Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ елінің болашағы үшін күрескен біртуар тұлға Санжар Асфендияровтың тарихи мұрасы. Туғанына 125 жыл толуына орай

Кіріспе

Қазақ жері мен Орталық Азия өңіріне есімі мəлім болған, жарқырап  жанған шоқ жұлдыздарының бірі Санжар Жағыпарұлы (Жафарұлы) Асфендияров (Аспандияров) 1889 жылы 20 қазанда бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкентте, қазақ хандарының тікелей ұрпағы Сейітжапар (Жафар, Жағыпар) Асфендиярұлы мен Гуляндам  Қасымованың отбасында дүниеге келген. Сейітжапар Түркістан губернаторы кеңсесінде əскери аудармашы қызметін атқарып, XIX ғасырдың 90 жылдары Ташкентке ic-сапармен алыс-жакын елдерден келген елшіліктерін қабылдау, орналастыру сияқты дипломатиялык істермен айналысқан. Өзінің жарты ғасырдан астам мерзімге созылған қызмет жолын қатардағы поручиктен бастаған Сейітжапар Асфендиярұлы туа біткен дарыны мен еңбекқорлығының арқасында Түркістан өлкесінің түpкi-мұсылман халықтары үшін жоғары əскери атақ болып саналған — полковник шеніне қол жеткізеді. Сауатты, көзі ашық Сейітжапар Асфендиярұлы өз балаларына үздік білім беруге ұмтылды. Оның екі қызы (Гүлсім мен Аннель) Ташкент қыздар гимназиясында, төрт ұлы Ташкент реалды училищесінде тəлім алды.

Сейітжапардың үлкен қызы Гүлсім (Үммигүлсім) Жафарқызы (1880–1941) — қазақ əйелдері арасынан шыққан алғашқы дəрігерлердің бірі. Ол 1901–1908 жылдары Санкт-Петербург əйелдер медициналық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Сырдария облысы  Шымкент уезінің 3-учаскесінде, кейін Ферғана облысының Пап бөлімшесінде дəрігер болып істеген.

Гүлсім Асфендиярова (Аспандиярова) 1913 жылдан Ташкент қаласындағы əйелдер босанатын үйдің бас дəрігері болды. 1920 жылы Ташкент қаласында мұсылмандар ұйымының Түркістан өлкелік бюросының өтінішімен жергілікті халықтардан шыққан əйелдер үшін акушерлік мектеп ұйымдастырды, əрі сол мектептің меңгерушісі жəне оқытушысы болды. 1924 жылы бұл мектеп Ю.Ахунбабаев атындағы медициналық техникумға қосылды. Гүлсім  Сейітжапарқызы өмірінің соңына дейін осы техникумда дəріс берді. Ол оқытқан шəкірттерінің арасынан кейін Орта Азия мен Қазақстанның көрнекті ғалымдары өсіп шықты [1; 482].

Өкінішке орай, Гүлсім Сейітжапарқызының дарынды інісі, тағдыры халқымен тағдырлас қазақтың біртуар ұлдарының бірі — Санжар Асфендияровтың (Аспандияровтың) өмір-өнегесі, қызметі мен шығармашылығы əлі толық зерттелген жоқ. Əсіресе оның ғылыми мұрасын зерделеудің қазақ тарихнамасы үшін маңызы аса зор.

Санжардың өмір-өнегесіне қатысты қысқаша деректер

Санжар Асфендияров — XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі. Ол 1912 жылы Ресейдің ең ірі ғылыми жəне мəдени орталығы Санкт-Петербургтегі Императорлық əскери-медицина академиясын алтын алқамен үздік бітірді. 1910 жылы Сералы Лапиннің қызы Рабиғаға үйленді [1; 481].

Жас маман еңбек жолын Амудария бойындағы Термез қаласында полк дəрігерлік қызметтен бастайды. Полк дəрігері емдеу жұмыстарымен қоса, негізінен, халық мүддесі үшін күрес жолына түседі. Бұқараның көзін ашсам, көңілін оятсам деген арман оған күндіз-түні маза бермейді. Бұл армандарын жүзеге асыруға Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс кедергі болады.

Санжар Жағыпарұлы 1913 жылы майданға жіберіледі. 1917 жылы тұтқынға түсіп, Германияда бір жыл азапты өмір кешеді.

Қазан төңкерісі жеңісінен кейін, ол Түркістанда Қызыл Армияны жасақтауға қатысты. Əскери дəрігер Аспандияров жалынды үгітші жəне саяси жетекші де болды. Бұхара, Ташкент жұмысшы жəне солдат депутаттары облыстық, кейін өлкелік кеңесінің мүшесі болып сайланды. Черняев полкінің қатарында ол 1918 жылы Бұхара, 1919 жылы Закаспий майдандарында  шайқасқа, контрреволюциялық бас көтерулерді талқандауға қатысты. 1919 жылдың мамырында ол большевиктер партиясы мүшелігіне қабылданды [2].

Санжар Асфендияров 1919 жылдан бастап 1928 жылға дейін жоғары басшылық қызметтерде болды. Ол Түркістан Республикасының денсаулық сақтау комиссары, жер-су халық комиссары, Түркістан Республикасының Мəскеудегі тұрақты өкілі, РСФСР ұлт өкілдері жөніндегі халық комиссариатының алқа мүшесі, ВКП(б) Орта Азиялық бюросының мүшесі, Түркістан компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Мəскеу университетінің профессоры жəне Мəскеу шығыстану институтының ректоры.

1928 жылдан бастап Санжар Жағыпарұлы Қазақстанда еңбек етті. Ол республиканың халық шаруашылығы мен мəдениетін көтеретін білікті кадрларды Қазақстанның өз ішінде дайындауды жолға қоюға, сонымен қатар республикадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға орасан зор үлес қосты. Асфендияровтың ұшан-теңіз еңбегінің нəтижесінде 1928–1937 жылдары республика халқына медициналық қызмет көрсету жақсарды. Осы кезеңдерде əйгілі ғалымның Қазақстан тарихының өзекті мəселелерін жан-жақты зерттеген бірнеше оқулықтары мен еңбектері дүниеге келді.

Репрессия кезінде жазықсыз қазақ зиялыларынң ішінде Қазақстан жоғары мектебі мен ғылымы, мəдениеті саласындағы көптеген көрнекті ғылым, мəдениет қайраткерлері сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Сталиндік жендеттердің қанды шеңгеліне ілінгендердің ішінде Санжар Жағыпарұлы Асфендияров та болды.

Асфендияровтың қазақтың тұңғыш жоғары оқу орындарын ұйымдастырып, аяғынан тұрғызуда сіңірген еңбектері

Еліміздің дамуында жоғары білім беру мен білікті ғылыми мамандар даярлау ісінің алатын орны ерекше. Осы орайда бұл жоғары білім өз бастауын қайдан алды жəне оның ошағы қайда қаланған еді деген сауалға жауап іздеу орынды сияқты.

Қазақта «қара шаңырақ» деген ұғым біреу, əрі ол аса құрметті, киелі. Ал ағарту саласындағы қара шаңырақ — бүгінгі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Осыдан келіп, «Неге басқа емес, осы оқу орны, дəл сол болса, ол қайда, қашан жəне қалай құрылған?» деген сұрақ туындайды.

1919 жылы 26 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі декретке қол қойды. Бұл мəселемен айналысатын төтенше комиссия құрылды. Сауатсыздықты жоюдың жылжымалы бөлімшелері жұмыс істей бастады. Əйелдерді оқыту үшін «қызыл отаулар» құрылды. Білім беру жүйесінің бастауыш, толық емес орта білім, орта білім беретін мектептері қалыптаса бастады. Ересек балаларға арналған мектептер мен мектеп-интернаттар ашылды. Өндіріс орындары жанынан жұмысшы факультеттері (рабфак) құрылды. Ауылдарда кішігірім мектептер ашылып, онда қарапайым əріп таныту, санау, жазу, оқуға үйрету сабақтары жүргізілді.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында зиялы қауымды, əсіресе педагог мамандарды, дайындау мəселесінің ерекше маңызы болды. Мысалы, 1924 жылы мұғалімдердің 5,8 % ғана жоғары білімді болды. Мұғалімдерді дайындау үшін тұрақты жəне қысқа мерзімді курстар, педагогикалық техникумдар ашылды. Жоғары оқу орындарының мамандары негізінен Мəскеу, Ленинград, Ташкент қалаларында дайындалды [3].

Сондықтан да Қазақ XКК қаулысымен 1928 жылы 1 қазанда Алматы қаласында  үш факультеттен (педагогикалық, ауыл шаруашылық жəне медициналық) тұратын Қазақ мемлекеттік университетін құру ұйғарылды. Ұйымдастыру жұмыстарына Халық ағарту комиссариатының жанынан жеті адамнан тұратын арнайы үкіметтік комиссия жауап берді. ҚазМУ-нің ашылуына байланысты Ташкент қаласындағы Қазақ жоғарғы педагогикалық институтты жойып, институттың барлық мүлкін құрылып жатқан ҚазМУ-нің қарауына тапсыру жəне институттың орнына оған дейін қызмет еткен орта педагогикалық білім беру мекемесі ретінде Қазақ ағарту институтын қалпына келтіру жоспарланды. РКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің өтінішімен құрылған ҚазМУ-нің тұңғыш ректоры болып үш жылдай Мəскеуде түрлі жауапты қызметтерде жемісті еңбек еткен Санжар Жағыпарұлы Асфендияров тағайындалды, С.Асфендияровтың алдында қалада оқуға жарамды болатын ғимараттарды тауып, оларды аудиториялар мен лабораторияларға сəйкестендіру, білікті, тəжірибелі оқытушылық кадрларды жұмысқа тарту, қосымша қаражаттарды іздестіру жəне осыған ұқсас көптеген мəселелерді шешу міндеті тұрды. Ректордың өтініш білдіруімен барлық облыстық жəне қалалық партия ұйымдарында ең алдымен қазақ ұлтынан шыққан дарынды балалардың арасынан болашақта университеттің даярлық курстарының тыңдаушыларын жəне студенттерін іріктеп алу жұмысы басталды.

Тез арада жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде 1928/1929 оқу жылының қыркүйек-қазан айларында ҚазМУ-да бiлім алуға ниет білдірген 124 студент (96 ұл, 28 қыз) оқуға құжат тапсырып, ұстаздар саны 9 адамды құрады. Олардың арасында 3 профессор (Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынұлы, Николай Фатов), 4 доцент (Eдігей Мансұров, Халел Досмұхамедов, Əлімхан Ермеков, Василий Потапов), 2 ассистент (Борис Ровинский, Владислав Дубощин) 1-курс студенттеріне сабақ берді. Ал, студенттер құрамы болса түрлi ұлт өкілдерінен тұрып, көпшілігi жұмысшы, кедей шаруалардың балалары еді. Оның ішінде 76 қазақ, 42 орыс, 3 татар, 2 еврей, 1 немic ұлтының өкілдері оқыды [4].

1928 жылдан ҚазМУ-дың тұңғыш ректоры болған Санжар Асфендияров 1930 жылы 25 желтоқсанда «Қазақ мемлекеттік педагогика институты» (КазМПИ) болып қайта құрылған оқу орнында (бүгінгі таңдағы жоғары оқу орны — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) 1931 жылдың 16 ақпанына дейін директор (ректор) жəне тарих кафедрасының мeңгepушіci болып қызмет атқарды. Оқу орнының педагогикалық институт болып қайта құрылуының бipiншi ceбeбi, кеңестік саясат бойынша республикада сауатсыздықты жою мақсатында жүргізілген шаралар тұңғыш жоғары оқу орнынан тек педагогикалық бағытта ғaнa мұғалім кадрлар даярлауды талап еткендіктен болса, екінші ceбeбi студенттер санының аздығы мен материалдық-техникалық базаның əлсіздігінде еді. 1928 жылдан бepгi институттың (бұрынғы ҚазМУ) өткен 3 жылы негізінен алғанда жаппай ұйымдастыру кезеңі болған. Осы тұрғыда Санжар Асфендияров 1928–1931 жылдары университет жұмысына Ленинград, Мəскеу, Киев, Харьков, Владивосток, Қазан, Ташкент қалаларынан ең таңдаулы оқытушыларды тарта білді. Олардың арасында О.Қ.Жандосов, В.А Захваткин, Н.Л.Караваев, И.Г.Автухов, Б.Л.Кругляк, Е.В.Тарле, М.М.Маркович, В.Н.Кун, А.Х.Линчевский, Е.В.Васильева, В.Ф.Литвинов, В.М.Зимин, І.Ж.Қабылов, Т.Ш.Шонанов, М.А.Солонино, А.И.Смирнов, т.б. белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар eдi [5].

1931 жылы 27 желтоқсанда институттан тұңғыш рет 59 студент түлеп ұшып, оның ішіндe 10 қыз, 49 ер бала алғаш бiлім əлеміне жолдама алды. Олар институтта 5 бөлімшеде оқып мамандық алып шықса,  оның  ішінде  тарих-экономика  бөлімшесін  21  адам  (18  ұл,  3  қыз),    əдебиет-лингвистика бөлімшесін  11  адам  (9  ұл,  2  қыз),  физика-математика  бөлімшесін  10  адам  (10  ұл),       биология бөлімшeciн 8 адам (5 ұл, 3 қыз), химия бөлімшесін 9 адам (7 ұл, 2 қыз) бітірген екен [6].

Бұлар халық ағарту саласы үшін даярланып, ҚазМПИ-ден тұңғыш түлеп ұшқан жоғары білімді педагог мамандар еді.

Үш жыл бойы Қазақстанда алғашқы жоғары оқу орнын құру бағытында қажырлы еңбек етіп, құнды тəжірибе жинақтаған С.Асфендияровқа дарынды ұйымдастырушы ретінде 1931 жылы Қазақ медициналық институтын кұру тапсырмасы жүктелді.

1931–1933 жылдары Алматыдағы Медициналық институтының тұңғыш ректоры болған ол осы институтта жалпы химия, биология, физика пəндерімен бipгe анатомия, қалыпты физиология, iшкi аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық химия, гигиена бөлімдерін жəне хирургиялық кафедралар ашты. Ғұлама ғалым жұқпалы аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дəрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медициналық көмек ісін ұйымдастырды. Орта дəрежелі оқу орындарында, қысқа мерзімді арнаулы курстарда əр түрлі буындағы медицина мамандарын көптеп даярлауға күш салды [7].

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының жоғары білімінің қара шаңырығы болған тұңғыш жоғары оқу орындарының бүгiнгі таңдағы жетістіктері мен табыстарында өткеннің бай тəжірибесінің ықпалы зор екенін жəне мұндай табыстарға сол кездегі білікті басшылар мен ұлағатты ұстаздардың жемісті еңбегінің нəтижесінде ғана қол жеткенін естен шығармауымыз керек.

Санжар Асфендияровтың тарихи мұрасы

Патша заманында Ресейде білім алған энциклопедист-ғалым, Кеңестік Ресей мен Қазақ Автономиялық Республикасының мемлекеттік қайраткері, шебер ұйымдастырушы, талантты азамат Санжар Асфендияров — қазақ елінің болашағы үшін қайраты мен күш-жігерін аямаған тарихи тұлға. Оның қайшылықты болмысын зерделеу XX ғасырдың 20–30-жылдарындағы кеңестік билік пен қазақ халқының тағдырын, қазақстандық тарих ғылымының қалыптасуының күрделі процестерін түсінуге ықпал етеді.

Санжар Асфендияров əр ғылымның саласынан жақсы хабардар болғандықтан, қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. Мамандығы дəрігер бола тұрса да, тарихты, əдебиетті, өнерді, тіл білімін, биологияны терең зерттеді.

Санжар Жағыпарұлы ағылшын, француз, неміс, латын жəне шығыс халықтарының тілін білген. Ол 1928 жылы жарық көрген «Исламның шығу себептері» атты еңбегінде жаңа қалыптаса бастаған ислам мен кейінгі кезеңдердегі ислам арасында принципті айырмашылықтар бар екенін дəлелдеуге тырысты.

Автордың тағы бір құнды кітабы — «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі». Бұл ғылыми еңбектің негізгі маңызы — патша үкіметінің қазақ жерлерін отарлау саясатының  бет пердесін жеріне жеткізе ашқанында.

М.Қаратаев: «Ол ол ма, дəрігерлігінің, педагогтігінің, ғалымдығының, қоғам қайраткерлігінің үстіне Санжар Аспандияров жазушы, филолог еді. Ол — шығыс елдері өмірінен «Шатер мира» атты орыс тілінде повесть жазған кісі, қазақ эпосы, ұлт мəдениеті, колхоз-совхоз театрлары туралы еңбектер жазды» деген дəлел айтады [2; 64].

С.Асфендияров Қазақстан тарихын алғашқылардың бірі болып зерттеуді қолға алды. Оның тарихи мұрасы қазақ тарихының түбегейлі мəселелерін: этногенез, алғашқы қоғамдық құрылыс, ұлт- азаттық жəне революциялық қозғалыстар тарихы, қазақ этносы жəне қазақ тарихының деректерін жинақтауды қамтыды.

Шығыстағы революциялық жəне ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихын зерттеуге назар аударған С.Асфендияров бұл мəселе бойынша өз пікірлерімен 1932 жылы Алматы қаласында жарық көрген

«Шығыстағы ұлттық-революциялық қозғалыстардың тарихы» атты еңбегінде бөліседі.

С.Асфендияров өз еңбектерінің басым көпшілігінде Қазақстанның рухани жəне материалдық мəдениеті тарихының мəселелеріне тоқталып, мəдени ескерткіштерді зерттеу ісіне зор үлесін қосты. Кеңес этнографтары ішінен алғашқылардың бірі болып С.Асфендияров эпосты маңызды тарихи деректердің қатарына қосқан болатын [8, 9].

1935 жылы С.Асфендияров мəскеулік профессор П.Кунтенің басшылығымен «Қазақстанның өткені: деректер мен материалдар» атты алғашқы деректер жинағын шығарады (бірінші томы). Бір жылдан  соң  екінші  томы  жарық  көреді.  Бұл  жинақта  көне  жəне  ортағасырлық        авторлардың, саяхатшылардың, тарихшылардың шығармаларынан үзінділер келтіріледі. Құнды деректер жинағының жарыққа шығуы республиканың ғылыми өмірінде айтарлықтай орын алған оқиға болады. Осы жинақтан кейін С.Асфендияровтың 1935 жылы «Қазақ тарихының очерктері» атты мектеп оқулығы баспадан шықты. Автор оқулықта қазақ тарихын маркстік-лениндік концепцияға, тап күресі теориясына икемдейді [9].

Ғалым қазақ тарихын үш дəуірге бөліп қарастырады:

1) хандық кезең;

2) бодандық заманы;

3) кеңес дəуірі.

Қазақ хандығы XV ғасырда (1456–1465 жж.) пайда болып, бұл хандық үш жүзге бөлінді деп, қазақ мемлекетінің бытыраңқы сипатын көрсетеді. Кітапта: «Керей мен Жəнібек құрған Хандық мемлекет ретінде əлсіз болған... Шын қазақ хандықтары XVII ғасырда Еділ бойын орыстар алып, Орта Азияға өзбектер орныққаннан кейін құрылды... Одан кейін де үш жүзге бөлінген Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған емес. Біріксе де, аз уақытқа бірігіп, ыдырап кеткен... Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы пролетариат басшылығы мен Қазан революциясының арқасында, Патша өкіметінің құлдығынан құтылған соң жасалып отыр» [10], — делінеді. С.Асфендияровтың бұл еңбегінде 20–30-жылдардағы Кеңес үкіметінің тарихи ғылымына қатысты саясаты мен зерттеу проблематикасы көрініс тапқан.

1934–1937 жылдар арасында С.Асфендияров газет жəне журнал беттерінде республиканың революцияға дейінгі жəне Кеңестік тарихының өзекті мəселелері бойынша мақалалар мен хабарламаларды жариялап, түрлі тарихи еңбектерді өңдеуден өткізуге жəне тарихи мəселелерді талқылауға қатысты.

Сонымен, Санжар Асфендияров ауқымды ұйымдастырушылық жəне қоғамдық жұмыспен айналыса жүріп, өзінің ғылыми ізденістерін жүргізуге мүмкіндік тауып отырған. Көптеген жылдарға созылған ғылыми-зерттеу жұмысының заңды нəтижесі ретінде ғалымның еңбектері көпшілікке таңымал болған ғылыми еңбектері өмірге келіп, артынан өзінің бай ғылыми мұрасын қалдырған болатын.

Асфендияровтың өмірінің соңғы жылдарында атқарған жемісті жұмыстары

Қазақ АКСР-і құрылғаннан кейін ғылым, өнер мəселелерінің бəрін жəне архивтерді ағарту Халық комиссариатының ғылыми бөлімі немесе секторы басқарды. Ол 1921 жылғы тамыз айында Академиялық орталық болып қайта құрылды. Оның бастамасымен 1924 жылы алғашқы археологиялық карталар жасалды, қазақ халқы тарихының жекелеген мəселелері, оның ішінде халық- азаттық қозғалысы тарихы зерттеле бастады. 1926 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы табиғат ресурстарын зерттеу жөніндегі экспедиция құрылды. 1932 жылғы наурызда Алматыда КСРО Ғылым академиясының тұрақты базасының құрылуы республикадағы ғылымның дамуында маңызды кезең болды [11].

Санжар Асфендияров 1931 жылы ҚазАКСР-нің Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындылып, елдегі денсаулық сақтау жүйесін ретке келтіру жолында қажырлы еңбек етті. Ол отызыншы жылдары КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасының іргетасын қалаған ұйымдастырушылардың жəне алғашқы жетекшілерінің қатарында болды. С.Асфендияров 1932 жылы мамырда                  А.Н.Самойлович,   Б.А.Келлер,   О.Э.Брицке       сынды       академиктермен,   М.Н.Төлепов, Г.Барышников сынды профессорлармен бірге қазақстандық базаның Президиум құрамына енді [8; 9]. 1933–1937          жылдары      Санжар Жағыпарұлы      Қазақ            ұлттық      мəдениет        ғылыми-зерттеу институтының тарих секторының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық   базасы, артынан филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды [1; 482].

Туған жерінің ардақты азаматы ретінде өз ғұмыры мен барлық күш-жігерін туған халқына адал қызмет етуге арнаған С.Асфендияров 30-шы жылдардың екінші жартысында жалған жаламен ату жазасына кесілген саяси қуғын-сүргіннің құрбандарының бірі болды. Атақты ғалымның Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы жөнінде ашық айтылған, отаршылдықты əшкерелеген тарихи шығармаларын оқуға тыйым салынды.

1938 жылы 13 сəуірде А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханада жұмыс істеген С.Асфендияровтың əйелі Рабиға Лапина қамауға алынып, Түркістан əскери округі трибуналының шешімімен сегіз жылға сотталып, саяси тұтқындардың Қарағанды лагеріне аттандырылды.

Түйін

1990 жылдың басында Мəскеудегі КГБ-дан — КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен — Кеңес    Одағы    Жоғарғы       соты      Əскери      алқасының    көшпелі    сессиясы    үкімімен       атылған қазақстандықтардың бес жүзден астам алғашқы үлкен бір тобының тізімін алуға қол жеткізілді. Сол тізімнен Санжар Асфендияровтың 1938 жылғы 25 ақпанда атылғаны белгілі болды. Санжар есімі тізімде үшінші болып тұрған еді. Осы 25 ақпан күні Асфендияровпен бірге, іштерінде Қазақ Республикасының белді қайраткерлері Сейітқали Меңдешов, Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Жанайдар Сəдуақасов, Ғабдұлхакім Бөкейханов, Шəкір Дивеев, Сүлеймен Есқараев, Тел Жаманмұрынов,                     Құдайберген                             Жұбанов,        Ізмұқан      Құрамысов,                  Қабылбек      Сарымолдаев,       Сəкен Сейфуллин, Қайсар Тəштитов, Ғаббас Тоғжанов бар, барлығы 39 қайраткер атылған болып шықты [12].

Санжар Жағыпарұлы сойқан нəубеттің құрбаны болып кеткенімен ұрпақ оны ұмытпады. Оның ісі 1958 жылғы 27 мамырда қайта қаралып, ғалым есімі жазықсыз жаладан аршылып, ақталды. Бірақ қайраткердің өмірі мен саяси қызметі жайындағы деректер тоталитарлық жүйе тұғыры шындап шайқала бастағанға дейін толық ашылмаған күйі қала берді. Кеңестік дəуірде ғұлама ғалымның қаламынан туған еңбектердің ешқайсысымен тікелей таныса алмадық.

Тек тоқсаныншы жылдардың басынан бастап халықтың аяулы ұлы Санжар Асфендияровтың есімін мəңгі есте қалдыру шаралары жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары оның еңбектері қайта басылып шықты. Іргесін өзі қалаған Алматы медициналық институтына (бүгінгі университетке) есімі берілді. Сонда мұражайы ашылды. Тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды. Алматы қаласының бір көшесіне есімі берілді. Биыл, міне, туғанына 125 жыл толуы атап өтілуде.

Алдағы уақытта мемлекет қайраткері, ғалым, педагог Санжар Жағыпарұлы Асфендияровтың есімін ұлықтайтын, əрі кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тартатын тарихи-танымдық көп шаруа тындырылары анық.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия: 1-т. / Бас ред. Ə.Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. бас ред., — 720 б.
  2. Қуандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дəуірі жəне тəуелсіз Қазақстан): Оқулық. — Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», — 62-б.
  3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы: Оқулық. — Алматы: Алматыкітап, 2007. — 208-б.
  4. ҚРОММ (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты). — 1142-қ., 1-т., 1-іс, 5а– 6-б. // Приказы по Казахскому государственному университету, 5 сентября 1928 года – 30 декабря 1930 года.
  5. ҚРОММ. 1142-қ., 1-т., 1-іс, 45а, 61–63-б. // Приказы по Казахскому государственному университету, 5 сентября 1928 года – 30 декабря 1930 года.
  6. ҚРОММ. 1142-қ., 1-т., 6-іс, 89-б. // Приказы по Казахскому государственному университету, 2 января 1931 года – 29 декабря 1931 года.
  7. Алаш. Алашорда: Энциклопедия / Құраст.: Ғ.Əнес, С.Смағұлова. — Алматы: Арыс, 2009. — 61,62-б.
  8. Пірəлиев С.Ж. Ұлтымыздың тұңғыш педагог-ректоры // Түркістан. — 2008. — 11 желт.
  9. Жұмабаева Ж. Асфендияров — тұңғыш марксист тарихшы // Қазақ тарихы. — 2010. — № 6 (105). — 23-б.
  10. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. — Алматы: Санат, 1994. — 32–36-б.
  11. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. — Алматы: ҚМЭБИ баспасы, 1995. — 175-б.
  12. Қойшыбаев Б. Қайраткер жəне ғалым (Санжар Асфендияровтың туғанына 120 жыл толуына) // Егемен Қазақстан. — 2009. — 8 желт. — 6-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.