Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан мемлекетінің типі: мазмұны жəне негізгі белгілері

Заманауи қазақстандық мемлекет қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты, елде саяси билікті іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Тəуелсіздік алу кезеңінде, жүйелі реформаларды жүзеге асыру барысында табиғаты, мəні мен атқаратын қызметі маңызды өзгерістерге ұшыраған Қазақстан мемлекетінің өзі реформалау объектісіне айналды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы құқық көмегімен реттеушілік ықпал ету мүмкіндігін пайдалана отырып, реформа жүргізуші басты субъект ретінде көрінді.

Мемлекеттің социалистік типі кезіндегі пролетариат диктатурасының тəртібіне тəн дəстүрден арыла келе, заманауи Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін, əсіресе 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдағаннан кейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, демократиялық мемлекетке айналды. Көрсетілген трансформация нəтижесінде қазіргі уақытта қалыптасып келе жатқан заманауи мемлекет типі жаңа мазмұнымен жəне типологиялық ерекшеліктерімен сипатталады.

Қазақстанға қатысты өтпелі қоғам, өтпелі мемлекет пен құқық теориясының заманауи көзқарастары тұрғысынан жаңа саяси-құқықтық жəне əлеуметтік парадигма ретінде постсоциалистік қоғам (посткоммунизм) тұжырымдамасы қарастырылады. Көптеген шетелдік авторлардың көзқарасы бойынша, постсоциализм (посткоммунизм) — «өткен мен келешектің қоспасы» (дамудың либералдық стратегиясы), ал екінші жағынан алғанда, «құқықтық, демократиялық мемлекет құру жолындағы қажетті қадам» [1; 3]. Постсоциалистік мемлекет жағдайында өзара байланысты жəне өзара негізделген екі үрдіс қатар өтуі керек: 1) нарықтық экономиканың қалыптасуы жəне 2) демократиялық құқықтық жəне саяси институттардың қалыптасуы. Н.Н.Арзамаскинге сүйенсек,«құқықтық мемлекетсіз болған нарықтық экономика — өтпелі посткоммунистік мемлекеттіліктің ең нашар моделі» [1; 5].

1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы өзінің алғашқы Конституциясын ұзаққа созылған саяси талқылаудан кейін қабылдады. Өтпелі кезеңнің Конституциясы əр түрлі саяси топтардың қиыспас мүддесінің тұрғысынан шығуға тырысқандықтан, қоғамдық қатынастарды реттеу барысында толық анықталған бағытты айқындай алмады. Дегенмен де, оның мемлекеттің тəуелсіздігінің қалыптасуына тигізген жағымды жағын ескермеуге болмайды. Осындай жағымды тұстарының бірі — билік бөлуге қатысты. «Қазақстанның Ата Заңында билікті бөлу қағидасын кезекті сынақтан өткізу үшін емес, мемлекетті нығайту үшін, Қазақстанның көп ұлтты халқының мүдделеріне сай тиянақты да салиқалы шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыру үшін өмір тəжірибесіне енгіздік. Мемлекет шын мəніндегі билікті бөлу тұжырымдамасына тұңғыш рет қадам басып, оның жөнін Негізгі Заңда бекітті, — деп жазады М.Т.Баймаханов [2].

Жалпы осы оймен келісе отыра, келесі мəліметтерді ескеру керек. Заманауи Қазақстан мемлекетін өтпелі типтегі мемлекет ретінде сипаттау үрдісті дұрыс бағалайды, бірақ соған қарамастан, жеткіліксіз болып табылады, өйткені ол бағыттың соңғы нүктесін жəне көрсетілген ауысымның мақсатын анықтауға мүмкіндік бермейді. Себебі «өтпелі типтегі» мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тəуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мəдениетті көтеру мақсатын көздейтін блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді. Мəселені осылай қойған жағдайда мемлекет типінің əрі қарай дамуы қандай баламалы жолдар ұсынады, мемлекеттің қандай типіне келеміз, мемлекеттің социалистік типінен ауысу үрдісінде қандай мемлекет типі құрылады деген заңды сұрақ туындайды.

Қалыптасып жатқан экономикалық қарым-қатынас жүйесінің ерекшеліктерін, саяси жүйе генезисінің жағдайларын жəне жария билік сипатының ерекшеліктерін ескере келе, қойылған сұраққа жауап, біздің ойымызша, былай болады: қоғам мен мемлекеттің дамуының заманауи кезеңінде социалистік мемлекеттің жəне оның əрбір азаматының оларға қарама-қарсы болып табылатын шындыққа — капитализмге, азаматтық қоғамға жəне либералды демократиялық əлеуметтік- капиталистік мемлекеттің дамыған нысандарына ауысуы байқалады. Сонымен қатар социалистік мемлекеттен ауысу өткен күндердің дəстүрлі капиталистік мемлекеті бағытына қарай емес, заманауи əлеуметтік капиталистік мемлекетке қарай жүзеге асып жатқанын айта кету керек, оның даму деңгейі жоғары болған жағдайда капиталистік жəне кейбір социалистік элементтердің халыққа жағымды конвергенциясы пайда болады [3].

Əлеуметтік капитализм туралы тезис қоғамдық даму сипаты мен бағыттарын түсінудегі вакуумды толтырады, мемлекетті модернизациялау мақсаттарындағы түсініксіздіктің, белгісіздіктің көзін жояды. Заманауи жағдайда қалыптасып жатқан əлеуметтік-капиталистік мемлекет типі үшін, оның табиғаты мен мазмұны үшін келесі сапалық типологиялық ерекшеліктер тəн:

1) барлық қоғам мүшелерінің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жеке меншіктің əлеуметтік тағайындалуы;

2) мемлекеттің қызметін қоғам тарапынан бақылаудың əр түрлі нысандары негізделген əлеуметтік серіктестік.Бұл тек еңбек қатынастары саласында ғана əрекет етпейді, сонымен қатар мемлекет пен корпорацияның қызметін азаматтық бақылау жəне əлеуметтік серіктестіктің жаңа нысандары мен механизмдерін дамыту мен пайдалануды көздейтін заманауи мемлекеттің инновациялық дамуының сапалы жаңа кезеңі болып табылады;

3) мемлекеттің нақты əлеуметтік сипаты (заманауи мемлекеттің əлеуметтік қызметінің мəні табысты бөлу саласында əлеуметтік əділетті жəне экономикалық жағынан тиімді саясат жүргізу болып саналады, сол сияқты тəуелсіз жəне əлеуметтік бағытталған экономикалық курсты тарату, халыққа əлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, азаматтың еркін дамуы мен өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін жағдай жасау жатады;

4) заманауи əлеуметтік капиталистік мемлекет қоғамдағы əлеуметтік-саяси төреші ролімен сипатталады, ол əр түрлі əлеуметтік топтардың арақатынасын, еңбек пен капиталдың қатынасын өз заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілері арқылы ретке келтіреді;

5) заманауи əлеуметтік-капиталистік мемлекет — экономикалық, əлеуметтік, саяси, мəдени жəне идеологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеу шараларын күшейтуші мемлекет;

6) əлеуметтік капитализм мемлекеті көптеген аспектілер бойынша технократиялық жəне технологиялық мемлекет болып табылады.

Заманауи қазақстандық мемлекет типіндегі капиталистік жəне кейбір социалистік элементтердің конвергенциясының ерекшелігіне қарай қоғамның мемлекеттік-құқықтық дамуының өтпелі жағдайының ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттің құрылымында жаңашылдық элементтері мен сабақтастық (үздіксіз) элементтері үйлесетіндігін айта кету керек.

Заң əдебиетінде осы мəселе бойынша əлеуметтік терістеу, əлеуметтік сабақтастық пен жаңа мемлекеттік институттар құру өтпелі кезеңде бір мезгілде жүретін жəне өзара байланысты үрдіс болып табылатындығы туралы айтылады [4]. Заманауи мемлекетке қатысты сабақтастық мемлекеттің біртұтастығынан, басқарудың республикалық нысанын сақтаудан, мемлекеттің əлеуметтік сипатын сақтаудан көрінеді. Құқықтық сабақтастықтың белгісі Қазақстанда роман-германдық құқықтық жүйе əрекет етеді. Роман-германдық құқықтық жүйеге жататындығын дəлелдейтін факторлар ретінде құқықтың кодификациялық сипатын, құқық нормасының құрылымын, заң жоғарылығы қағидасын жəне тиісінше құқықтың қайнар көздерінің сатылығын, сот ұйымдастыру мен сот өндірісінің негізгі қағидаларын атауға болады. Дегенмен, батыстық ойшылдар қазақстандық құқық əдістемесі мен инфрақұрылымы бойынша роман-германдық құқық отбасы белгілеріне сəйкес келеді, бірақ құқық идеологиясы мен құқықтық мəдениеті бойынша ақаулық бар деп санайды.

«Мемлекеттік-құқықтық демократиялық идеологиясыз, өнегелілік идеясы мен адамгершілік құндылық жүйесінсіз, мейірім мен əділеттіліксіз Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мүмкін емес» [5]. Осыған байланысты, заманауи мемлекеттің құқықтық шындығын көрсететін жəне бағалайтын заңдық идеялар, ғылыми теориялар мен көзқарастар жиынтығы ретіндегі құқықтық идеологияның негізін құқықтық мемлекет тұжырымдамасы құрау керек, ол демократия, адамның құқығын қорғау, адамгершілікті жəне əділ құқықтық тəртіп туралы жалпы адамзаттық та, ұлттық та көзқарастарға сəйкес болу қажет. Заманауи Қазақстанның басты міндеті — мемлекеттіліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің маңызды бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету жəне толыққанды азаматтық қоғамды дамыту. Мемлекет бүгінде ең бастысы мазмұнын жаңаша толықтыру жолдарын іздеуші, модернизацияланатын жүйе, қатал емес, бірақ соған қарамастан, кең көлемді даму мақсаттарын алға тартады. Атап айтсақ, құқықтық, əлеуметтік жəне демократиялық мемлекет құру. Заманауи қазақстандық қоғамның мемлекеттік-құқықтық дамуындағы үзілісті айта кететін болсақ, кеңестік социалистік мемлекет пен құқыққа тəн жеке меншікке тыйым салу, бір партиялық жүйе, жария биліктің таптық сипаты, міндетті мемлекеттік идеология жəне т.б. институттардың заманауи қазақстандық мемлекетке өтпегендігін, Қазақстанның оларды өзіне алмағанын айтуға болады.

Мемлекеттік-құқықтық дамудағы сабақтастық дəстүрін жəне кеңестік қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік саланы əлеуметтендіру іс-тəжірибесін ескере келе, заманауи Қазақстан өз алдына əлеуметтік мемлекет құру мақсатын қойды. Əлеуметтік мемлекет дегенді «əр түрлі нысандарда, əр түрлі əлеуметтік-экономикалық жағдайларда жəне əр түрлі тарихи кезеңдерде болатын жеке жəне қоғамдық мүдде арасындағы тепе-теңдікті, үйлесімдікті іске асыруды қамтамасыз ететін жəне ішкі (азаматтардың құқықтық санасы) жəне сыртқы (саяси нысандар) екі кезеңнің өзара байланысы барысында көрінетін билік жүйесін құру моделі» деп түсіндіруге болады [6].

Б.Н.Топорнин əлеуметтік мемлекеттілік қағидасын ұлттық табысты жалпы қоғам мүддесі үшін, соның ішінде əлеуметтік аз қорғалғандар пайдасына қайта бөлу ретінде анықтайды [7]. Қазақстан заманауи қоғамның барлық мүшелерінің əлеуметтік мүдделерінің өкілі болуға, азаматтардың кепілдендірілген əлеуметтік құқықтарына бағытталған, əлеуметтік саясатты барынша қамтамасыз етуге тырысуда. Оның куəсі ретінде əр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды атауға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты — білім берудің бəсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту болып табылады. ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты — еліміздің орнықты əлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту ретінде анықталды.

Біздің жағдайымызда əлеуметтік типтегі мемлекетті қалыптастыру шарттарының бірі болып əрбір азаматты күн көріс минимумымен қамтамасыз ету жауапкершілігі саналады, ол азаматтарға əлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік кепілдіктерді бекіту барысында есепке алынады. Аталған жауапкершілік белгілі бір деңгейден қарағанда екіншілік сипатта тұрады, бірінші кезекте əлеуметтік мемлекет азаматтарға еңбек жолындағы өздерінің қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік беруі керек, сол сияқты азаматтардың еңбегін қорғауды қамтамасыз ету қажет. Өз кезегінде азаматты күн көріс минимумымен қамтамасыз етудегі мемлекеттің жауапкершілігі, егер жұмыс істеуші азамат өзін əлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ете алмаса ғана күшіне енеді. Аталған қажеттіліктермен қамтамасыз етудегі құралдардың бірі болып еңбекақының кепілдендірілген төменгі мөлшерін бекіту саналады. Аталған мөлшер көптеген факторларға байланысты болады, ең бастысы дамудың белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық мүмкіндігіне байланысты жəне сонымен қатар ол көптеген жағдайда қойылған мақсатқа жету үшін бекітілген мөлшерге сай келмейтінін айта кету керек.

Əлеуметтік сипаттағы мемлекет типін қалыптастырудағы құрамдас бөліктерге əлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің үнемі дамып отыруы жатады, оған əлеуметтік қолдау көрсету, əлеуметтік- тұрмыстық, əлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, əлеуметтік-құқықтық жəне басқа да қызметтер мен материалдық көмек көрсету, сол сияқты өмір сүру жағдайында қиындық туындаған азаматтарға əлеуметтік бейімделу мен реабилитация жүргізу, сол сияқты мемлекеттік зейнетақы, қосымша жəрдем ақы жəне əлеуметтік қолдау мен қорғаудың басқа да кепілдіктерімен қамтамасыз ету жатады.

Соңғы уақыттарда біздің елімізде дамудың стратегиялық жолы ретінде қазақстандық мемлекетті модернизациялау көрсетіледі. Модернизациялау заң əдебиетінде бір мəнде түсіндірілмейді. Мемлекеттілікті реформалау үрдісі үшін модернизация түсінігін А.В.Венгеров əлеуметтік құқықтық мемлекетке ұмтылумен, адам бостандықтары мен құқықтарын қалыптастыру жəне қамтамасыз етумен, рухани өміріндегі шұғыл өзгерістермен — жеке тұлғаның гүлденуі, шығармашылық, дербес жекелік, кəсіпкерлікпен сипатталады деп есептейді (əлеуметтік арқа сүйеушілік пен теңестірушіліктің орнына) [8].

Ғалым-экономист Е.Ясиннің көзқарасы бойынша, жеке ынтаға, қоғамның билікті бақылауына, заңның жоғарылығына, биліктің бөлінуіне негізделген қоғамды «төменнен» модернизациялау моделі мемлекетке жəне биліктің экономика мен қоғамды бақылауына үміт артылған, билік шоғырланған жəне заңнан тыс күштеу болуы мүмкін «жоғарыдан» модернизациялау моделіне қарағанда айтарлықтай тиімді болады жəне модернизация мақсаты — постиндустриалды кезеңде қоғамның, халықтың жəне мемлекеттің əл-ауқатының жақсаруы жолындағы ашықтық пен бəсекеге қабілеттілікке қол жеткізу тез іске асады [9].

Мемлекетті модернизациялауды келесі негізгі бағыттар бойынша іске асыру қажет тəрізді: қоғамның маңызды қызметтерін іске асыру барысындағы мемлекеттің ролін белсенділендіру, əлемдік қоғамдастықта оның егемендігін қамтамасыз ету жəне жаһандану жағдайында құрылымын қайта құру, құқықтық негізін жетілдіру.

Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз «Алдымен экономика — cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың əрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дəйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бəсекеге қабілетті етуге болады. Қоғам əрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді. Біз ел Конституциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие», — деп көрсетілген [10].

Заманауи дамыған өркениетті қоғамдар мəселенің тиімді шешімі — демократиялық құқықтық мемлекет құру жолы деп шешті. Мемлекет өркениетті қоғамда құқықтық, тиімді жəне қуатты болады, өйткені оның атқаратын қызметі, мемлекеттік саясат пен басқару құқық пен заң билігі аймағына енеді. Сонымен қатар қуатты мемлекет туралы заманауи көзқарас екі негізгі бастаумен ұштасуы керек — мемлекеттегі құқықтық тəртіп пен жеке тұлғаның мемлекетпен қорғалуы. Біздің жағдайымызда қоғам мен мемлекет арасында өзара қалыптасқан қарым-қатынас сараптамасы мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Қазақстан көп жағдайда азаматтық қоғамға емес, мемлекетке бағытталған елдердің қатарына жатады. Қоғам айтарлықтай дəрежеде дербес жəне тəуелсіз емес, осының нəтижесінде күшті мемлекеттің қажеттігі туралы сенім ол үшін айтарлықтай тиімді.

Демократиялық мемлекет — мемлекетті алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын жəне Парламент сайлауға, өкiлеттi мерзiмi бiткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билiгi бар республикалық құрылымдағы мемлекет ретiнде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшiлiк қазақстандықтардың еркiн шынайы анықтауға жəне мүддесiн барынша жүйелi қорғауға қажеттi мүмкiндiктер бередi. Демократиялық мемлекет əлеуметтiк жəне ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесiн бiлдiруiне, оның есепке алынуына да мүмкiндiктер бередi, мемлекеттiк қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар берiледi. Демократиялық мемлекет қызметiнiң түбегейлi қағидаларының бiрi қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық болып табылады.

Құқықтық мемлекет — бұл тəуелсіз мемлекет, өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың жəне елді мекендейтін аз ұлттардың тəуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, теңдікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтқысыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекет тəуелсіздіктің маңызды көрсеткіші ретіндегі құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін құқық негізінде, тек өзінің тəуелсіздігі, азаматтарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Жеке адамның əрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса, оның бостандығын тежейді.

Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде танытатын белгі — оның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметi құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты жəне сəйкес iс- əрекет жасайтындығынан көрінеді. Құқықтың негiзгi қағидалары: азаматтар үшін — «Заңда тыйым салынбағанның бəрiне рұқсат етiледi», мемлекеттiк органдар мен лауазым иелерi үшін — «Заңда нақты не көрсетiлсе, соған ғана рұқсат». Барлық заң жүйесiн жақсартып, əдiлеттiктi жоғары дəрежеге көтеру жəне азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейiне жеткiзу — Қазақстан мемлекетiнiң бүгінгі таңдағы негiзгi мiндетi. Құқықтық мемлекетте заң бiр əлеуметтiк топтың емес, халықтың шынайы еркiн бiлдiредi. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдiк етедi. Барша адамдар ең жоғары дəрежедегi лауазым иелерiнен қатардағы азаматтарға дейiн заңдардың бүкiл халықтың мүддесi, игiлiгi үшiн жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тəртiптi орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсiп-өнуге, өзi қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерiн еркiн сезiнуге, қоғам iсiне қатысуға жағдай туғызуы керек екенiн түсiнуi қажет.

Демократиялық жолмен дамушы қоғам оның жан-жақты объективті қажеттіліктері мемлекеттің басты назарында болғанын қалайды, бұл мемлекеттің жалпы əлеуметтік функцияларын кеңейтуге ықпал етеді. Қазіргі мемлекеттердің дамуының жаңа заңдылығының бастауы ретінде оның қоғам өміріндегі ролінің арта түскенін айта кеткен жөн. Аталған заңдылық толық түрде ХХ ғ. екінші жартысында көріне бастады. Мемлекет өзінің ұйымдастырушылық жəне бағыттаушылық əрекетін қоғам өмірінің экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени аймақтарына жаңадан құрылған мекемелер мен органдар арқылы тарата бастады.

Тəжірибе көрсеткендей, қазіргі кезеңде көптеген себептерге байланысты мемлекет экономикаға «келді», сол арқылы экономикалық өмірді тұрақтандыру орын алды, бұл əлемнің көптеген елдеріндегі экономикалық дағдарыстан шығудың жолы тəріздес. Қазақстан Республикасының экономикалық қызметтеріне баға беру барысында, мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болу керектігіне басты назар аударылады. Оның міндеті — нарық ережелерін белгілеу, бұл ретте əділ əрі байыпты іс-қимыл жасай отырып, ережелердің орындалуын қамтамасыз ету. Егер ережелер айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтары нарықтық экономикаға тез бейімделер еді. Дамыған нарықтарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол еркі мен қайратынан айрылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік тумауға тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте күшті құзыретті əлемдік жəне отандық нарықтарды білетін, босаң жəне шашыраңқы болмау үшін өз жұмысын белсенді жоспарлайтын ұйым болуға тиіс. Мемлекет халықтың əр түрлі топтарының мүдделерін анықтауға, даму басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз ынтымақтастықта болуға жəне сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктендіре түсуге тиіс.

Біздің елде «Қазақстан–2050» бағдарламасы мемлекеттің даму бағытын анықтайтын стратегиялық құжат болып отыр. Айқын бағдарламаның арқасында дəлелді де икемді жəне тиімді белгілі мерзімге арналған мақсат пен міндетті қоюға мүмкіндік туады. Қазақстан жолының жаңа кезеңі — экономиканы нығайтудың, халықтың əл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу өмірлік маңызды нəрсе. Мемлекет қызметінде табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Ал, мұндай қолдау адамдар істің оңалуға беталысы мен əділеттілікке көзі жеткен жағдайда ғана көрсетілетіндігі де мəлім.

Заманауи Қазақстанның зайырлық сипаты. Заманауи Қазақстан дінді мемлекеттен бөлуді, олардың қызметтерінің салаларына шек қоюды конституциялық деңгейде анықтаған зайырлы мемлекет.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет жəне дiни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабына сəйкес: «Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Діни бірлестіктер жəне Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді» [11]. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы қызметi, сондай-ақ шетелдiк дiни орталықтардың Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттiк органдарымен келiсу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстанда қоғамдағы жасампаздық пен келісім жағдайын жəне тұрақтылықты қамтамасыз ететін этностар мен діндердің өзара əрекеттесуінің тұрақты моделі қалыптасты. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері еліміздегі дінаралық қатынас саласында мемлекеттік сарабдал саясат жүргізіліп келеді. Қазақстан халқы көптеген этностар мен ондаған діни конфессиялардан тұрады. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналған. Түрлі наным, сенімді ұстанатын Қазақстан халқының келісімі мен ынтымақтастығы, оның саяси тұрақтылығының нығаюына, экономика мен əлеуметтік жағдайдың кемелденуіне бастайтын жағдайлар. 2009 жылғы жалпыұлттық Қазақстан мемлекетінің типі: мазмұны жəне негізгі белгілері санағының нəтижесіне сəйкес, халықтың 70,2 %-ы өздерін мұсылмандармыз, 26 %-ы — христиандармыз, 0,03 %-ы — иудеилерміз, 0,1 %-ы — буддистерміз, 0,2 %-ы басқа діндерді ұстанушылармыз деп атады. Соның ішінде ешқандай дінді ұстанбаймыз деп 2,8 %-ы жауап берсе, 0,5 %-ы жауап беруден бастартты.

Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдары:

  1. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепіл береді. Конституция діни, этникалық жəне басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заңы діни бірлестіктердің еркін іс-əрекет жасауы үшін барлық құқықтық негіз қалады.
  2. Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең жəне қолайлы жағдай жасайды. Бұл тəуелсіздік кезеңінде діни бірлестіктер санының артуына мүмкіндік берді. 20 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 2011 жылдың 1 қаңтарында 4479 жетіп, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40-тан асып кетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді.
  3. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде дінаралық диалогты атауға болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық жəне дінаралық диалогтың теңдессіз институты құрылды. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істері комитеті азаматтардың сенім бостандығына құқығын қамтамасыз ету, əр түрлі сенімді ұстанушылардың діни бірлестіктері арасындағы өзара түсінушілік пен төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара əрекеттесуі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы орган. 2000 жылдан бастап Үкімет жанында консультациялық-кеңестік орган — Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмысын атқаруда. Мемлекеттік органдармен ұдайы негізде конфессияаралық келісімді нығайту мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық- насихаттау жұмысы атқарылады. Дін саласындағы жүйелі ғылыми зерттеулерді жүргізу, мониторинг пен талдау жасау мақсатында 2007 ж. дін мəселелері жөніндегі Ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығы ашылды. Осылайша Қазақстанда уақыт тезінен өткен этносаралық жəне дінаралық келісім моделі қалыптасты.

Жаһандану жəне халықаралық байланыстың ары қарайғы дамуы жағдайында ғаламдық геосаяси тенденциялар, сондай-ақ көрші аймақтардағы, əсіресе ТМД, Орталық Азия жəне Таяу Шығыстағы оқиғалар Қазақстанның ахуалына (жағдайына) əсерін тигізетіндігі айқын болды. Кейбір көрші елдерде əлеуметтік-экономикалық қиындықтар туындап жатқанын ескере отырып, дінаралық қатынастар саласындағы саясатты құру кезінде аталған факторға көңіл аударып, экстремистер мен лаңкестердің елімізге енуіне жол бермейтіндей шаралар мемлекет пен қоғам тарапынан үнемі жүргізіліп отыруы керек.

Ғылыми-техникалық революцияның, əлемдік интеграция үрдісінің жəне бүкілəлемдік нарықтың қалыптаса бастауына байланысты мемлекеттерде жаңа заңдылық — əр түрлі мемлекеттердің жақындасуы, олардың өзара əрекеттестіктің нəтижесінде толысуы байқалады. Кезінде батыстық мемлекеттер социалистік мемлекеттерден белгілі бір дəрежеде жоспарлауды, əрекетінің əлеуметтік бағытталғандығын қабылдап алды. Қазір Қазақстан батыстық мемлекеттерден билікті бөлісуді, парламенттік мəдениетті, құқықтық мемлекет құруды үйренуде. Осы заңдылық ықпалымен конфронтация, идеологиялық соғыс, сенімсіздік жəне күмəнмен қарау артта қалуда. Қазақстандық мемлекеттің əлеуметтік, демократиялық жəне құқықтық сипаты — қазіргі жағдайда қалыптасып жатқан заманауи Қазақстанның негізгі белгілерінің бірі болып табылады.

Қорыта келгенде, мемлекет типологиясының əрекеттегі концепциялары мен олардың шегінде ерекшеленген мемлекеттің негізгі типтерінің жүйесін есепке ала отыра, заманауи қазақстандық мемлекетті кеңестік социалистік мемлекеттен дамыған əлеуметтік құқықтық мемлекетке эволюциялық ауысу үрдісіндегі мемлекет ретінде сипаттауға болады. Заманауи мемлекеттің негізгі сипаттарына мыналар жатады: 1) үздіктік (дискреттілік) жəне үздіксіздік (сабақтастық, континуалдық); 2) демократизм; 3) басым түрде құқықтық, 4) əлеуметтік; 5) зайырлы сипатының болуы тəн.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Арзамаскин H.H. Переходное общество: понятие и общая характеристика // Государственная власть и местное само- управление. — 2006. — № 7. — C. 3–5.
  2.  Баймаханов М.Т. Проблема этатизма. — Алматы: Жеті жарғы, 2001. — С.
  3. Чиркин В.Е. Элементы сравнительного государствоведения. — М.: Изд-во ИГиП РАН, 1994. — С.
  4. Марченко М.Н. Проблемы теории государства и права: учебник. — М.: Велби Проспект, — С. 157.
  5. Кубеев Е.К., Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасы Конституциясы: теориялық-құқықтық талдау. — Алматы: Білім, 2008. — 75-б.
  6. Евстратов А.Э. Генезис идеи социального государства: историко-теоретические проблемы: автореф. дис. ... канд. юрид. наук. — Омск, 2005. — С. 6–8.
  7. Топорнин В.А. Сильное государство — объективная потребность времени // Вопросы философии. — 2001. — № 7. —С. 18.
  8. Венгеров A.B. Теория государства и права: учебник для юрид. вузов. — 3-е изд., испр. и доп. — М.: Омега-Л,— С. 239.
  9. Ясин Е. Государство и экономика на этапе модернизации // Вопросы экономики. — — № 4. — С.25.
  10. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан–2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: kz
  11. «Дiни қызмет жəне дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IVЗаңы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz — 3-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.