Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қоғамдық тəртіп адамдардың өмір сүру ортасының қалыпты жағдайын сақтауды қамтамасыз етуге, адамдар өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасаудан көрінетін белгілі бір қатынастар жүйесін білдіреді. Қылмыстық заң қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, оларды қылмыстық əрекеттерден қорғауда  маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік мəжбүрлеудің ең қатал нысанының мүмкіндігін қарастыратын қылмыстық заңды қолдану заңдылық пен құқық тəртібін қатаң сақтауды талап етеді.

ҚР Конституциясы қылмыс үшін айыптылық мəселесін шешуде соттарға ерекше құқық берді, ол əділқазылықты жоғары деңгейде жүзеге асыруды талап етеді [1].

Қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстар адамдардың қалыпты  өмір  сүруіне  қол сұғатын болғандықтан, олардың келтірер зияны,  əрине,  орасан  зор  деп  те   айтуға болады. Бұзақылық-қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың  ең  көп  тараған   түрлерінің бірі, ол үшін əкімшілік  əсер  ету  шараларымен қоса қылмыстық жаза да қолданылады [2]. Бұзақылық кезінде азаматтардың денсаулығына зиян келіп, меншікке залал тигізуі де жиі орын алып отырады. Сонымен қатар бұзақылық, көбінесе өзге де ауыр қылмыстардың жасалуына əкеп соқтырады, бұзақылықтың қоғамдық тəртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан да ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық екенінде дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тəртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тəртіпке ашық қарсыласуымен, өзінің айналасындағыларға қарсы қоюмен, оларға немқұрайлы қарым-қатынасымен əдейі жасалған əрекеттері арқылы көрініс табады. Бұзақылық – тұрмыс салты мен қоғамдық тəртіптің бірден-бір жауы.

Мемлекет қоғамдық тəртіпті сақтауға, адамдардың тыныштығын, олардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылмауына ерекше мəн беріледі. Осыған орай, Қылмыстық кодекстің жекелеген тарауы мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігімен бірге қоғамдық тəртіпті реттеуге, қорғауға арналған. Қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері жаппай тəртіпсіздіктер (241-бап), бұзақылық (257-бап), тағылық (258-бап) болып табылады.

Осы қылмыстардың топтық объектісі – қоғамдық тəртіп. Өйткені көрсетілген қылмыстардың кез  келгенін  істеу  арқылы  объект, ең  алдымен,  қоғамда  қалыптасқан  тəртіпке қол   сұғады.   Қоғамдық   тəртіпке   көрсетілген осы қылмыс құрамының тікелей объектісі де болады. Осы құрамдардың қосымша тікелей объектісі – адамдардың денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, меншігі болуы да мүмкін. Аталған мəселелерді зерттеудің қажет екендігінде күмəн жоқ. Теорияда дау туғызатын, пікірталасты бірқатар мəселелер бар, ал күшіндегі заңдарды қолдану тəжірибесінен қоғамдық  тəртіпке қарсы қылмыстарға, əсіресе бұзақылыққа қатысты, өзінің шешімін күтіп тұрған бірқатар мəселелер туындайды. Жақын жəне алыс шетелдік мемлекеттердің заңдарымен, олардың бұзақылықпен күресу амалымен танысудың қажеттілігі де даусыз. Бұзақылық туралы күшіндегі заңдарды зерттеу – оларды келешекте жетілдіру жағын да қарастыруға тиісті екендігін тəжірибе көрсетіп отыр. Қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдарды тергеу, сот органдарының қолдану тəжірибесі жинақтап қорытуды жəне ғылыми дəлелді ұсыныстарды қажет етіп отыр.

Қазіргі кезде жарық көрген аздаған бұл мəселелерге жалпы шолу жасап қана өтеді. Мұның бəрі бұзақылықпен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар ойластырып, оларды жүзеге асыру қажет екендігін көрсетеді. Бұл мəселеге əртүрлі аспектіде еліміздің У. Жекебаев, Р. Орынбаев, Е. Қайыржанов, Е. Алауханов, А. Ағыбаев сынды біраз ғалымдары көңіл бөлген, бірақ бүгінгі күн талаптарына сай, негізді жан-жақты зерттеу жасалмаған деп ойлаймыз.

Қылмыстық кодекcтің 9-тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі – қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттарды немесе қондырғыларды тиісінше жəне қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық  қатынастарының  жиынтығы   болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі деп қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салаларын (адам өмірінің жəне оның қызметінің қауіпсіздік шарттарын; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізуі жəне т.б.)  айтамыз. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін. Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі əрекет арқылы (ҚК-нің 233 жəне басқа баптары); ал қайсыбіреулері əрекет немесе əрекетсіздік күйде (мысалы, ҚК-нің 245, 246-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (ҚК-нің 245, 246, 251-баптары). Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-нің 233, 234, 237-баптары т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-нің 245, 244-баптары) жатады [1].

Қылмыстардың екінші бір тобы – қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстар. Оған бұзақылық жəне тағылық құрамдары жатады. Бұзақылық Қылмыстық кодекстің 257-бабында көрсетілген. Бұл қылмыс қылмыстық құқықтың «Қоғамдық қауіпсіздікке жəне қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың тобына» кіретін қылмыстың бір түрі болып табылады.  Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

Қоғамдық қауіпсіздік деп адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқдəріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш заттарды, жарылғыш қондырғыларды тиісінше жəне қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен, құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің жəне оның қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу жəне т.б.) болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.

Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі əрекет арқылы (қылмыстық кодекстің 233 жəне басқа баптары); ал қайсыбіреулері əрекет немесе əрекетсіздік күйде (мысалы, Қылмыстық кодекстің 245-246-баптары) жүзеге  асырылады.    Кейбір    қылмыс    құрамының    норма-лары    бланкеттік   диспозицияға   негізделген (Қылмыстық кодекстің 245-246, 251-баптары).

Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (Қылмыстық кодекстің 233, 234, 237-баптары жəне т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (Қылмыстық кодекстің 245, 244-баптары) жатады.

Мемлекет қоғамдық тəртіпті сақтауға, адамдардың тыныштығын, олардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылмауына ерекше мəн беріледі. Осыған орай, Қылмыстық кодекстің жекелеген тарауы мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігімен бірге қоғамдық тəртіпті реттеуге, қорғауға арналған. Қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері, бұзақылық (257-бап), тағылық (258-бап) болып табылады. Осы қылмыстардың топтық объектісі – қоғамдық тəртіп. Өйткені көрсетілген қылмыстардың кез келгенін істеу арқылы объект, ең алдымен, қоғамда қалыптасқан тəртіпке қол сұғады. Қоғамдық тəртіпке көрсетілген осы қылмыс құрамының тікелей объектісі де болады. Осы құрамдардың қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, меншігі болуы да мүмкін [3,68 б.] Қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың бір түрі жаппай тəртіпсіздіктер (ҚР ҚК-нің 241-бабы) де қарастырылуы мүмкін, ол құрамы жағынан ұқсас болып келеді. Жаппай тəртіпсіздік – қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың бір түрі. Арандатушылар мен ұйымдастырушылардың от жағуына еліккен тəртіпсіз элементтер ең сорақы əрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін, жаппай тəртіпсіздік объектілерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінің бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұласып, мұның арты жаппай адам шығынына əкеп соғуы мүмкін. Кез келген мемлекеттің Қылмыстық кодексінде бұл тұрғыдағы қылмыс үшін қатаң жаза белгіленген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жаппай тəртіпсіздіктің тікелей объектісі қоғамдық тəртіп, ал қосымша тікелей объектісі – адамдардың өмірі, денсаулығы, мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік болады.

Объективтік жағынан бұл қылмыс жаппай тəртіпсіздікті ұйымдастыру арқылы сипатталады. Жаппай тəртіпсіздік деп қоғамға қауіпті əрекеттердің күш қолдануымен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан əрекеттерін айтамыз. Күш қолдануға құқық тəртібін қорғайтын өкімет өкіліне, лауазым адамдарына, басқа да азаматтарға қарсылық көрсетіп, оларды күшпен заңсыз əрекеттер істеуге мəжбүрлеу, өкімет билігінің заңды талаптарына күш қолданып, қарсылық білдірулері жатады.

Қирату деп мүлікті, объектілерді жойып, тонап,   күл-талқан   ету   əрекеттерін   айтамыз. Өртеуге мүліктерді, құрылыстарды, автокөліктерді, өсімдіктерді, қондырғыларды, басқа да заттарды отқа жандырып, құру əрекеттері жатады. Мүлікті жою деп əртүрлі тəсілдермен оларды мүлдем жарамсыз күйге келтірулерді білеміз. Соғыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс қондырғыларын қолдану деп осыларды адам өлтіруге, жарақаттау үшін, мүлікті бүлдіру немесе қорқыныш сезімін тудыру үшін мақсатты пайдалануды айтамыз. Өкімет өкіліне қарулы қарсылық қоғамдық қауіпсіздікті, тəртіпті қамтамасыз еткен өкіметтің заңды өкілдеріне тікелей қиянат жасап, олардың өздеріне жүктелген функцияларын атқаруға кедергі келтіру, оларды қуғынға ұшырату сияқты əрекеттер жатады [4, 212].

Жаппай тəртіпсіздіктер формальдық қылмыс құрамына жатады. Қылмыстық кодекстің 241-бабының диспозициясында көрсетілген əрекеттердің біреуі істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер жаппай тəртіпсіздік кезінде кісі өлсе, денеге ауыр жарақат келтірілсе, онда кінəлінің əрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінəлі адам жаппай тəртіпсіздікті ұйымдастыратынын, оның заңды көрсетілген əрекеттермен жалғасатынын сезеді жəне соны істеуді тілейді.

Қылмыс субъектісі – он алтыға толған, жаппай тəртіпсіздікті ұйымдастырған немесе басқарған адам.

Қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 258-бабында көрсетілген тағылық та жатады. «Тағылық, яғни үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де ісəрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге  де  қоғамдық  орындарда  мүлікті қасақана бүлдіру» деп анықтама берілген. Бұрынғы Қылмыстық кодекс бойынша мұндай əрекеттер бұзақылық деп бағаланатын. Тағылықтың бұзақылықтан өзгешелігі сол, тағылықты құрайтын қылмыс құрамының əрекеттері қоғамдық адамгершілік жəне эстетикалық нормаларды бұзу арқылы жүзеге асырылады, тағылық қоғамдық тəртіпті бұзумен ұштасады.

Бұзақылықтың заты – бөтеннің мүлкі, ал тағылықтың заты үйлер, өзге де ғимараттар, қоғамдық орындардағы мүлік болып табылады.

Тағылықтың объектісі – қоғамдық тəртіп, қосымша тікелей объектісі адамгершілік нормалары болады.

Объективтік жағынан бұзақылық қоғамдық тəртіпті өрескел бұзумен, қоғамды көрінеу қадірлемейтін əрекеттермен ұштасса, ал тағылықтың объективтік жағы үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен, суреттермен немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын «ісəрекеттермен, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру арқылы сипатталады [5].

Тағылық қылмысы  формальдықматериалдық құрамға жатады. Қылмыс кейбір реттерде заңда көрсетілген əрекеттерді жүзеге асырған уақыттан бастап, ал жағдайларда істелген іс-əрекеттерден материалдық залал келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан тағылық қылмысы тікелей қасақаналықпен істелінеді. Адам үйлерді, ғимараттарды қорлағанын, мүлікті бүлдіргенін сезеді жəне солай əрекет жасауды тілейді. Қылмыстың субъектісі – жалпы 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.

Жоғарыда атап кетілгендей бұзақылық құқық бұзушылық ретінде қоғамға қауіптіліктің əртүрлі дəрежесін қамтиды. Яғни, бұзақылық үшін ҚР əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодесімен де жауапкершілік белгіленген. Əкімшілік құқық бұзушылық жəне қылмыс ретінде бұзақылықты өзара ажырату үшін міндетті белгі əрекеттің қоғамға қауіптілігі болып табылады. Объектіден өзге кез келген қылмыс құрамының элементтері қоғамға қауіптіліктің белгілі дəрежесі мен сипатын қамтиды, бірақ олардың іс-əрекетінің түгелдей қоғамға қауіптілігіне тигізер əсері əртүрлі. Қоғамға қауіптілік  құрылымында бірінші орынға объективтік факторларды, яғни қылмыстық іс-əрекетті, салдарын қою керек, ал кейінгі орынға кінə дəрежесімен, кінəлінің жеке тұлғасымен сипатталатын субъективтік факторларды қою керек.

«Міндет жазаны қылмыстың шынайы салдары ретінде жасау болып табылады. Жаза қылмыскер алдында оның əрекетінің қажетті шарты, яғни өз əрекеті болуы керек. Оның жазасының шегі іс-əрекетінің шегі болып табылуы керек» [6, 36]. Ерік бостандығы заңды тану мен қолдануға мүмкіндік береді. Ол жазаның қажеттілігін ақтайды жəне осында қылмыстық жауапкершіліктің философиялық негізі орын алады [8,11 б.]

Қылмыстық заң жасалған  қылмыстың заңды салдарын байланыстыратын тұлға қасиеттері олар өздерін қандай қатынастарда көрсететіндігіне байланысты келесі топтарға бөлінеді:

  1. Субъектіге заңмен          қорғалатын қатынастарға əсер ету мүмкіндіктерін беретін қасиеттер.
  2. Жасағанды мемлекет атынан моральдық жазалаудың принципиалды мүмкіндігін тудыратын қасиеттер: есі дұрыстық, кінə, заңмен белгіленген жасқа жетуі.
  3. Моральдық жазалау интенсивтілігін жəне қылмыскерге жазалауға əсер ету дəрежесін реттейтін қасиеттер: аса қатыгездікті көрсету, қылмыстық икемділіктердің тұрақтылығы.
  4. Оларсыз жазаны қолдану орындылығынан айырылатын қасиеттер: қоғамға қарсы бағыттылық, зиянды қасиеттер, жаза шараларын дұрыс қабылдай алу мүмкіндіктері.

Əрекеттің қылмыстық жазаланатындығын белгілеу немесе оны алып тастау – үлкен саяси мəні бар іс, себебі бірқатар құқықтық, əлеуметтік, психологиялық жəне өзге де салдарға алып келеді. Ол салдарды, олардың қоғамдық қатынастардың дамуына əсерін зерттеу құқық шығарушылық механизмін дамыту мəселелерін шешу жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Л.А. Фефелов пікірінше, іс-əрекет үшін қылмыстық       жауапкершілік       белгілеудің екі критерийі бар, яғни қоғамға қауіптілік дəрежесінің жоғары болуы жəне жазаның қайтарылмастығы қағидасын жүзеге асыруға қажетті  жағдайлардың  болуының  критерийі [9, 101 б.]. Мəні бойынша қоғамға қауіптілік қылмыстық-құқықтық тыйым салу қажеттілігін негіздейтін факторлар арасында басты болып табылады. Қоғамға қауіптілік қылмыстық іс-əрекет пен үстем қоғамдық қатынастар арасындағы байланысты ашады [10, 98 б.].

«Қылмыстық əрекеттің қоғамдық қасиеті – оның құқық тəртібіне қауіптілігінің шын мəнінде орын алуын біз ол əрекеттің қоғамдық қатынастардың дамуы мен нығайуына жəне азаматтардың  мүдделерін  қорғауға  теріс əсерін түсіну арқылы ұғамыз» [11, 182 б.]. Негативті ретроспективтік тұрғыдан қылмыстық жауапкершілік қылмыс  жасаған  тұлғаның қоғам тарапынан белгілі бір қылмыстық құқықтық əсер ету шараларына ұшырауға міндетінің материалдық-құқықтық  мазмұны мен процессуалдық-құқықтық нысанының бірлігін көрсететін құқықтық қатынас ретінде қарастырылады.

Қылмыстық құқықтық шаралар ретінде бір мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын, сонымен қоса ондай шараларды қолданудан бас тартуды немесе оның көлемін шектеуді де қарастырамыз [12, 145 б.].

Құқықбұзушылықтардың түрлерін өзара ажырататын маңызды белгі əрекеттің қоғамға қауіптілігі болып табылады.

Қылмысты материалдық түсіну мінезқұлықтың кейбір нысандарын олар қоғам жəне оның мүшелеріне зиян келтіру немесе тікелей зиян келтіру қаупін тудыру нəтижесінде ғана қылмыстық деп тануға негізделеді. «Бұл құқықтық тəртіп үшін қолсұғушылық қаупі мемлекетті қылмыстық құқықбұзушылықты азаматтықтан ажыратып, қылмыстық жаза тағайындаумен  қорқытуға   негіздейді»   [13, 114 б.]. Қоғамға қауіптілік қылмыстық əрекеттің барлық қасиеттерін ашпайды, бір қатынастарға қауіпті болып табылатындар екінші қатынастар үшін пайдалы болады. Қылмыстық заңнаманы құрастыру үшін,  оны  тəжірибеде  қолдану үшін заңдық қылмыстық-құқықтық нормаларды құрастыру өнеріне ие болу керек. Онсыз құқықтық норма «заңгерге» иелік етеді немесе «заңгер» құқықтық нысанмен керексіз күресті жүргізеді [14, 9 б.].

Ю. Пермяков «қоғамға қауіптілік» ұғымын түсіндірудің негізгі варианттары келесі деп көрсетеді:

  • қоғамға қауіптілікті қылмыстық əлеуметтік қасиеті ретінде тану;
  • қоғамға қауіптілікті белгілі бір құндылықтар тұрғысынан бағалау ретінде түсіну;
  • қылмыстық қоғамға қауіптілігін қылмыстық жауапкершіліктің негізі мен шарасы ретінде түсіндіру [15, 33 б.].

Қылмыстың объективті жағы қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен, бүлдірумен, ерекше арсыздықпен ерекшеленетін əдепсіз іс-əрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тəртіпті бұзушылықтан тұрады.

Бұзақылық қылмыстары келесі негізгі белгілермен сипатталады. Күш қолдана отырып (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) мекемелердің, кəсіпорындардың немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызметін уақытша тоқтату, көпшілік шараларға кедергі жасау, мүлікті жою, азаматтарды жəбірлеу, ұзақ жəне қасақана тоқтатылмайтын бұзақылық əрекеттер қоғамды анық құрметтеуін білдіретін ерекше арсыздықпен қоғамдық тəртіпті бұзушылық деп танылады. Жалпыға бірдей  адамгершілік  нормаларына   деген ашық немқұрайдылықпен, мысалы, ұятсыз қылықтармен, ауру, қарт немесе дəрменсіз күйдегі тұлғаларды келемеждеп, қорлаумен ұштасатын бұзақылық əрекеттерді ерекше арсыздық деп ұққан жөн. Азаматтарға қарсы күш қолдану не оның қолданылатындығымен қорқыту деп өмір мен денсаулыққа қауіпті емес күш қолдануды айтамыз мысалы: (ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру).

Егер бұзақылық əрекеттер жəбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірумен не оның өлімімен ұштасса, онда бұл əрекеттер Қылмыстық  кодекстің  96,   103   жəне  257-баптарымен көзделген қылмыстар жиынтығы  бойынша бағалануы тиіс. Қоғамды анық құрметтемеу қоғамның, мейлі, тіпті бір ғана мүшесінің мүдделерін қозғайтын əрекеттер арқылы білдірілген айтарлықтай деңгейдегі құрметтеуден тұрады.

Қоғамдық тəртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындағы лайықты мінез-құлқының, ұйымдардың, мекемелердің, кəсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке басына қол сұғылмауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Объективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, ерекше арсыздықпен ерекшеленетін əдепсіз іс-əрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тəртіпті тым өрескел бұзушылық əрекеттер арқылы сипатталады.

Бұзақылық формальдық-материалдық қылмыс құрамына жатады. Ол қоғамдық тəртіпті өрескел бұзу жəне қоғамды құрметтемеу əрекеттерін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұзақылықтың субъективті жағының міндетті белгісі қоғамға қасақана дөрекі, қатал, сотқар, тентек жолмен, құрметсіз түрде көңілін көрсетуге ұмтылыстан тұратын бұзақылық себеп.

Бұзақылықтағы қылмыстың ниетіне қоғамды сыйламаушылықтан туындаған эгоистік көзқарастар, бостандықты теріс түсінушіліктен болған  жағдаяттар  жатады.  Бұзақылық ниетке қоғамды құрметтемеуді білдіретін əртүрлі дөрекіліктер, өктемдіктер, қатыгездіктер, тентектік пен арсыздық, ұятсыздық көріністері жатады. Бұзақылықтың мақсаты қоғамдық тəртіпті өрескел бұза отырып, жəбірленушіге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқыныш туғызу, мүлкін жою, бүлдіру болып табылады.

Бұзақылықтың заты бөтеннің мүлкі болса, тағылықтың заты үйлер, өзге де ғимараттар, қоғамдық орындардағы мүлік болып табылады.

Қорыта келгенде, қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстармен күресуде əуелден идеологиялық саяси іс-шараларды естен шығармауымыз керек. Кез келген қоғамға тəртіп негізінде, құқықтық сана кемшіліктері жатады. Саяси жəне құқық идеяларының материалдық күшке айналып, саяси жəне құқықтық мəдениеттің құндылықтары мен өлшемдерінің қалыптасуына біршама уақыт керек.

Практикада көптеген құқықтық немесе саяси идеялардың, ұсыныстар мен шешімдердің өмір талқысынан өте алмай, құр ұран болып қалатын жағдайлары жиі кездеседі. Демек, аталған категориялардың қоғамға араласуы олардың өзара үйлесім табуына байланысты. Əрине, мұнда субъектілердің жауапкершілік деңгейі мен өмір тану қабілетінің басты рөл атқаратынын ескерген жөн.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз – Алматы: Баспа, 2003.
  2. ҚР қылмыстық кодексі, 16 шілде – А.: Юрист, 2004.
  3. Ағыбаев А. ҚР қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім. – А.,
  4. ҚР қылмыстық кодексіне түсінік. – А.: Баспа,
  5. 1995 жылғы 21 шілдедегі № 5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты.
  6. Пленумның «Бұзақылық туралы істер жөніндегі сот тəжірибесі туралы» қаулысы.
  7. Маркс К. Дебаты по поводу закона о краже леса. – Маркс К., Энгельс Ф. – Соч., 2-е изд., Т.1.– С. 124.
  8. Шовгумидзе Т.Г. Философские и психологические основания уголовной ответственности // Актуальные вопросы современного уголовного права, криминологии и уголовного процесса. – Тбилиси: Мепниереба,
  9. Фефелов Л.А. Критерии установления уголовной наказуемости деяний. Советское государство и право,1970, №
  10. Крылов Г.В. Проблемы декриминализации деяний в советском уголовном праве. Дисс. канд. юр. наук. – М.,
  11. Курс советского уголовного права. – М., 1970, т.2.
  12. Крылов Г.В. Проблемы декриминализации деяний в советском уголовном праве. Дисс. канд. юр. наук. – М., 1985. – С.145.
  13. Пусторослев П.Р. Анализ понятия о преступлении. – М., 1892. – 238 с.
  14. Пионтковский А.А. Марксизм и уголовное право. – М.: Юридическая литература, НКЮ РСФСР,–1996. – С. 9-10.
  15. Пермяков Ю.А. Общественная опасность деяния. Автореферет дисс канд. наук. М.,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.