Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі тəрбиеленушілерінің мəдени-тынығу қызметі арқылы əлеуметтік бейімделуі

Қоғамда, мемлекетте, отбасында туындайтын қайшылықтар күрделі əлеуметтік мəселелердің тууына алып келеді. Əлеуметтік мəселелердің ушығуы мемлекет тарапынан қадағалынып қана қоймай, кəсіби мамандармен ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, шамасынша шешілу жолдары ұсынылады.  Күрделі  əлеуметтік  мəселелердің  қоғамда  бел  алған  түрі  —  ол  жетім  балалар   мен «əлеуметтік жетім» немесе ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар санының шеттен тыс орын алуы. Осыдан 30–40 жыл бұрын əлеуметтік жетім балалардың саны əлдеқайда аз, ал құрамы (ата-ана қамқорынсыз қалуы жағынан шығу тегі) өзінің мəселелік жағынан біршама қарапайым, санаға қонымды болса, қоғамда орын алған сансыз жаңа ағымдар, шығу тегі жағынан күрделі жаһанды мəселелердің, оның ішінде əлеуметтік мəселелердің тууына себеп болып отыр. Сондай-ақ жаһанды жаңалықтар, технологиялық, инновациялық жəне т.б. дамушылық салдары да жас буынның жаңа немесе əр түрлі ықпалдар синтезінде жаңаруына, жаңару арқылы жаңа психологиялық мінез- құлықтардың орын алуына түрткі болып отыр. Осыған байланысты бұрын-соңды жазылған зерттеулерге арқау болған əлеуметтік мəселелер, уақыт динамикасында ескіріп, жаңа əлеуметтік мəселелермен ауыстырылып, шығу тегі жағынан күрделеніп, жаңа ғылыми зерттеулердің жүргізілуіне, əрі жаңа əлеуметтік институттардың құрылуына, оларды жаңа мамандармен қамтамасыз етуге сұраныс тудырып отыр. Жаңа қоғам əлеуметтік-тəрбие қызметіне бағытталған əлеуметтік қызметкерлерге, педагог-референттерге, əлеуметтік педагогтарға жəне т.б. сұраныс білдіріп отыр. Сұраныс аталған маман иелерінің заманауи талаптарға сəйкес біліктілігін талап етеді, соның ішінде отбасы үлгісіндегі балалар үйінде орналасқан жасөспірімдермен айналысатын əлеуметтік педагогқа қойылатын талаптар ғылыми тұрғыдан əбден шыңдалған əрі үздіксіз жаңару мен жақсартылуы жағынан тоқтаусыз шыңдалуы маңызды. Сондықтан аталмыш тақырып Қазақстан Республикасы шеңберінде жоғары оқу орындарында, əлеуметтік факультеттерде бар əлеуметтік педагог- мамандарын дайындау, оқыту аясында жан-жақты, əр түрлі бағыттарда оқытылуы, зерттелуі аса маңызды. ҚР отбасы үлгісіндегі балалар үйі жəне ондағы əлеуметтік педагогтың мəдени-тынығу қызметі ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің бұйрығымен типтік бағдарлама түрінде ұсынылған. Бұйрықта мекеменің қызметтік тəртібі мен əлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі тəрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастыру бағдарламасы жəне т.б. егжей-тегжейлі қарастырылған [1].

Осы тақырыптың теориялық тұсын қарастырған Г.Спенсер, К.Бюлер, К.Гросс, Ф.Бейдендейк, М.Лацарус, С.Л.Рубинштейн жəне басқаларының жұмысын басшылыққа алды.

Мəдени-тынығу жұмысын тəрбие жəне оқытудың құралы ретінде қолдану негізінде қарастыру бірнеше педагог-психологтардың: Я.Коменский, А.И.Сикорский, Н.Д.Ушинский, Д.А.Колоц, Ж.Пиаже, В.Г.Марц, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, С.А.Шмакова жəне басқалардың жұмыстарымен танысуға мүмкіндік берді.

Мəдени-тынығу қызметі іс-əрекетінің технологияларын зерттеуде К.С.Станиславский, Э.Берн, М.И.Кнебель, Д.Карнеги, Р.Бендлер жəне Дж. Гриндер жұмыстары ерекше орын алды, сонымен қатар қазіргі заманғы жаңашыл педагогтар Ш.Амоношвили, В.Ильин, В.Ф.Шатолов жəне басқаларының əдістемелері енді.

Осы тақырып аясында түрлі аспектілерін зерттеуде бағытталған қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер ішінде Д.Б.Богоявленский, А.П.Ершов, Л.М.Иванов, А.И.Ткаченко, Е.А.Тупичкин, Г.И.Кашаева жұмыстарын қарастыруға болады.

Мəдени-тынығу қызметінің мүмкіндіктеріне, тұлғааралық қарым-қатынасты шығармашылық үрдіс ретінде қарауда М.С.Каган, И.С.Кон, В.Леви, Г.Л.Лэндрет еңбектеріне ерекше орын беріледі.

Бұл тақырып əлеуметтік-мəдени іс-əрекет аумағындағы Б.С.Сейфуллаев, М.С.Лисин, Л.И.Новикова, Л.Н.Лазарев, В.Д.Пономарев, Е.С.Протански жəне тағы басқалардың диссертациялық зерттеу жұмыстарында қарастырылды.

Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған əр түрлі мекемелердің жұмыстарының сараптамасы көрсеткендей, тəрбиеленушілердің басым көпшілігі — бұл маскүнемдік пен нашақорлыққа салынып, қоғамға қарсы іс-əрекеттері мен бас-бостандығынан  айыру орындарында жазасын өтеп жүрген ата-аналардың тастанды балалары. Тəрбиеленушілерге педагогикалық басқарусыздық, эмоционалды жəне мəдени тоқырау, зияткерлік дамудың, азаматтық жəне ақыл-ой жауапкершілігінің төмен деңгейі, əлеуметтік тəжірибенің жоқтығы тəн.

Ережеге сай, жетім балалар тұрып жатқан мекемелер жабық əрі қатаң өмір сүру тəртіптерімен ерекшеленеді. Бір жағынан алғанда, бұл — мəжбүрлі шара, өйткені ол балалардың қандай ортадан шыққанын ұмытпау керек. Екінші жағынан — мəселе балалардың өзінде. Тəрбиеде өздеріне деген махаббаттың, үлкенге деген құрметтің жоқтығынан, олар өтірікші, тəртіпсіз, мейірімділік пен əділдікке сенбейтін болып өседі. Бұл балаларға тек пайдалы іс пен əрекетті үйретіп қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаның талаптарына бейімделуде көмек көрсету керек. Бұл талаптарда, негізінен, бейімделу үрдісінің мазмұны, түрі, əдісі жəне жаңартылу құралдары қамтылады.

Р.В.Тонкова-Ямпольскаяның белгілегеніндей, «талаптардың өзгеруі кезінде тəртіптік əрекеттері де өзгереді, демек, əлеуметтік бейімделу жүреді»... [2]. Зерттеу жұмысының нəтижесі көрсеткендей, жетім балалардың əлеуметтік бейімделу тиімділігі, мəдени-тəрбиелік ортаның жаңартылуы жолы негізінде, əлеуметтік-мəдени саланың құралдары мен түрі арқылы жүзеге асады. Нəтижесінде тəрбиеленушілердің жалпымəдениеттік жəне шығармашылық деңгейі жоғарылайды; құрдастары мен үлкендермен қарым-қатынас амалдары дамиды; тəрбиеленушілер жаңа достар табады; өздерінің шығармашылық қабілетін, өзіндік іс-əрекетін, белсенділігін қолдануға мүмкіндік беріліп, бастысы жетім балалардың өз бетінше өмір сүруіне дайындық жүреді. Интернат типіндегі мекемелердегі бейімделу үрдісінің заманауи жолдарын анықтау кезінде біздің алдымызда дəл осындай мақсаттар тұрды.

Балаларды көпжоспарлы сыныптан тыс салаға қосу П.Ф.Лесгафттың пікіріне сүйенеді, ол бойынша балаға «өзін-өзі табу» мүмкіндігін беру керек, ал ол үшін саланың көп түрлі тетіктерінен өзіне қызықты əрі жақын біреуін кең түрде таңдап алу жағдайын жасау. Осыған арқа сүйей отырып, балаға өзіңе лайықты біреуін таңдап алуы үшін əр түрлі өнердің бүкіл бояуын ашып көрсету керек. Таңдау кезінде оны ұялтпау, сонымен қатар оған түсіндіру жəне талаптарға жүгінген кезде бетін қайтармауға тиіс [3].

Біз тəрбиеленушілер үшін мынадай жағдайларды үлгі етуіміз керек, балаға көптеген қызықты істердің бар екеніне сендіру, оған өзі қатыса алатынын жəне өзі қала алатынын айту, сыныптағы ұжымды оның жайлы болуы сабақ үлгерімінің табыстылығынан ғана емес, сонымен қатар үлкендердің оның оқуына қарым-қатынасы жəне өзінің белсенділігі, басқа салада өзін көрсете білуімен байланысты.

В.А.Сухомлинскийдің пікірінше, «кішкентай адамның жан дүниесін ғылыммен байланыстыруға болмайды... Ол тек мектеп оқушысы ғана емес, ең алдымен көпжақты қызығушылығы, сұрағы, алға ұмтылушылығы бар адам» [4; 15]. Əлеуметтік-мəдени саланың негізігі міндеттері — мəдени-рухани тұтынушылықтың өсуін қанағаттандыру үшін жағдай жасау жəне тəртіптің себебін қалыптастыру, балалардың ұйымдастырушылық шығармашылық қабілеттерін дамыту, əсіресе жалпылық іс- шараларға дайындық кезеңінде, өйткені іс-қимылдарды ұқсата білу үрдісі жеке адамның дарынын дамытуға ықпалдасады [5; 72]. Сонымен бірге бұл əр түрлі əлеуметтік-мəдени бағдарламалардың мақсатын түсіну жəне ұғыну, бүкіл салалардың түрлерін бір шығармашылық үрдіске қосу үшін, ойластырылған кезінде балалар үйінің тəрбиеленушілерімен бірге жоспарлануы шарт.

Эксперименталдық жұмыс көрсеткендей, шығармашылық жəне тəрбие үрдістері үзілместей байланысты, өйткені тəрбиелеуші-ұстаз бен балалар өзара араласып, бір-бірін толықтырып отырады.

Жетім балаларды əлеуметтік бейімдеу кезінде əлеуметтік-мəдени саланың ең тиімді түрлері — жалпылай, отбасылық, достық байланыстарын нығайтады, бүкіл балаларды балалар үйінің деңгейінде біріктіреді, бір-біріне деген қарым-қатынасты қалыптастырады. Бұл спорттық мерекелер болуы мүмкін: «Ағам, əпкем жəне мен — тату, спорттық отбасы». Отбасылық мереке: «Туған күн», «Біздің отбасындағы  отырыстарда»,  «Өз  үйімімді  өзім безендіремін»,  «Отбасылық музыкалық сандықша», «Талант отбасында туылады», «Отбасылық қуыршақ театры». Əлеуметтік-мəдени саланың мұндай түрлері, балалардың бос уақытын өткізудің сан түрлі қырларымен таныстырып, тəрбиеленушілер арасындағы əлеуметтік-мəдени байланысты нығайтып, олардың танымдық, шығармашылық, эстетикалық белсенділігін дамытуын жүзеге асыруы кезіндегі балаларды балалар үйінің деңгейінде ғана емес, сонымен бірге жасанды құрылған отбасындағы отбасылық дəстүрге үйретудің шынайы мүмкіндіктерін құрады. Бұл түрлердің негізінде салтанатты, патетикалық тақырып, көз алдындағы кеңістік пен уақыт сатысындағы іс-əрекет қатысады [4]. Бұл түрге қатысты ұжымдық эмоционалдық əрекет, ұжымдық тəрбиелілік күш-қуатты арнайы бағыттау арқылы үлкен заряд береді [5]. Сонымен қатар əлеуметтік-мəдени саланың мұндай түрлері тəрбиеленушілердегі мейірімділік, түсіністік, үлкенге құрмет көрсету, ұқыптылық, жауапкершілік, жақын адамға көмектесу қасиеттерін тəрбиелеуді қалыптастырады жəне де балалар үйінің тəрбиеленушілерін өз бетімен өмір сүруге жəне əрекет етуге дайындайды.

Балалар үйіндегі əрбір бала, өзінің өміріндегі негізгі оқиғаларға мұғалімдер мен тəрбиеленушілердің бақылауын сезінуі керек. Егер бұл туған күн болса — ол тек жекелей ғана тойланады, өйткені бала өзін елеп-ескеріп жатқанын түсінуі керек. Туған күн — нақты бір баланың мерекесі жəне оған бəрі дайындалады: аспазшылар туған күндік тоқаш пісірсе, балалар сыйлықтар беретінін ұстаздар ұжымына түсіну, ұғыну өте маңызды. Аз ғана уақыт өткен соң, балалар өздері де мерекелік тоқаш пісіре алатын болады. Жекелей көзқарастағы көптеген кішкентай белгілер құрастыруға болады: таңертең оянғанда жастығының астынан тауып алатын сыйлық, үстелдегі гүл, сүйікті тағам жəне т.б.

Туған күннен басқа, тəрбиеленушілердің өміріндегі өзге де оқиғаларды атап өткен жөн — мектептегі алғашқы күн, оқудағы жетістік, оқу жылының аяқталуы, шығармашылық ұжымдағы жұмысқа қатысу, концертте өнер көрсету жəне басқалары. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар мұның бəрін өз отбасыларында көрмеген, бірақ олар жақсы нəрсеге жылдам бой үйретеді жəне балалар үйіндегі тəрбие үлгілері мен отбасылық дəстүрді үйреніп, соның артынан жүреді.

Бала өзінің тағдырының бəрін қызықтыратынын біледі, ол үлкендердің жəне құрдастарының көз алдында болады. Бұл, сөзсіз, баланың өзі тұрып жатқан балалар үйіне деген сенімін нығайтып, бейімделу үрдісіне жақсы серпін береді.

Сонымен бірге бос уақытты тиімді өткізудің жалпылай түрлерінің дайындығы үрдісі кезінде жетім балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалады. Мысалы, «Өз үйімді өзім безендіремін» байқауына дайындық уақытында балалар сурет салуды, мүсіндеуді, конструкторлау мен үлгілеу элементтерімен танысып үйренеді. Сонымен, бөлек балалардың өнердің қолжетімді жəне түсінікті заттардың тəсілдерін меңгеруі маңызды шарттардың бірі болып табылады. Суретке ең алдымен заттық-іс-тəжірибелік салалар: бақылаулар, ойындар, экскурсиялар негіз болады. Балалар табиғаттың бояуларын көріп үйренеді жəне оларды өздерінің суреттеріне салады. Содан кейін балалардың салған суреттерімен көрме ұйымдастыруға болады. Мұндай шешім олардың бейімделуіне жақсы жағдай туғызады. Мысалы, музыкалық-танымды «Отбасылық музыкалық сандықша» бағдарламасы жетім балалардың музыкаға деген қызығушылығын дамытуды қолға алып, оларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретіп, жаңа салада өзін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тəрбиеленушілердің бейімделу үрдісінде ең маңызды рөлді мəдени-сауықтыру саласының топтық түрлері ойнауы керек. Топтық əдістеменің ең басты ерекшелігі — балаларды жақындататын жəне оларға жақсы көңіл-күй жасайтын атмосфера құру. Сауықтыруды ұйымдастыру формасы өзіндік ұжымдар мен бірлескен іс-əрекеттерінің тəрбиелілік үрдісінің заңдылықтарын зерттеуді ұсынады. Үлкен тəрбиелілік əлеует бүкіл жиналғандарды эмоционалдық əрекетпен, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың болуымен, ұзақ уақыт бойы бір іске қатысуымен қамтылған мүмкіндіктермен түсіндіріледі.

Мұның бəрі жүйелік, реттік жəне белсенді педагогикалық, технологиялық үрдісті, қатысушылардың     барлық     салаларын     біріктірудегі     мақсатты     орналастыру    спецификасын ұйымдастыруды көздейді. Осы орналастыруды жүргізу негізінде себебі мен  баланың қызығушылығын қалыптастыруға болады. Мұның бəрі шығармашылық қабілеттерді, жекелей қарым- қатынасты кеңейту жəне аз топтардың қатынасын дамытуға бағытталуы керек, өйткені  ол балалардың бір-бірімен жəне үлкендермен (үйірме жетекшілерімен) өзара іс-əрекеттеріне жағымды əсер етеді.

Заттай-шығармашылық жəне əлеуметтік бағдарламалардың синтезінің болуы ұстаздың сабақ жүргізу үрдісіндегі жат қылықтарының болғанын көрсетеді. Бұл жағдайда ұстаз баланың алдында өзінің адами қасиеттері арқылы ашылады: мінез-құлығы, темпераменті, əзіл-қалжыңы, өзіндік фантазиясы, жан ашушылық көзқарас жəне т.б. Бұл кезде бірігіп əрекет ету, бірге атқару, ойын саласындағы тең құқықтық арқылы бала мен ұстаз арасындағы шығармашылық байланыс қағидасы жұмыс жасай бастайды.

Қызықты  іске  бел  шеше  кіріскен  бала  мынаны  байқайды,  өзінің  «Мен»  дегені  тек      басқа «Мендермен» біріккен кезде ғана терең қанағаттанарлық сезімін ала алады. Бала — ерекше, өзінің дарындылығымен   қайталанбайтын   дара   тұлға,   сондықтан   мəдени-əлеуметтік  іс-шараларды ұйымдастырған кезде осыны мұқият есте сақтау керек. Балаға өзіне лайықты, өзінің темпераменті мен интеллектуалдық ерекшеліктеріне, жеке қызығушылығына сəйкес салалардың түрін ұсыну керек. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық қызметінің теориясы мен практикасында баланың тұлғасын қалыптастырудағы шығармашылық саланың əсері көптеп көрсетілген: «Əркімге моральдық қолдау қажет, əсіресе өзін көпшіліктің бірі деп сезінетін адамдарға...» [4].

Əлеуметтік-мəдени сала өзінің терең тұлғалық бағыттылығымен ерекшеленеді, өйткені өзінде жеке тұлғалықтың иірімдерін көрсетеді [6]. Сондықтан ойластырылып қойылған мақсат қана адам əрекет ететін саладағы қозғалысқа əкеледі.

Сөзсіз, бұл жерде ерекше рөл ұйымдастырушыға, мəдени-сауықтыру шарасының ұстазына тиесілі. Ол бұл үрдісті бағыттауға, басқаруға, өзін көрсете білу үшін əр түрлі формалар табуға көмектесуі тиіс [7].

Бейімдеу үрдісіндегі сауықтыру ұстазының табысты əрекет етуі көп жағдайда өзінің құрамды, ерекшеліктерді, жүйелік саланың спецификасын іс-тəжірибеде қолдана алуымен байланысты: бұл педагогиканы білу, психологияны білу, отбасылық тəрбие, халықтық жəне əлеуметтік педагогика мен психология. Ұстаз өзінің жанашырлығы, саналығы арқылы тəрбиелейді.

Осылайша, ұстаздың балалар үйінің тəрбиеленушілерімен ынтымақтастығы мен өзара  əрекет етуі — отбасылық типтегі балалар үйіндегі балалардың бейімделу үрдісіндегі тиімділікті көтерудің жолдарының бірі.

Балалар үйіндегі отбасылық дəстүрдің дамуы мен сақталуы жетім балалардың бейімделу үрдісінің шарты болып табылады, сондықтан сауықтыру ұстазы, сөзсіз, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды мəдени-шығармашылық, рекрециялық-сауықтыру саласына қосу үшін жағдай  жасау керек.

Осы мақсатта отбасылық дəстүрді дамытып, қолға алатын мəдени-сауықтыру бағдарламаларын жасауға, əр отбасындағы жəне балалар үйінің деңгейіндегі отбасылық дəстүрді дамыту үшін жұмыстарды жоспарлауға болады.

Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, балалар үйінің тəрбиеленушілері бірігіп жұмыс жасауға онша талпынбайды. Олар бақылай алады, бірақ өздерінің көзқарастарын білдірмейді, өйткені олар өздерін жалықтырып жіберетін ақпаратқа мəн бермей басқа нəрсеге зейінін бұрады. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, балалар үйіндегі тəрбиеленушілер үлкендермен өз бетінше қарым- қатынас жасауға ұмтылады. Олар ашық жəне үлкендерден қамқорлықты, демеуді қажет етеді. Бұл ерекшелік, егер дұрыс ұйымдастырылса, бейімделу үрдісінің тиімділігін арттыруға кепіл бола алады. Балалардың қажеттілігі негізінде, бірлесе жұмыс істеуге қажеттілігін құруға болады, педагогикалық өзара əрекеттестік жүйесін құру; бала ұстазға толық құқылы əріптес ретінде қарым-қатынас жасайды, жұмылып жасалған əрекет диалог арқылы сенімділік, ортақ шығармашылық, балаға өзін көрсетуіне үлкен мүмкіндіктер береді, өзінің білімділігінің жаңа қырларын ашады. Баланы қанша адам қоршап жүргені онша маңызды емес, маңыздысы — балаға қанша махаббат, қамқорлық, көзқарас көрсетілгенінде.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы жəне жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (07.03.2013 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
  2. Тонкова-Ямпольская Р.В. Оздоровительная и воспитательная работа в доме ребенка // Книга для работников дома ребенка. — М.: Просвещение, 1989. — С.
  3. Лесгафт П.Ф. Семейное воспитание ребенка и его значение. — М.: Педагогика, 1991. — С.
  4. Сухомлинский В.А. О воспитании. — М.: Политиздат, 1975. — 272 с.
  5. Жарков А.Д., Чижиков В.М. Культурно-досуговая деятельность. — М.: МГУК, 1988. — 461 с.
  6. Киселева Т.Г., Красильников Ю.Д., Стрельцов Ю.А. Социально-культурная деятельность: Основные тенденции развития // Актуальные проблемы социально-культурной деятельности: Сб. ст. — М.: МГУК, 1995. — С.
  7. Стрельцов Ю.А. Социальная педагогика: Учеб. пособие. — М.: МГУК, 1998. — С.75

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.