Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыстар туралы ақпараттарды жариялау мəселелері

Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде дамып, азаматтық қоғам институттары одан əрі нығайып келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жəне рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық- зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді», — деп көрсетілген.

Елбасының əрбір халыққа жолдауы мен баяндамалары мемлекеттік дамудың тұрақтылығының негізі болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық тəртіп пен заңдылықты күшейту іс-шараларымен негізделген [1]. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə.Назарбаев 14.12.2012 ж. «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтық қоғам дамуда, тəуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасап келеді. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай бұқаралық ақпарат құралдары (əрі қарай — БАҚ) бар, оның 90 %-ы — жеке иелікте. Сонымен бірге бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мəдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тəртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы — қоғамдық тəртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам. Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тəртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек. Классиканы оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер», — деп атап өтті. Аталған құжаттарда қылмыстық саясаттың барлық бағыттарының демократизацияланып, тиісінше ондағы ақпараттардың ашықтығы мен тұнықтығын қамтамасыз етуге бағытталғандығын анық көруге болады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің жыл сайынғы қылмыстар туралы статистикасы айғақ бола алады. Айталық, қылмыстылық саны 2005 ж. — 146 347 болса, 2006 ж. — 141 271, 2007 ж. — 128 064, 2008 ж. — 127 478, 2009 ж. — 121 667, 2010 ж. — 131 896, 2011 ж. — 206 801, 2012 ж. — 287 681. Бұл уақытқа дейін қылмыстылық деңгейінің жоғарғы шегі тəуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни 1993 жылға, келеді деп есептелетін, ол жылы қылмыстардың саны 206 006 дейін жеткен болатын. Бірақ Қазақстан Республикасында 2011–2012 жж. тіркелген қылмыстар саны 1993 ж. тіркелген қылмыстардан да асып түсті.

 Қылмыстылық көрсеткішінің артуы Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің тіркеу тəртібін күшейту жөніндегі қабылдаған іс- шараларымен, 2012 ж. ТМД елдерінде ұқсасы жоқ қылмыстардың барлық түрлерін қабылдау, тіркеу, есепке алудың бірыңғай айқын жүйесін енгізумен тікелей байланысты.

Осыған орай, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы есепке алу-тіркеу саласында қылмыстардың латенттілігімен күресуге бағытталған көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл көбіне қылмыстарды жасыруға емес, сандық (цифрлық) көрсеткіштердің сапалық қасиетке ие болуына, яғни қылмыстармен күресуге жұмылдырылған органдардың қызметін «қылмыстарды ашу» көрсеткішіне емес, криминогенді жағдайды ашық көрсетуге, тиісінше қылмыстардың шынайы шеңберімен нақты күресуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстардың оң нəтижелері де жоқ емес, мысалы, 2012 ж. Алматы қаласында тіркелген қылмыстардың саны екі есеге артқан [2].

Ведомство басшысы С.Айтпаеваның хабарлауынша, жылдың өткен кезеңінде тіркелген қылмыстардың деңгейі 52,5 % (137 789-дан 210 133-ке), оның ішінде ауыр қылмыстар 10,5 % (20 419- дан 22 561-ге) өскен, дегенмен аса ауыр қылмыстар саны 10 % (1 069-дан 953-ке) төмендеген.

Қылмыстылық қай қоғамда болмасын мемлекеттердің өркениетке ұмтылу жолындағы экономикалық-əлеуметтік, саяси, адамгершілік-мəдени процестердің дамуына теріс əсер ететін құбылыс болып отыр. Белгілі криминолог А.И.Долгованың пайымдауынша, «ұйымдасқан қылмыстылық пен терроризмге бой алдыруда олардың қызметінен гөрі, оларды насихаттайтын БАҚ материалдарының əсері жоғары болып отыр» [3]. Бұл үрдіс «информогенді катастрофа» деп аталып жүр. Егер əр түрлі техногенді апаттар ашық түрде көзге көрінетін болса, БАҚ арқылы «улану», мəдениеттің құнсыздануы көзге көрінбей əрі ақырын-ақырын жүзеге асады екен [4].

БАҚ-та таратылатын ақпараттарда қылмыстардың жасалу тəсілі, құрылып берілген жоспардай уақыты, жері, күдіктілердің түр-сипаты, жəбірленушілер туралы ақпараттар, құқық қорғау органдарының əлеуеті туралы мəліметтер толып жүр. БАҚ арқылы криминалды ақпараттарға халықтың түгелдей дерлік топтары азды-көпті қатыстырылған. Ақпараттардың көптігі жағдайында біз қылмыскердің жаңа тұлғасын алудамыз, оның портреті шамамен мынадай — белсенді, ақпаратпен қаруланған, өзіндік жауапты шешімдер қабылдай алатын, көбіне тұрақты жұмыспен қамтылмаған, есірткіге немесе ішкілікке бейім адам. Аталғандардың барлығы Үкіметке, құқық қорғау органдарының қызметіне белгілі бір деңгейде жаңаша тəсілдермен түзетулер енгізуді, алдын алу шараларын кешенді жүргізуді алға тартады.

Қазіргі уақытта БАҚ криминалды ақпараттарды құнды жаңалықтарға айналдырып, өздерінің негізгі өнімі етіп отыр. БАҚ құрылымдары елді елең еткізу мақсатында жаңалықтарда қылмыстар туралы елдегі қылмыстылықтың шынайы жағдайымен сай келе бермейтін түсінік қалыптастырады. Яғни, БАҚ өзінің ақпараттарды беру тəсілін өзгертуіне қарай, қылмыстар туралы ақпараттарды əр түрлі етіп жеткізеді. Оны қазіргі қазақстандық БАҚ-тардан да көріп жүрміз, яғни кейбір БАҚ фактіні қылмыс деп көрсетсе, екіншісі оны кездейсоқ табиғи жағдай деп көрсетеді.

Қатыгездік пен жалаңаштықты қоғам қанша қажет етсе, БАҚ сонша деңгейде көрсетуге қашанда даяр. Сондықтан қоғам олардан бас тартқан немесе бас тартуға мəжбүр еткен жағдайда ғана бұл процесс тоқтауы немесе азаюы мүмкін.

БАҚ арқылы таратылатын материалдардың сапалы жақтарын ескере отырып, сонымен қатар арнайы сараптама көрсеткеніндей, қазіргі қазақстандық қоғамда батыстың ықпалы жоғары. Өйткені қазақстандық БАҚ-тың 80 %-ын Ресей Федерациясының БАҚ құрайды, ал олар өз кезегінде Батыс Еуропадан көшірілген «еліктеушілік» немесе «табыс көзі» ретіндегі рухани-адамгершіліктен жұрдай, сапасыз материалдар таратады. Бұл материалдардың мазмұны көп ізденбейтін, жалқау, білімі таяз, сауатсыз адамдар аудиториясына арналған, қоғамның ар-ождансыз төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған [5]. Теріс салдары ретінде классикалық үздік туындыларды терең тебіреніспен оқуды бұрышқа тықпалап, оларды жеңіл-желпі (5–6 беттік) ұсақ-түйектерге айналдырып, жаппай сауатсыздыққа итермелеп, адамдардың тəні, адамгершілік қасиеттері құнсыздандырылып, келеңсіз, орынсыз қылжақбастыққа тəрбиелеуде (жастар проституциясы, гомосексуализм, балалар порнографиясы, педофилия, жалаңаштану, қатыгез ойындар, реалити- шоулар жəне т.б.). Сондықтан идеологиялық бағытта аталған материалдарға шығармашылық «сүзгі» қойылып, білім беру ісіндегі тəрбиені күшейтіп, рухани, моральдік жəне адамгершілік салада БАҚ сапасын арттыру қажет.

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық ойды қалыптастыратын ең маңызды құрал. Егер БАҚ-тағы ақпараттарды ойланбастан, жауапсыздықпен «жалған журналисттер» тарататын болса, «төртінші билік» болып саналатын бұл құрал қоғамда дүрбелең тудырып, өте қауіпті күшке айналады.

Бағдарламалар мен жарияланымдардың мазмұнына қоғамдық бақылауды оңтайландыру мен күшейту мақсатында (құрамында тəжірибелі заңгерлер, құқық қорғау органдарының ардагерлері, ғалымдар, журналистер, филологтар, жазушылар, саясаттанушылар, мəдениеттанушылар, дінтанушылар, тарихшылар, əлеуметтанушылар, қоғамдық бірлестіктер, партиялар өкілдері мен психологтар қызмет ететін) БАҚ бойынша республикалық қоғамдық кеңестің құрамында құқықтық тəрбие мен құқықтық насихат бөлімін ашу қажет. Қоғамдық кеңес таратылатын ақпараттарды құқықтық, мəдени-шығармашылық, рухани-адамгершілік тұрғыдағы «сүзгіден» өткізіп, құқық бұзушылықтар анықталғанда құқықтық-ғылыми қорытындыларын тиісті құзырлы органдарға сараптамалық материалдар ретінде жолдауға өкілеттілігі, сондай-ақ қызметінің бір бағыты ретінде республикалық заң саласындағы газеттердің бас редакторларын тағайындау өкілеттігі заңдастырылуы тиіс. Прессалардың ішкі, өзіндік кеңестерінің қызметін жандандыру қажет.

Қоғамды мəдени «сауықтандыру» кезек күттірмейтін мəселе болып отыр. Өйткені мəдениет антикриминогенді фактор болып табылады.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасындағы біртұтас ақпараттық кеңістікті дамыту, қылмыстылықтың алдын алу барысындағы қылмыстылықпен байланысты ақпараттардың тұнықтығын, ашықтығын жəне толықтығын қамтамасыз ету, бұл үдеріске қалың бұқараны қатыстыру арқылы қоғамдық бақылауды күшейту, қылмыстарды жасауға ыңғайсыз жағдайлар жасау, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіндегі өзара үйлесімділікті қамтамасыз етудің сапалық қасиеттерін арттыруға байланысты нақты ғылыми ұсыныстар енгізу елімізде құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету мен заңдылықтың сақталуына тиімді əсер етері хақ.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. ҚР Президенті — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. — — 15 желт. — 1–3-б.
  2. Бурдин В. Камера видит, камера знает... // Время. — 2013. — 5 янв. — С.
  3. Долгова А.И. Реагирование на преступность: концепции, закон, практика. — М.: Российская криминологическая ассоциация, 2002. — С.
  4. Преступность среди социальных подсистем. Новая концепция и отрасли криминологии / Под ред. д-ра юрид.наук, проф. Д.А.Шестакова. — СПб.: Юридический центр «Пресс», 2003. — С.
  5. Кудрявцев В.Н. Борьба мотивов в преступном поведении. — М.: Норма, — С. 123.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.