Қазақстан экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды зерттеуге әдістемелік тәсілдемелер
Экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды ұйымдастыру экспорт жағынан не себептен жекелеген экономикалар мен салалар табысты екенін түсіндіретін әдістемелік тәсілдемелерді талап етеді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның экономикасының дамуы әлемдік эконо миканың қиын жағдайы шартында болып жатыр. Мүше мемлекеттер экономикасының энергия тасымалдаушылар әлемдік нарығының баға конъюнктуасына тәуелділігі оларды әлемдік геосаяси жағдайлардан әлсіздігін көрсетеді. Әлемдік экономиканың жаһандану шартында Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне тиімді және ауқымды қатысуының өсуі мен сыртқы сауданың сандық және сапалық өсуінің анықтаушы бағыты экспорттық әлеуеттің әртараптығы болуы керек. Мақалада ұлттық экономикалардың экспорттық бәсекеге қабі леттілігін бағалауға әдістемелік тәсілдемелер қарастырылған және соған негізделіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет тер үшін даму ұсыныстары көрсетілген.
Чуланова З.К., Алимбетова Ж.С.
2016