Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пенитенциарлық қылмыстылықтың кейбір себептері және жағдайлары туралы

Пенитенциарлық қылмыстылықтың себептері мен жағдайын қараудан бұрын, «пенитенциарлық қылмыс» ұғымына сипаттама беріп өтейік.

Пенитенциарлық қылмыс (латын сөзі, poenitentiarius – тәубесіне   келген, түзелген) – қоғамнан мәжбүрлі түрде оқшауланған жағдайда жасалынатын, заңға қайшы қылмыстық әрекеттер жүйесі. Пенитенциарлық қылмыстылық –  бұл  бас  бостандығынан айыру орындарындағы пенитенциарлық қылмыстар, яғни жасалған орнына байланысты ерекшеленетін қылмыстылықтың түрі. Бұл қылмыстылыққа түзеу колониясындағы,  емдеу мекемесіндегі, қоныс колониядағы,  тәрбиелеу колонияларындағы, түрмедегі, тергеу изоляторындағы (қамаудағыларға қатысты бөлігінде) қылмыстардың жиынтығы жатады [1].

Бас бостандығынан айыру орнындағы қылмыстылық өздігінен қылмыстық рецидивтің ерекше бір түрі ретінде пенитенциарлық болып көріністабады.Бұлқылмыстардыңкейбіртүрлері тек қана жазасын өтеуші қамаудағылармен (немесе алдын ала қамаудағы адамдармен) жасалуы мүмкін: бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан, қамаудан қашу, жазасын өтеуден жалтару, қылмыстық атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау.

Басқа жағдайларда бұған жалпы қылмыстық әрекеттерде(адамөлтіру,ұрлықжәнет.б.)жатады,бірақ жасалған қылмыстың субъектісіне қарай және нақты жағдайға байланысты айтарлықтай ерекшелікке ие. Бас бостандығынан айыру орындарына тән жасалатын қылмыстардың: жазадан жалтару; қамаудағылардың жалпы қылмыстық әрекеттері; қамаудағыларға тыйым салынған заттарды пайдалану; қылмыстықатқару мекемесінің қызметіне қарсылық таныту сияқты түрлерін атап айтсақ болады [2].

Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықтың себептері айтарлықтай ерекшелікке ие және ол осындай жазалау түріне, яғни бас бостандығынан айыруға, мәжбүрлі түрде қоғамның аморальды адамдарын бір жыныстылардың қоғамына орналастырумен ерекшеленеді.

Түзеу колонияларындағы, тергеу изоляторы мен түрмедегі, мінездің дөрекіленуі, қамадағылардың тұрғын  жайының  нашарлығы, өмір сүрудің төмен деңгейде болуы, әр қайсысының жеке дара болуы және психологиялық шиеленістің шарықтау шегіне жетуі қақтығыстардың үнемі  өсіп  отыруына  жағдай  жасайды.  Көбінесе  қақтығыстар  жеке дара тұлғалардың арасындағы қатынастардан өрістеу  алады,  яғни  бірін-бірі  балағаттау және кемсіту, өзара келіскен міндеттемелерін орындамаудың, әсіресе қатаң режимдегі түзеу мекемелерінде және әртүрлі жергілікті топтардың келіспеушіліктерінің негізінде  пайда болып отырады. Соңғы жағдайдағы топтардың мүшелері, басқа нақты бір топтардың мүшесіне жеккөрушілік  ниеті  болмаса  да   топтың көңілі мен нормаларына бағынады. Көптеген қақтығыстар асхана, жалпы мәдени іс-шаралар, төсек орнын бөліс және т.б. кездерде ресми емес түрдегі басты ережелерді бұзудың нәтижесінде пайда болады [2].

Қақтығыстардың 25%-ы қамаудағылардың қылмыс жасауымен аяқталады. Мұндай қақтығыстардың басым бөлігі қатаң және ерекше режимдегі колониялардың үлесіне келеді. Жалпы және қатаң режимдегі колонияларда күрделі қақтығыстардың саны айтарлықтай аз; жалпы режимдегі колонияларда олардың саны 10%-ды құрайды. Жалпы режимдегі колонияда қақтығыстардың барлық түрі орын алуы мүмкін, бірақ бұл қақтығыстар кішігірім, яғни жағдайлық қақтығыстар болып табылады [3].

Адам  өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі  бойынша жалпы және қатаң режимдегі колониялардағы қылмыстар жағдайлық қақтығыстардың нәтижесінде пайда болады. Алғаш рет жазасын өтеуші тұлғалар жанжалға жақын тұрады және қарсы тараптың белсенді теріс қылық жасауына жағдайлар туғызады. Осындай жағдайлық қақтығыстар адам өліміне және денсаулыққа ауыр зиян келтіруге себеп болады. Жалпы және қатаң режимдегі колонияларда алғаш рет жазасын өтеушілермен болатын қақтығыстар – тез бітетін, жағдайлық және жиі болмаса да бір күнде шешілетін және эмоциялық түрдегі толқулар түрінде болады. Созылмалы қақтығыстар белгілі бір уақытқа дейін даму үстінде болады және қақтығыстық процестердің барлық сатысынан (басталуы, шарықтау шегі, аяқталуы) өтеді, бұл қатаң және ерекше режимдегі колонияларға тән. Жалпы және ерекше режимдегі колонияларда индивидуалды қақтығыстар (қамалушықамалушы), ал қатаң режимдегі колонияларда қамалушы мен топтастықтар арасындағы қақтығыстар орын алады.

Г.Ф.  Хохряков былай деп топшалайды:

«күшейтілген режимдегі колонияларда қамалушылар тарапынан жасалатын қылмыстар қауіптірек және ондағы қақтығыстар да аз. Бірақ бұл қақтығыстар созылмалы сипатқа ие. Әдетте олар қамалушы мен топтардың арасында орын алады да, ауыр қылмыспен аяқталады және қылмыскерлер адамды соңына дейін өлтіргенше әрекет етеді [4].

Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылық себептерінің ішінде ерекше орынға түзеу мекемесі әкімшілігі қызметінің кемшіліктері мен ұқыпсыздығы ие. Мұндай жағдайларқамаудағылардыңоданәріқылмыстық және күш қолданушылық әрекеттерді үдетуіне негіз болады.

Бас бостандығынан айыру мекемелері әкімшілігінің қазіргі таңдағы жағдайы қуантарлық емес және осының әсерінен қамаудағылар өз-өздеріне қалдырылған, яғни дұрыс қадағалану функциясынан тыс қалып отыр. Кейбір мекемелерде, әсіресе орталықтан алыстау жерлерде қылмыстық атқару заңнамаларының нормаларымен емес басқа субмәдениеттік, яғни негізінен күш қолдануға бағытталған түрмелік ережелер мен дәстүрлер бойынша реттеліп отырады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, бас бостандығынан  айыру орындарындағы қылмыстылықтың келесідей себептерін жіктеп көрсетуімізге болады:

  • түзеу мекемесі әкімшілігінде уақытылы және нақты қамалушылар арасындағы қақтығыстық жағдайлар туралы анық ақпараттың болмауы. Мәлім болған ақпарат көбінесе дұрыс тексерілмейді және оған немқұрайлы қаралады;
  • психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзеу мекемесі қызметкерлері біліктілігі дәрежесінің төмен болуы. Кей жағдайда қауіпті камалушылармен алдын алу шараларын жүргізу кезінде қызметкерлердің кәсіптік біліктілігінің төмен болуы салдарынан шарасыз күй кешеді;
  • қамалушылар арасында пайда болған дауларды әділетсіз түрде шешу, яғни шешім күштілердің пайдасына шешіліп әлсіздердің құқығы тапталады;
  • әкімшілік тарапынан қылмыскерлер арасында пайда болған дауларға мүлдем араласпау;
  • әкімшіліктің жәбірленуші мен қысым көрушілерді қорғай алмауы және қорғауға ниеттерінің болмауы мекемедегі қамалушылардың өздерін еркін сезінуіне және бейбастықтың орын алуына себеп болады;
  • қылмыс фактілерін тіркеуден жасыру және оларға мән бермеу әсерінен қамалушылардың бойында дөрекілік пен қатігездіктің туындауы.

Колонияларда жасалатын қасақана қылмыстардың себептері мен жағдайының айырмашылығы бар. Себеп – қамаудағы тұлғаның субъективтік жағынан қылмыстық әрекет тудыруына жақын тұруы. Ал жағдай болса – бұл объективтік фактор, яғни басқа бір жағдайдың тууына негіз болатын және оны іске асыруға мүмкіндік туғызатын жағдайлар, оқиғалар, мәнжайлар.

Енді бас бостандығынан айыру орнындағы жазасын өтеушілердің қылмыстылығының субъективтік және объективтік факторларын қарастырып өтейік.

Субъективтік факторлар төмендегілерді қамтиды.

Әлеуметтік-демографиялық сипат: қылмыстардың көпшілігінің ер жыныстылармен жасалуынан; 18-24 жас аралығындағы;  отбасы жоқ болмауынан; қамауға алынғанға дейін қамалушылардың көбісінде тұрақты тұратын жері және жұмысы болмағандықтан; қылмыстардың көпшілігінің жалпы орта білім алған  тұлғалармен  жасалуынан;  түрмелік субмәдениеттің  әсері:   түрмелік   ережелер  мен дәстүрлердің әсерінен көрініс табады.

Адамгершілік-психологиялық сипат: шынайылықтың, қызығушылықтың өзгертілген бейнесі, құндылықтар жүйесінің жалғандығымен; адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, ұрлық, тонау және қарақшылық қылмыстарын жасаған адамдардың басым бөлігінде алкоголизм, психопатия, ми сүйегінің зақымдануы, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы сынды аурулардың болуымен сипатталады.

Қылмыстық-құқықтық сипатқа жазасын өтеу барысында қылмыс жасағандар, қамауға алынғандардың басым бөлігі бірнеше рет сотталғандар; сотталушылардың көпшілігі адам өлтіру немесе қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау не зорлау сияқты қылмыстар үшін қамалғандар жатады.

Қылмыстық-атқару сипаты: пенитенциарлық рецидив жасаған сотталушылардың 97,7%-ы жазаны өтеу тәртібін бұзады [5].

Объективті факторға: қолдан жасалған әлеуметтік қоғам; қамалушыларды ресми емес билігінің көлеміне, басқа қамаудағылармен қарым-қатынасының сипатына, өмір  сүру түріне қарай бөлушілік және т.б.; қылмыстық субмәдениет; метериалдық, рухани және басқа да құндылықтардың төмен деңгейі жатады [2].

Бас бостандығын айыру орындарындағы қылмыстардың жасалуына деген ниеттің пайда болуына және оның жүзеге асуына негізінен жағдайдың болуы үлкен маңызға ие.

Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі ауыр қылмыстар жасауға жағдайдың болуы аталған мекеме қызметіндегі нақты кемшіліктердің болуында деп түсіну керек. Тергеу және сот органдары жұмысында, қазіргі таңдағы заңнамалық актілердегі кемшіліктердің болуы қамаудағылардың қылмыс жасауларына жеңілдіктер туғызады.

Колонияларда қасақана қылмыс жасауға негіз болатын жағдайларды екі топқа бөліп қарастырсақ болады: объективті және субъективті.

Объективті жағдайлар тобына: жазасын өтеуге байланысты ұйымдастырушылықтың дұрыс орынға қойылмауы; сотталушыларды қадағалау, жедел-іздестіру шаралары; кадрламен жұмыс, тәрбиелеу шаралары, еңбек тәрбиелері, жалпы білім мен кәсіби техникалық білім беру жүйесін бір ізге келтірілмеуі; қылмыстылықпен және басқа да сотталушылар арасындағы құқық бұзушылықпен күресу.

Субъективті жағдайлар тобына тұлғаның психикалық жағдайы; мінезінің дөрекі болуы; жүйкелік аурулар; білім деңгейінің төмен болуы жатады [4].

Бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі қылмыстылықтың алдын алудың шараларын қарастырыпөтейік.Қамалушылардыңәлеуметтік жағдайын жақсарту, түзеу мекемесіндегі тәртіпті бір ретке келтіру, қақтығыстарды дер кезінде айқындап оларды әділ шешу, қамаудағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. сияқты түрлері кездеседі.

Алдын алу шараларының ең тиімді түрі ретінде қамалушылардың діни тұрғыдан дұрыс ақпараттандыру тәсілі жатады. Шындығында діни наным сенім қамаудағылардың қатігездікке жақын мінез құлығын дұрыс бағытқа, мейірімділікке жетелейтін, тәубесіне келтіретін, өзінің істеген қылмысына қатты өкінетіндей рухани тұрғыдан көмек беретін діни уағыздар шарасын бір ізге келтіру қажет. Түрмеде болатын қақтығыстарды әділетті шешілуі үшін дін адамдарын тарту қажет, яғни қамаудағы адамдардың    бір-біріне    деген   түсінушілікті,жақсылықты, қадір-қасиетті рухани тұрғыдан арттыру керек. Дін мамандарының білімді және білікті болуы, қылмыстық ортадағы адамдармен жұмыс жасай алуы және психологиялық тұрғыдан білікті маман иесі болуы өте маңызды фактор болып саналады.

Айтылғандарды қорыта келе төмендегі түйінге келуге болады. Пенитенциарлық мекемелердегі қылмыстылық себептері әлеуметтік сипатқа ие. Қамаудағылардың қасақана ауыр қылмыс жасауына себеп болып әлеметтік орта және сотталушының жеке тұлғалық қасиеттерінің объективті және субъективті факторлары табылады.

Пенитенциарлық мекемелердегі қасақана ауыр қылмыс жасаудағы себептердің негізгі элементі ретінде өзара тығыз байланыста болатын факторлардың бірі – сотталушылардың кейбірінің бұзақылық пен қатыгездікке бағытталған жеке тұлғалық қасиеттерінің терең бұзылуы қарастырылады.

Қамалушылардың бұзақылық пен қатыгездікке бағытталған жеке тұлғалық қасиеттері мен нақты жағдайдың өзара байланысының нәтижесіколониялардағыжазасынөтеушілермен жасалатын қасақана ауыр қылмыстарға негізгі себеп болып табылады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Громов В.Г. Пенитенциарная преступность. / http://www.nauka-pravo.org/m/articles/view/
  2. http://blackarmy.ru/legal/mesprest.htm
  3. Шиханцов Г.Г. Криминология. – Минск, 2006. / http://edu.grsu.by/books/criminal/
  4. Хохряков Г.Ф. Криминология. – М., 2000. – 332 с.
  5. http://service.pravstat.kz/portal/page/portal/POPageGroup/Services/Pravstat
  6. Алауханов Е. Криминология. – Алматы, 2008. – 429 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.