Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық саясаттың пәні туралы

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық саясаттың пәні туралы мәселелер көтеріле бермейді. Осыған байланысты, П.Л. Фрис қылмыстық саясаттың пәнін тек құқық шығармашылық қана емес, сонымен қатар құқық қолдану қызметін де құрайды деп есептей отырып, қылмыстық саясат пәнінің келесі элементтерін көрсетеді: 1) қылмыстылыққа қылмыстық-құқықтық әсер етудің негізгі қағидалары; 2) криминализация және декриминализация;   3)  пенализация   және депенализация;жазаға балама және жазамен бірге қылмыстыққұқықтық сипаттағы шараларды тағайындау; 5) қылмыстық заңнаманы түсіндіру; 6) қылмыстық заңнаманың нормаларын қолдануға және олардың тиімділігін түсіндіруге байланысты құқық қорғау органдарының қызметі; 7) халықтың құқықтық санасына қылмыстық-құқықтық құралдардың әсерінің тиімділігін арттыру жолдарын анықтау [1, 38 б.]. Н.А. Лопашенко қылмыстық саясаттың пәнін қылмыстылыққа қылмыстық-құқықтық әсер етудің стратегиясы мен тактикасы құрайды деп көрсетеді [2, 29 б.].

О.Н. Тлепбергенов: «Қылмыстық саясат – бұл мемлекеттің құқықтық тұрақтылық пен қылмыстық ахуалды оңтайландыруды қамтамасыз ету жолындағы тиісті құбылыстарды бақылау мен басқару арқылы адамды қылмыстан сақтандыру мен қылмыстылықты жоюды жүзеге асыру қызметі. Қылмыстан сақтандыру саясаты – әлеуметтік қатынастардың саяси мәнге ие болған көрінісі. Сондықтан қылмыстық саясат жүйесінде арнаулы субъектілердің әрекеті мен қызметінің әлеуметтік мәні толымды талқылауды қажет етеді. Қылмыстық саясаттың әлеуметтік мәні дегеніміз – мемлекет пен қоғамның құқықтары мен міндеттері, мүдделері мен мақсаттары негізінде жүзеге асырылатын қызметтің көпқырлы сипаты. Кез келген әлеуметтік-құқықтық қатынас қылмыстық саясаттың пәнін құрамайды, егер де құраса: ол қатынастардың негізінде саяси-құқықтық байланыстар жатуы тиіс. Қылмыстық саясат саласындағы қатынастардың құқықтық табиғаты – заң нормаларынан ғана көрініс табады. Кез келген қылмыстық заң нормасы құқықтық қызмет өрісіне сай, қылмысқа құқықтық баға берумен қатар, қылмыстан сақтандыру міндетін де атқарады. Қылмыстық саясатты құқықтық реттеу – заң нормасын қолданумен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар саяси-құқықтық қатынастар пәнінің шегін белгілеу арқылы және құқықтық қатынастардың қозғалтқышы рөлін иеленген заң нормасын пайдаланумен байланыстырыла жүргізіледі. Заңдық  нормалар– саяси-құқықтық қатынастардың сыртқы көрінісін, ішкі ұйымдастырылуын, қатынастардың ресми бекітілуіне жол ашатын тарихи-заңды құрал ғана емес, саяси-құқықтық қатынасқа мән мен нысан бере отырып, қатынастың барлық түрін реттеудің жалғыз тетігі де. Заң нормасын оңтайландыру және оның қатынастарды реттеу кезіндегі рөлін дұрыс түсінудің маңызы өте зор. Заң нормасы – өз кезегінде құқықтық әрекетке әсер етіп қана қоймай, оның әлеуметтік бағытын да белгілейді» деп көрсетеді [3, 17-19 бб.]. Аталған пікірмен келісу қиын, себебі автор құқық пен қызмет ұғымдарының пәнін араластырып жіберген. Саясат – қызмет, сол себепті де оның пәнін қатынастар құрамайды. Қылмыстық саясаттың пәні – қылмыстылыққа қарсы тұру стратегиясы мен оған қол жеткізудің тактикасы деп қарастыратын пікірдегі авторларды қолдай отырып, қылмыстық саясаттың стратегиясы мен тактикасын талдауға көшейік.

Стратегия терминінің түсінігіне келетін болсақ, ол қоғамдық, саяси күреске басшылық ету, алысқа баратын дұрыс болжамдарға негізделген басшылықты жоспарлау өнері дегенді білдіреді. Яғни, стратегия дегеніміз қойылған мақсатқа жету бағдарламасы. Мақсат болса, оған жету стратегиясы да жасалынады. Сәйкесінше, мақсат болмаса стратегия да болмайды.

Осыған байланысты, қылмыстылыққа қарсы тұру бағыттары ретінде – азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолымен, олардың өмірінің сапасын арттыруды айтамыз.

Әл-ауқат азаматтарды, олардың отбасын тұрғын-жаймен, жұмыспен, әлеуметтік қызмет түрлерімен, еңбегіне сай жалақымен, тиісті материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Қазіргі таңда мемлекет бұл мәселелерді шешуде, бірақ та тиісті деңгейде емес. Мысалы, тұрғын-жаймен қамтамасыз етуге байланысты ипотекалық бағдарламаларда кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға пайыздық жүктемені төмендету түрінде, осы мақсатқа мемлекеттік дотацияны қарастыру керек сияқты. Бұл өз кезегінде бірнеше мәселелерді шешеді, біріншіден, орташа мөлшердегі табысы бар отбасыларды жеке дербес пәтер алуға ынталандыру арқылы, әлеуметтік теке-тіресті төмендетеді; екіншіден, демографияны көтереді; үшіншіден, отбасыны құру және нығайту үшін қолайлы жағдай туғызады. Яғни, осы шаралар қылмыстылықтың себептерін – тұрмыстық жағдайлардан туындайтын мінез-құлықтың жағымсыз стереотиптерін қатігездікті, ашынуды зарарсыздандыруға қабілетті деп есептейміз.

Яғни, қылмыстылыққа қарсы тұру стратегиясы адамдардың әл-ауқатын, олардың тұлғасының қалыптасу факторларын құрайтын қоғамдық қатынастар аясын кешенді, жүйелі түрде құқықтық реттеуден тұруы қажет. Қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы қылмыстық саясаттың стратегиясы құқықтық мемлекет құру мақсатынан дербес қарастырыла алмайды. Сондықтан да, қоғамның рухани-құлықтылық әлеуетін арттыру ұстанымын ескере отырып өңделуі керек. Яғни, тұлғаның әлеуметтенуі құқықтық мемлекетті қалыптастыру үдерісімен тығыз байланысты. Сондықтан да, құқыққа сай мінез-құлықты насихаттау дені сау отбасыны, әртүрлі жанұялық, спорттық, іс-шараларды жарнамалаудан басталуы керек. Теледидардан адамдардың құқыққа сай мінез-құлқы, ізгілік жоғары құлықтылық әрекеттері туралы жағымды мәліметтер беріліп, қайырымдылық, әділдік,еңбекқорлық, білімділік, патриотизмді насихаттайтын мемлекеттік тапсырыспен түсірілген жасы толмағандар мен кәмелетке толмағандарға арналған балалар мен жасөспірімдер фильмдері көрсетілуі керек. Белгілі бір уақытта мемлекет бұл сұрақтарға үлкен көңіл бөлді, мысалы Кеңес өкіметі дәуірінде батыр-пионерлердің ерлік істері, А. Барто, С. Маршактың әдеби туындылары мен культке айналған көркем фильмдерді айтсақ болады. Әрине, бұл туындылар насихаттаған идеялар туралы дауласуға болса да, олардың бірнеше ұрпақ бойы адал азаматтарды тәрбиелеуге ат салысқандарын жоққа шығаруға болмайды. Сәйкесінше, қоғамның рухани-құлықтылық әлеуетін арттыру қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы қылмыстық саясаттың стратегиялық бағыты ретінде, жоғары құлықтылық және құқыққа сай мінез-құлықты мадақтаудан тұруы қажет. 2010-2020 жж. арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы осы мақсаттарға жетуді көздей отырып, жаза жүйесін ізгілендіру мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес, балама жаза түрлерін құруға бағытталған. Бұл дұрыс стратегия деп ойлаймыз, себебі, түрме тұлғаның жағымды моральдық қасиеттерін қалыптастыруға оң әсер ететін жақсы орын емес.

Дегенмен де, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру тек құқық бұзушылардың ғана емес, бірінші кезекте бүкіл халықтың қауіпсіздігі мүддесін ескеруі тиіс.

Тактика – қойылған мақсатқа жетудің құралдары мен әдістерінің жиынтығы. Тактика стратегияны жүзеге асырудың құралы бола отырып, стратегияның негізгі мақсатына бағынышты. Стратегия негізгі мақсатқа аралық тактикалық міндеттерді шешу жолымен жетеді. Қылмыстылыққа қарсы тұрудың тактикасы ретінде төмендегілерді көрсетіп кетуімізге болады:

  • атқарушы, заң шығарушы биліктің және соттың өзара әрекеттерінің үйлескен жүйесін жасап шығару;
  • азаматтардың қылмыстардан қорғалу жағдайының көрсеткіштері арқылы құқық қорғау органдарының қызметін бағалау жүйесін жасап шығару;
  • құқықтық акт түрінде Қылмыстық саясат Тұжырымдамасын жасап шығару;
  • еңбек, тұрғын-жай заңнамаларына өзгерістер енгізу; орташа табыстары бар адамдарға тұрғын-жай алуға мүмкіндік беретін ипотекалық бағдарламаларды жасап шығару;
  • заң шығарушы деңгейінде азаматтардың құқыққа сай мінез-құлқын мадақтау;
  • сендіру әдісін қолданатын және қылмыстардың алдын алу аясында жағымды нәтижелері бар мемлекеттік органдарды қаржыландыруды ұлғайту.

Сонымен, қылмыстық саясаттың пәнін қылмыстылыққа қылмыстық-құқықтық әсер етудің стратегиясы мен тактикасын құрайды деп айтуымызға болады.

Қылмыстық саясаттың пәні, мазмұны, әдістері қылмыстық саясат тұжырымдамасында бейнеленуі қажет. Осыған сәйкес, ХІХ ғасырда Ф. Листпен жасалған Марбург бағдарламасы деген атпен әйгілі қылмыстық саясаттың тұжырымдамасы ХХІ ғасырда да өз өзектілігін жойған жоқ [4, 12 б.].

Қылмыстық саясатты қалыптастырушы тұлғалар құқықты реформалау барысында осы идеяларды басшылыққа алулары қажет.

Қылмыстық саясат тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және жалпы танылған халықаралық құқықтың нормаларына негізделген нұсқауларды және біріктірілген ойлардың жиынтығын білдіреді.

Біріншіден, тұжырымдама қылмыстық саясаттың заңдылықтарын сипаттай отырып, тиімді құқықтық тәртіпті және қылмыстылық деңгейін және оның зардаптарын төмендетудегі стратегиялық мақсаттарды белгілейді, екіншіден, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қағидаларына негізделген мақсаттар мен әдістәсілдер арқылы оларға жетудің тиімді жолдарын анықтайды.

Біздің ойымызша, заманауи қылмыстық саясат тұжырымдамасының аса маңызды мақсаты болып, қылмысты тойтару әдістерін және мақсаттарын әзірлеу, сондай-ақ келесілер арқылы бұл мақсаттарға жетудің және жағымды үдерістерін қалыптастыру болып табылады:

  • қылмыспен күрес аясында жүзеге асырылатын және қылмыстық сот өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ететін жаңадан мемлекеттік заңдарды, Президент жарлықтарын, Үкімет қаулыларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
  • қылмысқа қарсы тұру міндетін атқаратын мемлекеттік билік органдарының жүйесін жетілдіре отырып, олардың өкілеттіліктері мен құзыреттерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларын құру, сондай-ақ бұл органдардың қызметінің тиімділігін және олардың қарым-қатынасын қамтамасыз етудегі шарттардың жүйесін қамтамасыз ету;
  • ғылыми-техникалық құралдарды, қылмысқа қарсы күрес әдістерін және шараларын ьжетілдіру, оларды құқық қорғау органдары қызметіне енгізу;
  • мемлекеттік билік органдары үшін, сондай-ақ мемлекеттік емес органдар мен халықты қылмысқа қарсы тұруда, қаржылық және материалдық-техникалық базаны құру [5].

Қылмыстық саясатты құруда жоғарыда аталған барлық бағыттар мен әдістер тек құқықтық сипатта болуы тиіс және мемлекеттің тиісті нормативтік құқықтық актілеріне негізделуі қажет. Қылмыстық саясат тұжырымдамасын жасағанда, криминалдық жағдай мен құқық қорғау органдарының қызметін сипаттауға баға беру маңызды орынға ие. Атап айтқанда профессор Н.А. Лопашенко бойынша келесілер  бағалануы тиіс:

  • криминалды жағдайдың (төмендеуі, тұрақтануы, жақсаруы) немесе белгіленген тенденциялардың даму мүмкіншіліктерін көрсететін толықтай қылмыстылықтың немесе оның белгілі бір түрлерінің көрсеткіші;
  • қазіргі құқық қорғау органдары жұмыс істейтін бағыттардың мүмкіндігі, соның ішінде тиісті деңгейдегі ішкі істер органдары, латенттік деңгеймен, зиянды өтеудің мөлшерімен, ұйымдасқан қылмысты, сыбайлас жемқорлықты, рецидивті, басқа да маңызды қылмыс көрсеткіштерін, сондай-ақ қылмыскерлерді әділ жазалауды қамтамасыз ету деңгейімен және тағы басқаларын тежеумен өлшенетін олардың күштерінің нәтижесі;
  • криминалды жағдаймен байланысты және оған әсер ететін айғақтар (мысалы, экономикалық жағдай және оның меншікті сипаттамасы: республиканың жекелеген облыстары мен аудандары бойынша, соның ішінде қылмыс жасаған тұлғалардың арасындағы жұмыссыздардың үлесі; әлеуметтік міндеттерді шешу, құқық қорғау қызметін ресурсты қамтамасыз ету деңгейі, ақпараттық, әдістемелік және құзыретіне бұл факторларға жағымды әсер ету кіретін мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей ұйымдастырушылық қарым-қатынас мүмкіндіктерін пайдалану);
  • жұмыс істеу ортасының жай-күйі (атап айтқанда, халықтың құқықтық санасының деңгейі, оның құқық қорғау органдарының қызметіне қатысы, қылмыспен күресуді және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың дайындық деңгейін қолдау); қылмыстық саясатты жүзеге асыру субъектілерінің құқықтық санасының және кәсіби шеберлігінің жай-күйі; құқықтық саясат тұжырымдамасында, жоғары мемлекеттік билік органдарының басқа да тұжырымдамалық құжаттарында, сонымен қатар мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік саяси мақсаттар мен міндеттер [2, 25 б.]. Бұл мән-жайларды қатарлас қойғанда және белгілі бір уақыт аралығындағы қызметтің нәтижесін бағалағанда, құқық қорғау органдарының басшылары қылмыстылықтың дамуын дұрыс бағалап, болашақтағы қызметтеріне негізделген стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдау мүмкіндігіне ие болады.

Қылмыстық саясаттың тұжырымдамалық жағдайлары туралы сұрақтарды шешкенде, қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасы қылмыстық саясатының тұжырымдамалық күйін жақсартуға бағытталған келешектегі жолдары туралы сұрақтарды айтпай кетуге болмайды. Қазіргі кездегі Тұжырымдама, сөзсіз өтпелі деңгейдегі қылмыстық саясат идеологиясы болып табылатындығын ескергені жөн. Бұл біздің пікіріміз қазақстандық мемлекеттіліктің тарихи даму кезеңіндегі қылмыстылыққа қарсы күресуге бағытталған нәтижелі стратегияларды табуды көздейді.

Алайда бұл стратегия міндетті түрде заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін күшейтумен байланысты болмауы керек. Қылмыстық саясатты күшейту, күрделендіру қылмыстылықтың өсуіне деген табиғи реакция болып көрінеді. Алайда, еуропалық мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, қылмыстылықтың өсуі кезеңіндегі басымдырақ тенденция бұл заңнаманы күшейту емес, керісінше қылмыстық саясатты жеңілдетіп, оны рационалды дамыту болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Фрис П.Л. Криминально-правовая политика Украины: дис. … докт. юрид. наук. – Киев, 2005. – С. 38-39.
  2. Лопашенко Н.А. Уголовная политика. – М.: Волтерс Клувер, 2009. – 615 с.
  3. Тлепбергенов О.Н. Қазақстан Республикасының қылмыстан сақтандыру саясаты. – Алматы: ТОО АҚ-Шағала,– 204 б.
  4. Лист Ф. Задачи уголовной политики. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 110 с.
  5. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы.– 2009, тамыз 24 // http:www.zakon.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.