Халықаралық қатынастар

Мақала еуразиялық ортақ білім кеңістігін құру мәселесіне арналған. Интеграцияның аспектісі ретінде ортақ білім кеңістігін құру мәселесі біздің аймақ үшін де өзекті болып отыр. Әлемнің басқа аймақтарындағы ортақ білім кеңістігін құру және дамыту үдерісіне қарағанда, еуразиялық кеңістіктегі білім саласындағы интеграциялық үдерістердің өзіндік ерекшелігі бар. Тарихи бірыңғай білім кеңстігін дамыту әрқашан да еуразиялық кеңістік елдерінің ынтымақтастығының басты бағыттарының бірі болды. Көпжылдық тарихи тағдырлардың, дәстүрлердің ортақтығы және бірге өмір сүре алу тәжірибесі, экономикалық, мәдени және де адами байланыстар – жас тәуелсіз мемлекеттер үшін ортақ білім кеңістігін құру үшін жағымды тірек болады. Мақалада ортақ білім беру кеңістігін құрудағы проблемалар мен қиыншылықтар қарастырылады.
2015

Мақалада жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғыларды қолданумен жасалған террористік актілерге қарау жүргізудегі маман криминалистің әрекеттерінің ерекшеліктері қарастырылған. Оқиға болған жерге дер кезінде және сапалы қарау жүргізу, дәлелдеу затына қатысты барлық жағдайларды, маңызды мәліметтерді алуға мүмкіншілік береді. Террористік жарылыстың материалды және идеалды іздерін дер кезінде табу және зерттеу қолданылған жарылғыш құрылғы туралы және оның жеке сипаттамасы мен жару тәсілі туралы ақпарат алуға, қолданылған жарылғыш заттың түрін және оның тротилді эквивалентін, жару кезіндегі жарылғыш құрылғының орналасқан жерін, қылмыскердің кәсіби  дағдысын  анықтау мүміндік береді.
2015

Осы мақалада автор заңгер ғалымдардың пікірлерін қарастыра келе жеке өмір ұғымын жан-жақты ашуға талпыныс жасайды. Жеке өмірдің барлық аспектілерін анықтау – заң ғылымының алдында тұрған негізгі міндет болып табылады. Осыған байланысты автормен шетелдік тәжірибеге, кеңес уақытының нормативтік құқықтық актілеріне және қазіргі ұлттық заңнамаға салыстырмалы талдау жасай келе, құпия, жеке бас құпиясы, жеке құпия және отбасы құпиясы ұғымдарының арақатынасын жан-жақты қарастырады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнаманы талдаудың негізінде жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қорғалуын зерделеп, оны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасайды.
2015

Медицина қызметкерлерінің қызметіндегі абайсызда жасалынған қылмыстылығымен күресудің басымдықты бағыттарының бірі болып емдеу мекемелерінің қызметіне ұтымды әсер ету арқылы, осы жағымсыз әлеуметтік құбылыспен қүресу танылады. Қазіргі таңда қолданыстағы қылмыстық заңнама науқастардың денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе адамды қазаға ұшыратуға әкелген жағдайларда ғана медицина қызметкерлерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерінің біліксіздікпен адамның өмірі мен денсаулығына келтірілуі мүмкін қауіпті әрекеті қылмыстық құқықтың назарынан тыс қалуда.  Сонымен қатар, медици-  на қызметкерлерінің арасында жасалынған қылмыстылығына ықпал етудің мүмкіндігіне ерекше назар аударуымыз қажет. Оларға ықпал ету қылмыстық шаралармен емес, әлеуметтік алғышарттармен жүргізілуі қажеттілігіне тоқталған. Аталған пікір көптеген қазақстандық криминологтардың тарапынан қолдау табуда және біз осы көзқараспен толықтай келісеміз. Қазіргі жағдайларда қылмыстылықтың аталған түрін алдын алу қызметі оның әлеуметтік себептерін жан-жақты зерттеу және талдау арқылы жүргізілуі қажет.
2015

Мақалада автор Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарының шектелуіне байланысты мәселелерді қарастырады. Ол Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы-  ның 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінде көзделген мемлекеттік қызметшілерге қатысты шектеулерге талдау жасап, ондағы нормалардың кейбірінің дұрыс еместігін алға тартады. Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 17 қазан 2014 жылы қол қойған «Интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қатысуы бар мекемелердің қызметкерлері үшін жадынаманың» кейбір талаптарының Конституцияға және еліміз ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қайшы екендігін атап өтеді. Автор аталған жадынаманың кейбір нормаларын олардың мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарын орынсыз шектейтіндігін ескеріп оларды алып тастауды ұсынады.
2015

Бұл мақалада шетелдер үлгісі негізінде ислам банктері қызметін құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған. Бұл тақырыпты зерттеудің өзектілігі ислам қаржы жүйесінің аса қарқынды өсуі, сонымен қатар Қазақстан үшін еуропалық елдердің стандарттарына сәйкес келетін шариат нормаларын бірегейлендіру бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты елдердің тәжірибесін қолданудың экономикалық қажеттілігімен шартталған. Авторлар ислам банк жүйесінің негізгі даму кезеңдері ашылған, дәстүрлі банктерге қарағанда ислам банктерінің қызмет етуінің ерекшеліктері зерттелген. Құқықтық сипатта туындайтын мәселелер анықталды: ол мемлекеттер арасындағы біріңғай ережелер және стандарттардың жоқ болуы, ол банк операцияларын жүргізуді қиындатады, шариат қағидаларына қатысты құқықтық білімнің жетіспеушілігі. Мақаланың қорытынды бөлімде авторлар мұсылмандық және мұсылмандық емес (батыс) елдердің ислам банктері қызметін құқықтық реттеудің әдістері және жолдарына салыстырмалы талдау жасалды.
2015

Тиісті мақалада заң шығармашылығының құқықтық реттеу жүйесінде алатын орны көрсетіліп, «заң шығару қызметі» мен «заң шығару процесі» терминдеріне түсінік беріледі, олардың арақатынасы зерделенеді. Оған қоса, мақалада ҚР Парламентінің заң шығару  процесі кең мағынада және тікелей мағынада қарастырылады. Тікелей мағынада заң шығару процесі Республика Парламенті қабырғасында басталатын, жүзеге асырылатын қызметтерді қамтитындығы, ал кең мағынада заң шығару процесі Парламент Мәжілісінде заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырудан басталатын әрекеттерден өзге оған дейін болатын, нақты айтсақ заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырғанға дейін атқарылатын әрекеттерді де қамтитындығы анықталды. Заң шығару процесін кең мағынада түсіну оның екі кезеңді: Парламентке дейінгі және Парламенттік кезеңді қамтитындығын көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада заң шығару процесінің шегі анықталады, Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің нормативтік реттелуі сараланып, оның сатылары көрсетіледі
2015

Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық сферада қарқынды даму заманында өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасы өзі белсенді қатысушысы болып табылатын Еуразиялық Экономикалық Одақтың халықаралық аренадағы орнын күшейту, Еуразиялық Экономикалық Одаққа дейін әрекет еткен – ЕурАзЭҚтың тәжірибесін ескере отырып Еуразиялық Экономикалық Одақтың мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуына үлес қосу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін ЕурАзЭҚ шеңберінде туындаған мемлекетаралық дауларды заманға сай әдістермен шешуді жүзеге асырушы ЕурАзЭҚ Сотының тәжірибесін зерттеп, Соттың артықшылықтары мен кемшіліктерін табу арқылы Еуразиялық Экономикалық Одақ Сотының тиімділігін арттыру аса маңызды. ЕурАзЭҚ өзінің қызметін тоқтатқанға қарамастан, 15 жыл бойы ЕурАзЭҚ Сотының жинаған тәжірибесі қазіргі күндері кең қолданылуда және өзінің маңыздылығын жоғалтпайды. ЕурАзЭҚ Сотының тәжірибесі, соның ішінде дауларды шешу тәжірибесі ЕАЭО Сотымен дауларды шешу кезінде үлгі ретінде қолданылуы тиіс. ЕурАзЭҚ Сотының қабылдаған шешімдері – ЕурАзЭҚ нормативті-құқықтық актілеріндегі кемшіліктердің анықталып, алынып тасталуына, ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің шаруашылық субъектілеріне сауда қатынастарын жеңілдеткен жаңа қаулылардың қабылдануына себеп болды.
2015

Мақала аймақтық бірлестіктердің сот органдары мен ДСҰ-ның ДШО арасындағы қайталама сот ісін жүргізу мәселелері тақырыбына арналған. Басында авторлармен, аймақтық интеграциялық бірлестіктерді құру мен олардың қызмет етуі және ДСҰ-ның оларға қатысты бақылау тетіктері туралы ДСҰ-ның келісімдерінің (ГАТТ және ГАТС) бірқатар баптары сараланады. Кейіннен мәтінде ДСҰ-ның құқығы мен аймақтық бірлестіктер келісімдерінің өзара арақатынасының түрлі бағыттары қарастырылады. Авторлармен қайталама сот ісін жүргізудің түрлі мысалдары келтіріліп, мұндай жағдайлардағы мүмкін салдарлар көрсетіледі және осы жағдайларды шешудің негізгі мүмкіндіктері қарастырылады.
2015

Таяу жылдарда Қазақстанда ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген міндеттерді шешу ҚР Ұлттық қорынан қомақты қаражатты қолдануды талап етеді. Осыған байланысты бұл қорды құру кезінде белгіленген оның функцияларын жүзеге асыру және оның жинақтарын тиімді қолдану туралы сұрақ қайта өзекті болып келеді. Қазақстан Ұлттық қорының қалыптасу және қаражаттарды қолдану үлгісі, оның құрылымы елдің экономикалық дамуының әртүрлі кезеңдерінде өзгеріссіз қала алмайды. Бүгінгі таңда егеменді қорлар қызметін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесіне және еліміздің экономикасының қазіргі мәселелеріне сүйене отырып оның қызмет етуіне біраз өзгерістер енгізу қажет. Бүгінге, ең алдымен, «Нұрлы жол» бағдарламасында белгіленген басым жобаларды қаржыландыруға бағытталған қор жинақтарын тиімді қолдануды қамтамасыз ету талап етіледі.
2015

Көлік-коммуникация инфрақұрылымының маңызды міндеті көрсетілген көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және шалғайдағы өңірлер мен халық тығыз орналаспаған өңірлерде «инфрақұрылымдық орталықтар» құру, сондай-ақ ауылды қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың ілгері қарқыны болмайынша, елдің экономикалық өсуінің орнықты қарқынын, оның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, әлемдік экономикаға ұтымды ықпалдасуын және тиісінше әлемнің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкін емес. Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау көлік-логистика жүйесінің халықаралық түйінді көлік дәліздеріне жоғары ықпалдасуын, оның ішінде жүк ағындарын бөлуге ықпал ету үшін тасымалдың жоғары жылдамдығын, мерзімділігін, қолжетімділігін және сенімділігін, сондай-ақ көлік қызметтерін пайдалану жайлылығын талап  етеді.
2015

Мақалада жаңа Энергетикалық Одақтың негізгі концепциялары мен даму болашағы қарастырылған. Энергетикалық саясат Еуропалық Одақтың қазіргі саясатының ең өзектілерінің біріне айналуда. Энергия экономикалық өсуді, ғылым мен техникадағы прогресті, тұрмыстағы қолайлылықты қамтамасыз етуші таптырмас индустрия бөлігі. Сондықтан, энергетикалық қауіпсіздік қандай да болсын елдің басты толғандырушы мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде энергетикалық прогреске кедергі жасап отырған бірнеше факторлар бар: нарықтың интеграциялануының жоқтығы, ішінара келісілмеген ұлттық саясатты жүргізу, үшінші тарап болып табылатын ЕО құрамына кірмейтін елдерге қатысты ортақ бағдардың  болмауы. Сондай-ақ, Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздік осы ресурстарды тасымалдаушылардан тәуелсіз болуымен тығыз байланысты. ЕО тұтынатын энергияның 53% импорттайды. Ал кейбір елдер бір ғана газ тасымалдаушыға тәуелді болып келеді. Энергетикалық Одақтың шектелмелі стратегиясы әртүрлі салалардағы шараларды жалпы реттелген  стратегиясына  біріктіреді.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.