Қылмыстық құқық

  Халықаралық қылмыстылықпен күресу халықаралық құқық және ішкі мемлекеттік қылмыстық құқық негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар көптеген жалпы қылмыстық құқық бұзушылар көбінесе халықаралық нысанға иеленеді. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында ТМД мемлекеттерінде сияқты шетел азаматтарымен, оларға қатысты жасалынған қылмыстардың саны өсті.
2015

«Ұйымдасқан қылмыскерлiк» ұғымы «ұйымдасқан қылмыс», «ұйымдасқан топ», «ұйымдасқан қылмыстық әрекет», «ұйымдасқан қоғамдастық:» сияқты басқа ұғымдармен байланысты. Барлық жерде «ұйым», «ұйымдасқан» сөздерi пайдаланылады. Бұрындары «ұйымдасқан қылмыс» және «ұйымдасқан қылмыстық әрекет» жайында айтылатын. Оның субъектiлерi жекелеген адамдар және адамдар тобы, оның iшiнде ұйымдасқан құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық болуы мүмкін [1].
2015

Өркениетті елдің болашағын сомдайтын бүгінгі жасөспірімдер екені белгілі. Келешек өмірдің тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің бастауы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер еліміздегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмыстық әрекеттердің бестен бірін жасайды [1, 35 б.]. Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, қоғамға, өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған-туысқандарына үлкен зиян келтіреді. Жасөспірім қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады.
2015

Эвтаназия мәселесі бүгінгі таңда әлі де шешімін таппаған медициналық-деонтологиялық, діни-этикалық және заң жағынан даулы мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты заңгерлер, философтар, әлеуметтанушылар, дәрігерлер, саясаттанушылар және дінтанушылар арасында дау мәселесі ұлғаюда. Біреулері өмір қадірлі және оған қол сұғылмауы тиіс дейді. Өмір мәнсіз, мағынасыз дүниеге айналмауы тиіс деп өзгелері қарсылық білдіруде. Бұл даудың негізгі себебі құқықтық тыйым салу мен рұқсат ету.
2009

Ақпарат қазіргі қоғам өмірінің алғашқы негізі, қоғам қызметінің нәтижесі мен өнімі болып табылады. Ақпаратты құру, жинақтау, сақтау, беру және өңдеу оны өндіру құралдары: электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары мен байланыс жүйесі аясындағы үдерісті ынталандырады. Осы аталғандардың барлығы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттық үдерістерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын, жаңа ақпараттық технологиялардың анықтамасының ауқымды ұғымына кіреді. Яғни, ақпарат қоғамдық қатынастардың өніміне айнала отырып, тауар қасиетіне ие болып, сатып алу сатудың заты ретінде қарастырылады.
2015

Ұлттық құқықтық жүйеміздің қалыптасуына байланысты қоғамда қалыптасқан саяси, экономикалық, қылмыстық қатынастарды реттеуде жаңа заңнамаларды қабылдау қажеттілігі айқындалды. Осы мәселелерді шешу үшін көптеген заңдарды қабылдап, қолданысқа енгізу осы қажеттілікті қанағаттандыру тұрғысынан қажет еді. Тәуелсіздік алғаннан соң елімізде қалыптасқан ауыр криминогендік жағдай, қылмыстың өршуі, сыбайлас жемқорлықтың ерекше қарқынмен дамуы – экономикалық дамуды кенжелетіп қана қоймай, мемлекеттің халықаралық қауымдастықтағы саяси беделінің дұрыс дәрежеде қалыптаспауына да әсер еткендігі ақиқат. Елбасы Н. Назарбаевтың қылмысқа қарсы күресте табанды позицияны ұстануы бірінші кезекте қылмыстың ауыздықталуына, сонымен қатар экономикалық өсуді бірқалыпты деңгейге қоюға қол жеткізгендігін қамтамасыз еткендігін айта кету керек. Қылмыстық саясат – бұл арнайы белгі мен айрықша реттеу тәсіліне ие, ерекше қауіпті қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін мемлекеттің саясатының заңды бөлігі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен салдарында әлеуметтік-саяси саланың дұрыс дамымауының белгілері бар.
2015

Қылмыс туралы ілімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қылмыстардың көптігі мәселесі заңгерлерді бұрыннан толғандырып келеді. Дегенмен, ұзақ уақыт бойы қылмыстардың көптігінің құқықтық реттелуі тиісті деңгейде болмады. Айталық, Қазақ КСР 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімімен аса қауіпті рецидивистердің жауаптылығы мен қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау мәселелері ғана реттелді. Ал қылмыстардың көптігінің жекелеген нысандары (қайталану, бірнеше мәртелік, жүйелілік, кәсіп және рецидив) жүйеленбеген түрде Ерекше бөлім нормаларымен нақты қылмыстардың негізгі және сараланған құрамдарының белгісі ретінде ескерілетін.
2015

Əзірге жасалу механизмі мардымсыз зерттелген абайсызда қаза келтіру, абайсызда денсаулыққа зиян келтіру жəне т.б. абайсыздық жағдайларының өсуі байқалады, сондықтан абайсыз қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттыру міндеті тек техникалық емес, басқа да абайсыз қылмыстарды терең жəне барлық жағынан ғылыми талдау жолымен шешілмек [1; 41]. Теориялық əрі тəжірибелік тұрғадан маңызды болған жерде тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстардың жасалу механизмінің мазмұны мен жүзеге асырылу жолдарына арналған сұрақтарды ыждағаттылықпен талдауға мұқтаждық бар. Əлеуметтік өмірдің тұрмыстық саласындағы абайсыз қылмыстардың жасалу механизмін зерттеу — осы қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі мен олардың пайда болу себептері жəне шарттарын түсінудің негізі.
2010

Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеген кездегі əрқайсысының атқарған міндеттерінің түріне қарай бірінен-бірінің өзгешеліктері болады. Бұл өзгешеліктерді ажыратпайынша олардың əрқайсысының қылмысқа қатысу дəрежесін, оған байланысты қолдануға жататын жазаның шамасын белгілеу мүмкін емес. Бір ғана қылмысқа қатысушылардың іс-əрекеттері абсолютті түрде бірыңғай болуы мүмкін емес. Олардың арасындағы ерекшеліктерді анықтауға біздің қылмыстық заңдылығымыз бен құқық теориясы үлкен маңыздылық береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 28- бабының мəні бойынша қылмысқа қатысушылардың қылмыстарын саралау олардың функцияларының өзіне тəн ерекшеліктерін алдын ала анықтауды талап етеді.
2010

Техногендік елеулі табыстарға қол жеткізген адамзаттың гуманитарлық-əлеуметтік салада əрбір басқан қадамы күрмеулі болып отыр. Сондай күрмеулі саланың бірі — қылмыстылық проблемасы. Қылмыстылық қоғамның қатты алаңдаушылығын, тіпті, үрейін туғызып отырған мəселе болып танылады. Қылмыстылық үдерістерінің жағымсыз үрдістері, оның аса қауіпті түрлері мен нысандары, əсіресе ұйымдасқан қылмыстылық, трансұлттық қылмыстық ұйымдар жəне т. б. туралы мəліметтер қорқыныш туғызарлық ауанда заманауи ақпараттық құралдар мен тетіктер арқылы кез келген адамның миына күн сайын, сағат сайын құйылуда. Соған сəйкес жеке адам, қоғам, мемлекеттік құрылымдар қажетті іс-қимылдың стратегиясы мен тактикасын жасауға міндетті сезінеді жəне солай істейді де.
2010

Қылмыстық құқық теориясында бірнеше адамның қылмыс жасауының нəтижесі, одан туындайтын залалдың мөлшері дара қылмыстарға қарағанда көп болады. Сондай-ақ қоғамға қауіпті іс-əрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қылмысқа қатысушылармен жасалатын қылмыстар саны артып отыр. Соған байланысты қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын даралау мəселелері əрқашанда маңызды болып табылған. Соттық-тергеу зерттеуіне сəйкес қылмысқа қатысумен жасалатын қылмыстар күрделі мазмұнына ие. Осыған орай, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы соттарға қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дəрежесін, əрбір қылмысқа қатысушының ортақ қылмыстық нəтижеге қосқан үлесін анықтау, яғни жазаны тағайындаудың жеке даралау, қағидасын жүзеге асыруы қажеттілігімен сипатталады. Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеген кездегі əрқайсысының атқарған қызметтерінің түріне қарай бірінен-бірінің өзгешеліктері болады. Бұл өзгешеліктерді ажыратпайынша, олардың əрқайсысының қылмысқа қатысу дəрежесін, оған байланысты қолдануға жататын жазаның шамасын белгілеу мүмкін емес.
2010

Мақалада ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу мəселелері қарастырылды. Автормен ұйымдасқан қылмыстылықпен тиімді күресуді жүзеге асыру мақсатында жəне ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау саралаушы белгісінің рөлін арттыруға байланысты ҚР Қылмыстық кодексін жетілдіру бойынша бірқатар негізді ұсыныстар жасалды.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.