Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада Орта жүзге кіретін Уақ тайпасының шежіресіне ерекше көңіл бөлінген. Жазу-сызуымыздың көп уақыт кенже қалып келу салдарынан Уақ тайпасына жататын рулардың шежіресі  ұрпақтан ұрпаққа негізінен ауызша жетіп отырғаны туралы айтылған. Уақ тайпасының атақты батырлары жөнінде құнды мəліметтер берілген. Осы тайпаның жеке аталарын тарату Қазақ энциклопедиясының əр томынан алынған деректермен дəйектеліп отырғаны көрсетілген.
2014

Мақалада «саяси қатысу» түсінігі ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Автор саяси үдерістерге азаматтардың қатысуы жаңа тұғырнамалардың көмегімен бағаланатынын ескертеді. Саяси қатысу саяси зерттеу объектісі бола отырып, демократиялану барысындағы көптеген əлеуметтік-саяси өзгерістерге жауап беруге көмектеседі.
2014

Мақалада қазақ халқының сана болмысы жəне оның тарихи негіздері анықталған. Халықтың төл санасы, тілі, ойлау жүйесі, ділі (менталитеті), салт-дəстүрі, мəдениеті жиылып келіп, халықтың сана болмысын құрайтыны белгілі. Авторлар қазақ халқының сана болмысын анықтауда қазақтың ұлттық тілінің ерекшелігіне, тəлім-тəрбиелік даналығына, ұлттық рухы көрініс табатын сөз өнеріне жүгінеді.
2014

Мақала əлемдік ғылым, білім мен мəдениет тарихында өзіндік үлкен орны бар, қазақ  тарихының атасы атанған ұлы ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған. Автор ғұлама ғалымның мұрасын жан-жақты зерделеуге талпынған. Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі ақындық қуатпен, жазушылық шеберлікпен, көркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды деген қорытынды жасалған. Кемеңгер ойшылдың «Жаһаннаме» атты поэтикалық шығармасына назар аударылған.
2014

Мақалада ескіден келе жатқан жер-су атаулары — халық жадының, ұлттық, тарихи сананың жарқын көрінісі, Орталық Қазақстанның ауқымды өңірлерінің бірі болып келетін «түркі əлемінің бесігі» — Ұлытау өңірінің топонимикасы зерттеліп, топонимикалық жүйесіне талдау жасалды. Қазіргі кезде еліміздің ономастикалық сұраныстардан туындаған, тарихи топонимика зерттеулері қарастырылды.
2014

Мақалада тарих ғылымында біршама жаңа бағыт саналатын күнделіктілік тарихы жөнінде айтылған. Күнделіктілік тарихының, яғни Батыстың гуманитарлық жүйесінде тарихи-антропологиялық жаңа бағыттың, пайда болуы қарастырылған. Зерттеудің басты мəселесі болып «күнделіктілік тарихының» жəне оның қайнар көзінің пайда болуы, «күнделіктілік» ұғымының құрылымы мен мазмұны, күнделіктілік тарихының пəні, күнделіктілік тарихын зерттеудің əдістері саналады. Сондай-ақ жұмыста осы бағыттың негізін салғандардың теориялық өңдеулері мен күнделіктілік тарихының негізін қалаушы мектептер жұмысы талданды. ХХ ғасырдағы Батыс оқымыстыларының күнделіктілік бойынша жұмыстарындағы тарихнамалық мəселелер мен негізгі теориялық-концептуалдық заңдылықтар зерттелген.
2014

Мақалада ірі тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі суреттелген. Қазақтардың 1837–1847 жылдары Ресей патшалығына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған күрес туралы шындықты айтуға ұмтылыс жасағаны үшін қудаланған отан сүйгіш, ұлтжандылар қатарынан құрметті орын алатын Бекмаханов туралы айрықша айтылған. Отанымыздың ұлтжанды  азаматы Бекмахановтың өзінің айбынды рухымен тəуелсіз Қазақстанға қазірге дейін қызмет атқарып отырғаны көрсетілген. Шынайы тарихты Ермұхан Бекмаханов секілді ғылымға шын берілген ғалымдар жасайтындығы туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада патша əскерлерінің жаппай шабуыл жасауынан Қазақстанның тəуелсіздігіне кауіп төнген шақта тарихи сахнаға шыққан Кенесары ханның бой көтеруінің маңыздылығы суреттелген. Ресейге қарсы қалжырататын қарулы күреске шығудың шындығын түсінген саясаткер ретіндегі Кенесары ханға сипаттама берілген. Кенесарының қазақтың үш жүзі руларының едəуір бөлігін өз туы астына біріктіре алғандығы көрсетілген. Кенесары ханның өз заманындағы ұлы қайраткерлер қатарынан орын алатындығы айтылған. Оның тұлғасына патша үкіметінің отарлаушы империясының жақтаушыларының өздері де таң қалатындығы айтылған.
2015

Мақалада құлажорға тұрпатындағы ескерткіштерді зерттеудің негізгі қорытындылары қарастырылған. Археологиялық материалдардың негізінде ескерткіштердің хронологиялық шектері, жерлеу орындарының сəулеті жəне дүниетанымдық жүйенің ерекшеліктері көрсетілген. Құлажорға кезеңі ескерткіштерін зерттеушілердің негізгі тұжырымдары талданды. Заттай материалдардың мысалында құлажорғалықтардың ғұрыптық-еске алу салты жəне олардың сол дəуірдегі басқа қауымдастықтармен мəдени байланысы қарастырылған.
2015

Мақалада еліміздің дамыған елдердің санатында болуы үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі қарастырылды. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру реформасы — Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық жəне қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», — деп ерекше атап көрсетті. Мемлекеттік қоғамдық сипатта білім жүйесін басқару — өзінің кəсіби жеке қызметіне енді аяқ басқан тұлға, қағидалар, педагогиканы басқару жүйесінің маңызы туралы толық ақпаратты білу өте маңызды. Бұл, ең алдымен, мектептің жұмыс серпініне енуге, оның жүйелендірілуінің негізгі тетігін, басшылықпен, мұғалім əріптестермен, оқушы, ата-аналармен жоғарғы деңгейдегі қарым-қатынас ұстауға көмектеседі.
2015

Мақалада оқырман қауым көптеген афоризмдер кездестіретін ұлы Абайдың философиялық-сындарлы жəне моральдік тұрғыдағы «Қара сөздеріне» басты көңіл аударылған. Бұл данышпан жəне ұғымды афоризм сөздердің қазақ əдебиетіне көптен бері енгені көрсетілген. Ойшыл ғалымның философиялық- моральдік, қоғамдық-публицистикалық жəне əжуа-сатиралық сөздерін оның «Қара сөздеріне» жатқызуға болатын жанрды ойлап табу қиын екендігі айтылған. Оқырман қауымның көзқарасын алдын ала біле отырып, олардың күнделікті қолданатын тілімен оларға түсінікті етіп, өзінің көптеген өткір жəне терең ойларын проза түрінде жеткізе білгендігі туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада адамды тануда діни антропологияның ерекшелігіне назар аударылып, ол басқа да ілімдермен салыстырылды. Автор адамға деген діни көзқарастардың алуан түрлілігі мен оның өмір сүруінің өзінің көп қырлы екендігін көрсетті. Теологтардың антропологияға деген қызығушылықтары мен діни жəне философиялық антропологияның ара қатынасы туралы пікірталастар келтірілді. Адам туғанда мəнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана мəнділікке ие болуы мүмкін деген ойшылдардың ойларымен автор келісетіндігін білдіреді. Адам үшін дүниеде тек тірі ағза болып тіршілік ету, организмдік мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз екендігі туралы айтқан дана Абайдың адам туралы айтқан ойларын автор ортаға салады.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.