Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ халқының тəуелсіздігі үшін аянбай күрескен Алаш қайраткері Сейітбаттал Мұстафиннің өмірі мен шығармашылық қызметі

Кіріспе

«Абай» журналын шығарушылардың бірі, «Алаш» партиясының мүшесі, жазушы əрі ұстаз, 1937 жылы опат болған Сейітбаттал Мұстафин бұрынғы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты үшінші ауылда 1892 жылы өмірге келген. Ол өз кезеңінің алдыңғы қатарлы ойы озық, білімі кемел дария азаматы еді.

Ауылда мұсылманша хат таныған соң, 1908–1913 жылдары Стамбул қаласындағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқыған. 1913 жылы семинарияны тəмамдап, Семей қаласына келген. Қазақ елінің іргелі де өркениетті мемлекет болуы оқу мен білімге тəуелді екендігін ерте сезінген ол мектепте сабақ беруге ден қойған. Сондай-ақ «Алаш» партиясы ұйымдастырған курстар жұмысын жандандыруға жан сала кірісіп, қазақ тілі мен физика пəндерінен дəріс оқыған.

Жазушы Т.Қажыбайдың «Алаштың аяулы азаматы» атты мақаласында мынандай қызықты дерек келтірілген: «Біздің қолымызда сол жылдардағы, дəлірек айтсақ, 1918 жылдың 31-қазан айындағы бір маңызды құжат бар. Ол «Представление Областного киргизского (казахского) учительского бюро в Областную земскую управу Постановления о программе курсов, открываемых в г. Алаш, и назначе- нии преподавателем курсов Каныша Сатбаева» деп аталады.

Осы құжатта Қанышпен бірге Маннан Тұрғынбаев, Сейітбаттал Мұстафиндер де курсқа сабақ беруге бекітілгендігі айтылған. Мəселен, М.Тұрғынбаев уақытша курс жетекшісі əрі арифметика, ги- гиена, ислам тарихы, діни оқу пəндерінен сабақ беруге белгіленсе, Сейітбаттал Мұстафин қырғыз (қазақ) тарихы, физика пəндерінен, ал Қаныш Сəтбаев география, жалпы тарих, зоология, анатомия пəндері бойынша сабақ беруге бекітілген.

Ал 1918 жылдың 1-қараша күнгі құжатта 2 жылдық педагогикалық курсқа Қаныш Сəтбаев пен Сейітбаттал Мұстафиннің мұғалім болып бекітілгендігі жөнінен хабардар боламыз.

Осынау аса құнды құжаттарда халқымыздың болашақ ұлы ғалымы Қаныш Сəтбаевпен бірге Сейітбаттал Мұстафиннің де халыққа білім беруден басталған жарқын еңбек жолының іздері сайрап жатыр» [1; 88].

1918 жылы 31-қазан күні қол қойылған құжаттан келесідей қорытынды жасауға болады: өз кезеңінің озық ойлы, білімді азаматы болған С.Мұстафин Қазақстанның өркениетті іргелі елге айналуы үшін ең алдымен оқу-білім қажет екендігін терең түсінген.

С.Мұстафиннің қоғамдық-əлеуметтік жұмыстарға белсене қатысуы

Семейде С.Мұстафин Мұхтар Əуезов, Жүсіпбек Аймауытовпен бірге «Абай» журналын шығарысқан. Сонымен қатар автор ретінде белсене араласып, нөмір құрғатпай танымдық, тəрбиелік бағытта мақалалар жариялап тұрған.

Сондай-ақ ол өз кезінде шығып тұрған «Айқап» журналы, «Алаш» газетінің де жұмысына жиі араласып, қалам тартып отырған. Оған осы басылымдарда жарық көрген «Стамбулға саяхат», «Көшу турасында», «Бұрынғыны айтпай соңғы еске түспейді», «Қалың малдан пайда бола ма?» деген сан алуан тақырыптағы мақалаларын мысалға алуға болар еді.

С.Мұстафиннің тағы бір еңбегі — қазақтың ауыз əдебиетінің үлгілерін, əсіресе Төле би, Қали би, Орынбай, Өскен, Шортанбай сияқты ірі шайырлардың өлең-жырларын, өсиет сөздерін, қолжазбаларын жинастыруы. Өкініші сол — «халық жауы» деп қамауға алынғанда, осынау асыл мұралар жоғалып кеткен.

Сейітбаттал түріктің «Көксанжақ» атты романын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Ғылым академиясының қолжазбалар жəне сирек кітаптар қорында оның Қазан шаһарында басылып  шыққан «Зуфнун» атты романы табылып отыр [1; 90].

Сейітбаттал «Шернияз» деген повесть жазған. Жазушының бұл еңбегі халық ақыны Шернияз Жарылғасұлына арналған. Ол 1836–1837 жылдары Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас  алтын  сапты,  қылышым-ай»,  «Исатай  ел  еркесі,  ел  серкесі»,  «Ай,  Қазы  би,  Қазы    би...», «Тостағанды қолға алып», «Ай, жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Көл қылып, құдайым, талай судай ағын», т.б. өлеңдері бар [2]. Мұстафиннің бұл шығармасы 1925 жылы Мəскеуде басылып шыққан. Семей қаласының мұрағатында С.Мұстафин «Қазақ мұғалімдері одағының төрағасы» болған деген құжат сақталып қалған [3].

Сейітбаттал 1922–1925 жылдары Көкшетау қаласында халыққа білім беру бөлімінде қызмет атқарды. 1925–1930 жылдары Қызылжар қаласындағы педагогикалық техникумда ұстаздық етті. Осы тұста ол Сəбит Мұқанов, Жақан Сыздықов, Серкебай Бекмұхамедов (əнші Ермек  Серкебаевтың əкесі), т.б. кісілермен араласты.

Əдебиетіміздің көрнекті өкілдері санатындағы ғалым Есмағамбет Ысмаилов, драматург Шахмет Құсайыновтар Сейітбаттал Мұстафин сияқты табиғатымен туа біткен ірі ұстаз, тамаша əдебиетшіден дəріс алады. Оның туған халқына адал қызмет етуге ұмтылып тұрар жарқын тұлғасынан, іс- əрекетінен өнеге емеді.

С.Мұстафиннің «Архимедтің өнері» деген танымдық мақаласы туралы

С.Мұстафин «Абай» журналын жай ғана шығарушылардың бірі емес, белсенді авторы да болған. Мəселен, 1918 жылғы журналдың № 7 санында жарық көрген Сейітбатталдың «Архимедтің өнері» деген танымдық мақаласында [4] ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми жаңалықтары терең талданып жазылған: «Бұрынғы заманда Архимед деген ғалым болған. Ғалым терең ой, кең ақылының арқасында көп жаңа ғылымдар тапқан. Будың қуатын жұрттың бəрінен бұрын табушы Архимед...

Архимедтің ғылымға ынта салуы сонша, бір нəрсені істеп ойлаған кезде тамақ жеуді ұмытып кетеді екен. Соғыс болып Архимед тұрған қаланы жаудың əскері келіп ала бастағанға шейін білмеген. Жау ғаскері шаһарды талап жүріп Архимедтің үйіне келіп кірсе, Архимед көп сызық сызып бір мəселені таппақшы болып жатыр екен. Кенеттен жаудың ғаскері келіп кірген уақытта «сызықтарымды бұзба» деп айғай салады; жанын аман сақтаумен ісі де болмайды. Көзсіз надан ғаскер Архимед екенін неғылсын, өлтірген де тастаған».

Жазушының осы шығармасында патша берген алтыннан ұрлап алып қалған зергердің қулығын ашудағы  Архимед  даналығын  сөз  етер  тұсы  əрі  қызғылықты,  əрі  танымдық  жағынан       құнды:

«Архимед заманында бір патша өзінің алтын, күмісін істейтін ұстасына пұт (табынатын) жасатпақшы болып, он тоғыз қадақ алтын берген. Патшаның қызметінде болған адамдар əр уақыт ұрлық қылатынын патша сезеді екен. Пұт істеліп болған соң, берілген алтын түгел істелді ме екен деп патша шүбəланып білгісі келеді. Атақты ғалым Архимедті шақырып алып, пұттың ішінде таза алтын қанша, қоспа нəрсе қанша екенін айыруға бұйырды.

Архимед жатса да, тұрса да ойлайды, таба алмай жүреді. Бір күні моншада отырғанда бұл жұмбақты ойлап табады да, қуанғаннан киімін киюді ұмытып тырдай жалаңаш: «Таптым, таптым!» — деп көшеге шығып кеткен. Моншада отырып табуға себеп болған нəрсе мынау: шомылатын астауға түскен соң, су асып астаудан төгілген. «Су мен түспей түрғанда неге төгілмеді; мен ішіне түскен соң не үшін төгілді?» деп ойлады. Ойлап, ойлап һəрбір ауырлығы бар нəрсені суға салса судың орнын алып қойып, су төгілетіні сол екен. Онан соң ауырлығы бірдей нəрсенің үлкендігі бірдей бола бермейді һəм қарсы: үлкендігі бірдей нəрсенің ауырлығы бірдей болмайды. Мысалы: бір мысқал қорғасын мен бір мысқал мұздың үлкендігі бірдей емес. Сумен толып тұрған стаканға бір мысқал қорғасын салсаң, су аз төгіледі, бір мысқал мұзды стаканға салсаң, су көп төгіледі. Алтын мен қоспаның ауырлығы он тоғыз қадақ еді. Архимед 19 қадақ нағыз таза алтын алып толған сауытқа салды. Асып төгілген суды 8 рет өлшеді. Бұдан соң пұттың өзін толған сауытқа салып асып төгілген суды өлшеп еді. Таза алтын салғанда төгілген судан пұтты салғандағы төгілген су көп шықты. Бұдан байқады, пұт нағыз таза алтыннан істелмеген екен. Ұста патшаның алтынын ұрлап қалған, бірақ бұны табады деп ойына келтірмеген».

Сейітбаттал Архимедтің «Табан тірейтін ноқта бер, жерді көтерейін» деген айтулы пікірін алға тартып отырып, ғалым ашқан ғылыми жаңалықтарды түсіндіреді əрі өзі де шəкірттерге физикалық заңдылықтардың кейбір тұстарын мысалға алады.

«Бір стаканға сынап, су, керосин үшеуін құйсаңыз, астында сынап, ортада су, үстінде керосин. Ең ауыры сынап, ең жеңілі керосин» деп əр заттың физикалық қасиеттерін салыстырмалы түрде тəптіштей талдап берген. Екінші бір мысалында «Үш сауыт алсаң, біріне ертіп тұзды су құйылса, екіншісіне нағыз таза су құйылса, үшінші сауыттың дəл ортасына шейін тұзды су құйылып, қалған жартысына тұзды суға араластырмай ақырын үш сауытқа үш жұмыртқа салынса, қай сауыттағы суға жұмыртқа батар еді, қай сауытта қалқып батпай тұрар еді деп білесіздер?» деп сауал қойып алады да, өзі түсіндіріп береді жəне оның себептерін физикалық заңдылыққа сүйене отырып, талдайды. Түсіндірмесі ұғынықты, кез келген шəкірт зердесіне қонар қарапайым тілмен жеткізеді.

Сонымен, С.Мұстафин осы құнды еңбегінде қазақ жастарын оқу мен білімге шақырады. Ол өмірдің тетігі білімде деп үндейді.

Сейітбатталдың «Қалай көндіру керек?» деген педагогикалық мақаласының маңызы

Мағжан Жұмабаев — қазақтың кемеңгер ұлт ақыны. Ұлтының бақыты үшін өз бақытын кұрбандыққа шалғандардың бірі. Қынаптағы семсердей, халқының игілігіне не істеуге жұмсаса да даяр болған. Мен ақынмын, көкте жүзуім керек демей, қазақты оятуға сөзбен ғана емес, іспен кіріскен. Ол, бір жағы, ұстаздары, бір жағы, əріптестері Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов біреуі тіл маманына айналып кетсе, біреуі бір қолымен роман, бір қолымен есеп оқулығын жазса, Мағжан ұстаздық етумен шұғылданған, оның үстіне оқу-əдістемелік кұралдарын жазған. Қазақстанда сауатсыздықты жою үшін Мағжан жазған «Педагогика» («Баланы тəрбие қылу құралы») атты əрі оқулық, əрі методикалық сипатты кітабы ақынның көзі тірісінде екі мəрте жарық көрген [5].

С.Мұстафин кезінде М.Жұмабаевпен етене жақын танысып, рухтас, ниетпес күн кешкен. Кемеңгер ақынның жауһар  жырларынан өзінің əсершіл əсем  жанына шуақ жинаған.  Сондықтан   да «Абай» журналының 1918 жылғы № 4 санында жарияланған С.Мұстафиннің «Қалай көндіру керек?» деген мақаласынан [6] оның Мағжанның «Педагогикасымен» үндесіп жатар тұстарын аңғарамыз:

  1. «Екі жолмен тəрбие қылушылардың пікірі — балаға қатты тию салып һеш уақытта өз еркіне жібермей, теріс ісіне ылғи жаза салып отыру керек дейді. Əр кез бала осы жолмен тəрбие қылынса, бұзақылық мінезіне, жүріс-тұрысына тоқтау салса, рух сипаттары қуаттанып, ақыл мінезі түзеледі. Бұл пікір, бір жағынан теріс сияқты да емес. Себебі бала буыны қатып, бойы өспеген, ақылы ержетпеген уақытта тіпті өз еркіне қоя берілсе, ол бала, тентек, бұзақы болып рух қуаты өспей, далдұқ-дұлдық, жаңғалақ жеңіл ойлы болатыны да рас. Бірақ бұл таршылық жолмен ұстаудан үлкен залалдар шығады. Бала ылғи қысымшылық көріп, өз бетімен һешбір нəрсе істей алмайтындығына, істеген ісіне ылғи жапа көретіндігіне көзі жетсе, бойдағы мағнауи қуаты сынады. Олай болса, һеш нəрсені басқарып істей алмайды. Ойлай алмайды», — деп бала тəрбиесінде өте маңызды мəселелер төңірегінде өз пікірін білдіреді.
  2. Ойшыл ұстаз баланы «таршылық жолмен ұстаудан үлкен залалдар шығады» деген пікірін алға тарта отырып, оның салдарын сөз етеді. «Баладан табандылық, талаптылық, жігер сөнеді; өзінің үздік қасиетін жояды. Сондықтан балаға қай жолмен болсын еркіндік беру керек», — деп орынды тұжырым жасайды.
  3. Тағы бір тұста автордың: «Баланың жүріс-тұрысын, ойы ашылысына, өз еркіне жіберілмесе, жалғыз тілегі (көңілі) сөнбейді, бүкіл рухы сөнеді. Жалғыз денесі тəрбиеленіп, рухты тəрбие қылынбаса, онда баланың тəрбиесі сыңаржақ болмақ. Баланы қорқыту, жазаландыру қате. Баланы өтірікші қылмау үшін өтіріктің өзі жаман мінез екенін ұқтыру керек. Жазадан корқып, өтірік айтатын бала, өтірік айтпай тұрмайды. Себебі ол бала қорыққанда ғана өтірік айтпайды, қорықпайтын жерде өтірікті оңдап айтады. Олай болса, тиюдан бұрын тыйлатын нəрсенің жаман екенін, көндіруден бұрын не үшін көну керек екендігін түсіндіру керек. Еркін өмір сүру — біреудің еркіндігіне бөгет болмау деп ұқтыру керек», — деген тұжырымдамасы бүгін де өзінің өміршең өткірлігімен маңызды.
  4. «Зорлап істеткен нəрсе баланың адамшылығын, қасиетін, мағнауи қуатын жояды», — деген автор пікірі де назар аударарлық.
  5. Бала тəрбиесі жайлы сан тарау пікірлерін түйіндей келіп, педагог С.Мұстафин: «Балаға жақсы тəрбие беру үшін əуелі тəрбиеші (ата-ана, мұғалім, замандас) өзін түзету керек. Қазақтың: «Үлгісі жаман, көргені жаман» дейтіні бала көргенінен ғана тəлім алатындықтан, айтылған тəжірибе», — деген құнды ой қорытындылайды.

Ұстаздық бағытта жазған осы еңбегінде бала тəрбиесі, шəкірт парасаттылығы деген ұғым- түсініктерге автор шынайы педагогтік, тəлімді тəрбиешілік тұрғыдан қараған.

Түйін

Қызылжар қаласындағы ұлт зиялыларына таянған тықыр, тергеу, тексеру əрекеттері Сейітбаттал Мұстафинге де маза бермегенге ұқсайды. Содан да болар ол Қызылжардағы қызметін тастап 1930– 1932 жылдары туған жерінде (Казгородокта), ал 1933–1937 жылдары Степняк қаласында мұғалім болады [7].

Өкінішке орай, НКВД-нің құрығы тым ұзын еді. Ол 1937 жылдың 25-сəуірі күні тұтқындалады да, аты-шулы «үштіктің» шешімімен «халық жауы», «Алашорда партиясының үгітшісі əрі мүшесі» ретінде ату жазасына кесіледі. 1937 жылдың 11-қыркүйегінде шығарылған үкім 16-қыркүйек күні Қызылжар қаласында жүзеге асырылады.

«Халық жауының» əйелі, қызы деген қаңқу сөздер, күдік іздеген ізшіл: иттей сумаңдаған ғайбаттаулар 45 жасында жазықсыз жаладан мерт болған Сейітбаттал Мұстафиннің артта қалған шаңырағына оңай тимеген. Жары Үміш Аипова Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген көрнекті маман, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі Райымжан Мəрсековтың немере қарындасы.  Əкесі  Айып  та Алашорда мүшесі  болған əрі Райымжанның  ағасы еді.  Үміш   орыстың

əйелдер гимназиясын бітірген жоғары сауатты ұстаз болды. Алайда күйеуін «халық жауы» ретінде ұстап əкеткеннен кейін Үміштің де басына қара бұлт орнады. Қызметінен қуылды. Жалғыз қызы Нəдияны арқалап əр жерде үзіп-жұлып дегендей еңбек етті. Көзтүрткі болып қорлық көрді...

Кезінде «Алашым» деп атқа қонып, халқының тəуелсіз туы желбіреген жасампаз, жарқын күнін көксеумен өткен, ерте оянып, тым ерте елеңдеген есіл азамат Сейітбаттал Мұстафинге тағылған айыптың негізсіздігін 1958 жылдың 28-желтоқсаны күнгі өз шешімінде Көкшетау облыстық сот атап көрсетті. Бұл да болса, Сейітбатталдың артта қалған ұрпақтары, жалғыз қызы Нəдия үшін медет, дəтке қуат еді [1; 90,91].

Қазақ халқы егемендік алғаннан бері сең сөгілді. Тарих ақтаңдағындай көп көңілімен көмескіленіп келген Сейітбатталдай аяулы азаматының артта қалған əдеби, педагогикалық еңбектеріне етене араласар уақыт та келді.

Тек С.Мұстафин жүріп өткен жол, жазып қалдырған еңбектер ізіне түсер тағылымды іс-əрекет керек. Келешекте өзінің еңселі ерін елі де, ерке желі де, асқар белі де ұмытпаса керек. Сөз жоқ, ұмытпайды!

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Қажыбай Т. Алаштың аяулы азаматы // Жұлдыз. — 2000. — № 11. — 88–91-б.
  2. Қазақ əдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd», ЖШС, 2005. — 554-б.
  3. Батталқызы Н. Сейітбаттал Мұстафаұлы. Шернияз ақын // Жұлдыз. — 2003. — № 4. — 164–165-б. 4 Мұстафа С. Архимедтің өнері («Абай». — 1918. — № 7) // Жұлдыз. — 2003. — № 4. — 169–170-б.
  4. 5    Жұмабаев М. Педагогика. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 6-б.
  5. 6    Мұстафа С. Қалай көндіру керек? («Абай». — 1918. — № 4) // Жұлдыз. — 2003. — № 4. — 166–167-б.
  6. 7     Алаш. Алашорда: Энциклопедия / Құраст.: Ғ.Əнес, С.Смағұлова. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. — 252-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.