Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада автор қазіргі қоғамның өзекті мəселелерінің бірі — сыбайлас жемқорлық құбылысын қарастырды. Елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта жақсы нəтижеге қол жеткізе білген елдердің тəжірибесі зерттелді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі əлемдік тəжірибені өз ерекшеліктерімізді ескере отырып, тиімді пайдалана білу туралы тұжырымдарды негіздеуге тырысты. Алдыңғы қатарлы дамыған елдер санатына қосылуды мақсат етіп отырған біздің ел үшін бұл саясатта нəтиже өте қажет.
2014

 Мақалада ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілген гуманистік басымдықты жүзеге асырудың психологиялық аспектілеріне тоқтала отырып, білім беру саласында қолданылған технократия жəне гуманизм парадигмаларына сипаттама берілді. Педагогикалық ғылымның өзекті мəселесі болып саналатын оқыту барысындағы педагогтың оқушымен субъект-субъектілі қарым-қатынас орнатудың психологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен қатар білім берудегі тұлғаға бағдарланған гуманистік парадигманың А.Маслоудың «Гуманистік психология» теориясы бойынша берілетін өзін- өзі өзектендіру сияқты жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары мен өзара байланысы көрсетілген.
2014

Мақалада тақырып өзектілігі анықталып, қазіргі əйелдердің, оның ішінде қазақ əйелдерінің отбасындағы жəне қоғамдағы əлеуметтік мəртебесі мəселесіне психологиялық ғылыми-теориялық талдаулар жасалған. Сонымен қатар əйелдердің өзіндік психологиялық мінез-құлық таптаурындары сипатталды. Мақаланың зерттеу бөлімінде қала, ауыл жəне орыс отбасындағы əйелдердің əлеуметтік рөліне, тұлғалық қалыптасуына этностық жаңсақ нанымдардың əсер ету деңгейі мен тұлғаның мінез- құлық, жүріс-тұрыс, эмоционалды жай-күй аясы анықталған.
2014

«Керей» тайпасының Орта жүздің басқа тайпалары арасындағы тарихи рөлі жəне орны ашылып көрсетілген. Орта жүзге жататын «Керей» тайпасының жəне Кіші жүзге жататын «Керейт» тайпасының шығу тегі суреттелген. «Керей» тайпасының құрамына енетін əр түрлі қазақ руларының тарих сипаттамасы берілген. Өз халқының тарихында айрықша рөл атқарған осы тайпадан шыққан аса көрнекті тұлғаларға көңіл бөлінген.
2014

ХVІ ғасырда өмір сүріп қызмет атқарған қазақтың ғұлама ғалымы жəне биі Қадырғали Жалаиридің ғылыми жəне мемлекеттік қызметі суреттелген. Оның орта ғасырлардағы қазақ даласында орын алған тарихи оқиғаларды тұңғыш рет мемлекеттік тілде қорытып талқылаған басты шығармасына толық баға берілген. Қадырғали Жалаиридің жеке өмірін, ғылыми жəне мемлекеттік қызметін зерттеуге арналған отандық жəне шет елдік ғалымдардың еңбектері талданған
2014

Мақалада Алаш ұранды ұлт қайраткерлерінің тəуелсіздік мұратында атқарған саяси жəне рухани еңбектерінің тарихи сабақтастық тұрғысынан тарихи санада жаңарып жаңғыруының жолдары ХХ ғасырдың 40-жылдары кеңестік кезеңде Қарағанды қаласында құрылған ЕСЕП — Елін сүйген ерлер партиясы негізінде қарастырылды. ЕСЕП өз кезегінде қалыптасу, даму, шарықтау кезеңдерін өткеріп, тарихи сабақтастық арқылы Алаш ұлт зиялыларының идеясынан туындаған Қарағандыда  «Елін сүйген ерлер партиясы», Батыс Қазақстанда «Қазақ халқын қорғаушылар одағы», Мəскеудегі «Жас тұлпар», Керекудегі «Жас ұлан», Хасен Қожа-Ахмет құрмақ болған «Жас қазақ» секілді ұйымдармен жаңғырып жəне соңғы Желтоқсан көтерілісімен — Тəуелсіздікке қол жеткізу екендігі дəлелденді.
2014

Мақалада жалпы сапа, қызмет көрсету сапасы, білім беру сапасы, сапа элементтері жəне оны жоғарлату əдістері туралы теориялық тұрғыдан сөз қозғалды. Автор өз зерттеуімен елімізде əрбір адамның көкейінде жүрген, алайда басшылардың немқұрайды қарайтын, күрмеуі көп білім беру қызметінің сапасын көтеруге кішкене болса да үлес қосуда.
2014

Мақалада қазіргі замаңғы өзекті мəселелердің бірі — Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы саяси-дипломатиялық күрес жаң-жақты қарастырылды. Иран өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа негізделгенін сендіруде. Алайда батыстық елдер Тегеран жаппай қыру қаруын əзірлеуге ниеттеніп жүр деген күдікті алға тартуда. Авторлар Иранның халықаралық қауымдастық өкілдерімен ядролық бағдарламасына қатысты қарым-қатынастарының даму эволюциясына шолу жасап, Ислам Республикасының АҚШ-пен қарама-қайшы қатынастарына толығырақ тоқталды. Иран ядролық мəселесі айналасындағы қазіргі жағдайды сараптай отырып, Иран ядролық бағдарламасына   қатысты «алтылық» мемлекеттер арасында келіссөздер барысында қабылданған тарихи маңызы бар Уақытша келісім жан-жақты зерттелді.
2014

Мақалада Орталық Азия елдеріндегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі су ресурстарының орны мен рөлі қарастырылған. Аймақтағы трансшекаралық сулардан туындап отырған сұрақтардың шешілу жолдарына сараптама жасалған. Су-энергетикалық мəселелерді аймақтық деңгейде шешу үшін халықаралық тəжірибені  қолдану  қажеттілігі аталған.  Су  ресурстары  ұлттық қауіпсіздікті  сақтауда «қауіпсіздік» ұғымының негізгі компоненттерінің бірі екендігі жайлы тұжырым жасалған
2014

Мақалада 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресейде саяси билікке келген большевиктердің III Коммунистік Интернационалды құрып, оны сол кездегі халықаралық аренадағы «дүниежүзілік революция штабына» айналдыру жолындағы əр түрлі əрекеттері кең түрде баяндалды. Осыған байланысты Коминтерннің көптеген елдерде коммунистік партияларды, жұмысшы жəне ұлт-азаттық қозғалыстарды қолдау арқылы, сол мемлекеттерге социалистік революцияны экспорттау саясаты, тыңнан кірістірілген көптеген құжаттар мен деректерге сүйеніп, тарихи объективизм негізінде жан- жақты көрсетілді
2014

Белгілі ғалым, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рашит Саттарұлы Каренов 70 жаста
2014

Мақалада Қазақстандағы патриотизм мəселесінің дамуына жəне қазақстандық патриотизмдік идеяны қалыптастырудың бағыттары мен тиімді жолдары қарастырылды. Ұлы, көрнекті ойшылдар мен мемлекеттік қайраткерлердің «патриотизм» түсінігіне берген анықтамалары келтіріліп, патриотизм жан-жақты зерттелді. Автор патриотизм мəні, ерекшелігі, патриоттық сана түсініктерін сипаттай келе, ұлтшылдық идеясы мəселесін ашып көрсетті
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.