Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚЖаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі аясындағы Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарында орнатылған. 2002 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл бір-біріне шекаралас орналасқан екі елдің арасындағы мұнан кейінгі қатынастарды айқындап берген ең маңызды құжат болып табылады.

Қазақстан ҚХР-дың Орталық Азиядағы ең ірі және Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында Ресейден кейінгі екінші ірі сауда серіктесі болып табылады. Қазақстан Еуразия құрлығының жүрегінде орналаса отырып, Қытай, Еуропа, Ресей және ТМД мемлекеттері нарықтарын және Еуропалық Одақ, Орталық Азия және Парсы шығанағын көлік дәліздерімен байланыстырады.

Екі мемлекет арасындағы қатынастардың тарихы терең. Бүгінгі күні бұл қатынастар барлық бағыттар бойынша қарқынды дамуда. Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады [1].

Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі екіжақты әрекеттесудің барлық салаларындағы жаңа жобалармен толыға түсуінде. Бұған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты бастамасын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «ХХІ ғасырдағы Теңіз Жібек жолы» атты екі стратегиялық жобасын қамтитын «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыруда жетекшілік рөл атқарады.

Қазіргі таңда Еуразия елдері ғана емес, сондай-ақ барлық әлем Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы өңірдің көптеген елдері үшін перспективалы транзиттік дәліз ретінде қарайды. Бірақ ұзақ уақыт бойы біздің дәуірімізге дейінгі екінші ғасырда болған керуен жолдарына аса мән берілген жоқ. Тарихи бағытты қайта жаңғырту туралы XX соңында ғана аса күрделі ауа райы жағдайында тиімділікті сақтай отырып, үлкен трансконтиненттік тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологиялар мен көлік пайда болғанда ғана айтыла бастады.

Орталық Азия өңірінде транзиттік дәліздерді дамытумен қатар Қытай елдің шығысындағы ірі порттарды батыс шекарасына өтумен байланыстыратын заманауи көлік желісін қалыптастыра бастайды. Сары теңіз жағалауындағы Ляньюньгань портынан бастап Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» бақылау-өткізу бекетіне дейінгі Бірінші Трансқытайлық автомагистралі 2004 жылдың 8 тамызында ашылды. Ұзындығы 4393 шақырым болатын жол 1990 жылдан бастап салынды. Жолдың техникалық сипаттамасы сағатына 120 км орташа жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді, автобан ҚХР-ның шығыс шекарасынан бастап батыс шекарасына дейінгі жолды 15 тәуліктен 50 сағатқа дейін немесе 7,5 есеге қысқартты.

Жекелеген көлік дәліздерін құру Ұлы Жібек жолы бағытын жаңғырту ретінде 2012 жылы қалыптасты. Онда Шетел инвесторлары кеңесінің 25-ші отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа Жібек жолы» ауқымды жобасының бастау алғанын жариялаған болатын. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы қыркүйекте Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында алғаш рет Назарбаев Университетінде Орталық Азия елдерімен бірге Еуропа мен Орталық Азияны жалғайтын «Жібек жолы экономикалық белдеуін» құру бастамасын, ал осы жылдың қазанында ҚХР Төрағасының Индонезияға барған сапарында Қытайдың Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, сонымен қатар Шығыс Африка және Еуропа  елдерімен  ынтымақтастықты  кеңейту  үшін

«XXI ғасырдың теңіз Жібек жолы» бастамасын ұсынды. Қазіргі таңда Қытай ең ірі екі экономикалық жобаны жүзеге асыруда: құрлықта «Жібек жолы экономикалық белдеуі», теңізде «XXI ғасырдың теңіз Жібек жолы» [2].

2014 жылы 11 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы жарияланды [3]. «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық  саясаты бұл болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады.

Қытайдан Еуропа бағытына жүк транзиттерін Қазақстан арқылы жаңа контейнерлік пойыздармен жіберу, қытайлық компанияларға өз тауарларын Еуропа мен ТМД нарықтарына шығарудың жылдамдық және сенімділік сияқты артықшылықтарын берумен қатар, екі ел аймақтары арасындағы сыртқы сауда байланыстарының дамуына қосымша ықпал етеді.

2015 жылы Ляньюньган (Цзянсу өлкесі) теңіз портында орналасқан қазақстандық – қытайлық логистикалық терминал өз жұмысын бастады. Бұл терминал арқылы қазақстандық тауарларды Жапония, Оңтүстік Корея, Азия – Тынық мұхиты аймағы елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік ашылады. Бұған қоса, біріккен кәсіпорын халықаралық мультимодальдық тасымалдауларды, жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, консультациялық және көлік-экспедиторлық қызметтерін көрсететін болады.

Сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің құрылысы аяқталуда. Аталған көлік желісі жүктердің Қытайдан Еуропаға дейін жеткізілу мерзімдерін теңіз жолымен салыстырғанда 3,5 есе қысқартпақ. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға және жүктердің транзитінен табыс алып, логистиканы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [4].

«Жаңа Жібек жолы» жобасының артықшылығы «5С принципі – жылдамдық, сервис, баға, сақталу және тұрақтылықты» жүзеге асыруға негізделеді.

Көптеген отандық сарапшылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Жаңа Жібек жолын құру бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру Қазақстанға халықаралық нарықтарға қолжетімділіктің бірегей мүмкіндіктерін беріп, өңірге инвестиция тартудың қуатты құралына айналады деп бағалауда.

Қытайдың Жаңа Жібек жолы көліктік дәлізін құру туралы Стратегиялық бастамасы қазақстандық өнімдер үшін әлемдік нарықтарға жол ашады және де экономикалық зор табыс әкеледі. ҚХР төрағасының «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы идеясы Қазақстан үшін аса табысты болмақ, себебі біз инфрақұрылымдық жобаларға көп инвестиция салдық. Біздің стратегиялық мақсатымыз Орталық Азия өңірінің ірі іскерлік және транзиттік хабына, Еуропа мен Азияны жалғайтын көпірге айналу. Көлік дәліздерінің Орталық Азия өңірі арқылы өтетін кез-келген нұсқасында Қазақстан транзиттік және логистикалық үдерістердің орталығы болмақ, бұл зор экономикалық нәтижелер-  ге ие болуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін әлемдік нарықтарға қолжетімділікке ие болу маңызды [5].

Ішкі континенттік дәліздердің әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан 2020 жылға дейін Шығыс пен Батыс арасындағы транзит көлемін екі есеге арттыру мақсатын алға қойды.

Қытайдың орталық және батыс провинцияларынан экспортты жедел дамыту және арттыру бұл мақсатқа жетуге септігін тигізеді. БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференцияның (ЮНКТАД) мәліметтеріне сәйкес Еуразия континентіндегі негізгі нарықтар арасында 2020 жылға сауда көлемі 1,5 есеге – 800 млрд доллардан 2014 жылы 1,2 трлн долларға дейін артады. Қытай мен Еуропалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы 615-тен 800 млрд АҚШ долларына дейін, Қытай мен Үндістан арасында 2020 жылға қарай 66-дан 92 млрд долларға дейін артады деп күтілуде. Сонымен бірге, Азия мен Еуропа арасындағы континентаралық жүк тасымалдарында теңіз көлігі басымдыққа ие, оның үлесіне 98% астам тиесілі. Демек, сарапшылардың пікірінше, ішкі континенттік дәліздерге көшу Қазақстанға зор мүмкіндіктер береді [6]. Қытай соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстанның негізгі шетелдік инвесторларының қатарында. Тек қана соңғы екі жыл ішінде, тараптар жалпы сомасы 73,5 млрд доллар құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде екіжақты құжаттарға қол қойды. Біздің статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2014 жылы 31 желтоқсанға дейін Қазақстанның экономикасына 18,65 млрд доллар қытайлық инвестициялар тартылып, оның ішінде тікелей инвестициялар – 4,08 млрд доллар құрды. Сонымен бірге ҚХР-ға жасалған қазақстандық инвестициялар көлемі 3,06 млрд доллар құрап, оның ішінде тікелей инвестициялар – 188,7 млн долларға жетті [7].

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске қосу және Астанада халықаралық қаржы орталығын құру бойынша идея, сондай-ақ ҚХР-мен бірге «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанға шетелдік инвестициялардың келуіне маңызды жаңа серпін береді.

Егер Қазақстан үшін Жібек жолы бағыттарын қайта жаңғырту республиканың тиімді геосаяси орналасуын ескере отырып, ең алдымен республиканың транзиттік әлеуетін ашу болса, көлік дәлізінің шығыс жартысын құруға бастамашы болған ҚХР үшін «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасы бұл маңызды дипломатиялық қадам. Қазіргі және болашақ жобалар Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын бекіте түседі. «Нұрлы жол» – көліктік инфрақұрылым мен қайта индустриялизациялау сияқты нақты міндеттердің жүзеге асырылуын қамтитын ұлттық бағдарлама. Ал бұл – жаңа өндірістер, жаңа жұмыс орындары. Сондықтан, тактикалық тұрғыда біздің бағдарламамыз да, Қытайдың бастамасы да көп жағдайда ұқсас. Жолдар құрылысы өңірлерді байланыстырып, ауыл мен қаланы жақындатуға, еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ, азаматтарға өндіруші нарықты қолжетімді етудің арқасында сауда-саттық жанданады.

Қазақстан – географиясы бойынша транзитті мемлекет. ЖЖЭБ (Жібек жолы экономикалық белдеуі) шеңберіндегі барлық көлік бағыттары біздің территориямызбен өтеді. Біріншіден, Қытайдың мүддесін қазақстандық көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін пайдалануға мүмкіндік; екіншіден, транзиттік дәліз үшін ақша; үшіншіден, жаңа жұмыс орындары; төртіншіден, Қытаймен ынтымақтастық салаларын кеңейту. ЖЖЭБ арқылы тек жол құрылысы саласында емес, экономиканың нақты секторында да ынтымақтастықты арттырамыз. Ең бастысы, бұл жобада Қазақстан өз ұлттық мүддесін қатаң ұстана білуі тиіс.

Жібек жолының дамуы Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың шекаралық өңірлерінің өңірлік деңгейдегі өзара қарым-қатынас мәселелері секілді проблемаларын шешуге көмектесетін болады.

Жібек жолы – экономикалық белдеуінің негізгі құрамдас бөлігі. Жібек жолы экономикалық белдеуінің тұжырымдамасында және «Нұрлы жол» бағдарламасында қарастырылған идеялардың тамаша үйлесімі. Қытайдың басты мақсаты жаһандық сауда державасына айналу болса, Қазақстан жариялаған басты мақсат – көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту. Бұл екі жобада бұл мәселені шешеді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Мұқаметханұлы Н., Кәрібжанов Ж. Қытайдың сыртқы саясаты және Қазақстанмен қатынасы (2000-2010 жылдар).
  2. Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 254 б. Б.177.
  3. Юй Чжочао. Проект 21 века – экономический пояс Шёлкового пути/ rusila.su/2015/.../proekt-21-veka-ekonomicheskijpoyas-shyolkovogo-p [22.10.2015]
  4. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы/ww.inform.kz/ kaz/article/2715695 [11.11.2014] 
  5.  Батыс Еуропа – Батыс Қытай: дәліздің мәңгілік елге тигізер пайдасы қандай?/el.kz/.../Батыс-Еуропа-Батыс-Қытайдәліздің-... [30.07.2014]
  6. Сыроежкин К.Л. Концепция формирования «экономического пояса на Шелковом пути»: проблемы и перспективы// Казахстан в глобальных процессах. – №1. – 2014. – С. 54-64.
  7. «Қазақстан – Жаңа Жібек Жолы» жобасына артылған сенім мол. «Қазақстан – Жаңа Жібек Жолы». Келешекте бұл жоба халықаралық деңгейдегі көліктік-логистикалық жүйеге айналмақ /www.railways.kz/node/5821 [8.11.2013]
  8. Бiздiң мемлекеттер арасындағы қатынастардың тарихы терең/ baq.kz ақпараттық портал [12.05.2015]

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.