Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі әлемдік саясаттағы Моңғолия

ХХІ ғасырда әлемде жаһандану үрдісі одан ары ауқымданып, ғылым мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып, саяси, экономикалық интеграциялар кеңейіп, мемлекеттердің өраза тәуелділігі артуда. Халықаралық қатынастар өткен ғасырдың екінші жартысымен салыстырғанда күрт өздерді. Дамудың жаңа орталықтары пайда болып халыхаралық қатынастардардағы олардың ықпалы өсуде деп күтілуде. Кейбір мемлекеттердің даму жылдамдығы мен деңгейлерінің айырмашылығы күрт артып, кедей және экономикасы осал мемлекеттерде жұмыссыздық пен кедейшілік өсуде. Кейбір аймақтармен мемлекеттер ядролық қару игеруге талпынса, кейбір аймақтарда шиеленіс әрекеттері жалғасуда. Сондай-ақ климаттың өзгеруі, экологиялық тозу және халықаралық лаңкестік, заңсыз адам және есірткі саудасы, ұйымдасқан қылмыс, жұқпалы аурулар сияқты қауіп-қатерлер одан ары көбейді. Аталмыш әлемдік саясат факторлары ықпалындағы белгілі бір мемлекет ұстанымдарының бетбұрысын айқындау, оның аймақтағы орыны және саяси дамуындағы тарихи бел-белестеріне де ықшамды. Осы тұста халықаралық қатынастардың қазіргі үдерістеріндегі Моңғолияның орны мен ұстанымдарын айқындау аса өзекті мазмұнға ие.

Моңғолия табиғи ресустарын экономикалық әлеуетін арттыру, жұмыс орынымен қамту және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін пайдаланылануда. Жаһандық мәселелерді шешуде Моңғолияның қосқан үлесін одан ары нығайтып, ұлттық даму саясатын жүзеге асыруда халықаралық қатынастарын дамытуда. Моңғолия әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде аймақтық және жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған демократиялық құндылықтарды нығайту, адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қолдау, ядролық және жаппай қырып-жою қаруын таратпау, қарусыздану, халықаралық лаңкестік, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу, БҰҰ-ның және басқа да халықаралық бейбітшілікті сақтау, қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларына қатысу, климаттың өзгеруіне бейімдеу және қоршаған ортаның тозу әсерін азайту және инфекциялық аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған халықаралық қоғамдастыққа қолдау көрсету сияқты шараларға үлесін қосуда.

Моңғолияның сыртқы саясаты Моңғолия Конституциясы, Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасында анық көрсетілгендей ұлттық мүдделеріне негізделгендіктен аталмыш елдің сыртқы және ішкі жағдайлары, сыртқы саяси мақсаттары, принциптері мен бағытын анықтайды. Моңғолияның сыртқы саясатының мақсаты әлем елдерімен достық қарым-қатынас негізінде саяси, экономикалық және де басқа салаларда ынтымақтастығын дамыту, халықаралық қауымдастықтағы орынын нығайту арқылы мемлекетінің тәуелсіздігі, егемендігін сақтау болып табылады [1].

1994 жылы 30 маусымда «Моңғолияның сыртқы саяси ұстанымдарын» бекітті. Аталмыш құжатта «Моңғолия ашық, одаққа қосылмайтын, көпвекторлы сыртқы саясат жүзгізеді» деп көрсеткен. Бұл құжатта Моңғолияның сыртқы саясатының жаңаруындағы үш маңызды бағыт көресетілген. Ашық саясат яғни саяси, саудаэкономикалық, ғылыми-технологиялық, мәденигуманитарлық, ақпараттық сияқты әлеуметтік барлық салаларда ашық болу туралы көрсеткен. Бірақ, қандай да бір мемлекетке тәуелді болудың алдын алу туралы анық көрсетілген. Одаққа қосылмау саясатын жүргізерде оны кең ауқымды қарастырады. Екі көрші елдің қай біреуімен бірге әскери, саяси одаққа кіріп келесісіне қарсы тұрмау, немесе басқа да державалармен бірлесіп одаққа кіріп, екі көрші елге қарсы бағытталған шараларға қатыспау маңызды екендігін көрсеткен. Бұл аса маңызды бақыт болмақ. Көпвекторлы саясат дегеніміз қырғи қабақ соғысы аяқталып, социалисттік режимінің құлауымен Моңғолия жеке сыртқы саясат жүргізуге алатын болды. Көпвекторлы саясатты 6 бағытта яғни Ресей, Қытай бағыты, АҚШ, Жапония, Германия сияқты дамыған елдер бағыты, Азия бағыты, БҰҰ-ның түрлі салалары, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі сияқты қаржы-экономикалық ұйымдар бағыты, жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттер бағыты, дамушы елдер бағытында жүргізу көрсетілген. 2011 жылы 10 ақпанда жаңадан бекіткен Сыртқы саяси ұстанымда 1994 жылғы сыртқы саяси бағыттар толығымен қалған [2].

1994 жылы негізі қаланған сыртқы саяси ұстанымдары келесі бағыттардан тұрады.

  • Ресей, Қытаймен достық қарым-қатынаста болу Моңғолия сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болғандықтан аталмыш мемлекеттермен бірдей дәрежеде қатынас орнату яғни көрші ретінде кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуда.
  • Америка Құрама Штаттары, Жапония, Еуроодақ, Үндістан, Оңтүстік Корея, Түркия сияқты батыс, шығыс елдерімен «көршінің көрші» саясаты шеңберінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту;
  • Азияның басқа мемлекеттерімен екі жақты достық қатынастарды дамыту, Азия, Тынық мұхиты аймағында көпжақты ынтымақтастыққа қатысу, Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азияда стратегиялық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған шараларға қатысу;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның мамандандырылған мекемелерi мен халықаралық қаржы, сауда-экономикалық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыру, Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық басқару рөлін ынталандыруға белсенді қолдау көрсету;
  • Дамушы елдермен екі жақты қарым-қатынастарды дамытумен бірге БҰҰ Жарғысының 77 бабы бойынша Одаққа қосылмау сияқты көпжақты бағытты ұстану.

Жоғарыда көрсеткен аса маңызды бағыттар бойынша қатынастар 90 жылдардан бастап дами бастады. Бірінші бағыты Моңғол, Ресей қатынастары. 1991 жылы Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Моңғолия да Ресейде де өтпелі кезеңде-   гі жағдайды шешумен айналысуға байланысты екі жақтың сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастары біраз уақыт тоқырауға ұшырады. Екі елдің қатынастарындағы маңызды мәселелердің бірі Моңғолиядағы Кеңес әскерін шығару болды. Бұл тек қана Моңғол-Кеңес қатынастарын ғана емес, Кеңес-Қытай қатынастары және Моңғол-Қытай қатынастарына да әсер ететін мәселе еді [3]. Кеңес әскерінің шығуы Моңғол, Қытай қатынастарының қалпына келуіне ықпал еткені сөзсіз. Кеңес әскері 1921, 1936 жылдары Моңғолияға орналасу арқылы Моңғолияның тәуелсіздігі, қауіпсіздігін нығайтуда аса маңызды рөл атқарғанын көпшілік мақұлдайды. Соңғы рет 1966 жылы еңгізген Кеңес әскерінің Моңғолияда 25 жыл орналасуының себебі Кеңес, Қытай қатынастарының нашарлауына байланысты болды. Өткен жағдайларға қортынды жасай келе Моңғолия Конституциясының 4 бабының 3 тармағында «Заңсыз шетелдің әскери күшін Моңғолия территориясына орналастыру және транзитпен өтуге тиым салынады» [4], 1994 жылғы сыртқы саяси ұстанымында «...Моңғолия екі көрші мемлекеттің даулы мәселеріне араласпайды. Моңғолияға сырттан әскери қауіп төнбеген жағдайда әскери қандай да бір ұйымға қосылмау, жер аумағы және әуе кеңістігін қандай да бір елге қарсы пайдаландырмау, территорияға шетелдік әскері күш енгізбеу, орналастырмау, транзит арқылы өткізбеуді ұстанады» деп көрсеткен [5]. Екі ел арасындағы келесі бір мәселе қарыз. 1990 жыл бойынша Кеңеске төлейтін қарыз мөлшері жан басына 5000 рубль болды. Бұл мәселе Кеңес одағынан Моңғол, Ресей қатынастарына дейін жалғасу арқылы екі жақтың еренді еңбегінің арқасында 1996 жылы келісімге келеді. Қарыз мәселесі қозғала бастағанда Кеңес тарапы Моңғолияны 85 пайызынан босата алатындығын хабарлаған. Қалған 15 пайызын төлеуде Моңғолия экономикасы дәрменсіз болғандықтан көптеген келіссөздер нәтижесінде қарыздың 5 пайызын төлеу туралы шешкен. Осылайша екі елдің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамуына жол ашылды деуге болады [6].

ХХ ғ. 80 жылдардың соңында жиырмадай жыл тоқырап қалған Моңғол, Қытай қатынастарын қалпына келтіріп дамыту аталмыш кезеңде маңызды болды. Моңғол, Қытай қатынастарын қалпына келтіру арқылы Моңғолияның дамуына ықпал ететін жаңа жолдарды ашты деуге болады. Сонымен қатар Моңғолияның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің кепілі болды. 90 жылдардың соңында Моңғол, Қытай қатынастары мен ынтымақтастығы шеңбері кеңіді. Қытай Моңғолия үшін сауданың басты серіктесі болумен қатар басты инвесторы болды. Аталмыш мемлекеттердің Президенттері (1998, 1999 жылы), Парламент басшылары (1997, 2000 жылы) екі жақты сапарлары саяси қатынастарды жоғары дәрежеге жеткізген тарихи жағдай болды.

Екінші бағыт бойынша Моңғолия, АҚШ қатынастары. 1990, 1991 жылдары АҚШ-тың Мемлекеттік Хатшысы Ж.Бейкер Моңғолияға сапармен келді. 1989 жылмен салыстырғанда бір жылдың ішінде Моңғолияның реформасы жаңа сатыға көтеріліп, алғашқы көп партиялы сайлау өткізіліп демократияның нәтижесі көрінген еді. Мәңгілік екі көршісі бар Моңғолияға АҚШ үшінші көрші қатарында болу туралы Ж.Бейкер сапары барысында мәлімдеген. АҚШ Моңғолияның саяси демократиялық өзгерістері мен нарықтық экономикасын келешекте де қолдайтыны туралы Ж.Бейкер мәлімдеумен бірге Моңғолияның халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болуда қолдау көрсетіп, демократиялық әлеуметтік институттар құруда қолдау көрсететіні туралы хабарлады. Осылайша Моңғолия-АҚШ қатынастары дами бастады.

Моңғол-Жапон қатынастарына келетін болса, Моңғолия Жапонияны Азиядағы демократиялық, экономикасы әлеуетті мемлекет ретінде санады. 1990 жылы Жапония Үкіметі Моңғолияның нарықтық экономикаға көшуіне көмек ретінде ODA жобасын жүзеге асырды. Моңғолияның саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларына терең өзгерістер еңгізу, демократияны дамытудағы талпыныстарын дамыған елдер бағалай бастады. 1991 жылы 13-14 тамызда Жапонияның Премьер-министрі Кайфу Тошики Моңғолияға сапармен келіп, екі елдің қатынастарын ХХI ғасырға бағыттап нығайту барысында экономикалық ынтымақтастықты келешекте үш бағыт бойынша дамытуды ұсынды. Жақын арада Моңғолиядағы экономикалық дағдарысты шешуге көмек көрсету, Моңғолияны қолдайтын мемлекеттердің бірлескен шараларын жүзеге асыруды Жапония өз мойнына алды. Нәтижесінде 1991-1999 ж. аралығында Моңғолиядағы өзгерістерді қодауға 20 астам мемлекет, 10 халықаралық ұйым бірлесу арқылы Моңғолияны қолдаушы мемлекеттер 2 млрд.доллары көлемінде көмек көрсеткен.

Осылайша, Моңғолия – бейбітшілікті құрметтеген, ашық, тәуелсіз, жан-жақты сыртқы саясат жүргізумен бірге демократиялық құндылықтар, адам бостандығы мен құқықтарын құрметтейтін, нарықтық экономиканы дамыта, халықаралық қатынастары мен ынтымақтастығын одан әрі өркендетіп отырған мемлекет. Қазақстанмен дипломатиядағы сенімді серіктес Моңғолия, басқа мемлекеттермен бір-бірінің тәуелсіздігін құрметтеу, егемендігі, аумақтық тұтастығы, шекаралардың мызғымастығы,  ішкі істеріне араласпау және даулы мәселелерді бейбітшілікпен реттеу, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, тең құқылы өзара тиімді қатынастар орнату сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында және жалпыға бірдей танылған халықаралық құқықтық принциптер мен нормаларға сай, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардағы негізгі құжаттардағы қағидаттарды үйлестіруде. Қандай да бір елге тәуелді болмау мақсатында екі көршілес елдермен бірдей дәрежеде қарым-қатынастарын жалғастыруда. Ал одаққа қосылмау саясаты шеңберінде 2004 жылдан қазірге дейін ШЫҰ-на бақылаушы мемлекет статусын сақтап келеді. Келешекте де бақылаушы мемлекет статусын жалғастыруды көздейді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Монгол Улсын    гадаад     бодлогын     үзэл    баримтлал. http://www.mfa.gov.mn/index.php?option=com_ content&view=article&id=79%3Ai-&catid=36%3A2009-12-20-21-52-14&Itemid=55&lang=mn
  2. Монгол Улсын Гадаад бодлогын үзэл баримтлал. – Улаанбаатар, – С. 9.
  3. Долгорсүрэн М, Гомбосүрэн Ц. Монгол Улсын  ХХ зууны гадаад бодлогын түүхэн тойм. – Улаанбаатар,  –  С. 114.
  4. Монгол Улсын Үндсэн хууль. Дөрөвдүгээр зүйлийн http://www.legalinfo.mn/law/details/367
  5. Монгол Улсын Гадаад бодлогын үзэл баримтлал. – Улаанбаатар, – С. 418.
  6. Хайсандай Л. Монгол Улс төрийн гадаад харилцааны түүх (1911-1999 он). Монгол Улсын Шинжлэх ухааны академи. Олон улс судлалын хүрээлэн. – Улаанбаатар,
  7. Монгол Улсын Үндэсний Аюулгүй байдлын үзэл баримтлал. «Дорно, Өрнө» сэтгүүл. 1994. – №2.
  8. Монгол Улсын Гадаад бодлогын үзэл баримтлал, «Гадаад харилцаа: эрх зүйн баримт бичгийн эмэтгэл». – Улаанбаатар, 2004. – С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.