Жеке тұлға

Мақалада С. Қожахметов жəне оның педагогикалық мұраларындағы дидактиканың дамуының жолдары көрсетілген. Оның еңбегіндегі «Жалпы педагогика жəне педагогика», «Оқыту технологиясы жəне оқыту үдерісінің субъектілері», «Педагогика тарихы» бағыттары бойынша еңбектері қарастырылған. С. Қожахметовтің педагогикалық білім беруді дамытудағы қосқан үлесіне талдау жасалынған.
2012

Қазіргі күрделі əрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны  ерекше. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға бағдарлануы мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары сапалы өзгерістерге ұшырады. Адамның əлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарға бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен күресуі жəне адамның мінез-құлқы мен тұлғаның əлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады.
2011

Этнопсихологиядағы тұлғаның этностық бірдейлік мəселесі кеңес уақытынан кейінгі кезде кеңес өкіметінің құлауымен, тəуелсіз жəне өркениетті мемлекеттердің пайда болуымен, этносаралық шиеленістердің өсуімен байланысты ерекше өзекті тақырыпқа ие болды, ал қазіргі уақытта ол өзіне сай əлеуметтік мəртебе алып, қоғамның дамуына, бірігуіне септігін тигізетін ұлттық идеяларды іздеу барысында көрініп отыр. Қазіргі заманғы шетел, отандық əсіресе қазақ этнопсихологиясында тұлғаның этностық бірдейлігінің мəселесі, оны анықтайтын факторларды талдау этнопсихологиядағы теориялық жəне эмпирикалық зерттеулердің басты пəндерінің бірі болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда тұлғаның этностық бірдейлігінің даму ерекшеліктерін зерттеу барысы теориялық жəне практикалық аспектілерде өзекті болып отыр.
2011

Қарым-қатынас мəселесін Б.Д. Парыгин, И.С.  Кон,  А.А.  Леонтьев,  Б.Ф.  Прошнев,   Г.М. Андреева, В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина, М.С. Каган, Г.А. Балл, В.Н. Брановицски, А.М. Довгиалло, Б.Ф. Ломов, М.И.  Лисина,  К.  Обуховский,  К.А. Абульханова-Славская, Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева, С. Елеусізова т.б. ғалымдар қарастырған. А.Н. Леонтьев [1] іс-əрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-əрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н. Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-əрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, біздің зерттеуіміздің əдіснамалық негізі болды.
2011

Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.
2011

Қазақстан қоғамының барлық салаларындағы прогрессивтік əлеуметтік өзгерістер басқа да факторлармен қатар, модернизация ұғымымен байланысты. Модернизация Қазақстанды социумды басқарудың командалық-əкімшілік əдістерінен барлық өркениетті елдерде қолданылып отырған индустриалдыинновациялық əдістерге бағыттау мақсатын көздейтін түбегейлі саяси, экономикалық, əлеуметтік  жəне мəдени өзгерістер жүргізумен байланысты. Жаңарудың басты ерекшелігі – мемлекеттің ұлттық мүддесіне негізделген өзіндік стратегиясы мен тактикасының болуы. Қазіргі тұлғаға қоғам тарапынан ұлттық мақсаттарға сапалық жағынан сай келетін қабілеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру секілді үлкен міндет жүктелген. Тұлғаның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның жаңа өркениетті сатыға көтерілуі өз кезегінде тұлғада жалпыадамзаттық, гуманистік үлгілерге сəйкес сапалық қасиеттердің қалыптасуын əкеледі.Тұлғаның дамуындағы басты тенденция оның əлеуметтік құбылыстардың объектісінен субъектісіне айналуы. Қоғамның инновациялық мүмкіншіліктерін ескере отырып, тұлғаны дамытуда ұлттық құндылықтардың да рөлін атап өту керек.Мақалада бірқатар əлеуметтанушылардың көзқарастары мен теориялары талданған.
2013

Аталған мақалада тұлғаның эмоционалдық аймағының мәселелері қарастырылған. Мақалада тұлғаның эмоционалдық аймағының аспектілері, эмоция құрылымы, сонымен қатар тұлғаның эмоционалдық күйін диагностикалау әдістері қарастыру көзделген. Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеудің аса өзектілігі атап көрсетілген. Эмоцияның әлеуметтік табиғатын талдау психология үшін болашақта нақты дәлелдемелерді қажет ететін тың тақырыптардың бірі. Эмоцияның әлеуметтік табиғаты оның әлеуметтік дүниемен, басқа адамдармен қарым-қатынасы арқылы ашылады.Эмоция – адамның ішкі жан-дүниесінің маңызды бөлшегі және тұлғаның эмоционалдық аймағына назар аудару интеллект, денсаулық, дене күшімен басқа да тұлғалық ресурстарын дамытуға көңіл бөлінуден кем болмау керек. Эмоционалдық аймақты дамыту – аса маңызды міндет, әрқайсымыз үшін аса өзекті, бірақ бұны дамыту бағыты тұлға типіне байланысты әр түрлі болып келетіндігі көрсетіледі. Эмоционалдық аймақта адамдар арасында ерекше ашық жеке айырмашылықтар байқалады. Бұл мақалада эмоцияның шетелдік әлеуметтік-психологиялық зерттеулері қарастырылған. Теориялық және эмпирикалық зерттеулерге сүйене отырып, адамның эмоционалдық күйін зерттеудің негізгі мәселелері көрсетілген. Өзкезегіндекөптегенәлеуметтік-психологиялықфеноменніңэмоционалдықкомпонентібар. Сезімдіэмоцияның саналы қобалжуы және эмоционалдық реттеуі ретінде негізгі компонентіне жатқызады. Зерттеушілер эмоцияны тұлғалық күй ретінде ажыратады. Қобалжу негізіндегі эмоциялар эмоционалдық эпизодтар деп аталады. Эмоцияны зерттемей әлеуметтік-психологиялық зерттеулер толық болмайтындығы туралы айтылған. Психологияменәлеуметтікпсихологиядағыэмоционалдықаймақтызерттеудіңнегізгібағыттарықарастырылған. Эмоционалдық құбылыстарды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда зерттеудің түйіндік мәселелері талданған. Эмоциямен сезімнің әртүрлігі тұлғалық қасиеттермен, тұлға бағыттылығымен, мотивтерімен, талпыныстарымен, жеке психикалық қасиеттерімен анықталады. Тұлғаның эмоционалдық дамуы психологиядағы өзекті және аз зерттелген мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта тұлғаның эмоционалдық аймағын дамытудың тұтас тұжырымдамасы жоқ деген тұжырым айтылған. Психологияда қобалжу, үрей, ұялшақтық, стресс тұлғаның эмоционалдық әлемін сипаттайтын негізгі категория ретінде қарастырылады. Эмоционалдық аймақтың өзгеруі физикалық және психикалық күйге байланысты. Тұлғаның эмоционалдық дамуы аймағын зерттеуде шешілмеген сұрақтар да көп деген пікір айтылған. Ғалымдар тұлға қалыптасуында эмоционалдық дамудың аса маңыздылығын атап көрсетуде. Оның заңдылықтарын ашу адам дамуының тұтас механизмін көрсетеді, себебі сезімнің адамның ішкі дүниесінің маңызды жақтарын ашады деген ой түйінделген. Мақала психологиядағы тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеуге арналған. Тұлғаны адам ретінде түсінудің қажеттілігі ұсынылады. Адамның эмоционалдық күйіне психологиялық сипаттама берілген. Эмоцияны реттеу әдістерімен психологиялық механизмі ашылған.
2014

Бұл мақалада негізгі гендрлік психологияның даму тарихы мен гендрлік айырмашылық, гендрлік сәйкестілік ұғымдары теориялық тұрғыдан талданған. Сонымен қатар, эмоционалды интеллект категориясы кеңінен талданып, ұғымның даму тарихы мен эмоционалды интеллект аймағындағы негізгі гендрлік айрмашылықтар қарастырылған. Эмоционалды интеллект, жалпы эмоционалдылық тұрғысынан гендрлік айырмашылықтар талданып, эксперименттік зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес әйелдерде эмоционалды интеллект тікелей қарым-қатынасқа тәуелді болса, ерлерде эмоционалды-еріктік өзін-өзі реттеуге тәуелді екендігі анықталды.
2015

Адам құқықтары қоғам мен әлемде орын алып отырған барлық маңызды құбылыстар мен оқиғаларды «өлшеуге» мүмкіндік беретін әмбебаптық құндылық [1, 234-б.]. Тұлға – құқықтың бастапқы субъектісі, сондықтан да оның құқықтары мен мүдделерінен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің басым болуына жол беруге болмайды [2, 7-б.]. Адам құқықтары жеке тұлғалардың экономикалық, саяси және әлеуметтік қызметімен қатар жүреді.
2009

Бұл мақалада студенттік ұжымдағы жеке тұлғааралық қатынастың өзара коммуникативті іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы толықтай қарастырылады. Демек, іс-әрекет адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуының ба- сты бағыты бола отырып, жеке адами қасиеттерінің жоғарғы оқу орнында оқу барысында анықталуы өзіндік өмірінің қалыптасуына студенттік ұжымның рөлі маңызды екендігі айқын белгіленген. Сонымен қатар, психо- логия саласының атақты ғалымдарының еңбектеріне көптеген талдаулар мен анықтамалар жасалған. Студенттік ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру деп оқытушының студенттік ұжымға оның мазмұны мен құрылымына әсер ету мақсатында арнайы педагогикалық жағдайларды жасауы және қарым-қатынасқа белсенді әсерін түсіру болып табылады. Ал, «Тұлғааралық қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы басынан өткізгендердің субъективті өзара байланысы, мінез – кұлқындағы объективті көрінетін және бірлескен іс-әрекет үдерісі барысында және қарым-қатынаста адамдардың бір – біріне өзара ықпал ету тәсілі». Яғни, студенттік ұжымдағы жеке тұлғааралық қарым-қатынас маңызды және мәнді.
2014

 Қылмыскердің жеке тұлғасы дегеніміз - қылмыскерді бүтіндей алғанда тұлға деп сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстар мен қатынастардың жиынтығы болып табылады. Оған айыпталушының әлеуметтік байланысы (саяси, тұрмыстық, еңбек,т.б.) саяси-құлықтылық қасиеттері, психологиялық құрылысы мен ерекшелігі, демографиялық және тұлғасының белгілері, өмірлік жолы мен тәжірибесі, қоғам алдындағы кінәсі жатады. Криминалистік оқулықтарда айыпталушының жеке тұлғасын алдын-ала тергеуді зерттеу мәселесінде айыпталушының жеке тұлғасын зерттеу екі бағытта жүзеге асырылатындығы туралы айтылған.
2010

XX ғасырдың басындағы сұрапыл жəне ұлт пен мемлекет үшін шешуші кезеңде көптеген зиялы азаматтар арасында Тұрар Рысқұлов та тарих сахнасына шықты. Қазақстанның қазіргі оңтүстік облыстарының аумақтары кіретін Түркістан өлкесінде Кеңес үкіметін орнатуға, Түркістан АССР-нің мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан қалыптасуына, өңірдің саяси-əлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысқан, кейіннен Түркістан Республикасында түркі тілдес халықтарының ортақ мемлекеттілігін, олардың саяси дербес болуы үшін көп еңбек еткен азаматтың бірі – осы Тұрар Рысқұлов болатын. Оның текетіреске толы, өмірінің соңына дейін елі мен жұртының қамы үшін күрескенін халық жадынан шығармайды.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.