Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім беру қызмет нарығының конъюнктурасына қоршаған маркетингтік ортадағы компоненттердің ықпалы

Білім беру қызметтерін қалыптастыру мен жоғары оқу орындарының жұмыс істеуінің нарықтық жағдайлары жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жасауды талап етеді. Нарықтық экономика жағдайларында жоғары оқу орындарын басқаруда маркетингтік тұрғыдан қараушылық басым болу керек. Неғұрлым тиімдісі ретінде жоғарғы оқу орындарын басқаруда басым орын алуы тиіс басқарудың маркетингтік тұжырымдамасы бой көрсетеді. Əр түрлі факторларға байланысты əрбір жоғары оқу орны маркетингтік басқарудың өз тұжырымдамасын таңдауға құқылы. Білім беру саласында маркетингтің əлеуетін іске асырудың қажеттілігі мен болашағы дəйектелді. Дəл осы өтпелі кезеңде, білім беруді, мемлекет қолдауының жеткіліксіздігі жағдайында, маркетинг барлық меншік формаларындағы білім беру мекемелерінің өмір сүруі мен дамуының шынайы құралы ретінде маркетинг қажет. Тек ол ғана стихиялы қалыптасу үстіндегі білім беру қызметі (БҚ) нарығын өркениетті, оларды ұсыну сұранысқа сайма-сай етуге жəне оның келешегіне көмектеседі, ал білім беру мекемелеріне даму тұрақтылығына кепілдік береді. Зерттеудің жаңа ғылыми нəтижелері қоршаған маркетингтік ортаның құрылымы мен беталысын талдау, білім беру саласындағы маркетингтің миссиясын, субъектілерінің құрамы мен функцияларын, принциптері мен əдістерін, білім беру қызметтерінің сипаттамасын қоса алғандағы жасалған тұжырымдама болды, ол білім беру қызметтерінің маркетингтік қызметінің, бəрінен бұрын жоғарғы жəне қосымша білім берудің нақты бағдарларын береді, өйткені дəл осылар мамандарды даярлау, қайта даярлау жəне біліктіліктерін көтеру жөніндегі БҚ ұсынысын қалыптастырады.

Маркетингтік орта — бұл жоғары оқу орнының тұтынушылардың мақсатты аудиториясымен өзара тиімді қатынастарды орнату жəне ұстап тұру мүмкіндігіне ықпал ететін факторлардың жиынтығы. Маркетингтік орта ішкі (микроорта) жəне сыртқы (макроорта) болады. Ішкі маркетингтік орта жоғары оқу орнының қызметіне тікелей қатысы бар элементтерден тұрады. Жоғары оқу орнының (жоо) бақылаушы факторлары болып университеттің өзі жəне оның маркетингтік шешімдерді қабылдауға ықпал ететін түрлі əкімшілік деңгейдегі бөлімшелері болып табылады. Сыртқы маркетингтік орта басқарылатын бола алмайды, жəне жоо-ның, оның факторларына ықпал етуге шамасы келмейді, сондықтан да ол сыртқы макроортаның факторлары, оның дамуына көмектесетіндей оңтайлы жағдайларды іздестіреді. Сыртқы маркетингтік орта демография, географиялық орналасу, саясат, құқық, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік-мəдени даму жəне т.б. сияқты элементтерде берілген. Университеттің сыртқы маркетингтік ортасы университетке қатысты жəне университет тарапынан тікелей басқаруға бағынбайтын, бірақ жоо олардың ықпалын өз қызметінде ескеруі тиіс сыртқы факторларды, жағдайларды, күштер мен субъектілерді білдіреді. Университеттің сыртқы маркетингтік ортасы сыртқы макроорта мен сыртқы микроортаға бөлінуі мүмкін. Сыртқы макроортаны кең ауқымды əлеуметтік мəні бар сыртқы факторлар: демографиялық, экономикалық, əлеуметтік-мəдени, саяси, құқықтық жəне ғылыми-техникалық факторлар белгілейді. Сыртқы микроорта университеттің қызметіне тікелей ықпал ететін күштермен берілген: университеттің тауарлары мен қызметін тұтынушылар, бəсекелестер, ұсынушылар, делдалдар, байланысты аудиториялар (мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары). Университеттің ішкі ортасы оның əлеуетін сипаттайды жəне университет бақылауындағы факторлармен белгіленеді. Қазіргі уақытта университеттің ішкі ортасының маңызды құрамдас бөлігінің бірі университетті маркетингтік қамтамасыз ету деңгейі мен белсенділігі болып табылады. 1-суретте университет бір мезгілде нарықтың үш түрінде: БҚ, еңбек, ғылыми-техникалық өнімдер мен қызметтер нарығында жұмыс істейтіндігін ескергендегі университеттің маркетингтік ортасы берілген.

Университеттің маркетингтік ортасына талдау жасау оның өзгергіштігіне байланысты нарық жағдайында дəйектелген басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында үнемі жүзеге асырылуы тиіс. Осыған байланысты университетте маркетингтік ортаның элементтерін сипаттайтын маркетингтік индикаторлардың өзгеру динамикасын талдауға мүмкіндік беретін маркетингтік ортаны зерттеу жүйесін жасаған дұрыс. ҚазХҚжƏТУ-нің стратегиялық даму жəне мониторинг басқармасы университеттің ішкі, сонымен қатар сыртқы маркетингтік ортасын зерттеуді үнемі жүргізеді. Ұйымның ішкі ортасын зерттеу əдістерінің бірі SWOT-талдау болып табылады. Бұл құралды пайдаланудың үлгісін басқарма жоо-ның ғылыми жəне инновациялық қолдауын талдау үшін қолданған. ҚазХҚжƏТУ-індегі ғылыми жəне инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымын, менеджмент пен қызметкерлерін сипаттайтын көрсеткіштерді сараптамалық бағалау талданып отырған саланың күшті жəне əлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік берді.

 1-сурет. Университеттің маркетингтік орта құрылымы [1] 

Қауіптерді білдіретін немесе сыртқы орта ұсынатын жағымды мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін сыртқы факторларды сараптамалық бағалау олардың университеттегі ғылыми жəне инновациялық қызметтің дамуына əсерін бағалауға мүмкіндік берді. Жүргізілген SWOT-талдаудың нəтижесінде алынған мəліметтер ҚазХҚжƏТУ-нің 2020 жылға дейінгі ғылыми жəне инновациялық қызметін қолдауды жақсарту саласындағы стратегиясын жасауда пайдаланылды.

Білім беру саласында оның макроортасымен ең тұрақты жəне кең кері байланысы бар. Білім беру макроортаның ықпалына неғұрлым ұшырағыш, өйткені мəні бойынша ол оның көшірмесі болып табылады. Микроорта маркетингтің белгілі бір субъектісіне, сондай-ақ оның нақты мүмкіндіктеріне тікелей қатысы бар нақты адамдарды (ұйымдарды) білдіреді. Микроортаны мыналарға бөлуге болады:

  • білім беру ұйымдарының бақылауына бағынбайтын факторлар (бұған нақты ұсынушылар, бəсекелестер мен тұтынушылар жатқызылады);
  • білім беру ұйымдары тарапынан ішінара бақыланатын факторлар (бұған ұйымның қызмет саласын таңдауы мен өзгертуі, мақсаттарын анықтауы, ондағы маркетингтің орны, сондай-ақ маркетинг саласындағы қызметкерлерінің кəсіби біліктілік жəне олардың мəдениетінің дəрежесі жатқызылады). Осы факторлардың реттелушілік деңгейі ұйымның дербестілік деңгейін анықтайды;
  • маркетинг қызметі тарапынатын бақыланатын факторлар: маркетингтік қызметтің мақсаттық сегменттерін (жасалымдардың ерекшеліктерін, көлемі мен тереңдігін), мақсаттарын (ұйымның имиджіне, ілгерілету жолдарына, бəсекелестіктің рөліне қатынасын, сондай-ақ (маркетингтік əрекеттерді орындау кезінде түзетулер енгізуді қоса алғандағы) мақсаттарды таңдау.

Маркетинг субъектісі микроорта факторларымен қатынастарды реттей алады. Ол нарықта өзінің олармен өзара қарым-қатынастарын жолға қою мүмкіндігі бар субъектілерді таңдай алады. Бұның тек, егер шынайы нарық туралы сөз болғанда жəне онда таңдау бар болғанда ғана, мағынасы бар. Осыған байланысты микроортаны модельдеу деңгейінде немесе нарықтың белгілі бір субъектісінің, яғни білім беру мекемесінің мысалында, зерттеп білуге болады. Макроорта, керісінше, маркетинг субъектілерінің бəріне ортақ болып табылады. Жоғарғы мектептегі БҚ нарығының макроортасына назар аударамыз [2].

Отандық саяси ортада қоғамдағы жалпы саяси беталыстардың ауысуының тікелей салдары болып табылатын үдерістердің екі негізгі тобын бөліп көрсетуге болады. Үдерістердің бірінші тобы КСРО-ның құлауымен, жаңа егеменді мемлекеттердің құрылуымен анықталады. Үдерістердің екінші тобы, бұрын білім беру саласына жауапты болған əлеуметтік-саяси институттардың жалпы сынуы ретінде сипатталады. Бұл əсер етушілік əсіресе соңғы жетпіс жылда дəстүрлі түрде саяси- идеологиялық принциптер басым болған отандық жоғарғы білім үшін айрықша маңызды. Оқу жоспарларында дайындық пен мамандық бағдары бойынша пəндерге қарағанда аз орын алмаған қоғамдық-саяси пəндердің тұтас бір қатары келмеске кетті. Оқу-əдістемелік материалдар кешені, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдарын қоса, білім беру технологиялары, мамандардың мақсаттық модельдері түбегейлі жаңаруда. Мемлекеттердің – бұрынғы одақ республикалары арасында жаңа саяси шекаралардың іс жүзінде пайда болуы олардың білім беру саласындағы мүдделерін ерекшеледі. Айталық, жаңа егеменді республикаларда ұлттық тілдерге мемлекеттік мəртебе беру, жаңа саяси байланыстарды ескере отырып, басқа шет тілдеріне, соның ішінде тек еуропалық қана емес, сонымен қатар шығыс тілдеріне оқытудың маңыздылығы мен сұраныстылығын күрт көтерді. Орыс тілінің өзінің айрықша мəртебесін жоғалту салдарынан іскерлік қатынастардың жалпы қабылданған тілі ретіндегі ағылшын тілінің статусы жоғарылады. Жаңа шекаралар білім беру мекемелері мен білім беруді басқару құрылымдары алдына сапалық басқа мəселелерді қойды. Мамандарды даярлау бағдарларына қатысты қалыптасқан еңбек бөлінісін түбегейлі өзгерту талап етілді. Ғылыми-педагогикалық кадрларды қайта даярлауды, материалдық-техникалық жəне оқу- əдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жаңа мəселелері пайда болды.

Демократия Қазақстанда сонау КСРО аясында болған 80-жылдардың екінші жартысында басталғанмен де, саяси жүйені реформалаудың нағыз үдерісі туралы тек 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Мемлекеттік тəуелсіздік туралы заң» қабылданған соң ғана айтуға болады. Бұл үдерістің негізгі сатылары: саяси партиялардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың құрылуы мен дамуы, 1993 жəне 1995 жж. Конституцияны қабылдау, «Сайлау туралы» жаңа Заңды қабылдау, бүкіл халықтық Президент жəне Парламент сайлаулары. Қазақстан Республикасының саяси жүйесін демократияландырудың маңызды сатысы билікті жүзеге асыруға саяси партиялардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейткен 1998 жылдың 7 қазанындағы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу болды. Алайда бүгінгі таңда бұл үдеріс аяқталды деп айтуға болмайды. Қазақстанның саяси жүйесінің демократия жағына қарай өзгеруі саяси партияларды одан əрі дамытуды жəне шынайы партиялық жүйені қалыптастыру мен азаматтық қоғам институттарын дамытуды талап етеді. Дамыған елдерде білім беру саласына инвестициялар салу ең сенімділердің бірі болып табылатындығы күмəн тудырмайды. Қазақстанның 2003–2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ғылым мен инновациялық қызмет саласында белсенді мемлекеттік саясат жүргізу есебінен экономиканың жоғары технологиялық құрылымын жасауға бағытталған. Бұл бағдарламаны іске асыру еліміздің өндірісті-экономикалық жүйесін нығайтуға жəне дамытуға бағытталған, мұнда жоғары білікті ғылыми-инженерлік кадрлардың болуы мен даярлануының маңызы зор. Ғалымдар атап өткендей, əлемде елдердің орны зияткерлік əлеуетпен анықталады. Ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 40 %-ға дейін өсімін неғұрлым дамыған елдер білім беру жүйесін тиімді дамытудың нəтижесінде алады екен. Америкалық сарапшылардың бағалауы бойынша, білім беру жүйесіндегі 1 АҚШ долл. 3–6 АҚШ долл. пайда алуға мүмкіндік береді екен [3]. Алайда біздің елімізде мұндай беталыстар əзірше лайықты шамада көріне алмайды. Дегенмен де тұйықталған шеңберден жарып шығу тек білім беруге инвестициялар құйған жағдайда ғана мүмкін.

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың, профессорлық-оқытушылық құрамның еңбегін төлеу саласындағы экономикалық саясат міне бірнеше ондаған жылдар бойы мамандықтың төңкерілген, бұрмаланған абыройына бейілділікті көрсетіп келеді. Егер де АҚШ-нда оқытушылық құрамның еңбек ақысы білікті жұмыскердің жалақысынан 2–2,5 есе артық болса (профессорлардың орташа жалақысы – айына 4,5 мың долл.), ал біздің елімізде əзірге мұндай үдеріс байқалмайды. Əрине, істің мұндай жайы білікті кадрларды баламалы білім берушілік құрылымдарына жəне жалпы білімнен кетуге итермелейді. Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың ескіруі байқалады. ҚР-дағы ғылыми қызметкерлердің орташа жасы — 55 жас. Талантты жастардың ең алдымен материалдық жағдайдың төмендігі мен жоғары оқу орнынан тыс жалақы табу қажеттігінен кетуімен ғылыми жəне педагогикалық мектептердің сабақтастығы бұзылуда. 2012 жылдың соңында еліміздің Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясы» ұзақ мерзімді даму стратегиясының аясында, өзінің міндеті етіп Қазақстанның əлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қойған жаңа курсты жариялады. Президент республиканың басты мақсаты 2050 жылға таман күшті мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға бірдей еңбек мүмкіндіктерінің негізінде игілікті қоғам құруда деп атап өтті. Еліміз «алдымен — экономика, содан соң – саясат» принципіне сəйкес дамып келеді. Саяси реформалардың əрбір сатысы экономиканың даму деңгейімен тоқайласады, ізерлі түрде саяси либералдандыру жүзеге асырылуда. Тек осылай ғана елді модернизациялауға жəне оны бəсекеге қабілетті етуге болады. Қазақстанда кəсіпкерлік қызмет үшін негізді жағдайлар мен заманауи салықтық жүйе қалыптастырылған. Республикамызға 160 млрд долл. шетелдік инвестициялар тартылған. Стратегия – 2030 қабылдаған сəттен бастап өткен 15 жыл ішінде республика əлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бестігіне кірді. Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісінде Қазақстан 51-і орында жəне амбициялық мақсатқа — əлемнің неғұрлым бəсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге бір қадам ғана жетпей тұр. Президент 2050 жыл — бұл жай ғана символдық дата емес, бүгінгі таңда əлем қауымдастығы бет түзеп отырған шынайы мерзім екендігін атап өтті. Осылайша, БҰҰ-нда 2050-і жылға дейінгі өркениет дамуының жаһандық болжамы жасалды. Қазақстанның басты мақсаты — 2050-і жылға қарай əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену. Қоғамның экономикалық ортасының неғұрлым мəнді белгілері инфляция деңгейі, несиелер бойынша мөлшерлемелер, салық салу, халықтың ағымдағы табыстарының деңгейі, жиған-тергені, тұтынушылық себетінің құны сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осы көрсеткіштердің өзгеруі əдетте білім берудегі, БҚ-не сұраныстағы тек сандық қана емес, сонымен бірге құрылымдық ілгерілеуді туындатады. Іргелі университеттік білімге деген сұраныстың төмендеуіне жалпы беталыс, Еуропаның университеттерінде оқушылардың жалпы санының қысқаруы зияткерлік элитаны даярлау орталықтары ретіндегі университеттерге деген көзқарастың елеулі түрде əлсіреуіне алып келді. Іс жүзінде университеттер көбінесе үздіксіз білім беру орталықтары ретінде қарастырыла бастады. Абитуриенттер күнкөріс үшін біліктілікке ие бола отырып, тек экономикалық себептерді басшылыққа ала отырып келетін болды. Терең экономикалық дағдарыс біздің елімізде тек қандай да бір шамада пайдакүнемдік экономикалық-басқарушылық білім алуға жəне заңгерлік білімдерге сұраныстың сақталуына мүмкіндік берді. Мұндай кеми бастаған сұраныс, барлық жалпы саяси жəне əлеуметтік ахуалдың жылдам өзгеруімен өрши түсті, дегенмен неғұрлым ұзақ мерзімдік жоспарда дəл осы өзгерістердің жылдамдығы іргелі білімдерді, жағдайда өз бетінше бағдарлана алуды, қорытындылар жасауды, шешімдер қабылдауды талап етеді. Экономикадағы өзгерістер, əсіресе монополиясыздандыру, шаруашылықтық-басқарушылық субъектілерін мемлекетсіздендіру, олардың іс жүзіндегі дербестілігінің қалыптасуы бағытында жаңадан пайда болып жатқан кəсіпорындарды, олардың қызметін бухгалтерлік қамтамасыз ету, байланыс құралдарын, информатиканы жəне т.б дамыту үшін жаңа кадрларды талап етеді. Жоғары білімі бар мамандарға деген сұраныстың жағымсыз жағдайы олардың артықшылығы туралы тезистен көрініс тауып жатыр; бұл өз кезегінде оларды пайдаланудағы жағымсыз ахуалмен көрнекілендіріледі. Өз кезегінде кəсіпорындар, экономикалық жағынан дербестенген соң жас мамандардан бас тарта бастады. Көптеген кəсіпорындар өз жұмыскерлерін көбінесе оларды меңгеру осы кəсіпорыннан тыс пайдалануға болатын кəсіптерге оқытуды құптамайды жəне тіпті осындай оқудың қысқа мерзімдік формаларын да төлемейді.

Демографиялық сипаттамалар мен халықтың даму беталыстары БҚ-не сұраныс конъюнктурасында айрықша маңызды рөл атқарады. Əсіресе 1992 жылдан бастап білімге бастаған қызығушылықтың төмендеуі, еңбекке қабілетті жастың (кезеңнің) жалпы ұлғаюымен үйлесе отырып, бастапқы жоғарғы білім алудан гөрі, кадрларды қайта даярлау міндетін көбірек қояды. Ұлттың қартаюы жеделдеп, еңбекке қабілетті жастан жас тұрғындардың үлес салмағы төмендеуде. Білім беру қызметіне сұраныспен салыстырғанда жұмыссыздықтың рөлін бағалай отырып, оның салдарының екі жақтылығын көру маңызды. Бір жағынан, жұмыссыздық тым болмағанда контингенттің сəйкес бөлігін қайта оқуға мəжбүрлейді. Оның жұмыссыздық салдары ретінде бой көрсететін басқа жағымсыз жағы неғұрлым күшті: Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) төмендеуі білім беру жүйесінің бюджетіне қатты соққы болып отыр. ҚР-нда саяси жəне ұлттық ортадағы өзгерістермен тығыз байланысты гастарбайтерлер — шетелдік уақытша жұмыскерлер өздерін неғұрлым белсенді көрсетуде. Біздің қоғамда өзекті бола түскен жұмыссыздық мəселелері білімге сұраныста өзіне тəн жыныстық айырмашылықты тудырды. Кəсіпорындардың көпшілігінде босатылуға бəрінен бұрын əйелдер жатады — міне, солар резервтік еңбек армиясын толықтырып отыр; соның салдары ретінде əйелдерді қайта даярлауға сұраныс өсіп отыр. Шағын, əсіресе отбасылық бизнес саласындағы білімдерге сұраныстың жалт ете қалушылығы байқалады. Демографиялық айырмашылықтың, жалпы білім беруде тым айқын байқалатын, урбанистік аспектісі, əсіресе жоғарғы мектепте айрықша көрініс тапқан. ҚР-ндағы оның мекемелерінің негізгі ауқымы екі қалада — Астана мен Алматыда шоғырланған. Əлбетте, мамандардың миграциясы — бұл тұлғаның орын ауыстыру еркіндігі мен еңбек ресурстары нарығы болған жағдайларда қалыпты құбылыс. Алайда мұндай миграцияның біздің елімізге қатысты ассимметриялылығы «зиялылардың жылыстауы» мəселесі туралы айтуға барынша негіз болып отыр. Кез келген саладағы жанға тиетін бұл жағдай білім беруде ұзаққа созылатын жағымсыз салдарымен жəне, бəрінен бұрын, толыққанды зияткерлік əлеуетті қайта жаңғыртуға қабілетті кадрлардың дефицитімен қиын болады. Бұл мəселені жедел түрде шешу тек қаржылық жəне бүгінгі күннің басқа да материалдық есептері бойынша ғана емес, сонымен бірге объективті жүріп жатқан ғылым мен білімді интернационалдандыру үдерісіндегі қатысушы елдердің қиын арылатын бастапқы теңсіздігінің салдарынан да мүмкін емес. Тіпті білім беру саласындағы дамыған елдер мен халықаралық ұйымдардың тарапынан көмектің болуы да осы көмек көрсетіліп отырған елден кадрлардың кетуін əлсіретпек түгілі, күшейтіп отыр. Алмасулар мен ынтымақтастық арқылы біржақты бағытталған көмектен білім беру қызметінің, біріккен жəне халықаралық білім берушілік құрылымдарын құруды қоса алғандағы, халықаралық интеграциясына қарай ілгерілеу —«зиялылардың жылыстауы» мəселесін шешудің жолы осындай болуы мүмкін болар еді.

Кез келген елде білім беру моделі мен тəжірибесі елеулі түрде ұлттық құрылыммен, ұлттық ерекшеліктермен анықталады. Жекелеген білім беру мекемелері осы модельдердің типологиясы мен өзіне тəн белгілерін əр түрлі тереңдік дəрежесінен бейнелегенмен де, нұсқалардың кең ауқымында, жалпы бұл ерекшеліктер өте сезіледі. Функционалдық классификация тұрғысынан, Германияның жоғары оқу орнының орташа алынған моделін сипаттай отырып, мұнда басты көңіл ғылыми зерттеулерге бөлінетіндігін айтуға болады. Ұлыбританияның жоғары оқу орын моделі оқушы тұлғасының, оның жеке басының қабілеттерінің дамуына айрықша назар аударуымен сипатталады, жəне бұл үдеріс кез келген оқыту пəнінде дерлік таратыла алады. Осыдан келіп либералды білім беру тұжырымдамасы кең ауқымды зияткерлік мүмкіндіктерге жəне ерекше тұлғалық қасиеттерге, соның ішінде зерттеушілік жəне кəсіби дайындықты қаншалықты құрметтеген күннің өзінде жоғары оқу орнының болашақ басты міндеті сияқты болып табылатын, мінез-құлық қасиеттеріне ие түлектердің ықыласы деген келіп шығады. Француздық жоғарғы білім жүйесі, жоғарыда аталғандарға, əсіресе германдық жүйеге қарағанда, мемлекетке қатаң иерархиялық бағынуымен сипатталады. Мұнда ғылыми қызметті жоғары оқу орнының, университеттің «ішкі ғылымы» жəне «тыс ғылымы» болып бөліну дəрежесі жоғары. Прагматикалық бағдарланған жоғары оқу орындарынан «тыс ғылымдардың» болуы білім беруді кəсібилендіру бағытындағы жұмыстарын жандандырады. Сондықтан да мұндағы кең таралған модель кəсіби, «жаттықтырушылық» ретінде мамандандырылады. АҚШ-нда Еуропада қалыптасқан жоғарғы білімнің аталған барлық үш функционалдық модельдері біртіндеп іске асырылатын жүйе қалыптасқан. Бірінші саты (төрт жылдық дайындықты колледждер) ағылшын жүйесінің ізімен қаланған. Екінші саты (алтыжылдық даярлық жүргізетін) жалпы француздық кəсіби оқыту жүйесіне туыстас. Үшінші сатыда Германияға тəн жоғарғы мектептің зерттеушілік функциясы ұлғайтылады. Америкалық этностың қалыптасуының тарихи ерекшеліктерін ескерер болсақ, еуропалық елдердің ықпалы мен олардың басымдықтарын ассимиляциялайтын мұндай функционалдық құрылым таң қалдырмайды. Жоғарғы білімнің жапондық жүйесінде көбінде «кландық» белгілер бар. Мұнда жоғары оқу орындары белгілі бір қоғам топтарымен, БҚ тұтынушы топтармен орныққан байланыстарына, олардың басым ықыластары мен үміттеріне, фирмалардың қызметкерлерге қатынасының дəстүрлеріне, фирманың жалпы ахуалының талаптарына бағдарланған. Касталылық, дегдарлылық — жоғарғы білімнің жапондық моделін құруға тəн принцип.

ҚР қалыптасып жатқан жоғарғы мектебінің алдында əлі көп мағыналы салдарды болжайтын, білім беруді мазмұндық интернационалдандыру сатысы тұр. Оның бірінші сатысы — халықаралық көмек — көбінде осы көмекті көрсетіп отырған елдердің, олардың ұлттық жəне халықаралық корпорацияларының уəждемесі мен мүдделерін іске асырады. Сонымен, болашақ отандық кадрлар мен мамандарды нарықтық дамыған елдер мен фирмаларға тəн принциптерге, əдістер мен құндылықтарға қайта бағдарлау жүріп жатыр, өзінің ауқымы жағынан бірегей ресей нарығына, олардың мүдделерін түсінетін дайындық жүзеге асырылуда. Бұл оқыту тілін, терминологияны, оқу құралдарын, əдістемелерді, талдауға арналған мысалдарды, оқытудың нəтижелерін бағалау критерийлерін таңдау кезінде-ақ көрініс табуда. Кейбір мамандар мен зерттеушілер осы үдерістің нəтижелерін болжай отырып, тек сыртқы ғана емес, сонымен бірге, былайша айтқанда, ішкі

«зиялылардың жылыстауына» да назар аударады. Біріншісі дайындалған мамандардың көпшілігі батыстық типтегі білім алып сəйкес зияткерлік жəне мəдени құндылықтарды, басым ықыластарды сіңіреді, сонымен бір мезгілде өз отанының шындығын шыдамдылықпен қабылдау қабілетін жоғалтып, оны тастап кетеді дегенге негізделеді. Екінші, ішкі «зиялылардың жылыстауы» айналасындағы отандастарының арасында ортақ пікірлестері болмағандықтан, отаны үшін тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған маман тіпті шетелге кетпей-ақ, көбінесе басқа елдердің дəстүрлері мен мүдделеріне бет бұрады, олар үшін бағалы болып қалуды, əлем қауымдастығының мойындағандығын қалайды. Дегенмен, отандық ғылымда кадрлық дағдарыс ішкі «брэндрейн», яғни кадрлардың ғылымнан өнеркəсіпке, кəсіпкерлік секторға, мемлекеттік басқару секторына жəне т.с.с., кетуі салдарынан туындады. Əлбетте, жоғарғы білім беруді интернационализациялаудың көптеген жағымды жақтары да бар: əр түрлі ұлттық жəне ұлтаралық жүйелер мен жоғарғы білім субъектілері өзара байытушылығы, өзара ықпалы, ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігі, жоғарғы мектептің дамуы мен жаңғыруының жаһандық мəселелерін шешу. Бірақ жоғарғы білімді əмбебаптандыруды түпкі мақсат ретінде бағамдасақ, оны дамушы елдерге қатысты интернационализациялау «батыстық тип бойынша біркелкілік» сатысында тоқтап қалуы мүмкін. Мəдени ортада ол ұлттық мəдениеттің кедейленуіне алып келуі мүмкін.

Білім беру, əсіресе жоғарғы білім, ешқандай бір басқа қызмет немесе тауар ретінде, мəдениетке таңылған, одан бөлінбейді. Білім беру қызметтеріне сұраныс мəдениет деңгейімен байланысты, жəне де мəдениеттің деңгейі қаншалықты биік болса, жаңа білімдер мен қосымша білімге деген қажеттілік соғұрлым айқын көрінеді. Мəдени деңгейдің өсуіне сəйкес тұтынушы саналы түрде өзінің біліми қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайтын бюджеттегі шығындар үлесі ұлғая түседі. Əлеуметтік- мəдени жəне моральдық-этикалық орта өте маңызды. Біздің қоғамымыздың жəне оның мүшелерінің бар назары нарықтық қатынастардың алғашқы өскіндеріне шоғырланған. Нарық бұрын біздің елімізде ресми мойындалғандардан елеулі түрде ерекшеленетін мəдениетті, мораль мен адамгершілікті қалыптастырады жəне көрсетеді. Бірақ əзірше нарық құрылымдық толық қалыптасқан жоқ, əзірше нарықтағы өркениетті тəртіп ережелері жұмыс істей қойған жоқ, қоғамда əлі күнге дейін

«күштінің құқығы», мəдениетсіздік басым. «Еңбегіне қарай социалистік бөлініс» декларацияларымен тəрбиеленген, оны төлеуде іс жүзінде басым болған теңестірушілік үрдіс кезінде, елдің қалың көпшілігі үдеп келе жатқан əлеуметтік жіктелуді, табыстарды əділ бөлудің нарықтық критерийлерін өте қынжыла қабылдайды.

Ғылыми-техникалық озықтық — нақты бағдарлар мен дайындық мамандықтарының БҚ-не, яғни БҚ ассортиментіне, сұранысты анықтайтын тікелей əсер ететін неғұрлым ірі ауқымды факторлардың бірі. Дамыған нарықтық елдерде инженерлік бағдардағы дайындалған мамандар санының өсуге бет алған үрдісі де бар, бірақ ол елеулі емес, басым болып табылмайды. Ғылыми-техникалық озықтықты анықтайтын мамандықтарға ерекше көңіл бөлінеді, солардың ішінде информатика жəне есептеу техникасы, көп мəрте қолданылатын космостық техника, биотехнология, қатты денелер электроникасы, роботты техника, материалтану, дəстүрлі емес энергия көздерімен жұмыс технологиясы, экология, обырмен жəне психикалық аурулармен күрес медицинасы, тууды реттеудің қауіпсіз жəне тиімді əдістері жəне т.б. Айқын мысал болып «тауар өндірушілік экономикадан білімдерді өндіру мен қолдануға негізделген экономикаға ойысу жүріп жатқан» дамыған мемлекеттер табылады. Жаңа технологиялардың, оларда жаңа білімдер бар жабдықтардың үлесіне ІЖӨ өсімінің 70–85 %-на дейін келеді. Ғылымды қажетсінетін өнімдердің əлемдік нарығының көлемі 2 трлн 300 млрд АҚШ долл. құрайды. (АҚШ үлесі — 39 %, Жапонияныкі — 30, Германияныкі — 16 %). Неғұрлым дамыған жеті ел 50 макротехнологияның 46-сы бар, жаңа технологиялар нарығының 80 % ұстап тұр. АҚШ жыл сайын ғылымды қажетсінетін өнімді экспорттаудан 700 млрд жуық АҚШ долл., Германия — 530, Жапония — 400 млрд АҚШ долл. алады. Осы экономикалық кеңістік үшін шексіз жарыста инновациялар мен жалпы білім жеңіске жетудің басты факторына айналды [4].

Қорыта келе, дамыған елдердің қарастырылған тəжірибесінің негізінде, жоғары технологияларды ынталандырудың басты бағыттарын белгілеуге болады: жоғары технологиялар саласындағы мемлекеттік қолдау мен ынталандырудың бағыттарын белгілеу; технополистер, технопарктер мен нақты өндірістерді құруға күш салу; Internet-экономика инфрақұрылымының, дəлірек айтқанда: Internet-биржалардың, банктердің, маркетингтің, дүкендердің жəне т.б. тез дамуы үшін қаржылық, құқықтық жəне басқа да жағдайларды қамтамасыз ету; өзіміздің жаңа ұрпақтың шығармашылық жəне басқармашылық элитасын қалыптастыру мақсатында, білімдерді тудыруға жəне жаңа технологиялардың дамуын ілгерілетуге, еліміздің əлемдік нарықтағы жоғары технологиялар секторына қатысуын қамтамасыз етуге қабілетті, тиімді білім беру жүйесін қолдау; ғылымды қажетсінетін өндірістер саласына отандық жəне шетелдік инвесторларды тарту жəне ұлттық кəсіпкерлік құрылымдардың web-технологиялар саласындағы халықаралық альянстар мен трансұлттық компанияларға қатысуы үшін жағдайлар жасау қажет.

Бағдарлану мен мамандыққа, дайындықтардың мамандандырылуына қатысты отандық жоғарғы мектептің құрылымының икемсіздігі техникалық жəне технологиялық жаңалықтарды жасау, енгізу жəне кеңінен тарату қарқынының жеделдеуі жағдайында сындарлы факторға айналып отыр. Идеялардың пайда болуы мен оның ірі сериялы іске асырылуының арасындағы уақыт алшақтығы 1–2 жылдың деңгейіне шыға отырып, қысқара түсуде, нарық осыны талап етіп отыр. Жоғары оқу орны бірінші курстан бастап өз студенттерін жоғарғы білім алу аяқталар тұста оларға не керектігіне үйретеді, өйткені сəйкес идеялар дүниеге əлі келген жоқ; алайда дəл осы нəрсе мамандарды дайындау мерзімі өткен соң ескірмейтін БҚ-ін көрсетудің жалғыз ғана тəсілі ретіндегі жоғарғы білімнің іргелену пайдасына қосымша айғақ болады.

Қазақстандағы жоғары білімнің қоршаған маркетингтік макроортасы факторларының негізгі топтарына шолу жүргізудің нəтижелері мен айқындалған осы саладағы қызметтер конъюнктурасының үрдістері бойынша естен тандыратындай пікір қалыптасуы мүмкін. Расында да, қарастырылған факторлар өте қатал ықпал етуде, үрдістердің жағымсыз жағы басым. Дегенмен де, бұл қандай дəрежеде де бұл жерде маркетингке орын жоқ дегенді білдірмейді, керісінше, бірақ сөз шүбəсіз перспективалы сұранысты мақсатты түрде қалыптастыратын белсенді маркетинг турасында болуы тиіс.

Сұранысқа ие мамандарды қалыптастырудың маркетингтік заңдылықтарын анықтау жəне оларға талдау жасау білім беру мекемелерін басқару жүйесін жетілдіруге ықпал ететін кəсіби білім жүйесі субъектілерінің қызметін бағалау жүйесін құрастыруға алғышарттар жасады. Осы зерттеудің аясында, Абылай хан атындағы ҚазХҚжƏТУ маркетингтік талдаудың нəтижелері бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлау үдерісіндегі құзыреттілік тұрғысынан қарау мен психоəлеуметтік факторлардың рөлінің күшеюін бейнелейтін білім беру қызметі нарығының профиль-пакеті жасалды (2-сур.).

Кəсіби білім беру жүйесінің жұмыс істеу критерийлеріне ішкі ұйымдастырушылық маркетингтің өлшемдері мен жалпы қоғам үшін де, сондай-ақ нақты білім беру мекемесі үшін де мақсаттарға қол жеткізу тұрғысынан кəсіби білім беру моделінің жұмыс істеуіне талдау үшін енгізілетін сыртқы ортаның критерийлері кіреді.

Білім беру мекемесінің психоəлеуметтік бағдарын білім беру мекемесі қызметкерінің жəне тұтынушының жеке басының психологиялық сипаттамалары кұрайды.

2-сурет. Білім беру қызметі нарығының профиль-пакеті [5]

Кəсіби білім беру жүйесінің профиль-пакетін қалыптастыру мен талдаудың нəтижесі еңбек нарығында сұранысқа ие маманды даярлауға мүмкіндік беретін білім беру қызметі нарығының субъектілері арасындағы өзара ықпалдастық механизмін құру болып табылады.

Білім беру саласындағы маркетинг — бұл білім беру мекемелерінің стратегиялық дамуын анықтайтын, білім беру қызметінің тұтынушылары мен өндірушілер арасындағы маркетингтік коммуникациялар жүйесі. Маркетингтік саясатты құрастыру экономикалық құбылыстардың шынайы бар байланысын білдіретін маркетингтік заңдылықтар жиынтығының ықпалымен жүреді. Зерттеулер үшін басты міндеті барлық элементтердің арасындағы рационалды байланыстарды орнату арқылы олардың жұмысындағы үйлесімділікке қол жеткізу болып табылатын, сұранысқа ие мамандарды даярлау кезіндегі білім беру қызметі маркетингінің кешені қалыптастырылды, ол байланыстарды орнату үшін білім беру қызметі маркетингінің əрбір элементінің қызметінің нысанын анықтау қажет. Соңғы нəтижесінде мұндай нысан тұтынушы болып табылады. Кəсіби білім беру жүйесінің субъектілері болып табылатындар: мемлекет, түлектер, кəсіпорындар. Білім беру жүйесі нысандарына біз əр түрлі əдістерді пайдалану арқылы адамзат ресурстарына берілетін ақпараттар жиынтығын білдіретін зияткерлік өнім ретіндегі білім беру қызметін жатқызамыз. Білім беру қызметінің мəнін қарастыра отырып, қызметтердің дəстүрлі (сезілмеушілік, бастапқы көзден бөлінбеушілік, сапаның тұрақсыздығы, сақталмаушылық) жəне тек соларға ғана тəн сипаттамаларын үйлестіруден көрініс табатын олардың ерекшелігін де ұмытпаған жөн. Білім беру маркетингі жекелеген адамдардың, ұйымдар мен қоғамның ұдайы зияткерлік дамуын шарттастыратын білім беру қызметі нарығының субъектілері мен объектілерінің өзара ықпалдастық механизмін білдіреді. Келесі элементтерден тұратын білім беру қызметін ұсынудың пайымды нəтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім беру қызметі маркетингінің кешені қалыптастырылды: өзара ықпалдастық маркетингі, маркетингтік детерминациялық консалтинг, жеке мансап маркетингі, ішкі ұйымдастырушылық маркетингі, стратегиялық маркетинг, тактикалық маркетинг, имидж маркетингі, инновациялық маркетинг. Білім беру саласындағы бұл тұрғыдан қараушылықтың перспективалылығы оның БҚ-не сұранысты тұтынушылардың əр түрлі санаттарының қажеттіліктерінің иерархиясын ескере отырып, оларды алуына қарай, қалыптастыру жəне арттыру мүмкіндігінен туындайды.

Маркетингтік зерттеу сатыларын атап көрсетейік: зерттеудің негізгі мəселелерін анықтау жəне басты мақсаттарын құрастыру; ақпарат көздерін таңдау; ертеректегі деректердің негізінде ақпарат жинау, соның ішінде социологиялық жəне лабораториялық эксперименттердің нəтижелерін; жиналған мəліметтерді талдау жəне мəліметтерді көрнекі түрге келтіру. Зерттеудің болжамы тұрғындар үшін жоғарғы білімнің қолжетімділігі оқу орындарын мемлекеттік басқару жағдайында қамтамасыз етіле алады, нарық жағдайындағы жоғары оқу орындарының қызметі студенттердің кəсіби-тұлғалық дамуын педагогикалық қолдаудың сапалы өзгеруін талап етеді; жоғары оқу орнын басқару жүйесіндегі маркетингтік қызметтің технологиялық инструментарийлері құрамында вариативті технологиялар болуы керек деген пайымда. Бəсекелестікті стратегия құралдар кешенін, соның ішінде қызметтер ассортиментін, баға құралымын, коммуникацияларды, бөлінуді жəне қызметкерлерді белгілейтін шешімдерге сүйенеді жəне маркетингтік іс-қимылдар жоспарларында нақтыланады, сəйкес бюджетпен нығайтылады, маркетингті ұйымдастыру жəне артынша оны басқару арқылы іске асырылады. Автор сызба түрінде тауар ретіндегі қызметтің жекелеген сипаттамаларымен байланысты кемшіліктерді жою үшін маркетинг құралдарын пайдалана отырып, білім беру қызметі құндылықтарын қалыптастыруды көрсеткен.

Жоғары оқу орындарындағы маркетингтік қызметтің негізгі бағыттарының ішінде жоғары оқу орнының оңтайлы стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың бастапқы нүктесі болып табылатын маркетингтік зерттеулер атап көрсетілді. Зерттеудің нəтижелері бойынша сұранысқа ие мамандарды қалыптастырудың келесі заңдылықтары анықталған: білім беру стандарттарын халықаралық деңгейде жетілдірудің негізінде кəсіби білім беру үлгілерін ірілендіру білім беру қызметін қуаттандырылған қызмет деңгейінде жетілдіру; жеке бас мансабын жетілдіру арқылы түлектердің еңбек нарығындағы сұраныстылығын көтеру; экономиканың қазіргі даму сатысындағы əр түрлі бағдардағы білім беру мекемелерінің санын ұлғайту; білім беру жүйелерінің халықаралық деңгейдегі бəсекелестігі; кəсіби білім беру субъектілері мен объектілерінің корреляциясы (өзара ықпалдастығы) деңгейін көтеру; білім беру қызметі нарығындағы бəсекелестікті күшейту; кəсіби білім берудің маркетингтік жүйесін жетілдіру; білім беру қызметіне сұраныстың бағалық емес факторларының рөлін күшейту; ғылыми-техникалық озықтықпен шарттастырылған ассортименттік портфельді кеңейту; профиль-пакетке талдау негізінде Қазақстанның өңірлеріндегі мамандардың сұраныстылық деңгейін көтеру; білім беру мекемелерін ірілендіру (кластерлерді қалыптастыру); еңбек нарығындағы мамандардың сұраныстылығына əсер ететін сандық жəне сапалық факторлардың жиынтығын анықтау; сұранысқа ие мамандарды даярлау үдерісінде құзыреттілік тұрғысынан қараушылық пен психоəлеуметтік факторлардың рөлін күшейту; зияткерлік өнімді қалыптастырудың негізінде білім берудің инвестициялық тартымдылығын көтеру; маркетингтің көмегімен білім беру мекемесін басқару жүйесін жетілдіру. Зерттеу нəтижелерінің құндылығы тұжырымдамалық жасалымдар нарықты зерттеуге жəне сегменттеуге, оған керекті ассортиментті жəне БҚ сапасын жобалауға, білім беру мекемесінің стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруға жəне оңтайландыруға, баға құралымы мен БҚ нарыққа, тұтынушыларға шығару мəселелерін шешуге мүмкіндік беретін нақты құралдар кешенімен күшейтілген. Түйіндесек, инновациялық-білім берушілік технологияларды пайдалану арқылы оқыту сапасын көтеруді негізге алатын жоғары оқу орнын дамытудың маркетингтік тұжырымдамасын анықтады; сұранысқа ие мамандарды қалыптастырудың маркетингтік заңдылықтары анықталды, олардың ішінде білім беру стандарттарын халықаралық деңгейде бірдейлендірудің негізінде кəсіби білім беру жүйесін жетілдіру, білім беру қызметін қосымша нығайтылған қызметтер деңгейінде жетілдіру; инновациялық-зияткерлік өнім ретіндегі білім беру қызметін жетілдіру арқылы еңбек нарығының түлектерге мұқтаждықтарын көтеру; экономиканың қазіргі даму сатысында əр түрлі бағдардағы білім беру мекемелерінің санын ұлғайту; білім беру жүйелері бəсекелестігін халықаралық деңгейде күшейту негізгілері болып табылады. Жоғары оқу орындарының жұмыс тəжірибесіне вариативті маркетингтік технологияларын пайдалануға негізделген басқару тұжырымдамасын енгізудің дұрыстығы дəйектелді, жоғары оқу орнын дамытудың негізі инновациялық-білім берушілік технологияларды пайдалану арқылы оқытудың сапасын көтеру болып табылатын маркетингтік тұжырымдамасы негізіндегі жоғарғы оқу орнының нарықтық ортадағы білім берушілік қызметінің даму стратегиясы дəйектелді; сұранысқа ие мамандарды қалыптастырудың маркетингтік заңдылықтары анықталды, олардың негізгілері болып табылатындар: білім беру стандарттарын халықаралық деңгейде бірдейлендірудің негізінде кəсіби білім беру жүйесін жетілдіру, білім беру қызметін қосымша нығайтылған қызметтер деңгейінде жетілдіру; инновациялық-зияткерлік өнім ретіндегі білім беру қызметін жетілдіру арқылы еңбек нарығының түлектерге мұқтаждықтарын көтеру; экономиканың қазіргі даму сатысында əр түрлі бағдардағы білім беру мекемелерінің санын ұлғайту; білім беру жүйелері бəсекелестігін халықаралық деңгейде күшейту.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Белаш О.Ю., Рыжов Н.Г., Шестопалов М.Ю. Маркетинговая деятельность технического университета // Инновации. — №3 (149), С. 12–17.
  2. Кныш М.И. Конкурентные стратегии: Учеб. пособие. — СПб., 2005. — 284 с.
  3. Кадомцева С.В. Экономические основы системы социальной защиты. — М., — С. 8.
  4. Алыкпашев Ж. Инфраструктура интеллектоемких отраслей — важнейший фактор экономического роста // Саясат. — 2005. — № 2. — С. 66–68.
  5. Фомина С.Ю. Маркетинг образовательных услуг при подготовке востребованных специалистов. Автореф. дис. канд. экон. наук. Волгоград, 2008. — С. 18.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.