Халықаралық қатынастар

Республикамызда жүргізіліп отырған құқықтық жүйені реформалау арқылы тәуелсіз сот жүйесінің негізі қаланып, заң үстемдігі қамтамасыз етіліп келеді. Енгізіліп отырған демократиялық озық дәстүрлерді құқықтық жүйеге сіңдіріп, сот төрелігін жүзеге асыру, судьяларға қойылатын талаптарды арттыру арқылы қазақстандық сот билігінің бейнесі күннен-күнге биіктеп келеді. Осы орайда, герман сот жүйесі қызметінің ұйымдастырылуына, Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесіне талдау жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада неміс сот жүйесіндегі әкімшілік соттардың орны қарастырылады. Автормен Германия сот жүйесінің қалыптасуының алғышарттарына жалпы талдау жасалынады. Зерттеу барысында Германия әкімшілік сот судьяларының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің ерекшеліктері анықталды. Германия сот жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші түрлі факторлардың рөлі қарастырылады.
2014

Мақалада Кембридж пікірталасы барысында айтылған посткейнсиандық идеяларды көрсету мәселелері қарастырылады. Кембридж пікірталасы ширек ғасырдан астам уақыт бойы Ұлыбритания мен АҚШ-тың аса көрнекті экономистерін мазалап келді. Біз неоклассикалық теорияның посткейнсиандық экономикалық ойдан негізгі айырмашылықтарын көрсетуге тырыстық. Посткейнсиандық – бұл экономика ғылымының өзекті макроэкономикалық бағыты. Посткейнсиандық қазіргі экономикалық ойдың торапты бағытына жатпайды. Мұның бір себебі – берілген бағыттың әлемге деген барынша шынайы көзқарасқа ұмтылу ерекшелігі. Осы себептен посткейнсиандық өкілдерінің үлгілері инструменталды емес болып табылады. Посткейнсиандықтардың басты негізін қалаушысының өзі Дж.М. Кейнс деп санайтындықтан, тек олардың өз тәсілі оның мұрасының бұрмаланбаған мағынасына ұмтылуы мүмкін. Басқа да негізін салушылары М. Калецкий, Х.Ф. Мински, П. Дэвидсон, С. Вайнтрауб, Дж. Робинсон, Н. Калдор, А. Айхнер және басқалары табылады.
2014

Мақалада Мысыр еліндегі Мүбарак билігінен кейінгі саяси дағдарыстың негізгі мәселелері қарастырылады. Мысырдың болашағы үшін күрес бір сәт те толастамады. Мүрсидің әрекеті – сот жүйесіне қарсы соққы беруі – жаңа Конституция бекітілгеннен кейінгі оның ойлаған ойын айқын көрсетті. Елдің болашағына қатысты мысырлық либералды және исламдық күштер арасындағы алауыздық арта түсті. Сонымен бірге мақалада 2013 жылғы шілде айының басында Мысырдағы әскери төңкерістің нәтижесінде қалай Мұхаммед Мүрсиді президенттіктен кетіргендігі туралы баяндалады. Мысырда Конституция күшінің тоқтатылғандығы жөнінде жарияланған болатын. Елді дағдарыстан алып шығу үшін «Жол картасы» шеңберінде құрылған арнайы комиссия жаңа Конс- титуцияның мәтінін әзірлеуді бастайды. Мысырда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жай- ында хабарланады. 2014 жылдың мамырында Мысырдағы президенттік сайлауда Абдель Фаттах ас-Сиси жеңіске жетті. Мысыр мәселелері айқын және зор өзгерістер күтілуде, сол ретте бүгінгі күні біздің аңғарғанымыз таяу жылдар жағымды өзгерістерге толы болар деген үміттер.
2014

Мақалада жаңа деңгейге шыққан Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық, әсіресе энергетикалық және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық қарастырылады. Бүгінгі күні Қытайдың жоғары қарқынды экономикасы отын-энергетикалық кешенінің дамуымен толық қамтамасыз етпеуде. Елде энергия көздерінің жетіспеушілігі арта түсуде, бұл оны энергия көздердің нетто-импортерлер санатына өтуге әкелуде. Ауылшаруашылығының қажеттілігін энергия көздерімен қамтамасыз ету мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясы факторларының біріне айналдыруда. Қытайдың энергетикалық дипломатиясының негізгі түйіні – елдің қажеттілігін тұрақты және жоғары тиімді энергия көздерімен, яғни мұнай және табиғи газбен қамтамасыз ету. Ал Қазақстанның мұнай-газ саласы жоғары инвестициялық тартымдылықты сақтай отырып, белсенді түрде өсу арнасында. Сонымен бірге мақалада энергетика саласындағы ынтымақтастық екіжақты қатынастарды дамытуда зор мәнге ие екендігі де атап өтілген. Тараптар өзара тиімді қағидаттар негізінде энергетикалық ынтымақтастықты үздіксіз кеңейтумен қоса әлі де тереңдетуге ниет білдіретіндіктері айтылады.
2014

Сауда қатынастарын дамыту еуро-жерортатеңіздік әріптестіктің маңызды құрамдас  бөлігі  бо-  лып саналды. Бұл бағыттың негізгі мақсаты – сауданы либерализациялау және еркін сауда аймағын құру арқылы аймақтық интеграцияны тереңдету. ЕО экономикалық өсуге ынталандыруда, өмір сүру деңгейін және жан басына шаққандағы кірісті жоғарылатуда сауданың рөлін аса маңызды орынға қояды. 40 жылдан бері сауда саласы ЕО-ның ортақ саясатының әлдеқайда интеграцияланған құралы болып табылады. Қазіргі кезде ЕО-ның сауда саясаты ЕО-ны құру жөніндегі келісімшарттың 131, 134-баптарына негізделген. Оның негізгі мақсаты – халықаралық саудада шектеулерді прогрессивті түрде алып тастау және кедендік тарифтерді төмендету.
2014

Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатымен айқындалған тәрбие мәселесіне ерекше назар бөлу, қазіргі білім беру мекемелерін­ де оқытушылардан тәрбие үдерісіне жаңа көзқараспен қарауды та­ лап етеді. Қазіргі Қазақстандағы жасөспірім ұрпақтың дамуы – білім беру мекемелерінде әлеуметтік мәдени ортаның құрылу деңгейіне тікелей байланысты. Кәсіби білім беру жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті қағида – жоғары оқу орындарының қызметін ерекше әлеуметтік мәдени институт ретінде қамтамасыз ету болып табылады. Ол студенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттанды­ руға, олардың рухани, адами­ізгілікті және кәсіби мамандықтарына қатысты қабілеттерін дамытуға қолдау көрсетуге бейімделінген болуы керек.
2015

Бұл мақалада cөйлеу мәдениеті, cөз мәдениетінің негізі – тілдік норма мәселелері қарастырылады. Сөйлеу мәдениетінің нормативті, коммуникативті және этикалы аспектілері баяндалады. Тілдің комму­ никативтік сапалары, тілдесудің негізгі бірліктері мен түрлері және қазақ сөйлеу этикетінің спецификасы талданады. Коммуникативтік мақсатқа сәйкестілік сөйлеу мәдениеті теориясының басты катего­ рияларының бірі болып саналады, сондықтан да нақты ахуалды есеп­ ке ала отырып және алға қойылған міндеттер мен мақсаттарға сәйкес адресатқа мейлінше ықпал ететін сөздің негізгі коммуникативтік са­ паларын білу маңызды. Сөйлеу этикетін меңгеру дәрежесі адамның кәсіби жарамдылық дәрежесін белгілейді. Сөйлеу этикетін меңгеру беделге ие болуға, сенім мен сыйлау құрметін тудыруға ықпал етеді. Мақаланың қорытындысында халықаралық қатынастар факуль­ тетінің  студенттері  үшін  «Мемлекеттік  тілдегі  сөйлеу  мәдениеті»  – элективті курсын енгізу қажет екендігі туралы пікір білдіріледі.
2015

Аталмыш мақалада Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сөз еркіндігі мәселесі қарастырылған. Ой еркіндігі жә­ не сөз бостандығына арналған халықаралық деңгейде қабылданған құжаттардың маңыздылығы қамтылған. Автор кейбір тәуелсіз ақпа­ рат құралдарының жабылу себебін талқылауға баса назар аударған. Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз және шығармашы­ лық еркіндігі және ақпаратты еркін алып, тарату құқығын жариялап отырғанда, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер баспа бетінде, теледидарда, радиода ой­пікір, көзқарас білдіру нәтижесін­ де қудалауға ұшырап жататындығын да талқылаған. Сонымен қатар, Қазақстан  Еуропадағы  қауіпсіздік   және   ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымның  принциптерін  ұстану  мақсатында  Азаматтық кодекстің, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телехабар тарату туралы», Интернет туралы Заңдарының нормаларына айтарлықтай өзгерістер енгізуі  керектігі  де айтылған.
2015

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша жаза жүйесін жетілдірудің мәселелері  қарастырылады.Мақаланың авторлары талдаудың нәтижесінде жаза жүйесін жетілдіру мақсатында қылмыстық заңда сотталушыны қоғамнан оқшаулауды талап етпейтін жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстыру, электрондық бақылау және қазақ дәстүрлі құқығында болған айып жазасын қарастыру керек деген шешімге келеді.Келтірілген    ұсыныстардың    негізділігін    қамтамасыз ету үшін «айып» және «медиация» институттарының арақатынасы қарастырылады және оларды ажырататын белгілер анықталады: біріншіден, «медиация» жаза болып табылмайды, ал «айып» жаза болып танылады екіншіден, «медиация» медиатормен қолданылады,«айып» сот арқылы тағайындалады үшіншіден, «медиация» кезінде тараптар ерікті түрде медиаторға барады және оның шешіміне келіседі, ал «айып» бойынша кінәлі адам айып түрінде тағайындалған соманы жәбірленушіге төлеуге  міндеттенеді.
2015

Мақалада мемлекет функциясына қатысты әртүрлі авторлардың көзқарастарына талдау жасалынып, мемлекет функцияларын жіктеу­ дің ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Мемлекеттің сыртқы функ­ цияларының бірі халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атса­ лысу функциясына жан­жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері атап өтіледі. Бұл функция түріне қатысты өзге авторлардың пікірле­ ріне тоқталып, солардың негізінде оған өзіндік анықтама беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясына сипаттама беріліп оның жүзеге асы­ рылу ерекшеліктеріне және бүгінгі күні мемлекетіміз үшін бұл функ­ цияны жүзеге асырудың маңыздылығы көрсетіледі. Автор нақты тә­ жірибеден мысалдар келтіре отырып аталмыш функцияны жүзеге асырмастан бұрын ең алдымен мемлекеттің ішкі функцияларына на­ зар аударып, бұл функция түріне басымдық бермеу қажеттілігін алға тартады.
2015

Мақалада авторлар жаһандану жағдайындағы бәсекеге қабілет­ тілікті түсінудің әртүрлі әдістерін қарастырған және интеграциялану үдерісіндегі бәсекеге қабілеттілік секілді экономикалық құбылысқа авторлық түсінік беруге талаптанған. Әлемдік экономикалық кеңіс­ тіктің жаһандану және жаһандық рынокты қалыптастыру үдерістері, сонымен қатар бәсекелестік күрестің объективті сипаты жеке мемле­ кеттер мен аймақтар деңгейіне шықты. Сондықтан, өзінің ұзақмерзімді экономикалық саясатын дайындап, көптеген елдер маңызды мәселе ретінде өз экономикаларының бәсекелестік қабілеттіліктерін анықтайды. Осыған байланысты, елдердің ұлттық бәсекеге қабілет­ тілігінің мәні туралы қазіргі заманғы ғылыми түсініктерді зерттеу қа­ жеттігі туындайды. Сонымен қатар, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және жаһандық бәсекеге қабілеттілік түсініктерінің ара­ қатынастары мақалада анықталған.
2015

Мақалада ХХ ғасырдың басы мен ортасындағы экономикалық теория классиктері Дж. Кейнс, Р.Ф. Харрод, Д.Р. Хикс, Дж. Робинсон және басқаларының идеялары мен тұжырымдарынан келіп шығатын капиталға инвестициялау мәселелері қарастырылады.Классикалық мектеп экономикасы жиынтық сұраныс – өндірістің ақшалай құны экономиканы толық жұмысбастылық деңгейінде ұстай отырып, күтілетін пайдалы сатуларды төмендетуге жылдам әрі икемді бейімделеді деп тұжырымдайды. Дж. М. Кейнс аталған тұжырымды абсолютті шындық деп мойындаудан бас тартты және оның Сэй заңынан бас тартуының мәні осында. Кейнс көрсеткендей, шығындар табыстарға тең, басқаша айтқанда жинақтаулар инвестицияларға тең дегеніміз экономикалық ресурстар өзінің толық қолданысын табуы үшін шығындар әрқашан жеткілікті дегенді білдірмейді.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.