қашан қайтқанша қастарынан қалдырмайды.

1918 жылы көктемде А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Р. Мəрсеков бастаған тоғыз адам Шығысқа бет алады. Олардың осы өлкеге келуіне Отыншы Əлжанов мұрындық болады. Ол Алаш зиялыларын Шəуешекке дейін ертіп апарып, ақырында оларды Аягөзге дейін ұзатып салады.

Алаш көшбасшылары Шəуешекке не үшін барды? Жедел баруға қандай қажеттілік болды? Не тындырып қайтты? Бұл сапардың мақсаты мен мəнісі — əлі сеңі бұзылмаған дүние.

Р.Нүсіпов «Алаш зиялыларының беймəлім сапары» атты қызықты мақаласында [11; 37] бұл мəселелер туралы мынадай əңгіме өрбіткен: «Ахаңдар (Ахмет Байтұрсынов) тобының Шəуешекке сапарының басты саласы — «Жетісу майданында» қызылдарға қарсы соғысып жатқан 700 Алаш жасағының мұң-мұқтажы еді. Бұл жасақтардың саны 1500-ге дейін жетеді. Жетісуда соғысып жатқан Алаш полкінің жігіттері Лепсі уезіне қарасты Тарбағатайдың күнгей беткейін мекендеген елдің балалары еді».

М.Дулатов «Жас азамат» басылымында: «Өткен январь айында Орынбор съезінің қаулысын қалай орындау жайын кеңесу үшін Алматыда Жетісу облысының съезі болды. Отыншы марқұм сол съезге келген еді. Съезд тарағаннан кейін Отыншының іждаһатымен Түркістан комитетінің бастығы Шкапский арқылы Жетісуда Алаш милициясын құруға қазынадан бес жүз мың сом ақша алып, большевиктен аулақ тұрған Лепсі казначействосына жіберілді...

...Большевиктер күшейіп, Лепсідегі қазаққа тиген бес жүз мыңды алып қойды, жұртқа ойран сала бастады...», — дейді [11; 37].

Бұл өңірде Алаш көсемдері айдан астам уақыт болады. Олар Жетісудағы Ақтармен тізе қосып соғысып жатқан Алаш полкін азық-түлік, ішіп-жеммен қамтамасыз ету үшін Шəуешектегі қазақ жəне Шанышевтер бастаған 18 татар байынан көмек сұрайды.

Патша үкіметі құлағаннан кейін, соның жұрнағы болып Шəуешекте 18 татар байы қалыпты (оларды Қасымхан Шанышев басқарған). Осы татар байлары қызылдарға қарсы күрескен  күштерден  көмегін аямаған екен. Патша үкіметінің Шығыстағы қаржысы 18 татар байларының қоржынында болады. Олар Алаш полкіне қаржылық көмек береді.

Ахаңдар тобы қайтарында Зайсанға соғып, оңдағы дайындықтағы Алаш полкінде  біраз аялдайды. Ə.Бөкейханов Ахаң бастаған топты Қалбатауда тосып алады. Істің мəн-жайын ұғысқаннан кейін, кешкілікте төбенің басында Əлихан, Ахмет, Міржақып, Райымжан — төртеуі бір-бір жолдан жалғастырып бір шумақ өлең құрастырады [11; 37]:

Кешкісін атысушылар Мұқаншыға кіреді. Жанындағы серіктерін құтқарып, алға жібереді де, Шахмарданов деген подполковник екеуі шіркеуге кіріп, мұнарасынан пулеметтен оқ жаудырып, қуғыншының назарын өздеріне аударады. «Қызыл қырандар» түні бойы атысып, шіркеудің маңына жолай алмайды [1; 78].

Ақыры, өшіккен қызылдар Отыншыны тірідей қолға түсіре алмасын біліп, оны ағаштан   өрілген «Құдай үйімен» бірге өртеп жіберуге шешім қабылдайды. Олар таңға жақын шіркеу маңындағы шөп- шаламға от қойып, ол от желмен қарағай шіркеуге тиеді. Осылайша екі боздақ лаулаған отқа оранып, шейіт болады. Ел ішіне Отыншының қазасы төбеден жай түскендей əсер етеді.

Өкінішке орай, қысылтаяң кезде туған халқына қорған бола білген, жанын қиған Отыншы Əлжанов тоталитарлық Кеңес үкіметі тарапынан ұзақ жылдар бойы датталып, қараланып келді. Сондықтан да туған халқының бостандығы мен тəуелсіздігі жолындағы қанды майдан  соғыста құрбан болған, елінің оқу-ағарту ісіне айтарлықтай із қалдырған, туған халқының əдебиеті, мəдениетіне елеулі үлес қосқан Отыншы Əлжанов есімін ел есіне, ұрпақтар жадында қалдыру бүгінгілердің атқарар борышты істері болса керек.

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Nusipov R. Otynshy as special personality // History of Kazakhs, 2009, No. 5 (98), р. 77–79.
  2. Nusipov R. Destiny of the Alashsky regiment // History of Kazakhs, 2010, No. 6 (105), р. 10–12.
  3. Encyclopedia / Editor-in-chief E.B. Sydykov, Families: Tengri publ. house, 2008, р. 169.
  4. Encyclopedia, Almaty: Arys publ. house, 2004, 712 p.
  5. Kazakhstan. National encyclopedia. Vol. 1. / Editor-in-chief A.Nysanbayev, Almaty: Main edition of «The Kazakh encyclo- pedia», 1998, р.
  6. Terror red / Originators: K.Kasenov, A.Torekhanov, Almaty: Kazakhstan, 1994, 80
  7. Alashorda: Encyclopedias / Originators: G.Anes, S.Smagulova, Almaty: Arys publ. house, 2009, 544 p.
  8. Musagaliyeva A. «Terror red» in Kazakhstan: data and messages // History of Kazakhs, 2012, No. 3(114), р. 22–25.
  9. Eskendirula (Abdeshev) M. Ministers "Alash Ordy", Almaty: Altynbek Sarsenbayula's fund, 2008, р.
  10. Nusupov R. Fight white and red on the native earth Otynshy Alzhanova // History of Kazakhs, 2010, No. 2 (101), р. 59,60.
  11. Nusupov R. Unknown travel of leaders of movement Alash // History of Kazakhs, 2009, No. 2,36-38

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.