Қылмыстық құқық

ҚР Жоғарғы Соты пленумының 24 сəуір 1992 жылғы №2 « Қылмыстан жəбір шеккен адамдар- дың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысына сəйкес жəбірленуші деп- қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылыққа  тартылғандығына қарамастан, қоғамға қауіпті əрекеттен тікелей моральдық, тəндік немесе мүліктік зиян шеккен адам танылады. Ал аяқталмаған қылмыстық əрекеттер туралы істер бойынша (қылмысқа дайындалу немесе оқталу) адамды жəбірленуші деп тану моральдық, тəндік немесе мүліктік зиянның нақты келтірілгендігіне байланысты анықталады.
2012


Жұмыста қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстар мəселесі талданады. Жұмыс авторы қоғамдық тəртіпті қылмыс объектісі ретінде қарастырады жəне осы топтағы қылмыстарды саралау ережелерін келтіреді. Неғұрлым қауіпті болып табылатын бұзақылық құрамын талдауға үлкен көңіл бөлінеді жəне қылмыстың осы түрімен күресуге бағытталған теориялық ережелерді өңдейді. Автор бұзақылық жəне тағылық құрамдарына жан-жақты саралау жүргізе отырып, олардың алдын алудың жолдарын жəне нақты шараларын келтіреді.
2013

Мемлекеттің қылмыстық саясатын жүзеге асыру механизмдерінің қатарында криминализация, декриминализация мен пенализация бар. Криминализация мен декриминализация процесі қылмыстық заңды қабылдаумен немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізумен аяқталмайды, ол бір жолғы акт сипатында емес. Декриминализация əрқашан тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Мақалада қылмыс құрамдарын əкімшілік құқық аясына ауыстырумен проблемалардың шешілмейтінін, декриминализация процесін жүргізу арқылы қоғамға қауіптілігі елеулі емес қылмыстарды толық алып тастау немесе ішінара басқа құқықтың аясына ауыстыру үшін басшылыққа алатын белгілері ұсынылады.
2013

Мақалада медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін атқаруымен байланысты қылмыстық-құқықтық жауаптылық мәселесі қарастырылған. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен байланысты әрекеттері үш тоқпа бөлінеді: жазатайым оқиға, дәрігерлік қателік және кәсіби қызметі салдарынан орын алған қылмыс. Медицна қызметкерлерінің кәсіби қызметі салдарынан орын алған қылмыстық оқиғаны саралаудағы бірқатар қиындықтарға айқындалып, қылмыс пен орын алған зиянды салдардың арасындағы себепті байланысты анықтаудың өзектілігі талданады.
2013


Мақалада қылмыстылықтың бір түрі ретінде пенитенциарлық қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары қарастырылған. Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықтың себептерінің ерекшеліктері айқындалып, пенитенциарлық қылмыстылықтың себептеріне жіктеу жүргізілген.Автор қасақана қылмыс жасауға негіз болатын жағдайларды екі топқа бөліп қарастырып, объективтік және субъективтік жағдайларды сипаттаған.
2014

Мақалада қылмыс объектісі ұғымына байланысты қылмыстық құқықта қалыптасқан теорияларға  жалпы шолу жасалынған. Сонымен қатар, қылмыстық заңнаманы жетілдіру мақсатында қылмыстық кодекстің жаңа Концепциясының негізі ретінде қылмыс объектісі болып танылатын мүддені ескерудің маңыздылығы айтылады.
2014

Нақты мақалада заңды тұлғалардың қызметі, жекелеген тұлға ретінде конституциялық құқықтар мен бостандықтарына, жалпы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қайшы келуі мүмкін. Қазақстан секілді басқа елдерде де әртүрлі саяси, діни, экстримистік, террористік, қылмыстық ұйымдар бар олар коммерциялық және коммерциялық емес заңды ұйымдарды құру арқылы адамдарға, азаматтарға,мемлекеттің құқықтық тәртібіне және заңына үлкен зиян келтіріп отырады. Аталған қылмыспен күресу үшін, заңгер-ғалымдардың алдында, жаңа тиімді қылмыстық-құқықтық әдіс ойлап шығару немесе ескіні толықтыру мәселесі туындап тұр.
2014

Мақалада қылмыстық іс жүргізудің негізгі объектісі адам құқықтарын қорғау қажеттігінің мәні мен маңызы қарастырылады. Автор бұл жұмыста бұрынғы кездегі және қазіргі уақыттағы қылмыстық іс жүргізудің арақатынасын ашуға тырысады. Сонымен бірге қылмыстық сот өндірісі барысында адам құқықтарын қорғаудың негізгі қағидалары ашылып кетеді.
2014

Бұл мақалада меншікке байланысты шет елдердің қылмыстық заңнамасындағы ұғымына талдау жүргізілді. Зерттеу барысында Испания, Франция, Голландия, Германия, Швейцария, Польша, Швецияның қылмыстық заңдары қарастырылды. Автор арқылы шет елдердің арнайы меншікті қылмыстық құқықтық қорғау аясында кешенді зерттеулер жүргізілген. Меншікті қорғау саласындағы шет елдердің қылмыстық нормаларын, егжей-тегжей зерттеліп, шет елдердің тиімді тәжірибесін ҚР қылмыстық заңнамсына пайдалану мақсатында салыстырмалы түрде құқықтық талдау жасалған.
2014

Мақалада қылмыстық құқық ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі қылмыстық саясаттың пәні туралы көзқарастар қарастырылған. Қылмыстық саясаттың стратегиясы мен тактикасы талданылған. Қылмыстық саясаттың тұжырымдамасын жасап шығару туралы мәселені көтере отырып, қоғам өміріндегі орын алып отырған шиеленісті жағдайлар жан-жақты ашылған. Сонымен қатар, қылмыстық саясаттың тұжырымдамасын жасап шығаруға қатысты теориялық ережелерге назар аударылған.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.