Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық валюталық қордың жаһандық реттеу жүйесіндегі рөлі

Қазіргі таңда жаһандық экономика 2007–2010 жылдардағы қаржылық дағдарыстан әлемдік экономикалық дағдарысқа ауысып, шиеленісіп келеді. Әлемдік экономиканың мұндай жағдайға тап болуы, ең алдымен халықаралық қатынастардың«дағдарысынан» болып отыр. Бұл құбылыстар әлемдік экономикалық жүйенің нәзіктігін көрсетіп, әлемдік экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында халықаралық қауымдастықтың бірауыздан келісілген саясаттың жүргізілу қажеттігін айқындап беруде.

Қаржылық дағдарыс салдарын еңсеруде «G20 тобы» мен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) маңызды рөл атқарды. ХВҚ мүше-мемлекеттер арасындағы валюталық-несиелік қатынастарды реттеуге, олардың валюталық қиыншылығы жағдайында қаржылық көмек көрсетуге арнайы құрылған, БҰҰның мамандандырылған халықаралық ұйымы болып табылады [1]. ХВҚ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс (АҚШ) Халықаралық валюта-қаржылық конференциясында құрылып, ұйым қаулысының рөлін атқаратын келісім баптары қабылданды. 1944 жылы құрылған қор өз қызметін іс жүзінде 1946 жылдың мамырында бастады [2]. Қордың құрылуы Бреттон-Вудс әлемдік экономикалық жүйесінің қалыптасуына әкеліп, оның негізіне айналды. Бреттон-Вудс жүйесі құрылғанынан бастап, 1970 жылдарға дейін елдердің әл-ауқаты өсіп, әлемдік экономиканың және сауданың қарқынды дамуына әкелді. Алайда, технологиялардың дамуы мен жаһандық қаржылық жүйесінің күрделенуі ХВҚ кемшіліктерін көрсетті. ХВҚ қабылдаған тіркеулі ақша айырбас жүйесі ескірді. Ғылыми-техникалық үдеріс нәтижесінде ХВҚ өзінің есептеулерінде ҚААҚ (қарыз алудың арнайы құқығы) резервтік құралын енгізіп, 1973 жылы тіркеулі айырбас жүйесінен бас тартты. Бұл әлемдік экономиканың құбылмалылығын арттырып, экономикалық өсудің, сауда, инвестициялардың тұрақсыздығына ықпал етті. Капитал, тауар қозғалысының жиіленуі макроэкономикалық бақылауды күрделендірді [3].

Осыдан, көптеген сарапшылар ХВҚ құрылымын реформалау қажеттілігі туды деген пікірге келді. Сауда, қаржылық саланың қарқынды дамуынан қалмас үшін, ХВҚ өз құрылымын жаңарту мақсатында біршама шараларды жүзеге асырды. Алайда, мамандар бұл шамалы өзгерістердің жеткіліксіздігін алға тартты. ХВҚ-ында квота жүйесінің әділетсіздігі, оның әлемнің жетекші елдерінің мүддесіне қарай жұмыс істеуі, ұйымның легитимділігіне сенімсіздік, күмән келтіреді. ХВҚ және Әлемдік банк біріге отырып, дамушы елдерге қатысты ұсыныстар саясатын жүргізіп отырды, мемлекеттер өздерінің даму деңгейіне қарамастан осы ұсыныстар негізінде нарықтарын ашуға міндеттенді. Бұл батыстық корпорациялардың еркін кіріп, жергілікті өнеркәсіптер өндірісінің жойылуына дейін алып келді. Мұның нәтижесінде ел ішінде кедейшілік күшейіп, әлеуметтік теңсіздік ұлғайды. Сынаушы мамандар ХВҚ-ды әлем бойынша сауда барьерлерін жоятын, өздерінің мүдделерін жүргізетін, батыстың бай елдерінің құралы ретінде қарастыратын болды.

1990 жылдарда Мексика, Аргентина, Шығыс Азия, Ресейдегі қаржылық дағдарыстардан кейін қор жұмысына сын айтушылар көбейіп, реформаның қажеттілігі жиі айтыла бастады. ХВҚ ұсыныстарының кейбір жағдайларында бұл мемлекеттегі дағдарыс керісінше күшейіп кетті [6]. Сын айтушылардың көбеюінен кейін, ХВҚ ХХІ ғасыр басында ұстамды саясат жүргізуіне тура келді. Қорға деген сенімділік жоғала бастап, оның несиелеу бағдарламалары сұраныстан қалды. Мұның салдарынан ХВҚ жағдайы ауырлап, ресурстары азайып, жойылуына алғышарттар жасалған болатын.

Алайда, сарапшылардың пікірі ортақ болды: экономикалық және қаржылық тұрақтылыққа жауап беретін жаһандық халықаралық институттың қажеттілігі бар. Алдымен, институтты реформалау қажеттігі 2008 жылдың қаржылықэкономикалық дағдарысы ұйымның әлсіз тұстарын көрсеткенінен кейін, көрініп, өзектілігі артты. ХВҚ реформасының бастамасын «G20 тобы» көтерді. Бүгінде «G20 тобы» – әлем халқының ¾ бөлігі өмір сүретін, әлемдік ЖІӨ 90% өндіріп, әлемдік сауданың 80% жүзеге асыратын, ЕО пен әлемнің ең ықпалды 19 мемлекетін біріктіретін, бейформалды халықаралық ұйым [10].

«G20 тобының» саммиттері жаһандық реттеу жүйесін қайта қарау қажеттігінен, жиналып қалған, шиеленіскен жаһандық проблемаларды шешу мақсатында ұйымдастырылып, халықаралық экономикалық институттардың әлемнің қаржылық реттеу функцияларын қайта бөлуді қарастыратын болды.

Қаржылық дағдарыс ХВҚ мен «G20 тобының» алдына бірнеше маңызды мәселелер қойды: біріншіден, олар институционалдық ортаны құру, екіншіден, әлемдік валюталық дисбалансты жойып, әлемдік экономиканың тұрақтылығын қалыптастыратын құралдарды табу.

«G20 тобы» мен ХВҚ ұзақ мерзімді тұрақтылықты ұстап тұруда, сондай-ақ, жаһандық масштабтағы қауіп-қатермен күресуде әлемдік қауымдастықты біріктіруде шешуші рөл атқаратын мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда, ХВҚ-дың жаһандық реттеу жүйесінде үйлестіруге қатыса алатын проблемаларға келесілерді жатқызуға болады: кедейшілік, халықтың табыс алу деңгейінің алшақтығы, жердің жылынуы, табиғи ресурс қорларының азаюы, эпидемиялар, халық санының өсуі, сонымен қатар, гуманитарлық, техногенді, әлеуметтік, стихиялы апаттар.

Еуропа елдері ХВҚ қызметінде ерекше маңызды рөл атқарып келеді. ЕО жетекші елдері ұйымда үлкен дауысқа ие. ЕО мүше-елдерінің квотасы 30,3% құрайды, бұл ХВҚ-дың жүргізіп жатқан экономикалық саясатына ықпал етуге мүмкіндік береді [1]. Еуропалық елдер Қордың ірі акционерлері болып табылады, сонымен бірге, ұйымның өкімші-директоры, яғни жетекшісіне дәстүрлі түрде еуропалықтарды тағайындайды.

ХВҚ, өз кезегінде, Еуропаның әлемнің дамыған аймағының біріне айналдыруда маңызды рөл атқарды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Бреттон-Вудс қаржылық жүйесі еуропалық елдердің экономикалық жағдайын қайта қалпына келтіруде басты факторлардың бірі болды. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі мен Халықаралық Валюталық Қордың көмегімен Еуропа елдері қажетті кредиттерді алып, құлдыраған экономикаларын көтере алды. ХВҚ Еуропа үшін маңызды халықаралық валюталық-несиелік қатынастардың орталығына айналды. Бұл кезеңде ХВҚ-дың басты мүддесі төлем баланстарын ретке келтіріп, несиелерді жеткізіп отыру еді [5]. Барлық дерлік батыс еуропалық мемлекеттерде жоғарғы қарқынды экономикалық өсу ұзақ мерзімге сақталды. 1980 жылдарға дейін ХВҚ басым жағдайда Еуропа елдерін несиелендіріп тұрды. 1990 жылдардың басында шығыс еуропалық мемлекеттердің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысуына байланысты, ХВҚ қызметіне сұраныс пайда болып, көмегіне жүгінді. ХВҚ өтпелі экономикалы елдерді несиелендіріп, қажетті техникалық көмекпен қамтамасыз етіп, қаржы министрліктері мен орталық банктеріне білікті мамандарды жеткізіп отырды. ЕО даму тарихы барысында ХВҚ еуропа кеңістігінде валюталық-қаржылық реттеуді жүргізіп келді. ЕО елдерінің экономикалық үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде ортақ нормалар, ережелер, еуропалық экономикаларының функциялау стандарттары қабылданды, жаңа тұрақты «еуро» – валютасы құрылды. ЕО-тың әрі қарай кеңеюіне база қалыптасты.

ХВҚ қаржы дағдарысынан кейін де еуроинтеграциялық үдерісі кезінде қаржылық қиындықтарға душар болған Еуропа елдеріне көмегін жалғастырып келеді. 2009 жылдан бері Греция, Испания секілді бірқатар еуропалық елдердің қарыздық проблемалары өзекті болып отыр [5]. ЕО мен ХВҚ-дың жұмыстарына қарамастан, бұл елдердің экономикалары ауыр қалпында қалып, рецессиялық үрдістер жүріп жатыр.

Дегенмен, ЕО елдер экономикаларының сапалық құрамдасы, ондағы әлемдік экономикалық және валюталық-қаржылық жүйелердегі еуроның резервтік валюта есебінде жүруі, әлемдік экономика мен қаржы саясатындағы ЕО ықпалы «G20 тобында» да жетекші рөлді алуына жағдай жасап отыр [8]. ЕО-тың «G20 тобындағы» ортақ мүддесі қаржылық жүйенің халықаралық реттеуді күшейту, экономикалық өсуді ынталандыратын қаржы секторының тиімділігін арттыру, жұмыс орындарын ашу, бәсекелестікті арттыруды көздейді [9]. Бұдан жаһандық реттеу жүйесінде батыс елдерінің орны ерекше болатынын көруге болады.

Дағдарыс әлемдік экономиканы, қаржылық нарықтарды әлсіретіп, әлемдік қауымдастыққа жаһандық қаржылық жүйені түбегейлі реформаға кірісуіне әкелді. Қалыптасқан жағдай ХВҚдың қызметіне жаңаша көзқарас танытты. «G20 тобы» әлемдік қауымдастықтың ХВҚ реформасын және жалпы қаржылық жүйенің реформасын жүргізетін басты форумға айналды. 2008 жылдың 15 қарашасында Вашингтон қаласында «G20 тобының» саммиті болды, онда алғаш рет қатысушы мемлекеттердің және үкіметтерінің басшылары қатысты. Саммиттің басты тақырыбы – әлемдік қаржылық нарықтың, қаржылық жауапкершіліктің және тұрақты реттеудің мөлдірлілігін жоғарылату болды.

Саммиттің нәтижесінде мемлекет басшылары қаржылық нарықтардың көлеңкелілігін төмендету, ақпараттардың ашықтығы, реттеудің тұрақты және баламалылығын қамтамасыз ету, бақылау мен тәуекелдерді басқаруды дамыту, реттеуші органдардың халықаралық ынтымақтастығын дамыту, халықаралық қаржылық институттардың реформалау жұмыстарының қажеттігі жөнінде келісімге келді.

Бұдан былай институттардың реорганизациясы әлемдік экономикадағы күштердің бөлінісіне сай жүруі қажет. Дамушы елдер өздерінің мүдделерін білдіруге мүмкіндіктері болады. Әлемдік экономиканың қалпына келуін, ондағы қаржылық нарықтарды реттеуді тиімдірек бағытына әкелетін шараларды қамтитын жоспар келісілді. Қорытынды құжатта, сонымен бірге, кредиттік агенттіктердің қызметін реттейтін, бухгалтерлік есептердің стандарттарын жақындататын, қаржылық заңнамаларды күшейту және ХВҚ-ына қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру үшін арнайы ресурстар мен жауапкерліктерді жүктейтін келісімдер белгіленді [1].

«G20 тобының» саммиті ХВҚ ресурстарын көбейтуіне мүмкіндік берді. Қордың саясатына да өзгерістер енді. ХВҚ жаңа икемді кредиттік линияларын ашып, тиімсіз бағдарламаларынан бас тартты. ХВҚ қызметіндегі өзгерістерге қарап, дамушы елдердің Қорға деген қатынасы дұрысталып, жаңа жұмсартылған кредиттік бағдарламаларды Мексика, Польша мемлекеттері пайдалана бастады.

2009 жылы әлемнің «жетекші 20 экономикалы елі» кезекті саммитті Лондон қаласында өткізді. Бұл жылы дағдарыс қарқыны бәсеңдей қойғанымен, тереңдеп, кеңейе түсті. Саммиттің күн тәртібінде бес басты мәселе тұрған болатын: қаржылық нарықтардың жұмысын бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру, халықаралық қаржылық институттарды нығайту, бүкіләлемдік сауданы қолдау, кедей елдерге көмек. Саммиттің нәтижесінде ХВҚ-ының қаржылық және функциялық мүмкіндіктері кеңейді. Оған мониторингтік функциялар жүктеліп, оның бақылау құралдарын жетілдірді. Пікір алмасу соңында қаржылық жүйені нығайту, халықаралық қаржылық жүйе арқылы қажетті ресурстарды бөлу жайында екі жақты декларациялар қабылданды. Сондай-ақ, ХВҚ-дың алғашқы облигацияларын эмиссиялайтынын мәлімдеді. Инвестор-мемлекеттер үшін облигациялар стандартты қарыздардың альтернативасы ретінде шетелдік резервтік активтер бола алады. ХВҚ-ының күн тәртібіндегі маңызды мәселелерінің бірі Қордағы дауыстардың қайта қарастыруы қалды. 2009 жылдың қыркүйек айында Питтсбургте өткен «G20 тобының» саммитінде квоталарды қайта қарастыру мәселесі көтерілді, онда дамушы елдерге қосымша 5% бөліп, олардың ұйым ішіндегі ықпалын жоғарылату мақсат етілген болатын [4].

Себебі, ХВҚ-ының жаһандық реттеу жүйесінде проблемаларды шешуіне тиімді қатысуы тікелей ұйым ішіндегі дауыстар санының әділ үлестірілгенінде болып отыр.

Жыл сайынғы G20 тобының жиналыстарында күн тәртібіне қойылған басты мәселелердің ондығына кіретін ХВҚ реформасы болатын. Алайда, Қордың реформасы бір орнынан жылжуы  ұзақ  мерзімді  алып  отыр.  Әсіресе, ХВҚ «квоталарының 14-ші түзетулер» мәселесі 2010 жылы Қордың директорлар кеңесінде шешім қабылданып, ХВҚ Жарғысына сәйкес қатысушымемлекеттердің көпшілігі ратификациялағанымен, ұйымның басты акционері – АҚШ әлі күнге дейін бекіткен жоқ.

Егер бұл квоталардың қайта түзетулері толық бекітілетін болса, ХВҚ капиталы екі есе өседі. Яғни, мүше-мемлекеттер квотаның жаңа қарастырылуына қарай, қосымша жарна салатын міндеттеме алады.

Халықаралық валюталық қорда дауыс санының «таразыланған» қағидасы жұмыс істейді, шешімдер тең дауыстар көлемімен емес, ірі «донорлар»-дың бақылауымен қабылданады. Әдетте, Басқарушылар Кеңесінде шешімдер қарапайым дауыстың көптігімен (жартысынан кем емес), ал маңызды, оперативті, стратегиялық сипатты мәселелерді қарастырғанда, – «арнайы көптікпен» (сәйкесінше, мүше-елдердің 70% немесе 85% дауыс) қабылданады. Батыстың жетекші елдерінің мүдделеріне қарай, қазіргі Жарғыда ХВҚ-дың құрылуында тоғызға қарсы 53 сұрақ белгіленген. 1970 және 1980 жылдардағы АҚШ пен Еуропалық Одақ (ЕО) дауыстарының салыстырмалы салмағы шамалы азайғанына қарамастан, олар максималды көптікті (85%) қажет ететін Қордың түйінді шешімдерін қарауда вето құқығын пайдалана алады [14].

АҚШ пен батыс альянсының соммасы 50% аса дауысқа ие, яғни, Қытай, Үндістан, Ресей, Латиноамерикандық және ислам мемлекеттердің дауыстарының жиынтықтарынан басым. Бұдан, алғашқылар шешім қабылдауда монополиялық рөл атқарады. Егер маңызды стратегиялық мәселелер, соның ішінде, ХВҚ-ды реформалау сұрақтары қозғалған кезде, тек АҚШ-да вето құқығы бар (15%-дан жоғары) [14].

Егер ұйым ішіндегі үлестерді қайта қарастыратын болса, АҚШ вето құқығынан айырылып, БРИКС елдерінің Қордың стратегиялық шешім қабылдауында ықпалы өседі деген сөз. Қазіргі күні БРИКС үлесі 11,5%-ды құрайды. БРИКС елдерінің әлемдік ЖІӨ-нің 31%-ын алатынын ескеретін болсақ, бұл Қордағы үлесі тым аз екенін байқауға болады.

ХВҚ реформасының жүруі осы квоталарды реттеуден басталатыны анық болып отыр. Егер 14-ші квоталардың қайта қарастырылуы бекітілетін болса, квоталарды есептейтін жаңа формулаға байланысты, жаһандық реттеу жүйесіндегі мәселелердің шешімі өзгеріс табады. Мысалы, Украинаға  17,5  млрд.  долл.  несиесі   бойынша ХВҚ директорлардың шешімі оң болмас па еді. Бұның астарында Украинаның Ресейге 3 млрд. доллар көлеміндегі қарызы, және тағы басқа халықаралық қатынастардағы мәселелердегі шешімдер басқаша болар ма еді [9].

Әр бес жыл сайын қарастырылатын квоталардың түзетулері 2015 жылдың 31 желтоқсан күнінде «квоталардың 14-ші қайта қарастырылуының» өз күшіне ену мерзімі аяқталады. Жаңа 2016 жылдан бастап, «квоталардың 15-ші қайта қарастырылуы» басталуы қажет болады. Бұл үрдістер ХВҚ реформасының жағдайын шиеленістіріп жібереді. Квоталарды есептейтін жаңа формуланың да қабылдануы шегеріліп, ХВҚ реформасының мерзімі тағы ұзаратын болады.

Біздің пікірімізше, мұндай үрдістер салдарының екі сценарийі болмақ. Біріншісі, әлемдік экономикада жаһандық мәселелерді үйлестіруде АҚШ өз ықпалынан айырылғысы келмесе, ХВҚ реформасының шегерілуіне ынталы болып отырады. Екіншісі, БРИКС елдері «БРИКС жаңа даму банкі» және «Инфрақұрылымдық инвестициялар Азия банкі» арқылы жұмыс жасап, әлемдік экономикада өз саясатын жүргізетін болады. Екінші сценарий онсызда басталып кетті. АҚШ түпкілікті ұтымсыз жағдайда қалмас үшін, ХВҚ реформасы баяу да болсын, атсалысуы қажет. Батыстың дамыған мемлекеттері мұны оң бағалайтыны анық. БРИКС мемлекеттерінің жаңа халықаралық қаржылық институтына «ХВҚдың баламасы» деген бағасын берген әлемдік сарапшылар да жоқ емес.

Халықаралық валюталық-қаржылық жүйесінде 70 жылдық тарихы бар ХВҚ-дың тәжірибесі жоғалмауы керек. Әлемдік экономикалық дағдарыспен күресуге дайын болуы үшін, ХВҚының реформасы бір орыннан жылжуы қажет.

ХВҚ реформасының келешегінің алғышарты ретінде 2015 жылдың 30 қарашасында Қытайдың«юань» валютасы SDR қоржынына қосылуын айтуға болады. Бұл юань ресми әлемнің 5-ші резервтік валютасына айналды деген сөз. Қытай бұрыннан осыған мүдделі болған. Алайда, ХВҚ юаньнің еркін конвертацияға түспейтініне байланысты, валюталық қоржынға қоспай келген. 2014 жылы сыртқы сауда-саттықтың 25%-ы юаньмен жасалып, 2015 жылы бұл көрсеткіш тағы 5%-ға өскен [11]. Қытай валютасының ХВҚ валюталық қоржынына қосылуы ХВҚ реформасына бетбұрыс болады деген сенім білдіреді.

Әлемдік экономикадағы жаһандық мәселелерді үйлестіру механизміне тікелей қатысушы Қаржылық Тұрақтылық Кеңесі (Financial Stability Board, FSB) болып табылады. Бұл институт 2009 жылы Лондон қаласында өткен саммиті барысында Қаржылық Тұрақтылық Форумының (1999 жылдан бері жұмыс істеді) негізінде құрылды. Ұйымның негізгі мақсатына әлемдік қаржылық тұрақтылықтың әлсіз тұстарын анықтап, осы салада бақылау және реттеу саясатын ұстануын айтуға болады [12].

Бастапқыда ҚТК-нің функциялары өзге ұйымдардың қызметтерімен ұқсас болатын. Мәселен, ХВҚ-ының экономикалық комитеттері дағдарыстың мерзімі мен масштабын болжай алмағандығынан сынға алынып, бұл функцияны G20 тобы өз алдына қойған міндеттерді орындайтын атқарушы орган ретінде тағайындалған ҚТК-іне берілді. ҚТК құзіреттілігіне мандатқа сәйкес, ХВҚ-ының макропруденциялық қадағалау функциясы өтті. Сонымен қатар, Қаржылық Тұрақтылық Кеңесі «көлеңкелі» банк жүйесіне әсер етуші шараларды анықтайтын функциялар, ондағы деривативтер нарығы (ағылшын тілінен, derivative – шарт, контракт) мен қаржылық ақпараттардың айырбасын ұйымдастыру қызметімен де айналысатын болды [13].

Қаржылық Тұрақтылық Кеңесінің экономикалық реттеу және қаржылық қадағалау қызметі саясатына кіретін келесі функциялар ХВҚ-ының жаһандық реттеу жүйесіндегі орнын көрсетіп, жаңа рөлін анықтай түседі. ҚТК-інің мұндай функцияларына «халықаралық қаржылық ұйымдардың рөлі мен олардың қадағалау мен реттеуге қатысудағы маңызын анықтау», «ұлттық экономиканы реттеуші институттар мен халықаралық қаржылық ұйымдардың өзара әрекетін үйлестіру» кіреді.

Жаһандық реттеудегі қаржылық реттеудің реформасы  халықаралық  қаржылық  институттардың басты мәселесі болып отыр. Ал Кеңестің мұндағы рөлі артып келеді.

Қаржылық дағдарыстың салдарынан қаржылық реттеу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапты халықаралық ұйымдардың қызметі күшейтілді. Халықаралық қауымдастық жаһандық институттарды реформалау қажеттігін мойындап, жаңа қауіп-қатерлер алдында халықаралық ынтымақтастықты нығайту керектігіне көз жеткізді. ХВҚ құрылғанынан бері жаһандық реттеу жүйесінде түрлі сипаттағы дағдарыстарды өткергенімен, оларды реттеудегі қызметі тиімді бола бермеді. Ұйымның жүргізген саясаты үнемі сынға ұшырап, жасаған шаралары несиеленуші мемлекеттердің экономикалық мәселелерін керісінше күрделендіріп, халықаралық аренада Қорға деген сенімділік төмендеп отырды. Алайда, 2008-2010 жылдарда басталған реформалардың көмегімен ХВҚ саясатының өзгеруі, оның жаһандық реттеудегі жаңа рөлі әлемдік қауымдастық үшін қажетті беделді ұйымға қайта айналуға мүмкіндігі бар. Әлемдік экономиканың қазіргі шиеленіскен жағдайында жаңа экономикалық қалыпқа бейімделіп, жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп бере алатын әлеуетін тиімді пайдалану қажет.

ХВҚ алдында мүше-мемлекеттердің қарыздық мәселелері, кедейшілік, табыстың теңсіздігі секілді проблемалар әлі де өзекті. Әлемдік экономиканың даму қарқынының төмендеуі мен қатар жаһандық мәселелермен күресу жолында «G20 тобы» және жаһандық реттеуге қатысушы халықаралық институттардың ішінде, Халықаралық Валюталық Қордың маңыздылығы тек артады. Жаһандық реттеу жүйесінің дамуы «G20 тобы» мен ҚТК, ХВҚ қабылдаған шешімдеріне байланысты жүретін болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Бородулина Л.П. Международные экономические организации // Магистр. – 2012. – 366 с.
  2. Авагян Г.Л., Вешкин Ю.Г. Международные валютно-кредитные отношения // Магистр. – 2012. – 703 с.
  3. Богатуров А.Д., Аверков В.В. История международных отношений 1945–2008 // Аспект пресс. – 2010. – 520 с.
  4. Franz Spiegel J. The G-20 and the IMF revisited: reforming global economic governance // Webster University. – 2010. – 128 p.
  5. Зуев В.Н. Глобальное экономическое регулирование // Магистр. – 2012. – 574 с.
  6. Фонд «Бюро экономического анализа». Реформирование мировой финансовой архитектуры: роль МВФ и интересы России. – 2000. – 28 с.
  7. Смыслов Д.В. Реформирование Международного валютного фонда: проблемы и решения. Регулятивные аспекты // Деньги и кредит. – 2012. – № 1. – 43
  8. Группа двадцати и ЕС // http://www.alleuropa.mgimo.ru/gruppa-dvadtsati-i-evropeyskiy-soiuz
  9. Катасонов В. Саммит G20 и судьба МВФ. – 17.11.2015 // http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1447743480
  10. About G20. – 27.11.2015 // http://www.g20.org/English/aboutg20/index.html
  11. IMF’s Executive Board Completes Review of SDR Basket, Includes Chinese Renminbi. Press Release No. 15/540. – November 30, 2015 // http://www.imf.org/external/np/sec/pr/2015/pr15540.htm
  12. Charter of the Financial Stability Board – June 2012 // http://www.fsb.org/wp-content/uploads/FSB-Charter-with-revisedAnnex-FINAL.pdf
  13. Сильвестров С.Н. Совет по финансовой стабильности как четвертая опора глобальной финансовой системы / Вестник Финансового университета, 2014. – № 6. – 84 с.
  14. Деева М.В. Роль МВФ в финансовой системе мира: Политические измерение мировых финансовых кризисов. – 27 июля 2013 // http://rusrand.ru/analytics/rol-mvf-v-finansovoj-sisteme-mira

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.