Қылмыстық құқық

Шынында да, күннен - күнге алға қарай қадам басып, дамып отырған қоғамда жат қылықтың орын алып, көбейіп келе жатқандығы баршаға мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  өзінің  2007  жылы  28  ақпанда  Қазақстан  халқына  арнаған жолдауында «Мемлекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Қоғам қаншалықты мейірбанды, адамгершілігі болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе, жоғарыда аталған адамдардың қылмыстық әрекетіне жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік  мәжбүрлеудің ең қатал шараларын қолдануы тиіс» , - деп, қылмыстың алдын-алу шараларының маңызына тоқтала кеткен болатын.
2009

Жаза өтеуден босатудың әлеуметтік функциясын: мемлекеттік репрессияны экономдауда; қылмыстық заңнаманың ізгілігінде; белгіленген институттың алдында тұрған мақсат толық не жартылай қол жеткізілген кезде оны қолдану жөнсіздігінде; босатылған адамды құқықтық мінез – құлыққа ынталандыруда; тергеу органдарын және түзеу мекемелерін «жеңілдетуде» көру дәстүрлі [1; 67-71, 10].
2009

Контрабанда, ең алдымен, мемілекеттің эканомикалық мүддесіне нұқсан келтіреді,себебі мемлекеттік органдардың қызметі, біріншіден - әкелінетін және шығарылатын тауарларга белгіленген алымдар бюджетке түспейді. Екіншіден , елдің эканомикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі. Контрабанданың негізгі тікелей объектісі – мемілекеттің қаржылық қызметі. Қосымша объектісі – ҚР кедендік шекарасын кесіп өту ережесі.
2009

 Қылмыскердің жеке тұлғасы дегеніміз - қылмыскерді бүтіндей алғанда тұлға деп сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстар мен қатынастардың жиынтығы болып табылады. Оған айыпталушының әлеуметтік байланысы (саяси, тұрмыстық, еңбек,т.б.) саяси-құлықтылық қасиеттері, психологиялық құрылысы мен ерекшелігі, демографиялық және тұлғасының белгілері, өмірлік жолы мен тәжірибесі, қоғам алдындағы кінәсі жатады. Криминалистік оқулықтарда айыпталушының жеке тұлғасын алдын-ала тергеуді зерттеу мәселесінде айыпталушының жеке тұлғасын зерттеу екі бағытта жүзеге асырылатындығы туралы айтылған.
2010

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша қандай жағдайда болмасын заңды тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Мысалы біздің жағдайымызда, экономикалық контрабанданың жасалуы барысында қылмыстық жауаптылыққа толығымен алғанда заңды тұлғаны емес, оны жасауға кінəлі заңды тұлға қызметкерін қылмыстық жауаптылыққа тарту орын алады. Кəмелетке толмаған жеке тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды. Қылмыс субъектісі белгіленген жасқа жеткен жеке тұлға бола алады.
2010

Қазіргі таңда заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мəселесі кеңінен талқыланып жүр. Əрине өзекті, əрі күрмеуі қалың заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы бір күнде шешіле қоятын мəселе емес. Дегенімен күн озған сайын осы тақырыптың көтерілу белсенділігі, оған ғалымдардың, тəжірибелік қызметкерлердің қатысуы күнен-күнге артуда.
2010

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның ең жоғарғы қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында айтылған [1]. Демек Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелерінен әртүрлі құндылықтарға кепілдік берілетіндігін және соның ішінде адамның өмірі мен денсаулығына кепілдік берілетіндігін көруімізге болады.
2010

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап құқықтық  мемлекет ретінде дамып, азаматтық қоғам институттары одан әрі қолдауға ие болып келеді. Елбасының әрбір халыққа жолдауы мен сөз сөйлеулерінде мемлекеттік дамудың тұрақтылығының негізі болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңның үстемдігін орнату мәселелерімен негізделген [1]. Оларда қылмыстық саясаттың барлық бағыттарының демократизацияланып, тиісінше ондағы ақпараттардың ашықтығы мен тұнықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
2010

Қазақстанда бүгінгі таңда тауарлардың көзіне жəне алып өту орнына айналып отыр. Сонымен қатар, ол əрі соңғы жеткізілім орны сипатында көрініс беріп те қалады. Мұнымен қоса, мемлекет ішінде заңсыз адам саудасымен айналысу оқиғалары да тіркеліп отыр. Қазақстаннан əйелдер мен қыздарды Біріккен Араб Əмірлігіне (БАƏ), Грецияға, Түркияға, Израильге, Оңтүстік Кореяға сатып жіберу оқиғалары орын алуда. Мəліметтерге сəйкес, Қазақстан арқылы Қырғыз елінен аталған мемлекеттерге əйелдер жеткізіліп берілген. Қырғызстаннан жұмысшыларды (ерлер мен əйелдер) Алматы облысына (тікелей Қырғыз-Қазақстан шекарасы арқылы) темекі плантациясында  жұмыс істеу мақсатында заңсыз алып өту деректері тіркелген [1, 1б].
2010

 Қылмыстың заты қылмыстық құқық ғылымындағы өз алдына бөлек көптеген аспектіге ие күрделі проблемалық сұрақтардың бірі. Егер бір авторлар қылмыстың объектісінде қылмыстың затын ажыратуға аса көңіл бөлсе, басқалар тіпті қылмыстың құрамында əлдебір затты ажыратуға үзілді кесілді қарсы болды. Солай егер Н.И.Загродниковтың ойы бойынша қылмыстың затының тек теориялық қана емес, сонымен қатар тəжірибелік те маңызы зор, қылмыстың объектісі мен қылмыстың заты бір құбылыс емес, олар бір бірінен міндетті түрде ажыратуылуы тиіс, осыған сəйкес қылмыстың объектісі мен заты бірігіп кетпей, үнемі өзара біртұтас құбылыс пен оның құрамдас бөлігі ретінде ара қатынасқа түспі отырады [1].
2011

Еліміздің тəуелсіз мемлекет болып жарияланғанына биыл жиырма жыл болды. Осы жылдардың ішінде еліміз əлем сахнасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мəлім. Бұл жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дəлел, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың 1бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген [1, 4 б.].
2011

Қажетті қорғану – бұл қылмыстық құқықтың басқа институттары секілді, мемлекет жəне құқықпен қатар пайда болған жəне мемлекеттік, əлеуметтік сипаттағы бірқатар шарттарға байланысты дамыған құқықтық институт.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.