Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қыпшақтардың этникалық тарихының негізгі кезеңдері

 «Қыпшақ» атауы туралы

«Қыпшық» сөзінің шығуы жайында əр алуан жорамал, аңыздар бар. Ал этнонимнің қалыптасу төркінін дəл анықтаудың тақырыпқа берері көп. Оны жаңа қырынан ашып, бар болмысымен жарқырауына жол ашады.

Кезінде араб, еуропа саяхатшылары «қыбчақ», «қыпшақ» деп жазғанымен, ол сөздің байыбына бармаған.

«Қыпшақ» сөзінің этимологиясына əлсіз меңзеу алғаш рет «Оғыз-намеге» түскен. Оғыз туралы аңыз б.ж.д. мыңжылдықтарға иек артатын өте көне аңыз. Ал бізге жеткен «Оғыз-наме», нұсқасы — оқиғалық желісі, тайпалық құрылымы, жəдігерліктің тілдік ерекшелігіне қарағанда X ғасырда қайта құрастырылған нұсқасы деп шамалауымызға болады. Яки қыпшақ қауымы айдай əлемге  белгілі болған кезде хатталған. «Оғыз-наме» қыпшақ есімін ағашпен байланыстырған [1; 118].

Қыпшақтар туралы екінші жазба дерек Рашид-ад-Диннің «Джами ат-Тауарихында» кезігеді. Кітап 1300–1311 жылдар аралығында түзілген. Онда қыпшақтардың шығу тегіне меңзейтін екі дерек бар. Бірінде қыпшақ атты ұлдың өзеннен ағаш салмен өтіп жатқанда туғаны баяндалады да, екіншісінде Итбарақ еліне сəтсіз шабуылдан қайтып оралар жолда қыпшақты ағаштың қуысынан тауып алған. Шежіреде «қыпшақ» сөзіне төмендегідей түсінік берілген. «Бұл сөз «кобук» сөзімен тамырлас, түркіше «өзегі шірік ағаш» деген» (Рашид-ад-Дин. Сборник летописей. — М.Л., 1952. — Т. І. — Кн. І. — С. 84).

Ал Əбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресінде» қыпшақ сөзінің мағынасы туралы өз түсінігін барынша таратып жазған: «Үндістан мен Қытайдың арасында, мұхиттың жағасында, Таңғұттың қыста күн шығысында, жазда оңтүстік-шығысында, биік таулардың арасында көп елдер бар еді, патшасының атын Итбарақ дер еді. Оғыз хан оған шабуыл жасады, үлкен ұрыс болды. Итбарақ жеңіп, Оғыз хан қашты. Ұрыс болған жердің бергі жағында екі үлкен өзен бар еді. Сол екі судың арасында тоқтап, қашқан əскерін жиыстырды.

Ұлы патшалардың алыс сапарға шыққанда əйелдерін алып жүретін əдеттері болатын. Осы əдетпен нөкерлерінің кейбіреуі де əйелдерін ала жүруші еді. Оғыз ханның бір бегі де əйелін алып барып еді. Өзі ұрыста өліп, қатыны қашып құтылып, екі судың арасында тұрған ханның артынан жетті. Əйел жүкті еді. Толғағы келді. Күн суық еді, кірейін десе үй жоқ, бір іші шіріген үлкен ағаштың қуысына босанды, ұл тапты. Мұны естіген хан: «Əкесі менің көз алдымда соғыста өлді, қамқоршысы жоқ» деп атын Қыпшақ қойып, өз қамқорлығына алды. Түркі тілінде іші қуыс ағашты қыпшақ дер еді, бұл бала ағаш ішінде туғандықтан, атын қыпшақ қоюы содан еді. Бұл кезде іші қуыс ағашты шыпшақ дейді. Қара халық тілі келмегендіктен, к-нің орнына ш- айтып кеткен. Бұл баланы хан өз тəрбиесінде ұстады, жігіт болғаннан соң көп ел жəне нөкер беріп, Оғыз ханға жау болған орыс, олақ, мажар, башқыр елдеріне жіберді. Қыпшақ үш жүз жыл Дон мен Еділ атты екі үлкен өзеннің жағасында патшалық етті. Барша қыпшақ елі соның нəсілінен шықты» [2].

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Əнес Сарай «Қыпшақтар» атты көлемді мақаласында былай ой өрбітеді: «Асылында, Рашид-ад-Дин жəне Əбілғазы  пайымдауларына қателік енген сияқты, қабық іші қуыс ағаш емес, сырт көмкерме қабық қана, онда өзегі шірік деген мағына жоқ. Дейтұрғанмен, тарихшылар иек артатын бұл шежірелер не себепті — қыпшақты іші қуыс ағашпен шендестіре береді? Анық-қанығы ұмытылып, көмескіленген бір қисын бар сияқты. Біздіңше, «Оғыз-наменің» Еділден өткенде сал қылып буған ағашы, Рашид-ад-Диннің «кобуқы», Əбілғазының «қыпшақ», «шыпшағы» — бəрі де «қу ағаш» дегендік. Шамасы кейінгі ғасырларда «қу» сөзінің мағынасы көмескіленгендіктен, жоғарыдағы авторлар «өзегі шіріген ағаш» деп түсінік беруге мəжбүр болған. Ол түсінік қыпшақ сөзінің түп мағынасын өзгертіп жіберген [1; 119].

Қу сөзінде — ескі, көне, ежелгі, кəрі деген де, құс дегендік те, ақыры ақшыл түсті білдіретін мағына бар. Ал жоғарыдағы авторлар қалам тартқан кезде қыпшақ атауы қу-түбірінен тым алшақтап кетіп, бастапқы мағына ұмытылған сыңайлы. Тек венгр тюркологы Ю.Немет қана қыпшақ этнонимі — құба сөзінен шыққанын, ол құбаның ежелгі тұлғасы «қу» екеніне дəлелдер келтіреді [3].

Қазіргі уақытта көп зерттеушілер қыпшақ сөзін «құба» («құба жүзді» немесе түркі тіліндегі «қыпшақ» — көзі жыпылықтап, кірпік қағу) деген түбірден шыққан деп жорамалдайды.

Ежелгі қыпшақтар

Б.з. VI ғасырдың орта кезінен XIII ғасырдың бас кезіне дейін Қазақстан аумағында мынадай түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік құрылымдары өмір сүрді: Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттері. Олар тарих сахнасына бірінен кейін бірі келіп, этносаяси бірлестіктер мен мемлекеттердің құрылуына айтарлықтай ықпал етті.

Аталған мемлекеттердің ішінде аумағы, этносаяси жəне əлеуметтік құрылымы, саяси басқаруы жəне көрші елдермен саяси қарым-қатынастары жағынан Қыпшақ хандығының дербес мемлекет ретіндегі орны ерекше. Қыпшақ конфедерациясына кірген тайпалар қазақ халқының қалыптасуына айтарлықтай үлес қосып, қазақ этносының негізін қалады [4].

Қыпшақтар ІV ғасырда Ғұндар бірлестігінде болған. Кейіннен (ІV–VІ ғғ.) Сеяньто деген жаңа бірлестік құрған. VІ ғасырдың ортасында Түрік қағанатының қол астында болды. VІІ ғасырдың басында Монғолияның терістігіндегі он беле, немесе он оғыздар, тайпасынан құрылған бірлестікті басқарды. 630 жылы бөлініп шығып, өздерінің Сир (Қыпшақ) мемлекетін құрды. VІІІ ғасырда қыпшақтар Орталық Қазақстанға қоныстанды. Худуд əл-Алам хабарында, бұл аймақ «Андар аз кифчак» деп аталған [5].

Мұсылман деректемелерінде, қыпшақ этнонимін бірінші рет IX ғасырда өмір сүрген араб зерттеушісі Ибн Хордадбек деп атап, оларды түркі тілдес тайпалардың қатарына жатқызады. VІІІ ғасырдың екінші жартысы мен X ғасыр аралығында шығыста Алтай мен Ертістен, батыста Оңтүстік Орал мен Еділге дейінгі аралықта қыпшақтардың этникалық бірлестігі одан ары қалыптаса берді. Алғашында олар көршілес Кимек тайпаларымен бір одақта болып, Кимек мемлекетінің құрамына кіріп, саяси жағынан Кимек қағанына бағынышты болды. Əрі түркі тілдес құман, оғыз, башқұрт, пешенек, қарлұқ, қаңлы тайпаларымен тығыз байланыс орнатты.

ХІ ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ жəне құман тайпалары қоныстанған аумақта əскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші əулеттік шонжарлары оңтүстік жəне батыс бағыттарды игеруде белсенді қимыл жасай бастады. Мұның өзі оларды Орта Азия мен оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей тығыз қарым-қатынас орнатуға жеткізді [6].

Сыртқы жаулардың соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері XІ ғасырда жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшірілгеннен кейін, ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Балқаш көлімен Жоңғар Алатауына дейінгі байтақ аймақты алып жатты. Қыпшақ хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдарияның орта жəне төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан.

Араб деректеріне қарағанда, қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. Сонымен, Алтайдан Еділге дейінгі аралықтың «Қыпшақтар даласы» (Дешті-Қыпшақ) деп аталуының өзі бұл кең-байтақ аймақ қыпшақтардың атамекені екендігін толығымен растайды [4;11].

Дешті-Қыпшақта (Қыпшықтар даласында) қыпшақ халқының қалыптасуы заңды құбылыс еді. Бірақ монғол шапқыншылығы бұған үлкен нұқсан келтірді. 1223 жылы Қалқа өзенінің жағасында монғолдар қыпшақтар мен оңтүстік орыс княздерінің біріккен жасақтарын тізе бүктірді. Монғолдар осы алғашқы жеңістеріне тоқмейілсіп шығысқа қайта қайтты. 1237 жылы Батый Ресейдің шығыс жəне оңтүстік жағын бағындырып болғасын, жолшыбай қыпшақтарға да тиісіп талқан қылып кетті. Араб тарихшысы Рукнаддиннің айтуынша, монғолдардың тез табысқа жетуіне қыпшақтардың екі тобының арасындағы қырын қабақтық əсер еткен сияқты. Содан олардың бірі монғолдарға бағынып, екіншісі батысқа қарай кетіп, Венгрия жеріне қоныстанды. Тұтқынға түскен қьшшақтарды венециялық көпестер сатып алып, Мысырға (Египет) апарып сатты.

Уақыт өте келе Мысырда қыпшақтар кəдімгідей көбейгесін Мысыр сұлтаны олардан ерекше жасақтар құрды. Ол жауынгерлер мəмлүктер (яғни құлдар) деген атпен белгілі болды [7; 29].

Сол аумалы-төкпелі заманның тəлкегіне əлемдік тарихта айрықша мəртебеге ие болған даңқты Сұлтан Бейбарыста (кейде Байбарыс деп есімі аталады) жастайынан ұшырады. Жасы 14-ке енді толған қыпшақ баласы алдымен бұлқарлардың тұтқынына, одан кейін генуэздік (италиялық) көпестердің қолына түсті. Ақырында оны Дамаскіде мысырлық əмір Ала Ал-Дин Айдакин Əл- Бундуқдари сатып алады. Сол кезден Бейбарыс атына Əл-Бундуқдари есімі тіркестіріліп, мəмлүктер қатарына енді.

Бастапқыда Бейбарыс мəмлүктер арнайы жаттығудан өтетін Ніл өзенінің бойындағы Рода аралына түседі. Алайда шамамен 1246 жылы қожайынына қудалау басталғаны салдарынан Бейбарыс Мысыр сұлтаны Салих Нажм Ад-Дин Аюбтің қарамағына өтеді. Көп ұзамай асқан батылдығы, алғырлығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Салихтың ең сенімді серіктерінің біріне айналады. Ол шынықтырған жəне өзі бастаған əскер сан мəрте қан майданнан жеңіспен оралады.

1260 жылы Бейбарыс (Байбарыс) Мысыр мен Сирияның сұлтаны атағына ие болды. Жаңа сұлтанның билік басына келуімен араб еліндегі саяси дүрбелең тоқтатылып, тұрақтылық орнайды. Бұны Бейбарыстың алдыңғыларына қарағанда əлдеқайда ұзақ мерзім — 17 жыл патшалық құрғанынан-ақ аңғару қиынға соқпайды. Мəмлүктер арасында қыпшақ билеушісінің жеке басының абыройы, парасаты мен өжеттілігі мемлекеттің гүлдене бастауына негізгі түрткі болады. Оның тұсында Мысыр шекарасы едəуір кеңейіп, саяси, əскери жəне экономикалық құдіреті өсіп, ғылым- білімі, қалалар құрылысы, сəулеті, өнері мен əдебиеті бұрын-соңды болмаған биіктерге жетті.

Араб тарихшыларының деректерінше, Бейбарыс 1265 жылы крест жаулаушыларына қарсы жеңісті жорығын бастап, олардың 1265 жылы Цезарея мен Арзуф, 1266 жылы Сафат, 1268 жылы Яффа мен Антиохия, 1271 жылы Хисн Əл-Акрад қамал-қалаларын бірінен соң бірін басып алды. 1267 жылы Сис, яғни Кіші Арменияға, қарсы жорыққа шығып, олардың негізгі қалалары: Дарбасак, Даркуш, Талмиш, Кафардин, Раабан, Марзабан, Куник, Адана мен Ал-Масисты бағындырды. Сис Мысырға жыл сайын алым төлеп тұруға мəжбүр болады. Сондай-ақ ірі мұсылман қалалары: Дамаск, Баальбек, Аджулун, Басра, Сархад, Салт, Хомс, Тадмур, Рахба, Тел-Башар, Сахиун, Балатунустармен қатар, Кахф, Кадмус, Улайка, Хауаби, Русафа, Маснаф, Кулайа, Карак жəне Шаубак сияқты қамалдарды бағындырды. 1275 жылы Нубия мен Баркан да Мысырға қарайды.

Осылайша Бейбарыс Мысыр жауларын тізе бүктіріп, аймақтағы ең қуатты мемлекетке айналды. Бəлкім,   сондықтан   болар   оның   византиялық   тарихшы   замандасы   Вильгельм      Трипольский:

«Қолбасшы ретінде Бейбарыс Юлий Цезарьмен терезесі тең тұра алады», — деп зор баға береді.

Ерекше атап өтетін жайт, Бейбарыс сұлтан өзі бағындырған жерлерге əдеттегі басқыншылар секілді зорлық-зомбылық емес, өркениет əкелді. Құдыстағы (Иерусалим) Құббат Ас-Сахра мешітін жөндеуден өткізді. Мысырдағы Ніл өзенінің үстінен өткел тұрғызды. Дамаск, Субейба, Баальбек, Салт, Сархад, Аджулун, Басра, Шейзар, Химс қалаларындағы қамалдарды қалпына келтіріп, бұрынғысынан да іргесін бекіте түсті. Каирда үлкен медресе салып, оның шетіндегі Хусайнияда жаңа мешіт тұрғызды. (Бұл деректер Расул Жұмалының «Ежелгі Мысыр шаhарының сұлтаны Бейбарыс — Аз- Заhир» мақаласынан алынды).

Сұлтандардың сұлтаны Бейбарыс 1277 жылы 22 маусымда дүниеден озды. Жат жерде жүріп, елін-жерін өмір бойы қастерлеп өткен (арабтардың арасында жүрсе де, қыпшақ тілінде сөйлеп, қыпшақтың салт-дəстүрлерін сол қоғамға кеңінен енгізген), мұсылман əлемін өз дегеніне қаратып, халқының абыройын биікке көтерген абзал тұлға бүгін де мұсылман əлемінің, əр қазақтың жүрегінде нағыз азаматтықтың, елін шын мəнінде сүйе білудің үлгісі ретінде қала бермек.

XІV ғасырда қыпшақтар Еділдің орта ағысынан Сырдарияның аяғына дейін көшіп жүрді. XV ғасырда қыпшақтар Əбілқайыр ханның басты ұйытқысын құрып, Қаратау тауларында (ол кейде Қараспан деп те аталады, қыпшақтар ішінде Қараспан атасы да бар) қоныстанды. Олардың бұл жерде болғанын «Қобыланды батыр» жыры да көрсетеді.

Əбілқайыр өлгесін оның ұлысына қазақтар мен ноғайлар шабуыл жасады. Қыпшақтардың ыдырауы да осы кезден сияқты: олардың бір бөлігі Əбілқайырдың балаларымен қалып, кейіннен Мұхамед Шейбанидің Түркістанды жаулап алуына қатысты, келесісі қазақтарға қосылды,  үшінші бөлігі ноғайларға кетті [7;30].

Қыпшақтар қазақтардан басқа түркі тілдес көптеген халықтардың ұлт болып қалыптасуына үлкен ықпал жасады; өзбек, қарақалпақ, башқұрт, татар, т.б. халықтардың құрамына енді.

Қазан мен Қырымда қыпшақтар барлық уақытта билеуші тап болып, олардан ылғи да   қарашылар (уəзірлер) сайланып отырды.

Өзбек қыпшақтарына келетін болсақ, олар Қоқан хандығында билеуші тапты құрады. Шаһар жұртын қорқынышта ұстаған əйгілі əмірші Мұсылманқұл мен оның ұлы Əбдірахман, сондай-ақ Ташкентті қорғаған (Черняев шабуылынан) Əлімқұл молданың бəрі қьпшақтар еді.

Венгриядағы қыпшақтар XIX ғасырға дейін өздерін қыпшақтармыз деп келген. Ол  кезде олардың саны 200 мыңдай адам болған. Венгр армиясының əйгілі атты əскері  негізінен қыпшақтардан құралғаны белгілі.

Қыпшақтардың шежіресі

Қазақ шежірелері əдетте қыпшақтарды 92 баулы деп атайды. Бірақ ешқайсысында оның бəрін таратып берерлік дерек жоқ. Шежірелердің көбі Қыпшақ руларын былай ажыратады. Қыпшақтан: Сүлімалып, одан — Көбекалып (Ақ Көбекалып), одан — Мүйізді, одан — Сарыабыз. Сарыабыздан бес таңбалы Қыпшақ (Бұлтың, Торы, Ұзын, Көлденең, Қарабалық) өсіп-өнген [7;30].

Енді бір шежіреде Қыпшақ Ақтамбердіқожадан — Ақтансопы (Ақтамсопы), одан — Құланқытай, одан — Сүлімалып. Сонымен, Сүлімалып — Қыпшақ тайпасынан тараған рулардың арғы атасы [8; 471].

Сүлімалыптан — Көбекалып (Ақкөбек батыр), одан — Мүйізді. Мүйіздіден — Сарыабыз [9;128– 129].

М.Тынышбайұлы Қыпшақты төрт бірлестіктен — Құланқыпшақ, Сарықыпшақ, Қытайқыпшақ жəне Қарақыпшақтан тұрады деп тарқатады.

Ескертетін жағдай, бес таңбалы қыпшақ руларын (Ұзын, Бұлтың, Көлденең, Қарабалық, Торы) Қарақыпшақ Қобыланды батырдан тарату қисынсыз дерек болып табылады. Себебі қыпшақтардың бұл рулары Қобыланды батыр өмір сүрген Алтын орда, Ноғайлы хандығы кезінен əлдеқайда ерте пайда болған [10].

Қыпшақтар Қостанай облысында, Торғай даласында, Ресеймен шекаралас (Омбы,  Челябі, Қорған обл.) аймақтарда, Ертіс, Сырдария бойында қоныстанған.

Төменде біз Сарыабыздан тарайтын Құланқыпшақ, Сарықыпшақ, Қытайқыпшақ, Қарақыпшақ ұрпақтарының таралымын қарастырдық.

Құланқыпшақтар

Қыпшақ тайпасының үлкен бір руы. Т.Үсенбаевтың деректері бойынша, Құланқыпшақтан бес ата өрбиді: Пұсырманқұл, Құдайқұл, Қырымқожа, Бұғаз, Жəдік (Қарадөң) [9; 128,129].

Қазақ Совет энциклопедиясының 7-ші томында Құланқыпшақтан төрт ата таратылады. Олар: Пұсырманқұл, Қайдауыл, Қырымқожа, Бұғаз [11; 26].

Пұсырманқұл мен Қайдауылдың ұрпақтары 1917 жылға дейін Жетісу өңірін мекендеген. Қытай жерінде де кездеседі. Ал Қырымқожа мен Бұғаздан тараған нəсілдер Қарағанды, Ақмола, Ұлытау, Жезді, Есіл, Торғай, Ертіс өңірлерінде қоныстанған [11; 26].

Құланқыпшаққа жататын төрт атаның ішіндегі ең көп тарағаны — Бұғаздың ұрпақтары.

Орта жүздің атақты батырларының бірі — Қыпшақ тайпасының ішінде Құланқыпшақ руынан шыққан, Абылай ханның «кіші батыры» атанған Қошқарбай Сағалайұлы. Құланқыпшақтың үшінші баласы Қырымқожадан Алыпқара туады, одан — Өтеп, одан — Сағалай, одан Қошқарбай батыр өрбиді [12].

Қошқарбай батырдың атамекен қонысы Ақмола облысында (Есіл-Нұра бойы). Бірақ шөбі шүйгін, суы мол Ертіс өзенінің сол жағалауын (қазіргі Омбы қаласынан жоғары 100 км) қыстап та жүрген. «Ақтабан шұбырындыдан...»   кейінгі   азаттық   шайқастары   мен   соғыстардың   бəріне   қатынасқан Қошекеңді «Олжабай батыр» (Ж.Мұса), «Сабалақ-Абылай хан» (О.Нұралыұлы) дастандары атап өтеді. Бұған дəлел ретінде Олжабай Нұралыұлының «Сабалақ-Абылай хан» поэмасынан [13].

 Ат қаратіл болғанда жігіт сайлап,

Қару-жарақ Ұлытауда жұрт даярлап.

Балқашқа Үш жүз боп қосылмаққа,

Əр жүздің адамдары уағда байлап.

Орта жүзден Бөгенбай, Жəнібегі,

Қошқарбай, Жантай менен Қазыбегі,

Толыбай, Малайсары, Баян батыр,

Төлек, Тулақ, Қабанбай — Наймен тегі... — деген жолдарын келтіруге болады.

Қылыш жүзінде ойнаған, əскер басқару ісін жетік білетін Қошқарбай Сағалайұлы бүгінде аты аталып жүрген əйгілі батырлардың көпшілігімен үзеңгілес серік болып, бірге соғысқан.

Құланқыпшақтар басқаша Дала қыпшақтары (Дешті-Қыпшақ) деген атпен де белгілі.

Сарықыпшақтар мен Қытайқыпшақтар

Қыпшақ тайпасының бір тармағы — Сарықыпшақтардың тарихи дерегі толық жиналмаған [8; 44].

Қ.Қ.Томпиев «Еуразиялық түркі шежіре аңыздары (ой, пікір, көзқарас)» атты кітабында Сарықыпшақтан мынандай аталарды таратады: Ұста, Өтеген, Нартал, Жанталас, Танғыш, Жарған [14].

Ру  тізбесінде  Қарақыпшақтар  ғана  толық  жіктеледі.  Ал  қалғандары  аса  анық көрсетілмейді.

Мысалы, Қытайқыпшақ ұрпақтарының таралымы туралы дерек жоқ.

Сарықыпшақ пен Қытайқыпшақ туралы мəлімет жоқтың қасы болса да, Қыпшақты баяғы Орхон жазбаларында «сір» (бəлкім, сары), IX ғасырда қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп те атағаны еске түсетіні бар. Бірсыпыра ғалымдар (Аристов, Грум-Гржимайло, Гумилев,  т.б.) қыпшақтар əу баста сары басты, көк көзді болуы əбден мүмкін дегенді айтады. А.Харузин башқұрт қыпшақтарының жартысына жуығы сары, жирен түсті екенін жазса, К.Шаниязов өзбек қыпшақтарының арасында да сары түстілер мол ұшырасатынын тілге тиек етеді. Ал монғол жорығының екпінінен Мажарстанға (Венгрияға) ығысқан қьшшақтардың сары шашты, көк көзді болғаны (олар əлі де солай) талайдан айтылып келеді. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулерде орта ғасырларда қыпшақтар мекендеген жерлерде монғолдық жəне еуропалық нəсілдер араласа қоныстанғаны туралы дəлел ортаға тартылады. Сондай-ақ зерттеушілер арасында «куман» (кубан) сөзін қазақ тіліндегі түске, сынға байланысты айтылатын «құба» анықтауышынан, «половцы» — «половый» (ақшыл сарғыш) сөзінен шықты дейтін тұжырымдар да бар. Демек, қыпшақтарды маңайдағы басқа халықтардың сары жұрт ретінде танығаны, соған байланысты оның «сары» деген анықтауышпен аталуы əбден мүмкін.

Осы тектес дəйектерді қозғай келгенде де Сарықыпшақ жіктелісі бізге де сол  дəуірлерден жеткен бір белгі секілді көрінер еді. Сондай-ақ шежірелерде бар Қытайқыпшақ атауы да сонау замандарда Қытаймен қоңсылас отырған қыпшақтарға берілген атау болуы ғажап емес [15; 41].

Қытайқыпшақ деп аталатын қидандар X–XII ғасырларда Қытайды билеген деген деректер кездеседі.

Қарақыпшақтар

Ең көп өсіп-өнген Қарақыпшақтар төмендегідей таратылады [9; 128] жəне [7; 82].

Қазақ құрамына енген қыпшақтар шежіре бойынша негізінен Қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасынан (Көлденең, Ұзын, Қарабалық, Торы, Бұлтың) бөлінеді. Себебі қазақ жерін мекендейтін қыпшақтар негізінен Қарақыпшақтан тарқатылады [15; 41].

Ұраны «Ойбас», таңбасы қос əліп Қарақыпшақтың бес баласының (Көлденең, Ұзын, Қарабалық, Торы, Бұлтың) анасы Алтыншаш деген кісі екен. Бұл кісінің көріпкелдік қасиеті болған. Əр баласы туған сайын əрқайсысына сын айтып отырған:

Бұлтың бітті бойыма – билік кірді ойыма,

Торы бітті бойыма – зорлық кірді ойыма,

Ұзын бітті бойыма – ерлік кірді ойыма,

Көлденең бітті бойыма – сауда кірді ойыма,

Қарабалық бітті бойыма – байлық кірді ойыма, – деген екен [16].

 Шежірелерде Ұзын, Торы, Қарабалық, Бұлтың, Көлденең руларын топтастыруда бірізділік    жоқ [17; 118].

  1. Қарақыпшақ рулар бірлестігіне кіретін ру, бес таңбалы қыпшақтың бірі — Көлденең.

Шежіре деректері бойынша, Көлденеңнен — Алатай (Алтай), Қыжық, Былғашы, Шандаяқ, Көккөз (Кеккөз), Тасқор, Арық, Науша (Сасық), Мимық (Мамық) [18; 41]. Көлденеңнің ұрпақтары кезінде Қазақстанның Ресеймен шекаралас (Омбы, Челябі, Қорған обл.) солтүстік аудандарын мекендеген. Олар отырықшылыққа ерте ауысқан. Өзен бойын қоныстанғандары аздап егін  егіп, балық аулаған; орыс көпестеріне жалданып кіре тартқан. Қырдағысы мал өсірген. Ұраны — Ойбас, таңбасы — қос əліп таңба [19].

Сонымен, Көлденең ұрпақтарының ұраны мен таңбасы бүкіл Қыпшақтың ұраны жəне таңбасымен бірдей.

  1. Бес таңбалы Қарақыпшақтың бірі — Ұзын (Ұзын Қыпшақ).

Ұзындар туралы алғашқы деректер Константин Багрянородныйдың «Мемлекет басқару хақында» деген тарихи еңбегінде кездеседі (X ғасырдың ортасы). Қазақтың шежіре дерегі бойынша, Ұзын — Алтыбас, Алтыс болып екі тармаққа бөлінеді.

Алтыбастан — Құлеке, Құлшын ұрпақтары өрбиді. К.Жалмұханбетовтың деректері бойынша, Алтыбастан — Тіней, Қармыс аталары тарайды [18; 41].

Алтыстан алты бала: Келімбет, Сағай (Сығай), Құлдербіс, Бөкей, Өзден, Самар [18; 41].

Бөкейден туған үш баланың бірі — Кедел. Одан үш бектің — Қалдыбек, Келдібек, Əлібектің ұрпақтары тарайды. Торғай қазақтарының патша үкіметіне қарсы 1916 жылғы халық көтерілісінің басшысы, азамат соғысының батыры Аманкелді Имановтың арғы аталары осы Кеделдің Əлібегінен туады. Кезінде Кедел ұрпақтары Торғай, Жыланшық өзендерінің бойын, бұрынғы Қайдауыл болысының жерін мекендеген [20].

Аманкелдінің атасы Иман атақты қолбасшы ретінде танылған кезде хан Кене: «Иман келді, аман келді», — деп қуаныш сезіммен қарсы алады екен. Баласы Үдербай əкеге жете тумаған, момын адам болыпты. Ал Иман немересі Аманкелді қан шеңгелдеп, көзін ашып туды деген аңыз бар. Иманның бəйбішесі  Қалампыр  немересін  ата  дəстүрін  ұстаған  ұл  болатынын  бірден  таныпты.  Немересіне атасының сауытын кигізіп, қылышын ұстатып, басын байлаған шөпті шаптырып, шауып келе жатып, күмісті жерден қаққызып, терең су түбіне тастаған патша бейнесі бар сомдықты алғызады екен [21].

Н.А.Аристов, 1887 жылғы деректер бойынша, Ұзындардың екі мыңға тарта жанұя болғанын жазады. Ал Ыбырай Алтынсариннің 1869 жылғы деректеріне қарағанда, Торғай уезінің тек Қарақоға, Сарықопа, Қараторғай болыстарында ғана шамамен 1600 түтін болған [17; 341].

Ұзындардың таңбасы жалпы Қыпшақ таңбасымен бірдей, ұраны — «Ойбас».

Ұзын Қыпшақтың Кедел атасынан тарихқа белгілі қолбасы, қазақ халқының азаттығы үшін күрескен даңқты батыр Тілеулі Əбдірахманұлы екені белгілі. 1720 жылдары жоңғарлар басқыншылығы бұрынғысынан күшейіп, қазақ елі мен жеріне қатер саны көбейе түседі. Сондай заманда Тілеулі батыр Аңырақай, Қалмаққырған, Қарақұмақ шайқастарына қатынасып, шеберлік əрі батырлық істерімен жеңіске жеткен, елін, жерін жаудан қорғап қалған. Тілеулі батырдың қалмақ басқыншыларын Торғай даласына жібермей, оларға қарсы жасаған шайқастары қазақ еліне біртұтастықты, халық мекендеген жердің отаршылдықтан аман болуына мүмкіндік берді.

Торғайдың кең даласын, бай өлкесін, оның қойнауындағы кенін, байлығын басқалардан қорғаған, сол мұраларды келешек ұрпаққа аман-есен жеткіземін деп жанын да, қанын да  қиған Тілеулі батыр Ор өзенінің бойында қайтыс болыпты [22].

  1. Қарақыпшақ тармағынан тарайтын ру, бес таңбалы қыпшақтың бірі — Қарабалық.

Жазушы Ақылбек Шаяхметтің деректеріне үңілсек, Қарабалықтан — Жаңатай (Жантай), Танабұқа, Шуманақ (Шоманақ), Қарсақ, Жолыншы. Танабұқадан — Абашоқы, Қожалық (Қошалақ), Қарашұнақ. Қожалықтан (Қошалақтан) — Тақсопы (Тоқсопы), Əлім. Тақсопыдан (Тоқсопыдан) — Жолжақсы. Жолжақсыдан Жантілес туады. Одан — Ораз, Қонай.

Жантілес найза мен қылыш соғатын əйгілі ұста болған. Ұста аталатын ру осы Жантілестен та- райды. Күні бүгінге дейін атадан балаға мирас болып келе жатқан оның төсі мен балғасын Қарабалық өңірін мекен қылған Құмаш деген үрім-бұтағы үйінде көздің қарашығындай сақтап отыр. Аталған рудың Жантілес аты айтылмай, ұста атанып кеткен [23].

Қарабалықтан тарайтын Жолыншыдан — Сопы, одан Қарта туады. Қартадан — Қошқар, Жиуар, Мамажар, Мəметек, Əлеке, Əлігеш. Қошқардан — Тəуке, одан — Сыма. Сымадан — Тоқмəмбет, Ақжігіт. Абылай ханнан бата алған, Ақжолтай батыр атанған Түгел батыр осы Ақжігіттің баласы. Түгелден — Ипан, Ипаннан Жабағы батыр туған. Яғни, батырдың немересі де атаға тартып батыр болған.

Ақжігіт — көркем сөздің зергері Бейімбет Майлиннің де түп атасы. Таратып айтатын болсақ, Ақжігіттен — Өтеген, Қожық, Түгел, Атан, Жобал. Атаннан — Тəукебай. Тəукебайдан — Майлы, Майлыдан — Жармағамбет, Жармағамбеттен — Бейімбет. Сөйтіп, батыр туғызған ел ақын да туғызған [23;39].

  1. Торы (Торайғыр) — қазақ ішіндегі «бес таңбалы Қыпшақ» аталатын ру-тайпалық одақтың бір бөлігінің аты.

Торы бір нұсқада Қарақыпшақтан таратылатын болса, енді біреуінде Қарамергеннен (Қарадөңнен) өрбітіледі. Бұл жағдай Торының түп төркіні тереңіректе, əріректе жатқанын аңғартады. X ғасырда өмір сүрген Византия императоры Канстантин Багрянородный еңбегінде Венгр, Печенег жəне Уз тайпалары туралы айтылады. Уз тайпасы орыс жылнамаларында жəне соларға сүйеніп жазылған П.В.Голубовский, Н.А.Аристов, С.А.Плетнева, Н.А.Баскаков, А.М.Хазанов зерттеулерінде көбінесе Торки делінеді. Н.А.Аристов осы жұртты XII ғасырда тарих бетінен өшіп кетті деп санайды. Дегенмен тіл жəне тарих деректеріне үңілсек, X–XI ғасырдағы Торық тайпасы мен қазіргі Қыпшақтың Торы руы бір ел екеніне, тек этноним тұлғасының аздап қана өзгергеніне көз жеткізуге болады. Бұл өзгеріс — оғыз, қыпшақ тілдеріне тəн құбылыс.

А.М.Хазанов Торықтардың бір бөлігі XI ғасырда Қыпшақтарға бағынғанын жəне бара-бара оларға сіңісіп кеткенін жазады. IX–XI ғасырларда Оғыз бірлестігіне кірген Торықтар көне заманда Қай тайпасымен де одақ болған түрі бар. Мұны қазіргі Торғай өзенінің атынан да көруге болады. Торық + Қай ® Торыққай ® Торықай ® Торығай ® Торғай [17; 118].

Т.Үсенбаевтың деректері бойынша, Торыдан — Əлпейіс, Құлпейіс. Əлпейістен — Қитаба, Түйішке. Қитабадан — Еділ, Шоғыл, Бессары, Қара, Қайыпберді, Қосай, Сарытұмақ,  Ақпан, Сарыкөт. Түйішкеден — Ыстыбай, Жетім, Дəулетбике, Мырзабек, Көрпе, Қойбақ, Баянтаңат, Назарымбет, Женет. Құлпейістен — Көкмұрын, Шашты. Көкмұрыннан — Қарамойын, Лақа. Шаштыдан — Шағыр, Шегір, Малай, Байсары, Құтым, Бошай, Айдарқозы [9;129].

 

Кезінде:

Бұғылы мен Тағылы бүркіт салған

Ұйпалақтап қып-қызыл түлкіні алған.

Ақтау, Ортау, Сарысу, Көктің көлі

Көзімнен бір-бір ұшты-ау дүние жалған.

Баласы Құтпанбайдың Иманжүсіп

Естекке мен не қылдым соңға түсіп.

Құдайым Райымханды берсе қолға

Алар ем ойланбастан басын кесіп.

 Көлденең күн батыстан аққан Нұра,

Көп еді оған құйған өзен, жыра.

Көдең мен Сарыарқаның бетегесі

Бірің нəр, бірің қорек, бірің шипа, —

деп əн шырқаған [24] атақты ақын Иманжүсіп Құтпанұлының руы Торы (оның ішінде Шашты бұтағына жататын Құтымнан).

Есте қаларлық оқиға, үш ата ұрпақ (Тұрғанбай, Құтпан (Баймырза), Иманжүсіп) казақ халқының тəуелсіздігі мен бостандығы үшін бастарын өлімге тігіп күрескен тарихи тұлғалар. Мұндай құбылыс тарихта көп кездесе бермейтіні ақиқат.

Тұрғанбай датқа (Иманжүсіптің атасы) Қоқан хандығымен күресіп мерт болса, Құтпан (Баймырза) Кенесары жасағында (1837–1847 жж.) соғысып, көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін, Кереку маңында өмірінің соңына дейін қуғында болып өмір сүрген. Ал Иманжүсіп патша үкіметіне, қызыл белсенділерге қарсы күресіп, соның жолында каза тапқан [25].

Ертеде Торы жұрты Торғай, Қабырға, Жыланшық, Сырдария өзендерінің бойын мекендеген.

«Əліп таңба Қыпшақтың атағы озған Алаштан» («Қобыланды батыр» жырынан) жəне    «Ойбайласам — Құдай жоқ, Ойбастасам — Қыпшақ жоқ» деген нақылдардан бұлардың таңбасы — «Əліп»,   ұраны «Ойбас» екені байқалады.

  1. М.Тынышбайұлы кестесінде Бұлтың — Орыс (Өріс), Бегіс болып екіге бөлінеді. Орыстан (Өрістен) — Төбет, Құлатай, Сандық, Мадияр. Бегістен — Жолаба (Жоламан), одан — Есенкелді, Əбілқасым аталары өрбиді [7; 31].

Қарақыпшақ рулары бірсыпыра түрік халықтарының (қарақалпақ, қырғыз, өзбек түрік, азербайжан, татар, башқұрт, түрік, ноғай, қарашай, қарайым, балқар, т.б.) өз алдына ұлт болып қалыптасу тарихында елеулі рөл атқарған.

Қарақыпшақ Қобыланды батыр тарихи қайраткер ретінде

Қарақыпшақ тайпасының бір руы — Күрлеуіт Қыпшақ. Ол бес атаға бөлінеді: Құдайберді, Құдайқұл, Жəдік, Сарыкерей, Қаракерей. Ертеде Күрлеуіт қыпшақтар бес болыс ел болып, Ертіс өзенінің сол жағалауынан Омбы қаласына дейінгі аймақты мекендеген. Атақты Қобыланды батыр Күрлеуіт қыпшақтың Жəдік атасынан шыққан [19; 174].

Қарақыпшақ Қобылынды көшпелі өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Əбілқайыр ханның бас батыры болған. Қазақ шежіресінде Қобыландыны Қарақыпшақтан тарайтын Тоқтарбайдан таратады.

Қобыланды батыр ру аралық соғыстардың бірінде Арғын тайпасының билеушісі Қотан бидің (Қодан тайшының) ұлы Дайырқожа батырды (Ақжол) өлтірген. Дайырқожа Əбілқайырдың əділ қазысы болған. Қазақ ауыз əдебиетінде осы оқиға жөнінде Қотан бидің «Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген жоқтауы сақталып қалған.

Қазақ халқы арасында Қобыландының қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын «Қобыланды батыр» эпосы [26] кең тараған.

Қазақ халқының қаhармандық жырының 29 нұсқасы белгілі. Оның жиырма алтысында Қобыланды батырдың ерлік істері жырланса, үшеуі ұрпақтарының іс-əрекеттеріне баяндауға арналған. Марабай, Мергенбай, Біржан, Айса, Нұрпейіс, Шапай, Мұрын, Досжан, Құлзақ, Көшелек, Нұртуған секілді жырау-жыршылар «Қобыланды батыр» жырын түрлі көркемдік деңгейде жырлағанымен, олардың бір-бірімен ұқсас, бəрінде дерлік «Қарақыпшақ Қобыланды деген тіркес сақталған.

«Қобыланды батыр» жырының қағазға түсуі XIX ғасырдан басталады. Марабай нұсқасын алғаш жазып алған Ы.Алтынсарин оның «Тайбурылдың шабысы» деген тармағын «Қырғыз хрестоматиясына» (1879) енгізді. Жыр мəтіндерін əр жылдары В.Радлов, Г.Потанин, Ə.Диваев, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, т.б. жариялады [27].

Қарақыпшақ Қобланды мен оның қарындасы Қарлығаштың зираты — Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Жиренқопа-Ешкіқырған тау деп аталатын жерде.

Мұстафа Шоқай — Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі

Қазақ зиялылары сонау ерте заманнан атадан балаға мұраға қалған өз жерінде отырып, тұрмыс тауқыметін тартқан халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат тұтты. «Алаш» партиясын ұйымдастырып, «Алашорда» үкіметін құру, ұлттық «Алаш автономиясын» жариялау үшін қажырлы еңбек сіңірді. Міне, тарихи заманда саяси күрестің қатерлі жолын таңдаған қазақтың біртуар азаматтарының алғы шебінде Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Ақпаев, Ə.Ермеков, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай сынды зиялылар тұрды [28].

Тек қазақ тарихында ғана емес, бүкіл түрік əлемінде ерекше орын алатын, дара да ерекше тұратын тұлға — Мұстафа Шоқай (1890–1941). Оның тегі — Орта жүздің Қыпшақ  əулетінен: Қыпшақ — Қарақыпшақ — Торы. Торыдан төрт ұл тарайды: Көкмұрын, Шашты, Қитаби, Түйішке. Мұстафаның жетінші атасы Шаштыдан жеті бала туған: Шағыр, Шегір, Бошай, Малай, Құтым, Байсарлы, Айдарғазы [29].

Бошайдан -— Арыс, Шыбық. Арыстан — Қолдау, одан — Жанай. Жанайдан — Темір, одан — Қуат (Қуатбай). Қуаттан (Қуатбайдан) — Торғай. Ақсақалдардың айтуына қарағанда, Торғай жүз шамалы үйге билік құрып, датқа (датқа деген — Қоқан хандығындағы полковник, генерал дəрежесіндегі əскери атақ) болған.

Торғай датқа кейінгі ұрпағына өз халқының мол мұрасын қалдырды десе болғандай. Торғай би ру, аталықтардың ұрандары мен таңбалары, олжа, ноқта ағасы, той басталуы, сыйлы қонақтарға берілетін сый- сыбаға, шариғат, əдет, жеті атадан кейін үйлену шарты, балалардың өгей шешесіне үйленбеуі, оқытушысына үйленбеуі, еншілес бала, достар сыйластығы, дос-тамырлық қасиеттері, балаларына енші берудің жолдары, қалыңмал төлеудің нормалары, жын-шайтан хақында, жылу жинау жайлы, енші басы, қалыңдық айттырып, қыз ұзату сияқты қағидаларын айқын айтқан. Торғайдан — Шоқай, Қалымбет, Əліш, Оспан өсіп-өнген. Мұстафа — Шоқай бидің ортаншы баласы [30].

Мұстафа сауатын ауылда ашады да, Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде оқиды. Ол орта дəрежелі білімді таза орыс тілінде Ташкент қаласындағы гимназияда, 1-ші дəрежелі марапатты дипломмен тəмамдап, Петербор университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1917 жылы бітіреді.

1917 жылы Түркістанның саяси орталығына Ташкентке келіп, Түркістан  мұсылмандарының ұлттық орталығына басшылық етіп, қазақ тілінде шығатын «Бірлік туы»  газетін  ұйымдастырып, түркі жəне мұсылман халықтарының тұтастығы жолындағы күресті басқарды. Қоқан қаласында өз жұмысын бастаған 4-ші Түркістан мұсылмандарының құрылтайы Қоқан автономиясын жариялап, оның уақытша үкіметін сайлайды. Мұстафа алғашында сол Үкіметтің Сыртқы істер министрі, одан соң Бас министрі міндетін атқарады. Аз уақыт ішінде 12 министрлік құрылады. Екі ай ішінде 2 мың адамнан тұратын армия жасақталып, оған əскери киім де тігіледі. Судьялар тағайындалады. Франциядан, Стамбұлдан ақша түсе бастайды. 1918 жылы қаңтар айында Кеңес өкіметі əскерлері Қоқанға басып кіріп, Түркістан автономиясын күшпен таратады. Содан ол Алаш Орда үкіметінің құрамына кіреді. Азамат соғысы жылдарында кеңестік билікке қарсы күрескен Мұстафа 1919 жылы Маңғыстау арқылы Тбилисиге өтіп, «Вольный горец», «Борьба» деген газеттерде істеп, «На рубеже» деген журналдың редакторы болады. Онда ол Кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсене атсалысты. 1920 жылы Қызыл Армия Грузияға кіргенде Мұстафа Түркияға қоныс аударуға мəжбүр болады, одан əрі Берлин асып, кейін Парижге келіп орнығады [31].

Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды саяси күрес жүргізді. А.Ф.Керенскийдің «Дни» жəне П.Н.Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етті. 1927 жылдан Зəки Уəлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналы жұмысына атсалысты. «Туркестан милли бирлиги» ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ə.Топчибашев жəне Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа  жеткізуде  күш  біріктіре  əрекет  етуге  үндеді.  1929  жылдан  «Яш  Туркестан» журналын шығаруды қолға алды. Ол «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мəдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты жəне Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, тағы басқа тақырыптағы қоғамдық-саяси мəні өткір зерттеу мақалаларын жариялады [32].

Мұстафаның зайыбы Мария Шоқай «Менің Мұстафам» атты естелігінде оның өзінің қажырлы еңбегімен   жаңа   интеллектуалдық   көкжиекке   көтерілген   қайраткер   екенін   былай    суреттейді:

«...Өмірінің соңғы сəттерінде, 40-шы жылдары, соғыс кезінде ол үнемі Түркістанның большевиктерден құтылуын армандайтын. «Алла елімнің тəуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нəсіп етсе, мен тек саяси үгіт ісімен айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы жəне басқа өлке халықтары туралы кітаптар жазумен шұғылданар едім. Адамдар бір-бірімен араласуы керек. Халықтар өзара білім алмасып, бірін-бірі терең танып жəне түсініп, жарасымды қатынас дəрежесіне көтерілсе, сонда ғана халықтар федерациясын құруға жол ашылмақ. Мұндай мақсатқа жету үшін мемлекеттік масштабтағы қызмет қажет болады. Соғыстан бас тарту керек, соғысты болдырмау керек. Жер бетінде барлық адамға орын жетеді»,— деп қиялдайтын.

Саяси интрига мен адамдардың жағымпаздығына жиіркеніш сезіммен қарайтын. Ешбір ұлтқа дұшпандығы болмайтын. Мақалаларының бірінде «рязань мұжықтары» деген ұғымды қолданып, орыс ұлтына антипатиялық көзқарасын білдіргенін айтқанымда, ол маған: «Мен халыққа қарсы емес, халықты басқарып отырған басшыларға қарсы сөзбен күресудемін. Бұның екі арасын ажырата білу керек, кейде саяси демагогия да қажет. Егер мен күннен күнге сепаратист болып бара жатсам, оған да кінəлі орыстардың өздері. Түркістан тек қана қағаз жүзінде Федеративті республика. Қоғамдық ойда, не эконо- микада жаңалық бола қалса, Москва тарапынан тез арада қарсылыққа ұшырайды. Менің саясатым, бұрын да айтқанымдай, алыс болашаққа бағытталған. Мен бүгінгі күннің ғана жетістігінің соңына түспеймін. Өзіміздің əлсіз екенімізді де білемін. Менің қаруым сөз ғана. Географиялық жағдайымыз да көршілерімізбен бейбіт қатынастар жасауға мəжбүр етіп отыр»,— деген болатын [33].

Бар ғымырын болашаққа арнаған Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда Германияның Берлин қаласындағы «Виктория» ауруханасында дүниеден өтті.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Сарай Ə. Қыпшақтар // Алтын тамыр. — 2010. — № 2. — 117–138-б.
  2. Əбілғазы. Түрік шежіресі. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 19-б.
  3. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории Средневекового Казахстана. — Алматы: Ғылым, 1995. — С.
  4. Қасымбекова М. Қыпшақ хандығының этносаяси құрылымы // Қазақ тарихы. — 2006. — № 6. — 10–12-б.
  5. Өміртаев А. Қыпшақ мемлекеті // Қазақ тарихы. — 2012. — № 4. — 55, 56-б. 6 Көмеков Б. Қыпшақтар // Жалын. — 2004. — № 10. — 35–45-б.
  6. Қазақ руларының шежіресі: Үш тараудан құрылған жин. — Целиноград: «Қаламгер» шығармашылық алқасы, — 92 б.
  7. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 10-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энцикл.» Бас ред., 1977. — 648 б.
  8. Үсенбаев Т. Қазақ шежіресі. — 2-т. Орта Жүз — Жан Арыс. — Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС, 2007. — 376 б.
  9. Тілеке Ж. Шежіре: Ертіс-Баянаула өңірі. — 1-кіт. — Павлодар: Дауа; Қазақстан, 1995. — 325-б.
  10. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 7-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энцикл.» Бас ред., — 648 б.
  11. Жүніс Қ.Қ. Қошқарбай батыр // Орталық Қазақстан. — 1999. — 24 наур. — 6-б.
  12. Нұралыұлы О. Шығармалары. — Алматы: Шартарап, 1995. — 198-б.
  13. Томпиев Қ.Қ. Еуразиялық түркі шежіре аңыздары (ой, пікір, көзқарас). — Алматы: «Полиграфсервис» ЖШС, — 128-б.
  14. Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. — Алматы: «Ана тілі» апталығы; Атамұра, 1994. — 160 б.
  15. Шаяхмет А. Қалың Қыпшақ елінде, Қарабалық жерінде // Азия — Транзит. — 2003. — № 12(45). — 10–12-б.
  16. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 11-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энцикл.» Бас ред., 1977. — 632 б.
  17. Жалмұханбетов К. Ғасырлар белесі. — Астана: «Ақарман — медиа» ЖШС, 2010. — 278 б.
  18. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 6-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энцикл.» Бас ред., — 24-б.
  19. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 5-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энцикл.» Бас ред., — 342-б.
  20. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. — Алматы: Қазақстан, 1994. — 184-б.
  21. 22  Досжанов Х. Тілеулі батыр // Қазақ. — 2012. — № 12, 13 (578, 579). — 23–30 наур.— 8-б.
  22. Шаяхмет А. Қалың Қыпшақ елінде, Қарабалық жерінде // Азия — Транзит. — 2004. — № 2(47). — 39–41-б.
  23. Ақышев З. Иманжүсіп. — Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2003. — 366-б.
  24. Ысмайылұлы М. Иманжүсіп // Қазақ. — 2012. — № 36(602). — 7 қырк.— 8-б.
  25. Қобыланды батыр / Ақсауыт. Батырлар жыры: Екі т. — 10-т. — Алматы: Жазушы, 1977. — 13–16-б.
  26. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. — 5-т. / Бас ред. Б.Аяған. — Алматы: «Қазақ энцикл.» Бас ред., 2003. — 645-б.
  27. Əбдіғалиев Б.Б., Жамалов Қ.Ж., Сатершинов Б.М. Саяси ой тарихы. — Алматы: Үш қиял, 2003. — 217-б.
  28. Сатаев А. Дозақты жеңген қазақ // Қазақ əдебиеті. — 2007. — № 21 (3025). — 25 мамыр. — 14-б.
  29. Каренов Р.С. Мұстафа Шоқай Қазақстан тəуелсіздігінің символдық тұлғасы ретінде // Қарағанды ун-нің хабаршысы. Тарих, философия сер. — 2012. — № 1(65). — 45–54-б.
  30. Қуандық Е.С. Қазақстан тарихы. (Кеңес дəуірі жəне тəуелсіз Қазақстан): Оқулық. — Алматы: «Дəуір» ЖШС РПБК. — 2012. — 22,23-б.
  31. Қазақстан тарихы: Энициклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. — 587-б.
  32. Шоқай Мария. Менің Мұстафам / М.Шоқай. Таңдамалы. — 2-т. — Алматы: Қайнар, 1999. — 406, 407-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.