Статьи, год 2016

Мақалада оқушылардың білім сапасын арттыру мəселесінің зерттелу деңгейі мен теориялық негіздері қарастырылды. Сонымен қатар білім сапасының деңгейлері мен өзіндік көріністері ашылады. Қарастырылып отырған мақала тақырыбының өзектілігі соңғы уақыттағы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруға ерекше көңілдің бөлінуіне байланысты. Автор білім сапасы, білім сапасын арттыру, білім сапасының деңгейлері түсініктерінің мазмұнын жан-жақты зерттеген. Білім сапасы қазіргі уақытта жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы білім мазмұнын кеңейтуге жəне тереңдетуге жол сілтейді. Оқушылардың білім сапасын арттыру мəселесі бойынша зерттеудің теориялық негіздеріне жəне деңгейлеріне тұжырымдар жасалған.
2016

Мақалада көру бұзылысы бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер аясында оқытуға арналған интерактивті электронды бағдарламаға шолу берілген. Бағдарлама мектепке дейінгі нашар көретін балалардың көру арқылы қабылдауын қалыптастыруға бағытталған. Электронды бағдарламаның құрылымы баяндалған, негізгі элементтері сипатталған. Электронды бағдарлама инновациялық технологияны қолдану негізінде құрастырылған, мектепке дейінгі жастағы көру бұзылысы бар балаларды оқыту сапасы өскені туралы толыққанды айтуға болады. Жəне авторлар мектепке дейінгі жастағы көру бұзылысы бар балалардың көру арқылы қабылдауын қалыптастырудың тəжірибелік эксперимент жұмысының қорытындысын келтірген.
2016

 Мақалада жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің қалыптасу жолы қарастырылған. Əдебиетті оқыту əдістемесін қалыптастырушы тұлғалардың еңбектері зерделеніп, олардың əдебиетті оқыту саласындығы рөлі, оқу құралдарының функционалдық қыры анықталған. Сонымен қатар жоғарғы мектепте əдебиетті оқыту əдістемесінің бүгінгі жай-күйі зерделенген. Білім беру саласындағы оқытудың жаңа тенденциялары əдебиетті жоғары мектепте оқытудың əдіснамалық негізін қайта саралау қажеттігін тудырып отыр. Белгілі бір ғылым саласының қалыптасу жолын саралау арқылы оның даму деңгейі мен бүгінгі дəрежесін байқауға болады. Сол арқылы осы саладағы зерттеудің жаңа бағыттарын айқындауға болады.
2016

Мақалада адам қалыптасуының əр түрлі кезеңдері қарастырылған. Сондай-ақ мұнда отбасындағы тəрбие ерекше мəнге ие. Мəселен, мектепке дейнгі жаста баланың барлық талаптарын (материалды, рухани, танымдық) қанағаттандырады, кіші мектеп жасында материалды, эмоциялық, коммуникативті талаптар алдынғы қатарға шығады. Ал есею шағында отбасы əсері əлсірейді, алайда, авторлардын ойынша, өзін-өзі тану, жеке тұлға болып қалыптасуында, əлеуметтік, кəсіби тұрғыда өз орнын табуға көмектеседі.
2016

Мақалада қазіргі қоғам дамыған елдерінің жоғарғы оқу орындары қоятын талаптарды қанағаттандыратын студенттерді кəсіби біліктілікке машықтандыру үшін оқытуда тапсырмалар түрлері мен оның балл көрсеткішіне сəйкес топтастырылуы нəтижесінде білімді бағалау мəселелері қарастырылған. Білім сапасының сипаттамасы толықтық, тереңдік, шапшаңдық, бірізділік, нақтылық, жалпыламалық, орамдылық, тармақталғандық, жүйелілік, түсініктілік жəне тиімділік тұрғысынан зерттелген. Студенттердің білімін бағалау үшін білімнің тереңдігі, дағды жəне икемділік ұғымдарының алатын орны, дағды мен икемділік ұғымдарын ажырата білу маңыздылығы жайлы айтылған.  
2016

Мақалада балаларда кездесетін ауытқулардың бірі - ерте жастағы балалар аутизмі қарастырылды. Ерте жастағы балалар аутизмінде балада айналадағы қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсуде қиындықтар туындайды. Авторлар аутист-балалардың өзінің құрдастары жəне ересек адамдармен қарым-қатынасқа түсуін жақсарту мақсатында жүргізген эксперимент жұмысының кезеңдерін сипаттайды. Экспериментте кешенді түзете-оқыту əдістерін түрлендіріп қолданған. Балалар аутизмінде кешенді түзете-оқыту əдістерін жəне заманауи технологияларды қолдану баланың жалпы дамуына, құрдастарымен қарым-қатынасына жəне баланың одан əрі дамуына қолайлы əсер ететіндігін эксперимент нəтижесі көрсетті.
2016

Мақалада «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруының жолдары қарастырылған. Заманауи педагогиканың маңызды міндеттерінің бірі — жастарды жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тəрбиелеу, жеке тұлғаның қалыптасуында өзін- өзі оқыту, өзін-өзі жетілдіру арқылы руханилыққа жетелеу. Кəсіби білікті мамандар дайындау - үшінші мыңжылдықта орта білім мектебінің білім жүйесінің басты мақсаты. Ұлттық білім беру жүйесі өскелең ұрпақтың дамуына, балалар мен жастарда адамгершілік сенімдерінің, мейірімділік, əдемілік, адамгершілік сынды жалпы адами кұндылықтар мен адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны дамытуға бағытталған.
2016

 Мақалада отбасы тəрбиесі мен қоғамда қиын баланың болу себептері мен жүргізілетін жұмыс түрлері мазмұндалған. Қиын балаларды тəрбиелеу мəселесімен айналысқан қазақстандық белгілі ғалымдардың əлеуметтік-психологиялық жəне педагогикалық əдебиеттерге жасалған түрлі талдаулары баяндалған. Қиын балаларды тəрбиелеудегі ұстанымдар қатары, тəртібі қиын балаларға арналған мекемелер мен оқу орындарында жұмыс істейтін тəрбиешілердің арнайы білімдерінің міндеті жайында айтылған. Сонымен қатар тəрбиеленуі қиын оқушыларға тəн ерекшеліктерінің топтары берілген.
2016

Мақалада қылмыстылықпен күрестегі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел-тергеу топтары қызметінің кейбір ұйымдастырушылық аспектілері қарастырылды. Жедел-тергеу топтарының ішіндегі криминалды полиция аппараттарының жедел қызметкерлері мен тергеу бөліністерінің тергеушілерінің, сондай-ақ басқа да қатыстырылған қызметкерлердің өзара іс-қимыл жасасу сұрақтары зерделенді. Сонымен қатар жеткілікті ғылыми-теориялық жəне практикалық тұрғыда жедел-тергеу топтарының ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымдарының түрлері зерттеліп, соның нəтижесінде олардың неғұрлым тиімдісін анықтауға талпыныс жасалған.
2016

Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың тиімді өзара əрекеттестігіне əсер ететін келесі жағдайлары себеп: құқық қорғау органдарының оң немесе теріс беделі (құқық қорғау органдарының қызметіне деген халықтың сенімінің деңгейі); қылмыстылықпен күресу барысындағы заңдылық, ашықтық, жариялылық пен сөз бостандығы принциптерін сақтай отырып, құқық қорғау органдарының қызметін жаңғырту; халықтың идеологиялық-құқықтық, рухани-адамгершілік мəдениетін жоғарылату, мемлекеттің ақпараттық қылмыстық саясатын тиімді ұйымдастыру; қылмыстар туралы ақпараттардың толықтығы, шынайылығы, объективтігі жəне жеделдігі, құқықтық жəне шығармашылық аналитиканың жоғарғы деңгейін қалыптастыруға тəуелді болады. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары құқық қорғау органдары мен халық арасындағы кері байланыстың маңызды арнасы болып табылады.
2016

Мақалада Қазақстан мемлекетінің əрекет етуші типологиясы тұрғысынан жəне олардың шеңберінде айқындалатын мемлекеттің негізгі типтері жүйесінде дамудың өтпелі кезеңіндегі мемлекет ретінде сипатталады, ол кеңестік социалистік мемлекеттен əлеуметтік құқықтық мемлекетке эволюциялық өту үрдісінен көрініс табады. Қазақстанға да қатысты мемлекеттің өтпелі типінің анықталған белгілері: елдің əлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы сипаты; жеке меншіктің əлеуметтік тағайындалуы, қоғамның мүддесін қамтамасыз етуге бағытталғандығы. Сондай-ақ автор қоғам тарапынан мемлекет əрекетін əр түрлі нысандарда бақылауға негізделген əлеуметтік серіктестік бастаулары; ақпараттық-технологиялық дамудың жоғары қарқыны; экономикалық, əлеуметтік, саяси, мəдени, идеологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеу шараларын күшейтуді қарастырады.
2016

Мақала қылмыстық құқық бұзушылықтардағы сыбайлас қатысу институтының теоретикалық жаңалықтарын шолуға арналған. 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі көп жағынан 1997 жылғы Қылмыстық Заңның нормаларын сақтап қалды (сыбайлас қатысу түсінігі, сыбайлас қатысушылардың түрлері, олардың жауаптылығының негіздері жəне шектері). Қазақстанның қолданыстағы қылмыстық заңнамасының негізгі жаңа енгізулері: қылмыстық құқық бұзушылықта сыбайлас қатысу нысаналарын (адамдар тобы, алдын ала келісім бойынша адамдар тобы) жəне сыбайлас қатысудың ұйымдасқан нысаналарын (қылмыстық топ) ажырату. Авторлармен қылмыстық топ түрлерінің заңнамалық анықтамалары талданған, олардың қылмыстық-құқықтық жəне криминологиялық ерекшеліктері анықталған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.