Психология

Ш. Əлжанов психология, педагогикалық психологияға қатысты «Халық ағарту қызметкерлерінің білімін көтеру жайындағы басты материалдардың жинағы» атты кітапта оның «Ес жəне есте қалдыру мəселелері. Ой мəселелері. Дағдылану мəселелері» деген еңбегі жарияланды, ол психологияға байланысты қазақ тіліндегі марксизм ілімі тұрғысынан жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Ғалым оқушылардың жеке дара психологиясында кездесетін ерекшеліктері туралы  сөз қозғайды, эксперименттік зерттеулер мен бақылаулардың нəтижелерін ортаға салады. Оқушылардың ес жəне есте сақтау, ойлау, дағдылану ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімнің сабақты тиімді өткізе алуына үлкен мəн береді.  Материалды берік есте қалдырудың жолдарын ұсынады [1].
2010

Қазіргі білім беру үрдісінің негізгі міндеті – тұлғаның танымдық жəне интеллектілік əрекеттерінің, бəсекеге қабілетті шығармашылығын жəне теориялық білімдерін тəжірибеде ұштастыруын тиімді əдістер арқылы жетілдіруді көздейді. Оқу іс-əрекетінің нəтижесі дайын өнімді алуда емес, болашақта қайсібір өнімді алуға мүмкіндік беретін тəсілдер мен білімдерді меңгеруге бағытталады. Демек, жоғары мектептің басты міндеті студентті кəсіби маман дайындаумен анықталады.
2010

Қазақстан Республикасы өзін азаматтардың тең құқығы заңды тұрғыда бекітілген демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды. Оған Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың ОБСЕ-нің мəдениетаралық, дінаралық жəне этникааралық төзімділік бойынша жиналысындағы сөзі тағы да дəлел болады: «... Қазақстанда маңызды стратегиялық міндет шешімін тапты –  ұлттық  азшылықтардың  олардың  мəдени  жəне  ұлттық  бірдейлігімен  байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  максималды  түрдегі  барлық  жағдайлар жасалынды. Оның ішінде ең маңыздылары мəдениет жəне білім, туған тілін сақтауға қатысты. Қазақстанда қоғам мен мемлекеттің сұхбат ету қағидасы басшылыққа алынған ұлтаралық келісімді сақтаудың ұтымды жүйесі қалыптасқан» деген болатын [1].
2010

Қазіргі таңда қоғамда қазақ əйелдерін басқару саласында жиі көруге болады. Дамыған мемлекеттерде бұл таң қалдырарлық жағдай емес, норма болып есептеледі десек те қателеспейміз. Біздің мемлекетіміздегі қазіргі нарықтық жағдай əйел затына басқару  саласында жақсы мансап құруға кедергі келтірмейді. Дəл осы себептерден қазіргі таңда қазақ əйел тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, оның ішінде басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен қызығушылық тудырып отыр. «Қыздың қырық жаны бар» делінгендей, олардың тек қана басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеп қана қоймай, қазақ тарихымыздағы, салт  дəстүріміздегі, тұрмыстағы күш-жігерлерін, ақыл-даналықтарын қарастырмай кету мүмкін емес.
2011

Қазіргі күрделі əрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны  ерекше. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға бағдарлануы мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары сапалы өзгерістерге ұшырады. Адамның əлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарға бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен күресуі жəне адамның мінез-құлқы мен тұлғаның əлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады.
2011

Этнопсихологиядағы тұлғаның этностық бірдейлік мəселесі кеңес уақытынан кейінгі кезде кеңес өкіметінің құлауымен, тəуелсіз жəне өркениетті мемлекеттердің пайда болуымен, этносаралық шиеленістердің өсуімен байланысты ерекше өзекті тақырыпқа ие болды, ал қазіргі уақытта ол өзіне сай əлеуметтік мəртебе алып, қоғамның дамуына, бірігуіне септігін тигізетін ұлттық идеяларды іздеу барысында көрініп отыр. Қазіргі заманғы шетел, отандық əсіресе қазақ этнопсихологиясында тұлғаның этностық бірдейлігінің мəселесі, оны анықтайтын факторларды талдау этнопсихологиядағы теориялық жəне эмпирикалық зерттеулердің басты пəндерінің бірі болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда тұлғаның этностық бірдейлігінің даму ерекшеліктерін зерттеу барысы теориялық жəне практикалық аспектілерде өзекті болып отыр.
2011

«Жас отбасы» - күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру процесі басталады яғни некенің алғашқы кезеңі отбасылық интеграциямен жəне адаптациямен сипатталады. Интеграция - бұл өз еркімен бірігу, ерлі-зайыптылар əртүрлі отбасылық өмірдің аспектісі бойынша позицияларын, көзқарастарын жəне пікірлерін сəйкестендіру. Осыған мынандай маңызды сұрақтар жатады: өзара қатынас жасау стилі; материалдық-тұрмыстық, отбасылық бюджет мəселелері; рухани өмір мен демалысты өткізу; интимды өмір, баланы күту жəне оның туылуы; ата-анамен өзара қатынасы, ерлі-зайыптылардың кəсібке жəне қоғамдық іс- əрекетке, қоғамдық құндылықтарға деген қатынасы. Отбасының интеграциясының сəттілігі бейімделусіз өтпейді [1].
2011

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерей тойында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан - дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» атты тақырыбы бойынша жасаған баяндамасында (2009 ж. 14-ші қазан) республикадағы əлеуметтік, саяси-мəдени  жағдайларға кеңінен талдау жасап, болашақ кəсіби мамандарын даярлау үдерісінде кəсіптік білім берудің көкейкесті мəселелердің бірі екенін атап көрсеткен болатын.
2011

Адамның мамандықты игерудегі кəсіби мотивацияның факторлары мен қатар олардың осы мамандықты таңдау, даярлану, кəсіби біліктілігін арттыру барысындағы кəсіби қиындықтардың да маңызы зор болып табылады. Жеке адамның кəсіби қалыптасуының қиындықтарын шетелдік жəне отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады.
2011

Көшбасшылық - біздің өміріміздің барлық салаларына еніп, ұйымдар мен өзге де құрылымдардың тиімді қызмет етуінің алғышарты болып табылатын біліктілік қасиеті. Тиімді түрде көшбасшы бола білу мəселесі əсіресе əлеуметтік жəне психология ғылым салаларында кеңінен зерттеліп жүрген маңыздылығы жоғары тақырып болып табылатыны белгілі жайт.
2011

Адамның мамандық таңдау жолы оның өмірлік құндылықтарының анықталуынан, адам кəсіби бағыттылығын анықтайды. Адам бала кезінен-ақ əлеуметтік əсерлерге сезімтал болып келеді. Адам кəсіби іс-əрекетінің таңдауында, санасыз түрде əлеуметтік стереотиптерге беріліп кетеді, оның тасушылары болып отбасы, оқу орындары, қоршаған орта, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Бəрінен бұрын адамдар өздерінің гендерлік рөлдеріне  сəйкес келетін мамандықты таңдауға тарысады. Мамандықты таңдаудың негізгі факторларының бірі болып, қандай гендерлікке жатуымен байланысты болмақ. Балалық шақтан-ақ психологиялық мінездердің кейбір айырмашылықтары байқалады.
2011

Қарым-қатынас мəселесін Б.Д. Парыгин, И.С.  Кон,  А.А.  Леонтьев,  Б.Ф.  Прошнев,   Г.М. Андреева, В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина, М.С. Каган, Г.А. Балл, В.Н. Брановицски, А.М. Довгиалло, Б.Ф. Ломов, М.И.  Лисина,  К.  Обуховский,  К.А. Абульханова-Славская, Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева, С. Елеусізова т.б. ғалымдар қарастырған. А.Н. Леонтьев [1] іс-əрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-əрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н. Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-əрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, біздің зерттеуіміздің əдіснамалық негізі болды.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.