Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық: мәселелері мен болашағы

Қазақстан Республикасы көршілес Қытай елімен тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен бастап достық қарым-қатынастар орнатуды өзінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындағаны белгілі. Сол ретте 2002 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылуы екіжақты байланыстардың жаңа деңгейге шыққандығының куәсі еді. Екі ел саяси, экономика, мәдени салалардың барлық жағын қамтыған ынтымақтастықты жетілдіре түсуде. Екіжақты қатынастарда энергетика саласы да елеулі орынға ие. Сол ретте Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық «Мұнай және газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім» (1997 ж.), «Қазақстаннан Қытайға мұнай құбырын салу туралы келісім» (1997 ж.), «Энергетика мен несие беру саласындағы кешенді ынтымақтастық туралы меморандум» (2009 ж.), «Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім» (2009 ж.) сияқты екіжақты келісімшартттармен реттелуде [1].

Қытайдың сыртқы саясатында мұнай-газ мәселесі бүгінгі күні алдыңғы қатарға шықты десе болады. Осы сала екі елдің қарым-қатынасының негізіне айналуда. Бұл туралы 2008 жылы ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ. Тоқаев: «Қытаймен өзара тауар айналымының көлемі бойынша Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері арасында Ресейден кейін екінші орында болса, Қытайдың барлық сауда әріптестерінің арасында 30 орында. Ал Қытай Қазақстанның  сауда   әріптестерінің   арасында 4 орынға ие», – деген еді [2]. Қытайдың жаңа басшысы Си Цзиньпин де Орталық Азия елдерімен арадағы қатынастар саяси, экономикалық, сондай-ақ стратегиялық тұрғыдан да жаңа деңгейге көтерілгенін атап өткен еді. Осы ретте қытайтанушы Ә. Кәукенов Қытайдың таяу және орта мерзімді болашаққа бес басты қадамды: саяси өзара әрекеттестікті үдетуді, көлік тасымалы мен логистикалық инфрақұрылымды, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сонымен бірге халықтық дипломатия мен мәдени-ізгілікті өзара қатынастарды айқындады дейді [3]. Қазіргі кезеңде Қытай «өзінің энергетикалық дипломатиясын» белсенді түрде жүзеге асыруға, яғни энергетика саласындағы аймақтық ұйымдар бірлестігінде елеулі рөл атқаруға талпынуда. Бұл дүниежүзілік мұнай нарығындағы қатысуын арттыра түсуде. Осыған орай, Қытай мемлекетінің экономикасына дүниежүзілік конъюнктураның да әсері ұлғаю үстінде.

Исламабадтағы Стратегиялық зерттеулер институтындағы Қытайды зерттеу жөніндегі Орталықтың директоры Фазал-ар-Рахманның пікірі бойынша Қытайдың энергетикалық саясатының негізгі екі қырын айқындауға болады: біріншіден, энергия көздеріне деген сұранысты тежеу, екіншіден, энергия көздеріне деген ұлттық қажеттілікті қанағаттандыру [4]. Энергия көздеріне деген сұранысты тежеу үшін Қытайда энергияны үнемдеу мақсатында парапар саясат енгізуге арналған ішкі шаралар қабылдануда. Шын мәнінде, қазіргі кезеңде Қытай басшылығы энергияны мөлшерден тыс пайдалану мәселесіне ерекше назар аударуда. Бұл мәселе 2008 жылдың наурызында өткен Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысының 11-шақырылымында қаралған болатын [5].

Қытай энергетикалық мұқтаждықты тұрақты түрде қанағаттандыру үшін әлемнің әртүр-  лі аймағынан энергия көздерін тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәжбүр болды. 90-жылдардың басынан бастап Қытай мұнайды шетелдерден тасымалдайды, яғни мұнай, мұнай өнімдерінің импорты жылдан-жылға өсіп отыр. Осындай екпінде мұнай тасымалдау арта түсетін болса, алдағы онжылдықтарда әлемдегі мұнайды шеттен алушы мемлекеттердің алдыңғы қатарына шығары сөзсіз.

Бүгінгі күні Қазақстан – Қытайдың мұнай-газ стратегиясын, энергетикалық саясатын жүзеге асырудағы алдыңғы әріптестерінің  бірі. Қазақстан үшін де елдің ішкі және сыртқы саясатында  Қытай  факторы  елеулі  орынға ие.

Ресейлік және америкалық әріптестерге қарағанда әлдеқайда тиімді шарт ұсынған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы екі мұнай кен орнын (Ақтөбе және өзен)  өңдеу  мүмкіндігі-  не ие болған еді. Соның ақысы ретінде осы кен орындарынан Қытайға дейінгі мұнай құбырын (ұзындығы – 3 000 км) және Түрікменстан арқылы Иран шекарасына дейінгі (250 км) мұнай құбырын салу міндеттемесін алған болатын [6]. Осы келісімдердің нәтижесінде Атасу-Алашанькоу қазақ-қытай мұнай құбыры 2006 жылдың 25 мамырында іске қосылғандығын білеміз. Белгіленген жоба бойынша бұл құбыр жылына 20 млн тонна мұнай өткізу қабілетіне ие. Әрине, алғашқы жылдарға 10 млн тонна мұнай өткізу белгіленген болатын. Екінші кезектегі құбыр жылына 50 млн тонна мұнай өткізуге арналған [7].

Қазақстан мұнайын Қытайға жеткізу, сонымен қатар Иран арқылы Азия Тынық мұхит аймағы елдеріне жеткізу жобалары өткен онжылдықтар ортасынан бастап өзінің өзектілігін арттыра түсуде. Соңғы жылдары Каспий теңізінің солтүстік аймағын кең көлемде игерудің болашағы айқындалды. Бұл қазақ мұнай өндірісін жаңа деңгейге көтереді. Қытай және Азия Тынық мұхит аймағындағы мемлекеттері үшін мұнай тасымалдауының жаңа экспорттық қуаттылығы қажет. Бұл дегеніміз, мұнай тасымалдау саласындағы жобаларды жүзеге асыру заман талабы екендігін көрсетеді.

Сонымен бірге екіжақты қатынастарда газбен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті болып табылады. Сол ретте Қазақстанның қатысуымен Түрікменстан-Қытай бағытындағы жалпы ұзындығы 7 мың км-ды қамтитын халықаралық газ құбырының жобасы 2007 жылы жүзеге аса бастайды. Бұл құбырдың бірінші телімі – 1300 км өте қысқа мерзім ішінде, 16 ай көлемінде салынып біткен болатын. Сондай-ақ индустриялық дамуға айқын серпін беретін жоба – Мойнақ Су электр станциясының құрылысы 2011 жылдан бастап қолға алынды [8].

Табиғи газ өндіру көлемі бойынша Қазақстан 2015 жылдары шамамен 50 млрд куб. м өндіру жобалануда, ал ішкі  тұтынудың  көлемі 16 млрд куб. м-ден аспайды [9]. Олай болса, бұл көк отынды да Қытайға сату мүмкіндігі кеңейеді. Демек, екі ел арасында газ саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіншіліктері де мол. Тіпті болашақта екі ел арасындағы газ құбырын Қытайдың ішкі газ құбырымен байланыстырудың нәтижесінде қазақстандық газды Шанхай қаласына дейін жеткізуге болады. Бұл өз кезегінде ар жағындағы Жапония мен Оңтүстік Кореяға тасымалдау мүмкіншіліктерін ашатыны сөзсіз.

Қытайдың жедел қарқынмен дамуы оның энергетика көздеріне қажеттілігін арттыра түсуде. Сол себепті де олардың қазақ елінің мұнай, газ өнімдеріне деген қызығушылығын ұлғайта түсті. Себебі, ең алдымен Қытай өз энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дүниежүзілік энергия ресурстар нарығына толық сене алмайды, АҚШ мемлекеті де өз кезегінде бұл нарықтағы қытайлық қатысуды мүмкіндігінше шектеуге талпынатындығы айқын. Қытай 2005 жылдан бастап энергия көздерін тұтынудан және өндіруден дүниежүзінде АҚШ мемлекетінен кейінгі екінші орынды иеленді. Ал 2007 жылы Қытай мұнайды сырттан тасымалдауда АҚШ пен Жапониядан кейінгі үшінші орынға шыққан болатын [10]. Мұнай өндіру біртіндеп ұлғая түскенімен, оған деген тұтыну тым жедел өсе түсті, әсіресе 2001 жылдан бастап экономикалық даму кеңейе түскен сайын энергия көздеріне деген қажеттілік жедел артты. Соңғы кездері тұтыну мен өндіру көрсеткіштерінің арақатынасының алшақтығының өскендігі соншалық, 2005 жылы мұнайды тұтыну көлемі оны өндіруден шамамен екі есеге көп болды. Тіпті 2006 жылы Қытай 185 млн тонна мұнай өндіріп, әлемдегі алтыншы орынды иеленсе де, бұл айырмашылық сырттан тасымалданатын мұнайдың есебінен толықтырылуда [11]. Яғни, сырттан тасымалданатын мұнайға деген тәуелділік 2002 жылы 22 пайыздан 2008 жылы 51 пайызға дейін өскен болатын. Жалпы, Қытайда энергия көздерін өндіру 2011 жылдары 2830,3 млн тонна құраған болса, энергия көздерін тұтыну 3123,5 млн тонна құрауы жалпы қажеттіліктің тек 87,4 пайызын ғана жаба алды [12]. Алайда тұтыну мен өндіру көрсеткіштері 1992 жылдары шамамен тең болған еді. Ал 1993 жылдан бастап Қытай «қара алтынның» таза сырттан тасымалдаушысы болып, қазір шетелдерден күн сайын 3 млн баррель мұнай сатып алуға мұқтаж. Соңғы екі жылда дүниежүзіндегі мұнай тұтынудың көлемдік ұлғаюының 35 пайызы Қытайға келеді. Болашақтағы он жылдың ішінде Қытай автокөлік саны бойынша дүниежүзінде алдыңғы қатарға шығуы ықтимал. Бұл өз кезегінде энергия көздеріне деген қажеттіліктің ұлғая түсуіне әкелері анық. Қытайдың осы даму қарқынымен алдағы кезеңін болжайтын болсақ, кейбір сарапшылардың   пікірі   бойынша 2020 жылы мұнайды тұтыну 2000 жылмен  салыстырған-  да 2-2,6 есеге көбейгенімен, тек оның өндіруі энергия көздерінің шектеулігіне байланысты тым көбейе қоймайды дейді. Олай болса, бұл  өз кезегінде Қытайды сырттан тасымалдайтын мұнайға деген тәуелдігін 66-77 пайызға дейін жеткізетіндігі жорамалданады [13].  Сондықтан да Қытай үдемелі екпінде өсіп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мұнайды өңдейтін Таяу Шығыс, Иран, Қазақстан сияқты мемлекеттермен байланыстарын кеңейтуге талпынуда. Пекин мұнайды алу мүмкіндігін бекіту үшін ірі акцияларды иеленуде, өзінің аймақтағы саяси әсерін кеңейту мақсатында тиімді келісімдер жасасуда. Таяу Шығыстағы және Қазақстандағы энергетикалық қазба байлығының өндеушілері аймақтағы АҚШ ықпалына тежеуіш ретінде Қытайды қарастырады. Жалпы, қазіргі кездегі Орталық Азия елдеріне қатысты ресми қытайлық саясат америкалық саясатқа өте ұқсас болғанымен, өзінің шыдамдылығымен ерекшеленеді. Қытайлық билік, ең алдымен экономикалық мүддені алға тартады, яғни олар үшін каспийлік аймақтағы шикізат көздеріне қол жеткізу және өз өнімдерін өткізетін нарықты кеңейту әлдеқайда маңыздырақ болып есептелінеді.

Кейбір сарапшылардың да пікірі бойынша, Қазақстан үшін де мұнай саласындағы басымдылық бағыттардың бірі ретінде Қытаймен ынтымақтастық алдыңғы қатарға қойылады. Сол ретте күрделі  стратегиялық  нысандардың  бірі  болып «Батыс Қазақстан-Қытай» жобасы саналады.

Каспий теңізінде табылған жаңа мұнай қорлары Қазақстанның мұнай әлеуетін ұлғайтты. Осыған орай, қытайлық сарапшылардың түйіндеуі бойынша бұл аймақтағы көмірсутегі алдағы онжылдықта Қытай ұлттық экономикасын дамытуын қамту үшін негізгі энергияның қайнар көзіне айналуы қажет. Қытай стратегиясының осы бағыттағы түпкі мақсаты – каспийлік шикізаттан өз үлесін алу.

Батыс Қазақстаннан Батыс Қытайға тартылған мұнай құбыры Қазақстан үшін де экономикалық зор маңызға ие. Себебі аталған мұнай құбыры: Қазақстанның экспорт әлеуетін ұлғайтуға негіз болады; Республиканың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпалын тигізіп, мемлекеттің батыс мұнай игеру аймақтарын Павлодар, Шымкент мұнай өңдейтін ірі зауыттармен байланыстыру қажеттілігін жүзеге асырады; мемлекет ішіндегі мұнайды бөлу мәселелерін шешуге әкеледі. Әрине, мұндай жағдайлар өз кезегінде мұнай құбырын құруда кездесетін белгілі тәуекелдердің пайызымен байланысты болары анық.

Ал Қытайдың энергетикалық стратегиясы – мемлекет дамуының, оның кешенді түрде жасалған жетілдірілуінің ондаған жылдарға есептелген ұзақ мерзімді бағдарламасының бір бөлігі. Қытайдың энергетика саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастығы өзіндік үлкен мәнге ие. Бүгінгі күні әлемнің саяси тұрақсыз аудандарының бірі болып табылатын Парсы Шығанағы елдерінің мұнайына ғана тәуелді болу, тез қарқынмен дамып келе жатқан, оның ішінде мұнайға, мұнай өнімдеріне деген тапшылық күн сайын өсе түскен Қытай үшін өте қауіпті. Сол себепті де бұл ынтымақтастық екі ел үшін де аса өзекті болып табылады. Егер де Алакөл, Жайсан өзендерінің маңындағы мұнай көздері ашылатын болса, Шығыс Қазақстаннан мұнай құбырларын тарту Қытай үшін тіпті тиімді болары сөзсіз. Бұл екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді деп үміттенеміз. Бүгінгі таңда жалпы екі елдің сауда айналымы 2013 жылы 28 млрд америкалық доллардан асты. Қытайдың Қазақстандағы инвестиция көлемі болса 26 млрд америкалық доллардан асуы, негізінен екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың нәтижесі [14].

Екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты негіздейтін болсақ, Қытай қарқынды дамуда энергия көзіне мұқтаж, Қазақстан экономикалық дамуы үшін энергетикалық шикізатын сыртқа шығаруға зәру. Геосаяси тұрғыдан бұл екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейте түседі. Әрине, Қытай үшін батыс аймағын дамыту стратегиясы да бұл ынтымақтастықта басты мәнге ие екендігін ескерген жөн. Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелеріне келетін болсақ, ең алдымен: екі ел арасындағы көлік тасымалдау байланысы қарқынды дамуға ие болғандығын; мұнай-газ құбырларының жобалары Қазақстанның сыртқа шығаруға арналған көмірсутегі өнімдерінің түрлері мен көлемін ұлғайтуға, қызмет көрсету аясын кеңейтуге мүмкіндік туғызғандығын; әрине, ынтымақтастық көп жағдайда Шыңжаңның да экономикалық және стратегиялық даму құрылымына сәйкес келгендігін; геосаяси тепе-теңдік алаңы ретінде қызмет көрсететіндігін де атап өтуге болады. Сонымен бірге екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастық жалпы Орталық Азиядағы аймақтық саяси экономикалық дамуға жағымды әсер етері анық.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Энергетическая политика КНР на современном этапе//http://www.dissercat.com/ content/energeticheskaya-politika-knrna-sovremennom-etape, 12 .03.
  2. Казахстан заинтересован в углублении партнерства с Китаем – выступление спикера Сената Парламента РК//http:// www.zakon.kz/kazakhstan/102489-kazakhstan-zainteresovan -v-uglublenii.html (24.01.2008).
  3. «Китайская колонизация» или равноправное сотрудничество?//exclusive.kz/politika/22888 (28.11. 2013).
  4. Fazal-ur-r Prospects of Pakistan becoming a trade and energy corridor for China // institute of strategic studies, islamabad. http://www.issi.org.pk/journal/2007_ files /no_2 /article/a3.htm ( 07.03.2011).
  5. Матвеев В. Газовая политика Китая в государствах Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. – № 5 (59) / 2008. – С. 91-103.
  6. Лифань Ли. Китай: энергетическая безопасность страны и сотрудничество с Россией, Казахстаном, Японией в сфере энергоресурсов // Центральная Азия и Кавказ. – Выпуск № 1 (49). – С. 128-141.
  7. Гуан Пан. Энергетическая политика Китая и обеспечение энергетической безопасности в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. – Выпуск № 6 (54) / 2007. – С. 98-108.
  8. Нигматуллин А. Казахстан-Китай: Ускоренные темпы сотрудничества // http://www.nomad.su/?a=3-201309110022(11.09.2013).
  9. Гуан Пан. Энергетическая политика Китая и обеспечение энергетической безопасности в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. – Выпуск № 6 (54)/ 2007. – С. 98-108.
  10. Матвеева Д.В. Энергетическая безопасность Китая в начале ХХІ в. // Вестник Томского государственного университета. – № 350. – С. 98-100.
  11. energy strategy of China//Посольство Китая в Индии//Url: www.chinaembassy.orin/eng/kj/P020080725517609227713. doc 07.03.2011.
  12. aPeC energy overview [electronic resource] asia Pacific energy research Centre. institute of energy economics. tokyo, Japan, 2010. 223 p. //Url: www.ieej.or.jp/aperc (07.03.2011).
  13. Бергер Я. Об энергетической стратегии Китая//Московский центр Карнеги//Url: http://www.opec.ru/arhiv.aspx?ob_ no=85913 03.2011.
  14. Сунь Вэйдун. Временный Поверенный в делах КНР в Казахстане, Краеугольный камень китайско-казахстанского сотрудничества, участник строительства энергетического Шелкового пути – CNPC в Казахстане // Экспрес К. – №186 (18025, 10.10.2014.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.