Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісінің кейбір ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 15 бабы негізінде қылмыстың субъектісі дегеніміз – белгілі бір жасқа толған есі-дұрыс адам. Қылмыстың субъектісі болып заңды тұлғалар танылмайды. Субъектісіз қылмыс та болмайды. Қылмыстың субьектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыстық, заңда белгіленген белгілі жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер қандай да болмасын қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. Қылмыстың субъектісін дұрыс анықтау, тергеу сот органдарының тәжірибелік қызметінде үлкен маңызға ие. В.Н. Кудрявцевтің ойынша, кінәлінің жасы, бұрынғы соттылығының болуы және арнаулы субъект сияқты субъектінің бірқатар белгілері қылмысты саралау үшін ықпал етеді [1, 161 б].

Медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі арнаулы субъект қатарында орын алады. Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері олардың субьектісінің ерекше мәртебесімен және кәсіби қызметінің әлеуметтік мәнімен анықталады. Отандық қылмыстық құқық доктринасына сәйкес, ҚК Ерекше бөлімінің баптарында субъектінің ерекше белгілері көзделсе арнаулы субъект болып танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнаулы субъектісі деп, жалпы субъектінің қажетті белгісінен басқа (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) сияқты белгілерден басқа нақты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған үшін басқа тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше қосымша белгілер болуы қажет. Медицина қызметі саласында қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің белгілерін анықтау барысында анықтаушы фактор ретінде заңмен белгіленген медициналық көмек көрсету болуы тиіс.

В.С. Орловтың пікірінше, арнаулы субъекті деп ҚК-тің баптарының диспозициясында қосымша белгілері мен ерекшеліктері бар тұлғалар жатқызылады [2, 138 б].

В.В. Устименконың пікірінше арнаулы субъекті деп арнайы және қосымша белгілері бар тұлғалар танылады [3, 8-9 бб].

Заңи әдебиетте қылмыстың арнаулы субъектісінің ұғымы мен белгілерінің анықтамасына байланысты бірыңғай көзқарас жоқ дей келе, Р.О. Орымбаев, «тиісінше арнаулы субъект, субъектінің жалпы қажетті белгілерінен (есі дұрыстық,  белгілі бір жасқа толу) басқа аталған қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше, қосымша белгілерді иеленген тиісті адам танылады», – деді [4, 39-  46 бб].

Қылмыстың арнаулы субъектісін топтастыруда әртүрлі көзқарастар бар. М.Н. Сыздықов арнаулы субъект белгілерін төрт топқа бөлді: азаматтық-құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер, демографиялық белгілер, лауазымдық жағдайын, атқаратын жұмысын және кәсібін сипаттайтын белгілер, бұрынғы әлеуметке қарсы іс-әрекетімен немесе қылмыстарды бірнеше рет жасауымен сипатталатын белгілер.

С.С. Молдабаев және С.М. Рахметов арнайы субъектінің келесідей белгілерін сипаттайды: субъектінің жәбірленушімен өзара қатынасын сипаттайтын белгілер, физиологиялық және демографиялық қасиетін сипаттайтын белгілер, құқықтық жағдайын немесе әлеуметтік рөлін сипаттайтын белгілер.

Арнаулы субъектінің осындай белгілерін көрсете отырып, аталған авторлар келесідей жіктеу береді: 1) құқықтық жағдайымен байланысты, 2) демографиялық факторымен байланысты,әлеуметке қарсы іс-әрекетімен байланысты [5, 75-76 бб].

А.Н. Ағыбаев арнайы субъектіні жоғарыға ұқсас бірқатар белгілері бойынша топтастырады [6, 90 б].

Ресей ғалымы Г.Н. Борзенков арнаулы субъектіні белгілері бойынша мынадай үлкен үш топқа бөледі: а) құқықтық жағдайы, ә) тұлғаның тәндік қасиеті, б) субъектінің жәбірленушімен өзара қатынасы [7].

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 12 тарауы «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» үшін қылмыстық жауаптылық көздегендіктен, осы құрамдардың субъектісі ретінде медицина және фармацевтика қызметкерлерін танимыз. Жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексте «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық» құрамдарына келесі құрамдар жатады:

  • Медицина және фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (Қылмыстық кодекстің 317-бабы);
  • Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу (Қылмыстық кодекстің 318-бабы);
  • Заңсыз түсік жасау (Қылмыстық кодекстің 319-бабы);
  • Науқасқа көмек көрсетпеу (Қылмыстық кодекстің 320-бабы);
  • Дәрігерлік құпияны жария ету (Қылмыстық кодекстің 321-бабы);
  • Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (Қылмыстық кодекстің 322-бабы);
  • Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу (Қылмыстық кодекстің 323-бабы);

2015 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін соттық тергеуге дейінгі бірыңғай реестрде 367 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің баптары бойынша:

Медицина және фармацевтика жұмыскерінің  кәсіптік  міндеттерін  тиісінше орындамауы 322 қылмыстық құқық бұзушылық.

Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу – 2 қылмыстық құқық бұзушылық.

Заңсыз түсік жасау – 32 қылмыстық құқық бұзушылық.

Науқасқа көмек көрсетпеу – 8 қылмыстық құқық бұзушылық.

Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау – 2 қылмыстық құқық бұзушылық.

Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу – 1. қылмыстық құқық бұзушылық [8].

Енді біз медицина және фармацевтика қызметкерлерінің субъект ретіндегі ұғымын нақтырақ аша түссек. Медицина қызметкерлері біліктілік деңгейіне сәйкес мамандығы бойынша кәсіби қызметті атқаруға құқығы бар. Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген жағдайлардан басқа, мемлекет органдары және басқа да ұйымдар, сондай-ақ азаматтар тарапынан медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне араласуға тыйым салынады.

Фармацевтика қызметкерінің ұғымын анықтап алмастан бұрын, фармацевтикалық қызметтің түсінігін ашып кетсек. Фармацевтикалық қызмет деп денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын,   дәрілік   заттардың (препараттардың) қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етуді, дәрілік заттардың өндірісін, жасалуын, жойылуын және өткізілуін (бөлінуін) қамтитын қызметті айтамыз.

Фармацевтика қызметкерлері – жоғары фармацевтика біліміне сәйкес дәрілік заттар айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы жоғары фармацевтикалық білімі бар адам. Аталған талаптарды қанағаттандыру үшін химия және биология саласында арнайы дайындықтан өткен жоғары фармацевтикалық білімі бар провизорлар жіберіледі. Құқық бұзушылықтың субъектісі арнайы – заңға және арнайы ережелерге сай кәсіби міндетін атқару барысында көмек көрсетуге міндетті 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті төмендегі мамандар көрсете алады: учаскелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер және медбике. Дәрігерлік құпияның субъектісі жоғары (дәрігерлер) және орта (медбикелер) медициналық білімі бар барлық медицина қызметкерлері, сонымен қатар медициналық білімі жоқ тұлғалар (бала бағушы, күтуші, тіркеуші) болып табылады. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау құрамы бойынша құқық бұзушылық субъектісі болып медицина және фармацевтикалық қызмет түріне сертификаты немесе лицензиясы жоқ 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады. Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу құрамы бойынша құқық бұзушылық субъектісі болып медицина және фармацевтикалық қызмет түріне сертификаты немесе  лицензиясы бар, 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады. Бірақ тікелей кәсіби ем көрсету кезінде барлық медицина қызметкерлері ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттердің ұстанушысы ретінде қарастырылмайды. Осы міндеттерді атқарумен байланысты емес науқасқа операция жасап жатқан бас дәрігер немесе бөлім меңгерушісі, өзінің лауазымдық міндеттерін емес, тек қана кәсіби құзыреттерін жүзеге асырады. Медицина қызметкерлері кәсіптік қызметтерін атқарумен байланысты әкімшіліктің өкілі емес, тек қана хирург немесе гинеколог болады. Лауазымды қылмыстар объект және субъект белгісі бойынша Қылмыстық  кодексте дербес тарауға бөлініп шығарылған. Біз бұл жерде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік және лауазымдық міндеттерінің арақатынасын нақты ажыратуды айтып кетуіміз қажет. Мәселен, аурухананың бас дәрігері жұмысқа орналастырғаны үшін адамнан ақша талап етіп алса, Қылмыстық Кодекстің 366 бабы «Пара алу» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бас дәрігер жеке бас пайдасы үшін құжаттарға өзгерістер енгізсе, Қылмыстық кодекстің 369 бабы «Қызметтік жалғандық жасау» бойынша қылмыстық жауаптылық көзделеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай тұжырым жасауға болады:

Медицина және фармацевтика қызметкерлері субъект ретінде тікелей емдеумен және дәрілік қызметті қамтамасыз етумен байланысты кәсіби міндетін жүзеге асыратындықтан кәсіби міндетіне қарай жіктелуі қажет, ал лауазымдық құзыретін жүзеге асыруға байланысты медициналық қылмыстық құқық бұзушылық жасаған лауазымды медицина қызметкері жаңа Қылмыстық кодекстің 371-бабымен сараланатындықтан лауазымдық белгісі бойынша жіктелуі тиіс.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификаций преступлений. – М.: Юрид. лит. – М.: Юрист., 2006. – 352 с.
  2. Орлов В.С. Субъект преступления по советскому уголовному праву. – М.: Юридическая литература, 1958. – 260 с.
  3. Устименко В.В. Специальный субьект преступления. – Киев: Изд-во Вища школа, – 104 с.
  4. Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. – Алма-Ата: Изд-во Наука Каз ССР, – 155 с.
  5. Уголовное право: Общая часть / под. ред. проф. А.Н. Агыбаева, проф И.И. Рогова, проф Г.И. Баймурзина. – Алматы: Изд-во Қазақ Университеті, 2005. – 242 с.
  6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті-Жарғы, 1999. – 320 б.
  7. Борзенков В.А. Специальный субъект. – htth:// www. ru/ 2006. 05. 18.
  8. Данные комитета по статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры РК «http://service.pravstat. kz»./2015.09.15

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.