Саяси мәдениет

Мақалада Жапонияның сыртқы мəдени саясаты жөніндегі қызметті жүзеге асыратын негізгі мемлекеттік органдар қарастырылады, оның ішінде олардың басты бағыттары, жапон мəдениетін əлемге тарату жөніндегі бағдарламалары мен доктриналары талданады. Жапония өзінің сыртқы мəдени саясатын жапон тілін, дəстүрлі мəдениеті мен жапон ойлау ерекшеліктерін тарату арқылы жүргізетіні  айтылған
2012

Мақалада қазіргі кезеңге дейін жанкүйерлердің назарын өзіне аударып отырған жапон классикалық мəдениетінің қайталанбас үлгілері дүниеге келген кезең – VIII-XII ғасырлардағы Жапониядағы мəдениет дамуы қарастырылады. Жапондық мəдениет дамуына аристократтық топтардың қосқан үлесі мен мəніне ерекше көңіл бөлінеді.
2012

Мақалада Мысыр еліндегі Мүбарак билігінен кейінгі саяси дағдарыстың негізгі мәселелері қарастырылады. Мысырдың болашағы үшін күрес бір сәт те толастамады. Мүрсидің әрекеті – сот жүйесіне қарсы соққы беруі – жаңа Конституция бекітілгеннен кейінгі оның ойлаған ойын айқын көрсетті. Елдің болашағына қатысты мысырлық либералды және исламдық күштер арасындағы алауыздық арта түсті. Сонымен бірге мақалада 2013 жылғы шілде айының басында Мысырдағы әскери төңкерістің нәтижесінде қалай Мұхаммед Мүрсиді президенттіктен кетіргендігі туралы баяндалады. Мысырда Конституция күшінің тоқтатылғандығы жөнінде жарияланған болатын. Елді дағдарыстан алып шығу үшін «Жол картасы» шеңберінде құрылған арнайы комиссия жаңа Конс- титуцияның мәтінін әзірлеуді бастайды. Мысырда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жай- ында хабарланады. 2014 жылдың мамырында Мысырдағы президенттік сайлауда Абдель Фаттах ас-Сиси жеңіске жетті. Мысыр мәселелері айқын және зор өзгерістер күтілуде, сол ретте бүгінгі күні біздің аңғарғанымыз таяу жылдар жағымды өзгерістерге толы болар деген үміттер.
2014

Құқықтық сана дегеніміз қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева былай деп тұжырымдайды: «Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға, құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі» [1].
2015

Мақалада мəдени динамика үшін анағұрлым қажетті мəдени қарым-қатынас жасау формаларының бірі мəдениет сұхбаты туралы мəселе қарастырылды. Авторлар мəдениеттер сұхбатының деңгейлерін, түрлерін жəне типтерін, мəдениетаралық тілдесудегі коммуникативтік шиеленістердің себептерін қарастырды. Заманауи əлеуметтік мəдени жағдаятта адамның əлеуметтік мəдени жəне психологиялық аспектілерде бейімделуі оның қоғамға енуінің ажырамас бөлігі болып табылады жəне бейімделудің екі аспектісі де адамның интеграция стратегиясының артықшылығы мен табыстылығы туралы сеніміне байланысты деген мəселені тілге тиек еткен.
2015

Мақалада қазіргі оқушы жастардың саяси мəдениеті олардың азаматтық белсенділігінің маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырылған. Жастардың саяси мəдениетін оқытудың концептуалдық негіздері анықталды. Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушы жастардың саяси мəдениетін қалыптастыру үрдісінің құрылымы зерттелген. Сондықтан жастардың саяси мəдениетін қалыптастырудың қазіргі мəселелерін шешудің жаңашыл тəсілдері мен жастардың саяси əлеуметтенуінің білім беру процесіндегі мəні мен ролі талданған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.