Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медиа саласындағы халықаралық стандарттар

Медиа саласындағы отандық құқық өрісі халықаралық стандарттар бағытында үздіксіз кеңейіп дамып келеді. Қызметі қоғамдық өмірдің барлық дерлік саласын қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарын маңызды институт десек те болады. Себебі, ол адамның дүниетанымын, қоғамда татулық және тұрақтылық қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда отандық БАҚ байланысты заңнама, жалпы алғанда, көпшілік мақұлдаған әлемдік принциптерге сәйкес келеді. Тәуелсіздікке қол жеткізген шақтан бастап Қазақстан сөз бостандығы құқығы және БАҚ қызметі құқығының мәселелерін реттейтін көптеген халықаралық келісімдерге қосылды. Сондай-ақ, халықаралық міндеттемелерді орындау барысында елімізде маңызды заңдар қабылданып, шаралар атқарылды. Ол өз кезегінде бүгінгі күні ақпарат құралдары саласының, жалпы медиа нарығының қарқынды дамуына себеп болып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған шағынан адам құқығы мәселесіне зор көңіл бөлетін ықпалы күшті ұйым. Аталмыш ұйымның үлкен жетістігі ретінде адам құқығын қорғайтын жаңа әмбебап стандарттарды жасап шығаруын атасақ болады. Дегенмен де, мемлекеттердің көбі қабылданған стандарттарды ұстана бермейді, сондықтан да бұл жағдай қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Демек, мемлекеттердің адам құқығы туралы аймақтық және дүниежүзілік халықаралық келісімдерге енгізілген стандарттарды тәжірибе барысында қолдану керектігіне көзін жеткізу қажет. Негізгі құжаттардың әрқайсысының қолданылу механизмі қамтылған. Пікір еркіндігі, сөз және ақпарат еркіндігі құқықтары барлық халықаралық конвенцияларға енгізілген. Аталған халықаралық құжаттар сөз еркіндігінің құқығын ғана жарияламайды, сонымен қатар, бұл құқықты үкімет шектей алатындай негіз жасайтынын естен шыгармаған жөн. Сөз еркіндігі құқығына шектеу қойылған жағдайда, оны атқарушы билік емес, сот органы анықтауы қажет. Яғни, демократиялық қоғам жағдайында сөз еркіндігі құқығын шектеу қажет екендігін дәлелдейтін көрнекі дәлелдер болуы тиіс. Ақпарат еркіндігінің ішкі және халықаралық құқықтық кепілдігін қолдану ісі бойынша сот, міндетті түрде, үкімет әрекеттерін және шектеу қоятын заңдарды  қадағалауы тиіс.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл қызметінің негізі – Адам құқығының жалпыға  бірдей декларациясы. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы БҰҰ жарғысына сәйкес міндеттеуші емес тек ұсыныс сипатына ие, сондықтан қарар болып табылады. Бұл декларация қазіргі күні де, адам құқығын жаппай құрметтеудің негізгі құжаты. Декларация Ережелерін халықаралық қауымдастықтың көптеген мемлекеттері қабылдады. Қазақстан Республикасы да өз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін,  1992 жылдың

2 наурызында халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Сондықтан Қазақстан  мемлекеті де адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесінде БҰҰ Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясына сілтеме жасайды. Декларацияның 19 бабында былай делінген:

«Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды» [1]. Бұл абсолютті құқық емес, әрине. 29 баптың 2 тармағында «тек басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде тану және құрметтеу мақсаты көзделген жағдайда ғана және демократиялық қоғамдағы моральдің, қоғамдық тәртіп пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда ғана» [1, 29 бап] адам құқықтары мен бостандықтары заңмен белгіленген шектеулерге ұшырауы мүмкін.

Ғалым А.Г. Рихтердің айтуынша «бұл қағида БҰҰ мемлекеттерінде тікелей қолданылмаса да, бүкіл әлемге айтылған маңызды саяси үндеу іспеттес. Көптеген заңгерлердің ойынша, бұл қағида барлық мемлекеттерге қолданылатын халықаралық әдет-ғұрыптың құрамдас бөлігі» [2].

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт халықаралық маңызы бар, 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған құжат. Бұл құжат заңды күшіне 1976 жылы қабылданған экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы келісіммен қатар енді.  Әлем-  нің 166 мемлекеті бекіткен бұл келісім Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясында қамтылған адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын заңдастыру саласындағы  ынтымақтастықтарды бекітеді. Бұл құжаттың да 19 бабы пікір білдіру еркіндігі және ақпарат бостандығына арналған. Бұл бапта Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясына қарағанда еркіндік пен бостандықтың шекарасын нақтырақ айқындайтын сипаттамалар берілген. Нақтылықтың пайда болуына бір мемлекеттің екінші мемлекетті өз азаматтарына ақпаратты еркін алуына және таратуына рұқсат бермейді деп айыптауы ықпал етті. Екінші мемлекет өз азаматтарын шетелдерден тарайтын соғысты, фашизмді, зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттайтын ақпараттардан қорғайтынын алға тартты. Келіссөз нәтижесінде, әрбір адам өз ой-пікірін еш кедергісіз ұстану, мемлекеттік шекараларға қарамастан кез-келген ақпараттар мен идеяларды еркін іздеу, тауып алу және оларды өз қалауынша таңдап алған құралдар арқылы ауызша, жазбаша немесе баспасөз арқылы немесе көркемдік бейнелеу формалары түрінде тарату бостандығын сақтап қалған 19 баптың тармағына аталған құқықтарды пайдалану адамға ерекше міндеттер мен жауапкершілік жүктейтіні туралы норма қосылды [3]. Аталған ерекше жауапкершілік дегеніміз ақпарат еркіндігін пайдалану құқығы шектелуі мүмкін деген сөз. «Осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды қолдану ерекше міндеттер мен ерекше жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан оларды қолдану кезінде кейбір шектеулердің кездесуі мүмкін, алайда ондай шектеулер заңмен белгіленіп және:

а) басқа тұлғалардың құқықтары мен абырой-беделін құрметтеу;

  1. b) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, жұртшылықтың денсаулығын немесе имандылығын қорғау қажеттілігінен туындауы тиіс» (19 бап, 3 тармақ) [3, 19 бап 3т.]. Демек, мұндай шектеу кез-келген ұлттық заңнамадан орын алуы керек.

18 бап – ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына, ал 19 бап – сөз еркіндігіне кепілдік береді; 20 бапта – соғысты қандай түрде болса да насихаттауға заң тұрғысынан тыйым салынған. Нақтырақ айтқанда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 20 бабы қатысушы-мемлекеттерден кемсітушілікке, алауыздыққа немесе адамды жәбірлеуге негізделген соғыс насихатына, ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділікті қоздыруға заңмен тыйым салуды талап етеді [3, 20 бап].

Баспасөз пікірді еркін білдіретін және ақпарат еркіндігі құқықтарын жүзеге асыратын маңызды құрал екендігін ескерсек, БАҚ-тың пікірді еркін білдіру құқын жүзеге асыру қабілетіне немесе халықтың ақпарат алу құқығына әсер ететін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы кез-келген заңдар мен нормативтік актілер осы талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге 2003 жылдың 2 желтоқсанында қол қойып, 2006 ж.

24 қаңтарында бекітті. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына қарағанда халықаралық келісім және қосылған мемлекеттерге құқықтық міндеттемелер жүктейді. Қазақстанның Конституциясының 4 бабына сәйкес Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады.

Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнi орындауы  тура-  лы баяндамада мынадай мәліметтер келтірілген: «Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Конституцияда сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым  салына-  ды. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез-келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi» [4].

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің қорытынды актісі (Хельсинк қорытынды актісі). Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 ж. мүшелікке кірді, ал сол жылдың тамыз айында аталмыш актіге қол қойды. ЕҚЫҰ-ның мүшесі ретінде Қазақстан осы ұйымның сөз бостандығын қорғайтын түрлі құжаттарын ұстану керек. Атап айтсақ, Хельсинкіде қол қойылған қорытынды акті, Адам құқығы мәселелері бойынша Копенгагендегі кеңестің қорытынды құжаты, 1990 ж. Париж хартиясы, 1994 ж. Будапештегі жоғары  деңгейде  кездесудің  қорытынды құжаты, 1999 ж. Стамбулдағы жоғары деңгейде кездесудің декларациясы.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің қорытынды актісі 1975 ж. Хельсинкіде қабылданды. Қорытынды актіге сәйкес он принцип, яғни он ұстаным берілген. Мемлекеттер аталған принциптерді өзара қарым-қатынас барысында басты назарға алуы тиіс. Сонымен қатар, қорытынды акті барынша нақты талаптардан құрылған үш «пакетті» қамтиды, оның ішінде «гуманитарлы және басқа салалардағы ынтымақтастық» туралы. Мұнда адамдар арасындағы байланысқа жәрдемдесу, түрлі ақпараттарды таратуды жақсарту және журналистердің қызмет жағдайын жақсарту туралы тараулары қамтылған.

1975 ж. Хельсинкі актісіне қатысушы мемлекеттер тарапынан келісілген заң бойынша «өзге қатысушы-мемлекеттен ақпарат тарату маңызды» және «ақпараттың кез-келген түрін еркін әрі кеңінен таратуды жеңілдету керек» және «басқа елдермен ақпарат саласындағы ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды ынталандыру қажет» [2]. Қорытынды актіге қол қойған қатысушымемлекеттер басшылары ақпараттың әлеуметтік маңыздылығын мойындады, ақпараттың халықтар арасындағы сенімді нығайтуға үлкен үлес қосатынын да жоққа шығарған жоқ. Осыған байланысты, «баспасөздің, радио мен теледидардың, кино және телеграф агенттіктерінің, осы салада қызмет ететін тілшілердің маңызды рөліне» ерекше көңіл бөлінді. Сондықтан «түрлі формадағы ақпараттардың еркін әрі кеңінен таралуын жеңілдету, ақпарат және басқа елдермен ақпарат алмасу саласында ынтымақтастықты ынталандыру» және «бір қатысушы-мемлекеттен келіп екінші қатысушы-мемлекетте кәсіби қызметін атқарып жүрген тілшілердің жағдайын жақсарту» міндеттемелері қабылданды.

ҚР Конституциясында өз ойын білдіру саласындағы негізгі халықаралық стандарттар қамтылған. 1995 ж. республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясының 1 б. Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде және оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігін бекітеді [5]. 12 бапқа сәйкес Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі, сонымен қатар, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан оны ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» [5, 12 бап].

Конституцияның 20 бабы сөз бостандығына және шығармашылыққа арналған. 20 бапқа сәйкес сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Алайда ақпарат еркіндігіне шектеу дәл осы баптың 2 және 3 тармақтарында белгіленген:

«2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен еркін ақпарат алуына және таратуына құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.

  1. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектіктоптық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді» [5, 20 бап 2 т.,3 т.].

Сонымен қатар, Конституцияның 18 бабы бойынша әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар; өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар [5, 18 бап]. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары аталған тармақтар бойынша тұлғаның арнайы рұқсатынсыз ақпарат жинауға, таратуға құқы жоқ.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы. 19 бап. 10 желтоқсан, 1948ж. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/ O
  2. Рихтер А.Г. Международные стандарты и зарубежная практика регулирования журналистики: учебное пособие. – М.: Изд.: ЮНЕСКО, 2011.
  3. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт. 19 бап. 16 желтоқсан, 1966 ж. http://adilet.zan.kz/kaz/ docs/Z
  4. ҚР Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындау туралы баяндама. 19 бап, 3 т. 12 маусым, 2009 ж. http://adilet.zan.kz/kaz/docs /P
  5. ҚР Конституциясы. 1 бап. 30 тамыз 1995ж. http://adilet.zan.kz/kaz/docs /K950001000.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.