Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыс объектісі жөнінде

Соңғы жылдары заңгерлерді көптен толғандырып жүрген мәселелердің бірі заман талабына сай қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамаларын жетілдіру болып отыр. ҚР қылмыстық кодексінің жаңа жобасы бүгінде көпшіліктің талқылауында. Жаңа жобаның қабылдануы қоғамдық қатынастардың  жаңаруы, заңнамада  қарастырылмаған қоғамдық қатынастардың мүлдем жаңа түрлерінің, сәйкесінше қауіптердің  пайда болуымен байланысты. Бұл үшін жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды енгізу қажет. Заманауи қауіптерден мүдделерді тиімді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін уақыт пен істәжірбиемен расталған базалық қылмыстыққұқықтық институттарды модернизациялау орынды.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау тұрғысынан алғанда қылмыс ұғымына біршама өзгеріс енгізілмек. Және де заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесінің көтерілуіне орай, қылмыс құрамының бір элементі – кінәнің ұғымы да өзгермек.

Қылмысты топтастыру мәселесі де қайта қаралады. Ол үшін қылмыстық әрекеттердің ауырлықдәрежесін, олардыңқоғамғақауіптілігін бағалай отырып анықтауды тереңірек зерттеу керек.

Қылмыстық құқықбұзушылық, қылмыстық терісқылық ұғымдарының ҚК енуіне орай әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексте қайта қаралуға жатады.

Концепцияның  негізінде қылмыстық заңнаманы либерализациялау және гуманизациялау жөніндегі сұрақтарды да қарап шыққан жөн.

Қылмыстық жаза жүйесінде де біршама өзгерістер болмақ, жазаның жаңа түрлері енбек. Терроризммен, экстремизммен қылмыстыққұқықтық  күрес  те  тереңінен  ойлануды қажет етеді.

Ал бизнесті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету үшін еркін кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын шектеулерге тосқауыл керек.

Әскери қылмыстар саласындағы қылмыстарды қарастырғанда мемлекеттің қылмыстық саясатын елдің қорғаныс стратегиясына сәйкестендірген жөн.

Соңғы жылдары ақпараттық, сандық технологиялардың дамуымен электрон құралдарымен жасалынатын қылмыстық қолсұғушылықтардың да саны көп. Осыған орай ақпараттық қауіпсіздікті қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету мақсатында компьютерлік қылмыстар да қайта қаралады. Жаңа жобада осы саладағы қылмыстық қолсұғушылыққа жеке тарау арналмақ.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарға сай отбасындағы қиындықтар мен әлеуметтік жетімдік, қараусыздық, құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды кешенді түрде шешу мақсатында балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық заңнамаларды жетілдіру назарда тұр.

Жоғарыда аталған жаңа бағыттар қылмыстық кодекстің Концепциясында орын алмақ, деп күтілуде. Бұл қылмыстық заңның мақсаты қылмыстық қолсұғушылық бағытталған нәрсені қорғау болғандықтан да қолсұғылатын объектіні нақты анықтаудың орны ерекше. Себебі тек қолсұғылатын объектінің не екендігін, оған қаншалықтық дәрежеде қауіп келгендігін, не келуі мүмкін екендігін біле отырып қана біз қылмыстық құқықтық баға бере аламыз. Ендеше сол қылмыс объектісі ұғымына тоқталайық.

Қылмыс объектісі – бұл қылмыс құрамының міндетті элементі, «объектісіз» қылмыстар болмайды да. Қылмыстық құқық  теориясында, қылмыс объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қарым қатынас, деген жалпылама ереже бар [1, 120-122 б.]. Бұл ұғымды жалпылама    ережемен    түсіндіру  жеткіліксіз.

Қоғамдық қатынас  адамдар  арасында  рухани, тану қызметтері барысында пайда болады. Объектінің көмегімен қылмыстық емес әрекетәрекетсіздікті қылмыстық әрекеттен, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады. Кез келген қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекет объектіге қол сұғады. Қылмыстық қолсұғудың нәтижесінде объектіге нақты немесе елеулі дәрежеде зиян, шығын келеді, не шығынның келу қаупі туындайды. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыс қол сұққан объектінің қай түріне әсер еткеніне де байланысты. Ол бір қылмыстың немесе біртектес қылмыстар тобының жекеленген белгілерін түсіндіру үшін қажет [1, 255 б.]. Іс-тәжірибеде объект нақты қылмыстық әрекет бағытталған қолсұғушылықты анықтаудың негізгі фундаменті болмақ.

Е. Қайыржановтың еңбегінде қылмыс объектісінің жалпы теориясына тарихи анализ жасалынған [2]. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісіне байланысты бірнеше концептуалдық бағыттар қалыптасқан: субъективтік (табиғи) құқық, нормативтік, құқықтық игілік,  қоғамдық  қатынас,  кез  келген әлеуметтік субъектінің өмірі мен қызмет жағдайы.

Қылмыстық құқық теориясында алғаш қылмыс объектісі «субъективтік құқық» ретінде түсіндірілген. Бұл теорияның негізін салаушылар А.Ф. Кистяковский, П.Д. Калмыков, В.Д. Спасович және т.б. болған.

Заң теориясында қылмыс объектісі ретінде құқық нормасы қарастырылады. Профессор Н.С. Таганцевтің бұл  жөнінде,  егер  де  норма бұзылмаса, ол қандай болмасын шығын алып келгенімен қылмыс деп есептелінбейді, сондықтан қылмыстың объектісі құқық нормасы болып табылады, деген пікірі бар [3, 652 б.]. Демек, нормативтік теорияны жақтаушылардың пікірінше, қылмыстық іс-әрекет құқық нормасына қолсұғады. Бұл әрине, формальды белгі. Теорияны жақтаушылар: В.А. Туманов, К. Биндинг, Уильям Эбенштейн, Н.В. Лясс және т.б.

Құқықтық игілік теориясы субъективтік құқық теориясына қатысты айтылған сынның нәтижесінде пайда болды. Таптық буржуазиялық қылмыстық-құқықтық ғылымның барлық өкілдері (И.Я. Фойницкий, Белогриц-Котляровский Л.С.) қылмыс объектісін құқықтық игілік екендігін де, сол игілікті де формальды түрде таныды. Олар осы ұғымдардың мазмұнына баға бермеді, қылмыс объектісінің құқықтық игілік екендігін дәлелдеп жатпады.

Кеңес уақытында қылмыс объектісінің жүйесі нақты қалыптастырылып болды, деп есептелген. Сол кезде-ақ объектіні үш топқа бөлген: жалпы, топтық және тікелей. Қылмыстың жалпы объектісі деп қылмыстық жауаптылық көзделген барлық қоғамдық қарым қатынастардың жиынтығын айтқан. Ал, арнайы, не топтық объект – бұл белгілі бір салада кездесетін немесе қасиеттеріне қарай біртектес қоғамдық қарым қатынастардың тобы немесе оның белгілі бөлігі. Бұл теорияны жақтаушылар: Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов, Н.Н. Коржанский және т.б.

Кезінде атақты орыс заңгері Н.С. Таганцев, қылмыс, ол арнайы нормамен қарастырылған, мемлекет нормаға  қарсы  шыққан  жағдайда сол адамға амалсыздан жаза қолданатындығы ескертілетін, өмірлік маңызды мүддеге қолсұғатын әрекет, деген болатын [4, 45 б.].

Қылмыстық құқық теорияда қылмыс объектісін мүдде ретінде қарастырған арнайы теория да бар. Мүдде – белгілі бір қоғамдық қатынастың нақты көрінісі және бейнесі. Қылмыстық құқықтық қорғаудың объектісіне берілген мұндай түсінік қоғамдық қатынас түріндегі объектіні зерттеуде және ол туралы ұғымның қалыптасуында маңызы зор  [2,  81 б.]. Егер жалпы және топтық объект қоғамдық қатынас болып табылса, «жалпы» және «жеке» категориялардың арақатынасы түсінігіне орай, тікелей объектінің те қоғамдық қатынас болуы шарт [5, 27-31 б.].

Осыған орай профессор Е.І. Қайыржановтың төмендегідей пікірі бар. «Қоғамдық қатынастар» деген жалпы категорияны «тікелей объектіге» қатысты айтқанда түсінбеушілік туындайды. Көптеген оқулықтарда «тікелей объект» деп жеке қылмыс бағытталған нақты қоғамдық қатынасты айтады. Бұны  формальды  түрде бір, не бірнеше қылмыс бағытталған, заңмен қорғалынатын нақты қоғамдық қатынас деп түсінетін жайлар бар. Демек, «тікелей»  объект дегеніміз нақты қоғамдық қатынас емес, қоғамдық қатынастың жиынтығы болған. Сонда топтық, не арнайы және «тікелей» объект ұғымдары арасында қандай айырмашылық бар? Мұндай сұрақ оқу құралдарында да, ғылыми еңбектерде де жауабын таппай келеді.

Бұл сұрақты шешу үшін профессор Е.І. Қайыржанов қылмыс объектісін топтауда қоғамдық қатынастың нақты бейнесі – мүддені қолдануды ұсынады. Мүддесіз қоғамдық қатынас та жоқ. Қоғамдық қатынас адамдардың арасындағы сан қырлы байланыстардың жиынтығын білдіреді. Бұл байланыстар кластың, әлеуметтік топтың мүдделерін білдіретін материалдық, рухани, эстетикалық, құқықтық және басқа да сипатқа ие. Жеке тұлға бұл  қатынастардың  жекеленген материалды субстраты болады. Мүддені иеленуші  (субъект)  ғана  емес,  оның объектісі– мүддесі бар субъектілерді байланыстыратын әлеуметтік игілік те болады.

Барлық қылмыстар қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық, мемлекет, жеке тұлғаның мүдделеріне шығын келтіреді. Арнайы, не топтық объект белгілі топтың мүддесі болады. Топтың мүддесі бір,  қатысушылары ұқсас болуы шарт. Бұл ереже ҚР ҚК ерекше бөліміндегі ұқсас қылмыстар сынды жекеленген баптардың тобында көрініс табуы тиіс [6, 73 б.]. Тікелей объект нақты әрекетпен кімнің, қандай мүддесі бұзылады, қайсысы маңыздырақ деген сұраққа жауап береді. Ол нақты объектінің жеке белгілерін сипаттайды.

Ал, В.Н. Кудрявцев пайымдауынша қылмыс объектісін мына кешен құрайды: а) адамдар арасындағы нақты қоғамдық қатынас; ә) олардың құқықтық нысаны, не «қабы»; б) осы қоғамдық қатынастың материалдық нысаны, алғы шарты және пайда болу шарты. «Материалдық» құрамда объект зиянмен, кейде қолсұғушылықтың заты арқылы анықталады [7, 63 б.]. Бұл жағдайда В.Н. Кудрявцев логикалық жүйенің бұзылуына жол береді, тұжырымдарда ішкі қарама-қайшылықтар аңғарылады. Бір жағынан, ол объектіні – қоғамдық қатынас десе, екіншіден – объектіні «құқықтық нысан», үшіншіден, қоғамдық қатынастың алғы шарты, жағдай, материалдық нысан ретінде қарайды [8, 151 б.].

Сонымен қылмыстық заң қоғам мүшелерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғайды. Оның міндеті – адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасынының конституциялық құрылымы  мен  аумақтың тұтастығын,  қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен   адамзаттың   қауіпсіздігін   қорғау,  сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады, деп ҚР ҚК 2-бабы көрсетіп отыр. Ал, ҚК бұл нормасы қылмыс объектісін мүдде ретінде танудың оңды жол екендігін растайды. Соңғы жылдардағы қоғамда қалыптасқан нарықтық қатынас, оның қылмыстық қолсұғушылықтан құқықтық қорғалануы аталған идеяның нақты дәлелі.

Қылмыс объектісін мүдде  ретінде  танудың іс-әрекеттерді криминализациялауда, қылмыстарды топтауда, қылмыстырды саралауда, қылмыстық заңнаманы жүйелеуде, сондай-ақ қылмыстылықты зерттеуде және алдын алуда орны ерекше.

 

Әдебиеттер 

  1. А.И.Трайнин. Общее учение о составе преступления. М.: Госюриздат, 363 с.
  2. Е.И.Каиржанов. Объект преступления – интересы социальных субъектов: монография. Алматы: Экономика, 160 с.
  3. Н.С.Таганцев. Лекции по русскому уголовному праву. Часть общая. М.:Спб, 1888.Вып.2.– 1085 с.
  4. Н.С.Таганцев. Русское уголовное право. Лекции. Общая часть.Изд-во 2-е. –СПб., -Т.1.-С.45.
  5. Г.А.Кригер. Квалификация хищений социалистического имущества. -М., 1971.285 с.
  6. Е.И.Каиржанов. Проблемы борьбы с уклонением от уплаты налогов.-Алматы, 2001. 165 с.
  7. В.Н.Кудрявцев. Общая теория квалификации преступлении. М.: Юрид. лит., 352 с.
  8. Б.А.Куринов. Научные основы квалификаций преступлений. М., 1984.-342 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.