Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесі

Сот бақылауының германдық үлгісі басқару органдарының қызметі саласындағы жекелеген әкімшілік істер бойынша туындайтын дауларды шешу үшін мамандандырылған соттардың құрылуымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда Германия Федеративтік Республикасында атқарушы билік және жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз әкімшілік әділет жүйесі құрылған.

Германдық сот төрелігі жүйесінде әкімшілік органдардың қызметіне бақылау жасау тәуелсіз соттар арқылы жүргізіледі. Бұл жүйенің құрылымының ерекшелігі Германия Федеративті Республикасының демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына байланысты. Федеративті мемлекет ретінде ГФР 16 түрлі жерден тұрады, олардың әрқайсысының өз парламенті және үкіметі бар. Сот төрелігі саласына қатысты федерацияда Федералды Конституциялық Сот және федералдық соттар қызмет атқарады, ал қалған сот билігін жерлердің соттары іске асырады [1, 123].

Германиядағы Жерлер сот төрелігін жүзеге асыруда және әкімшілік басқару істерін өз өкілеттіктері құзыретінде шешеді. Федерация және Жерлер арасындағы өкілеттіліктің бөлінісі Германия Негізгі заңының ережелері арқылы реттеледі.

ГФР-дегі әкімшілік әділет тәуелсіз, әкімшілік мекемелерден бөлінген соттармен іске асырылады. Құқықтық қорғауға мұқтаж азаматтар үшін үш соттық инстанция қызмет етеді: бірінші инстанция соты ретіндегі әкімшілік соттар, екінші инстанция соты ретіндегі жоғарғы әкімшілік соттар (әкімшілік сот палаталары) және үшінші инстанция соты – Федералды әкімшілік соты.

ГФР-дің әкімшілік жүйесі институтына әкімшілік соттар жүйесі кіреді. Оның құрамына Берлин қаласындағы Федералдық әкімшілік сот (bundesverwaltungsgericht), Жерлердің Жоғарғы әкімшілік соты (oberlandesverwaltungsgerichte) жәнеәкімшіліксоттаркіреді(verwaltungsgerichte). Әкімшілік соттар және жоғарғы әкімшілік соттар (әкімшілік сот палаталары), жоғарыда айтылып өткендей, жерлердің де соттары болып табылады, осыған орай, оларды құруды және қызметін жерлердің өзі жүзеге асырады. Соттардың құрылымына қатысты негізгі шешімдер; соттарды құру және жою, олардың мекенжайын өзгерту немесе сот округінің юрисдикциялық шеңберін анықтау жерлермен заңнамалық тәртіпте ресімделуі тиіс еді. Осы мақсатта жерлер, әкімшілік соттар туралы Заңға қосымша заңдар енгізуі қажет болды.

Судьялардың саны штаттық лауазымның болуына байланысты. Олардың санын және соттарға бөлінуін жерлердің парламенттері және федералды парламент мемлекеттік бюджет жоспары бойынша анықтайды. Ал құрылатын сот палаталарының және алқалардың санын жерлер өз қарастыруы бойынша айқындайды. Тұрақты судьялармен қатар, әкімшілік соттардың жұмысына тағылымдамадан өтуші судьялар  және тапсырма бойынша судьялар қатыса алады. Әкімшілік соттардың және жоғарғы әкімшілік соттардың (әкімшілік сот палаталарының) құрамына судьялар ретінде басқа да соттардың тұрақты судьялары және құқықтанушы профессорлар қосыла алады. Сонымен қатар сот билігінің функцияларын қоғамдық қызмет ретінде атқаратын кәсіби емес судьялар да бар. Арнайы сайлау комиссиясы қоғамдық судьяларды 4 жыл мерзіміне сайлайды [2, 39].

Әкімшілік (әкімшілік әділет соттары) соттар (verwaltungsgerichte) біртұтас сот жүйесіне кіреді, тек қана заңдарға бағынады, сот төрелігін жүзеге асыру барысында әкімшілік органдарынан және жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз. Герман заңнамасында ерекше соттар айқындалған, олар әкімшілік әділет соттары болып саналғанымен, аталған юрисдикциядағы тар салалардағы мәселелермен айналысады. Дегенмен доктрина бойынша олар сот жүйесінің дербес, тәуелсіз саласы болып саналады.

Мысалы, әлеуметтік даулар бойынша соттарда азаматтардың әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдері туралы істер, қаржылық соттарда салық жинау процесінде туындайтын даулар бойынша істер қарастырылады. Сот жүйесінің тиімді қызметі, оның ішінде әкімшілік соттардың қызметі тәжірибелі, білікті судьялар жұмысын қажет етеді. Германия судьяларының құқықтық мәртебесіне жоғарғы талаптар қойылады.

ГФР Конституциясына сәйкес, юстицияның негізгі бес саласы ерекшеленеді (жалпы, еңбек, әлеуметтік, қаржы және әкімшілік) [3, 183]. Оcыған байланысты, әрқайсысының жоғарғы сот органымен басқарылатын тиісті бес сот жүйесі бар. Жалпы соттар, әкімшілік юстиция және басқа да мамандандырылған соттардың құзыретіне кірмейтін барлық азаматтық және қылмыстық істерді қарастыра береді. Жалпы соттардың қызметі сот құрылымы туралы Заңмен реттеледі. Жоғарғы федералдық сот жалпы соттар жүйесін басқарады. Ол Карлсруэ қаласында орналасқан және сот төрағасынан, төрағалардан, сот мүшелерінен құралады.

Судьялар мәртебесі ГФР Негізгі заңымен реттеледі. Аталмыш заңның 101-бабына сәйкес, ешкімді де судья мәртебесінен әділет органдарының әкімшілік шаралары арқылы айыруға болмайды [3, 186]. Судьяның құзыретіне кіретін істерді қарастыру құқығынан да айыруға болмайды. ГФР әкімшілік соттарындағы судьялар мәртебесін анықтайтын арнайы заңдардың ішінен судьялар туралы Заң және әкімшілік соттар туралы заң ерекшеленеді. Әкімшілік юрисдикциядағы соттарда шешім қабылдауға қатысатын барлық судьялар екі үлкен топқа бөлінеді: судьялар және құрметті судьялар (қоғамдық судьялар).

Кәсіби судьялар да өз кезегінде бірнеше топтарға бөлінеді:

  • кәсіби судья;
  • сынақ мерзімінен өтуші судья;
  • судья міндетін орындауға тапсырыс берілген судья.

Әкімшілік соттар туралы Заңда судьялардың мәртебесін реттейтін қосымша нұсқамалар белгіленген. Атап айтқанда, жоғарыда келтірілген судьялардан басқа қызметті қоса атқаратын судьялар да бар.  Олардың  құқықтық  мәртебесі судья міндетін орындауға тапсырыс берілген судьялар мәртебесіне ұқсас болғанымен, олардың арасында бірқатар алшақтықтар да бар. Кәсіби судьялар үшін сот төрелігін жүзеге асыру негізгі қызмет болып табылады. Олар оқу барысында алынған қажетті білімдерді меңгеруі шарт. Германияда сот қызметін атқарғысы келген тұлғалардың білім алу үдерісін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

  1. Заңмен белгіленген мерзім ішінде, университеттің құқық факультеттерінде білім алу. Бұл кезең үшін заңнамамен белгіленген міндетті пәндер оқытылады және олардың құрамына азаматтық істер негізі, қылмыстық құқық, бұл пәндердің іс жүргізу бөлімдері, сонымен қатар бірқатар жалпы білім беру сипатындағы гуманитарлық пәндер оқытылады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірінші мемлекеттік емтихан тапсырылып, онда білім алған жылдардың нәтижесі бағаланады.
  2. Бірінші мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін, екі жылға созылатын дайындық курсын (тәжірибе) өту қажет. Дайындық қызметін үміткер, әкімшілік мекемелер, жалпы юрисдикциядағы соттар, қаржылық соттар, еңбек даулары бойынша соттар, әлеуметтік даулар бойынша соттар, прокуратура, нотариалдық кеңселер, кәсіподақтар, кәсіпкерлер бірлестіктері сияқты түрлі мемлекеттік органдарда атқара алады. Қарастырылған мерзім біткеннен кейін, мамандыққа тікелей бағытталған екінші емтихан тапсырылады. Қарастырылған мерзім аяқталғаннан кейін болашақ судья қызметіне тікелей қатысты екінші мемлекеттік емтихан тапсырылады. Осы емтиханды сәтті тапсырған тұлғалар судья қызметін атқаруға лайықты болып есептеледі.

Үміткер Судьялар туралы Заңның §9 сәйкес қойылатын кәсіби талаптарға лайық болуымен қатар, ГФР Негізгі заңының 116-бабында қарастырылғандай, неміс ұлтынан сайланады [3, 118]. Осы талаптардың барлығына сай келетін тұлғалар судьялық қызметке тағайындала алады. Қойылған талаптарға сай тұлғалар судья қызметтеріне тағайындала алады. өмірлік судья лауазымына тағайындалу үшін үміткердің заң мамандығы бойынша үш жылдық еңбек өтілімі болуы тиіс.

Аталған еңбек өтілі жоқ тұлға судья лауазымына сынақ мерзімі арқылы тағайындалады. Ол мерзім бес жылға созылады және мерзім аяқталғаннан кейін тұлғаға өмірлік судья лауазымы тағайындалады. Әкімшілік соттар туралы Заңда сонымен қатар қосымша қызмет атқаратын судья және тапсырыс бойынша қызмет атқаратын судья лауазымдарына тағайындау қарастырылған. Аталған санаттар арасындағы айырмашылық төмендегідей түрде белгіленеді:

  1. Қосымша қызмет атқаратын судья белгілі бір уақыт шеңберінде әкімшілік судья ретінде бірнеше соттарда қызмет атқара алады.
  2. Тапсырыс бойынша қызмет атқаратын судья әкімшілік сотта судья қызметін атқара жүріп, жоғары оқу орындарында құқық саласында оқытушы қызметін де атқара алады [4].

Барлық санаттардағы судьяларды тағайындауды уәкілетті органдар жүзеге асырады. Олар сонымен қатар судьяларды сот мекемелеріне бөліп отырады. Лауазымға тағайындалу барысында арнайы ант қабылданады. ГФР Федералды әкімшілік сотына судьяларды Федералды президент тағайындайды. Ол мәселе федералды әділет министрлігі және судьяларды сайлау бойынша   комиссия   (richterwahlausschuesse)   арасындағы саяси келісім арқылы жүзеге асырылады. Комиссия құрамына жерлер министрлері және Бундестаг өкілдері кіреді.

Сайлау тәртібі 1950 жылдың 25 тамызындағы судьяларды сайлау туралы арнайы Заңмен реттелген. Комиссия құрамы Бундестагтағы күштер арақатынасына байланысты бекітіледі. Дегенмен комиссия құрамын бекіту саяси келісімдер арқылы жүзеге асырылады.

Жерлерде қызмет атқару тәртібі жерлердің заңнамалары арқылы бекітіледі және ол заңнамалар шенеуніктер туралы Федералды заңның негіздеріне сәйкес келеді. Заңның 72, 73-баптарына сәйкес, жерлерде судьялар кеңесі құрылған, олар судьялардың жалпы және әлеуметтік мәселелерімен айналысады. Кеңес Президиумы лауазымға тағайындалатын судьялардың жеке және кәсіби қасиеттері туралы пікірлерін дәйектейтін жазбаша кепілдеме береді [5, 121].

Судья  қызметінен  алу  тәртібі  заңға  сәйкес, тұлғаның ГФР азаматы деген мәртебесінен айырылуына, әскери қызметке шақырылуына немесе әскери мекемелермен шарт жасасуына, басқа қызметке ауысуына байланысты жүргізіледі. Сонымен қатар заңмен белгіленген жас өлшемінен асу, мемлекеттік қызметті басқару саласындағы мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз ұзақ мерзім бойынша шетелде тұру, ант беруден бас тарту, өз еркімен қызметтен кету туралы арыз жазуы барысында да судья қызметінен алынады. Сынақ мерзіміне алынған судьялар және тапсырыс бойынша қызмет атқаратын судьялар үшін қызметтен алынудың ерекше жағдайлары қарастырылған. Атап айтқанда, сынақ мерзімінде қызмет атқаратын судья алты ай, он екі ай, он сегіз ай, жиырма төртінші ай мерзімдері өткен уақытта ғана лауазымынан алынады [6, 14].

Судья және мемлекет арасындағы еңбек қатынастары сот үкімі бойынша тоқтатылады. Үкім бойынша, отанына опасыздық жасады деген айып тағылған кезде немесе басқа да мемлекеттік қылмыс жасаған кезде бір жылдан бастап бас бостандығынан айыру көзделген.

Әкімшілік әділет жүйесінің соттары басқару билігінен тәуелсіз. Әкімшілік әділет  тәуелсіздігі екі деңгейде жүзеге асырылады: біріншіден, әкімшілік соттар деңгейінде. Екіншіден, әкімшілік әділет соттарының тәуелсіздігі бірқатар кепілдіктер арқылы айқындалады.

Судьялар туралы заңның 25-бабының ережесі негізгі ереже болып табылады. Ол бойынша, судья тәуелсіз және өз қызметінде тек қана заңға бағынады. Судья қызметінен ауыстыру және шеттету тек заңды күшіне енген сот үкімі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Судьялардың екінші тобы кәсіби емес немесе қоғамдық судьяларға келетін болсақ, кәсіби емес судьялардың сот процесіне қатысу мақсаты, азаматтардың сот төрелігін атқару мәселесіне қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, мемлекеттегі демократиялық үрдістер айқындалады. Заң бойынша кәсіби емес судьялар, кәсіби судьялармен тең құқықта ауызша талқылау барысында, шешім қабылдау кезеңіне қатыса алады. Кәсіби емесе судья болуға үміткер ГФР Негізгі заңына сәйкес неміс ұлтынан болуы, 30 жасқа толуы, тиісті сот округінде тұруы қажет. Кәсіби емес судья қызметіне, сот шешімі бойынша жария лауазымдарға тағайындалуға тыйым салынған тұлғалар және бір жарым жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылған тұлғалар тағайындала алмайды [5, 125].

Әкімшілік соттар туралы Заңның 3-тармағының 21-бабына сәйкес, жерлердің заң шығарушы органдарына сайлану құқығы жоқ тұлғалар құрметті судьялар қызметін атқара алмайды. Осы бап ережелеріне сәйкес, банкрот ретінде танылған тұлғалар да тағайындалуға жатпайды. Сонымен қатар кәсіби емес судьялар ретінде қызмет атқара алмайтын тұлғалардың төмендегідей санаттары да бекітілген:

  • Бундестаг, Еуропалық парламент, жерлердің заң шығарушы органдарының депутаты болса және федералды немесе жерлер үкіметінің құрамына кірсе;
  • кәсіби судья лауазымын атқарса;
  • кәсіби мемлекеттік қызметкер болса;
  • мерзімді әскери қызметте немесе шарт бойынша әскери қызметте болса;
  • адвокат немесе нотариус болса. Әкімшілік соттар туралы Заңның 23-тармағына сәйкес, аталған міндеттерден төмендегідей тұлғалар бас тарта алады:
  • діни қызметкерлер;
  • басқа соттардың кәсіби емес судьялары;
  • сегіз жыл мерзім ішінде қоғамдық (кәсіби емес) судьялар қызметін атқарған тұлғалар;
  • дәрігерлер, санитарлар, акушерлер;
  • 65 жасқа жеткен тұлғалар [4].

Әкімшілік соттар туралы Заңның 24-тармағына сәйкес, тұлға төмендегідей жағдайларда құрметті судья лауазымынан босатылады:

  • лауазымды міндеттерін бұзған жағдайда;
  • лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті тұлғалық қасиеттері болмаған жағдайда;

5) қарастырылған сот округі шеңберінен тыс жерге қоныс аударса [4].

Қоғамдық судьяларды сайлау қажетті қойылатын талаптарға сай келетін тұлғалар тізімі негізінде жүргізіледі. Сайлау процесі шартты түрде екі кезеңде жүргізіледі. Бастапқы кезеңде әрбір төрт жыл сайын сот округтерінде құрастырылатын жалпы тізімдер сот округіне кіретін тиісті қауымдардың өкілетті органдарында бекітіледі. Екінші кезеңде қоғамдық судьяларды сайлау бойынша арнайы комиссия берілген тізім ішінен лайықты тұлғаларды іріктеп алып, оларды талқылаудан өткізеді [6, 15].

Қоғамдық судьяларды тиісті органдарға бөлуді әкімшілік соттың президиумы жүргізеді. Қоғамдық судьялар өз қызметтерін ақысыз негізде атқарады. Әрбір әкімшілік сотта құрметті судьяларды сайлау бойынша комиссия құрылады.

Комиссия құрамына комиссия төрағасы болып табылатын әкімшілік сот президенті, жерлер үкіметінің өкілі және жеті сенім білдірілген тұлға кіреді. Сенім білдірелген тұлғалар сот округі тұрғындары ішінен немесе ландтаг комиссиясы ішінен немесе жергілікті заңға сәйкес сайланады.

Әкімшілік соттың Президиумы жыл басында құрметті судьяларды шақыру тәртібін белгілейді. Әрбір палата үшін тізім құрылады, ол тізімнің құрамында он екі тұлғадан тұратын үміткерлер белгіленеді. Қажет болған жағдайда шақырылатын құрметті судьялардың қосымша тізімі де құрылады. Әкімшілік әділет соттарының арнайы соттарындағы сот құрамын қалыптастыру тәртібі жалпы соттармен ұқсас келеді. Ерекшеліктері тек қана әлеуметтік істер бойынша бірінші сатыдағы соттарда шешімді бір кәсіби судья және екі құрметті судья құрамындағы палата шешсе, әлеуметтік істер бойынша соттарда үш кәсіби судья және екі құрметті судья құрамындағы сенат шешеді [7, 31].

Федералдық әлеуметтік соттың үлкен сенатында шешімді он екі кәсіби судья және алты құрметті судья қабылдайды. Федералды қаржы соттарының сенатында және үлкен сенатында шешімдерді тек кәсіби судьялар ғана қабылдайды.

Тұжырымдай келе, германдық  әкімшілік сот жүйесі өзіндік ерекшелігі бар жүйе екенін байқаймыз. әкімшілік судьялардың құқықтық мәртебесі заңмен толық қарастырылып, олар тәуелсіз, жоғары кәсіби мамандар ретінде елдің құқықтық жүйесін бекітуге, сот төрелігін әділ атқаруға, заңды шешімдер шығаруға бағытталған тұлғалар екендігі айқындалады.

Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі соттар құрамы және олардың өзара байланысы сот құрылымының құқығы негізгі әділет құқықтарымен, әсіресе заңды судья құқығына тығыз байланысты. Әкімшілік юрисдикция соттарының қызметі, азаматтар арасындағы және азаматтар мен атқарушы билік органдары мен оның лауазымды тұлғалары түріндегі мемлекет арасындағы қатынастарының маңыздылығына, бір ретке келтірілуіне әсер етеді.

 

 

 

Әдебиет

 

  1. Балабиев Қ.Р. Қазақстан Республикасының әкімшілік-іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері. 00.02 – конституциялық құқық; әкімшілік құқық; муниципалдық құқық; қаржы құқығы бойынша заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2010. – 206 б.
  2. Кривельская О.В. Правовое положение судей административных судов Германии // Юрист-международник. Всероссийский журнал международного права. – М.: Современная экономика и право, – № 3. – С. 39-46.
  3. Конституции государств Европейского союза: сборник / под ред. Л.А. Окунькова. – М.: Издательская группа ИНФРАМ-НОРМА, – 804 с.
  4. Закон об административном суде Германии//http://zakon.kz/Document/?doc_id=30021425.
  5. Николаева Л.А., Соловьева А.К. Административная юстиция и административное судопроизводство: зарубежный опыт и российские традиции: сборник. – СПб.: Издательство Р. Асланова «Юридический центр Пресс», – 332 c.
  6. Ершов В.В., Петухов Н.А. Судебные системы стран континентальной Европы на примере Германии и Франции // Российское правосудие. – 2004. – № 4 (96). – С. 5-15.
  7. Райтемайер, К. Полномочия административных судов Германии в вопросах контроля за содержательным наполнением неопределенных правовых условий и использованием усмотрения администрации // Проблемы административной юстиции: материалы семинара. – М.: Статут, 2002. – 239 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.