Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұлғаның əлеуметтену деңгейі мен кəсіби мотивациялық факторларының өзарабайланысы

Адамның мамандықты игерудегі кəсіби мотивацияның факторлары мен қатар олардың осы мамандықты таңдау, даярлану, кəсіби біліктілігін арттыру барысындағы кəсіби қиындықтардың да маңызы зор болып табылады. Жеке адамның кəсіби қалыптасуының қиындықтарын шетелдік жəне отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады.

Қажеттіліктер мен қызығулар жеке адамның бағыттылығының қалыптасуы үшін негіз бола алады. Бұл процесте қызығу қажеттілікке алмаса отырып мотивті күшейтеді.  Сондықтан да, болашақ кəсіби əрекетке деген жеке адамның бағыттылығының қалыптасуы "қажеттілік - қызығу - мақсат - нəтиже" жүйесінде дамып, кəсіби əрекетте жүзеге асады жəне оның бағыттылығы мен қарқындылығын анықтайды. Жүзеге асырылған əрекет (жеткен нəтиже, құндылық) бағыттылығын жаңа деңгейге ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл қозғалыстарда қызығу, қажеттілік, моральды-еріктік, интеллектуалдық сапалар, яғни жеке адам біртұтас құрылым болады.

Біздің ойымызша, кəсіби мотивацияға заңгерлердің кəсіби даярлығын қамтамасыз ететін оқу мотивациясын да жатқызуға болады. Себебі, бұл олардың санасындағы болашақ кəсіби əрекеттің жалпы құрылымына кіретін кəсіби оқытудың міндеттерін шешуге бағытталатын жетекші əрекеті болып табылады. Кəсіби жəне оқу мотивациясының мұндай диалектикалық өзара байланысы заңгерлерге өзінің практикалық əрекетінде оқу орнына алған білім, іскерлік, дағдыларын саналы түрде пайдалануға мүмкіндік береді.

А.Д. Кикнадзенің пікірінше, кəсіби мотивацияның ерекше сипаты- оның кəсіби əрекетке байланысты мазмұнымен сипатталады. Егер адам үшін мотив- жанама субъективті  сезінілетін талпындырушы күші, əрекеттің себебі ретінде көрінсе, оның түпкі негізі - адам қажеттілігі, яғни оның затқа, энергияға ақпаратқа деген объективті мұқтаждығы болып табылады.  Кəсіби   əрекеттің мотивтері  олардың негізінде  жатқан қажеттіліктерді талдауда:

Адам не үшін бұл іс-əрекетпен айналысады? Ол қандай іс- əрекетпен айналысу қажет? Ол адамның қолынан не келеді? т.с.с сұрақтарға жауап беруі тиіс [1].

В.А. Даниловтың пікірінше, бұл жеке адамның бағыттылығын сипаттайды. Іс-əрекет барысында мотивтер мен қажеттіліктердің құндылық бағдарлар иерархиясындағы орны мен атқаратын рөлінің өзгерулері байқалады. Бұл өзгеріске материалдық жəне рухани түрткілер зор ықпал етеді [2]. Басқаша айтқанда, кəсіби даярлықтың табыстылығына тек мамандыққа, яғни кəсіби білімге деген бағыттылығының қалыптасуы арқылы қол жеткізуге болады.

Жеке адамның кəсіби əрекетке деген бағыттылығының қалыптасуы ең алдымен, студенттердің бойында білімге қандай да бір "құндылық" ретінде қатынастың дамуымен байланысты. Себебі, білімнің өзі құндылық жəне кез-келген əрекеттің табыстылығы мен мазмұнына əсер етуші маңызды фактор болып табылады. Болашақ маманның  басты мақсаты - жоғары білім алу болғанда басқа мақсаттар біріншіден, онымен байланысады, екіншіден, оған бағынышты сипатта болады. Ал, білімдік деңгейі - өз кезегінде адамның болашағы мен кəсіби іс- əрекетін жоспарлаудың бастапқы нүктесі болып саналады . Сондықтан да, болашақ заңгерлер бойындағы осы мамандыққа сəйкес қабілеттер мен жеке адамдық сапалар заң оқу орындарындағы білім, іскерлік жəне кəсіби дағдылармен бірге белгілі бір жүйеге келтіріліп, олардың практикалық əрекетте табысты болуын қамтамасыз ету керек. Бұл болашақ маманды заң қызметіне дайындаудың мынадай кезеңдері барысында жүзеге асады: кəсіптік бағдар, кəсіби таңдау, кəсіби тəрбиелеу, кəсіби оқыту жəне жетілдіру.

Бұл кезеңдер мектеп қабырғасында басталып, жоғарғы заң оқу орындарында өз жалғасын табуы тиіс. Мұнда талапкерлерді жан-жақты зерттеу жүргізіледі. Талапкерлердің қабілеті, бағыттылығы, кəсіби бағыттылығы, мамандықты таңдау мотиві, өмірлік позициясы жəне жеке адамдық қырлары бағаланады. Кəсіби сананың мағыналық құрылымында жаңа мақсаттардың пайда болуы əлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін. Осыған орай кəсіби қиындықтың бірнеше факторларын бөліп қарастыруға болады.

Бірінші фактор - кəсіби іс-əрекетті орындаудың əдіс-тəсілдерінің сапалық өзгеруі (жетілдірілуі). Жеке адам өзінің кəсіби қадамында біліктілікті арттыру немесе əрекетті орындау тəсілдерінің жаңа деңгейіне көтерілуде қалыптан тыс белсенділік көрсетуі қажет.

Екінші фактор - жеке адамның əлеуметтік-кəсіби белсенділігінің дамып отыруы. Өзінің əлеуметтік жəне кəсіби əрекетінің деңгейіне қанағаттанбаушылықтан жеке адам іс-əрекетті орындаудың жаңа тəсілдерін іздейді, жетілдіреді немесе керісінше, жұмыс орнын, кейде мамандығын ауыстыруы мүмкін.

Үшінші фактор - адамның өмірлік əрекетінің əлеуметтік-экономикалық жағдайын қарастыруы. Олар: бірлестіктің жойылуы, жұмыс орнының қысқаруы, төменгі жалақы, мекен-жай ауыстыру. Сонымен қатар, жас ерекшелікке қарай психологиялық өзгерістер: денсаулық жайы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, психикалық процестердің əлсіздігі, кəсіби əрекеттегі қажу т.б. маңызды роль атқарады. Кəсіби дағдарыстар жаңа қызметке келу, вакантты орынға бəсекелестік, мамандарды аттестациялау кезінде байқалады.

Төртінші фактор - жеке адамның өз мамандығына бар болмысымен берілуі мен байланысты. Маман-фанатиктер өз іс-əрекетін қоғамдық бедел мен творчестволық жетілдірудің құралы ретінде бағалауынан, кəсіби этиканы бұзушылық, конфликтілік, өзара əрекеттестікте қатігездікке берілуі мүмкін. Дағдарыстық құбылыстар мотивация компоненттердің жетіспеушілігінен кəсіби əлсіздікпен бірге жүріп отырады. Бұл қиындықтардың нəтижесі кəсіби апатия, кəсіби іс-əрекеттегі енжарлыққа əкеп соқтырады.

Болашақ маманның кəсіби əрекетке бейімделуіндегі қиындықтардың психологиялық ерекшеліктері. Жалпы жеке адамның кəсіби қалыптасуында кəсіби білім, даярлық,  бейімделу, бастапқы жəне екінші кəсіби біліктілік пен шеберлікті 7 кезеңге бөліп  қарастыруға болады [3]. Мұндағы бір стадиядан екінші стадияға өту өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар қалыпты дағдарыстар мен  ұштасып отырады.

Біз бұл дағдарыстар болашақ заңгер мамандарына да тəн құбылыс болғандықтан, өз зерттеу жұмысымыздың мақсаттарына орай, қиындықтардың болашақ заңгер тұлғасының кəсіби əрекетке бейімделуі барысына тəн деңгейлерін ғана жан-жақты талдауды ұйғардық.

Оптация немесе кəсіби ниеттің қалыптасу стадиясы (14-18 жас). Ерте балалық шақтың өзі кəсіби өзіндік анықталуымен тығыз байланысты. 14 жас шамасында жеткіншектерде мамандық түрлері туралы бірқатар білім қоры жинақталып, бір немесе бірнеше мамандықты таңдау құбылысы байқалады. Бұл стадияда оқу іс-əрекетін бағалау байқалады. Кəсіптік ниеттеріне байланысты оқу іс-əрекетінің мотивациясы өзгереді. Жоғары класстардағы білім алу кəсіби бағдар процесімен ұштасады. Осы стадияда жетекші іс-əрекеттің алмасуы байқалады; оқу-танымдық іс-əрекеті - білім алу, кəсіби бағдарлық əрекетімен алмасады. Мұнда дамудың əлеуметтік жағдайының түбегейлі өзгерісі байқалады. Осы кезде қалаулы болашақ пен бүгінгі реалды өмір арасында қайшылық пайда болады. Нəтижесінде білім алудағы кəсіптік бағдарлау дағдарысы пайда болады. Мектеп бітірушілерде бұл қиындықтар анық байқалады. Бұл қиындықтың ядросы мамандық бойынша кəсіби білім немесе даярлық жолын таңдау мəселесі болып табылады.

Екінші кезең, кəсіби білім алу барысындағы студенттердің таңдаған мамандығына көңілі қалуымен сипатталады (16-20 жас). Жекелеген пəндерге қанағаттанбау, кəсіп таңдаудың дұрыстығына күмəн келтіру, оқу іс-əрекетіне қызығушылықтың төмендеуі байқалады. Бұл кəсіби білім алудың алғашқы жəне соңғы жылдарында анық байқалады. Бұл мамандық таңдау дағдарысы деп аталады. Кей жағдайда бұл қиындық оқу іс-əрекетінің мотивациясын əлеуметтік-кəсіби мотивацияға алмастырумен сипатталады. Бүл дағдарыстан шығудың жолы кəсіби бағыттылықтың оқу пəндерін игеру болып саналады.

Үшінші стадия жеке адам кəсіби білім алу аяқталып, кəсіби əрекетке бейімделу кезеңімен байланысты (18-23 жас). Жас мамандар өзінің дербес кəсіби əрекетіне кіріседі. Мұнда жеке адамның кəсіби дамуында түбегейлі өзгерістер пайда болады; əр түрлі жастағы мүшелері бар жаңа орта, əлеуметтік-кəсіби құндылықтар, əлеуметтік роль мен нормалар, өндірістік қатынастың иерархиялық жүйесі, кəсіби əрекеттің жаңа түрі жəне т.б.

Жеке адамның алғаш белгілі бір мамандықты таңдауда алдын ала кəсіп туралы хабары болады. Кəсіби білім алу барысында бұл білім толығып, теориялық бекітіледі. Ендігі кезекте кəсіптік қызметтерді өмірде пайдалану мүмкіндігі туады. Алғашқы апта, ай жас маманға өте ауыр тиеді. Алайда, бұл дағдарыстың себебі болып табылмайды. Бұл стадиядағы қиындықтардың негізгі себебі - жеке адам бойындағы мамандық туралы қалыптасқан теориялық ұғымдар мен күткен нəтижелердің практикалық əрекетте сəйкес келмеуі болып табылады.

Бұл жас маман бойында кəсіби экспектация дағдарысын туғызады. Бұл қиындықты бастан кешіру еңбектің ұйымдастыруына, оның мазмұны, қызмет дəрежесі мен міндеттеріне, өндірістік қатынас, жұмыс жағдайы мен жалақыға қанағаттанбаудан көрінеді. Бұл қиындықты шешудің 2 жолы бар:

а) конструктивті (кəсіби бейімделу мен кəсіби тəжірибе жинау жылдамды ғын үдетуді ұтымды ұйымдастыру).

б) деструктивті (жұмыстан босату, кəсібін ауыстыру, қызметін өнімсіз атқару).

Төртінші, жеке адамның кəсіби қалыптасуының дағдарысы кəсіби біліктіліктің алғашқы кезеңінде 4-5 жыл кəсіби жұмыстан кейін байқалады (30-35жас). Осы уақытқа дейін маман өз ісінің нормативтерін өнімді орындайды, өзінің əлеуметтік-кəсіби статусын жəне өндірістік қатынастың иерархиясындағы өз орнын анықтайды. Өткен тəжірибе динамикасы,  кəсіби даму инерциясы, өзін бекіту қажеттілігі, кəсіби өмірлік əрекетке қанағаттанбауға əкелуі мүмкін. Саналы немесе санадан тыс тұрғыда кəсіби өсу қажеттілігін сезінеді. Өсу мүмкіндігі болмаған жағдайда маман бойында ішкі дискомфорт, психологиялық шиеленушілік пайда болып, жұмыстан босау немесе жұмыс орнын ауыстыру сияқты ойлар басым болады.

Бұл кəсіби өсу дағдарысы деп аталады. Бұл қиындықтан шығу жолы қосымша əрекетпен айналысу немесе мамандықтан бас тарту болып табылады. Көбінесе, бұл дағдарысты мамандарды   аттестациялау   арқылы   жаңа  дəрежеге   көтерумен   шешеді.   Бесінші   кезең маманның кəсіби дамуында екінші біліктілік кезеңіне əкеледі. Бұл стадияның негізгі ерекшелігі кəсіби əрекетті орындаудың жоғары өнімділігі жəне сапалылығы болып табылады. Кəсіби əрекетті жүзеге асырудың индивидуалды сипаты байқалады. Жеке адам шын мағынасында кəсіби маман болып саналады. Оған əлеуметтік-кəсіби позиция жəне тұрақты кəсіби өзіндік бағалау тəн. Оның əлеуметтік-кəсіби, өндірістік құндылықтарға қатынастары, əрекетті орындау тəсілі елеулі өзгерістерге ұшырайды.

Алтыншы стадия кəсіби əрекетті орындаудың творчестволық деңгейімен сипатталады. Жеке адамның бұдан əрі дамуының қозғаушы факторы - өз-өзін жетілдіру жəне жүзеге асыру болып табылады. Жеке адамның кəсіби самоактуализациясы өзіне, қоршаған ортаға, жағдайға, кəсіпке деген қанағаттанбау сезіміне əкелуі мүмкін. Бұл жүзеге аспаған мүмкіндіктер немесе əлеуметтік-кəсіби өзіндік актуализация дағдарысы деп аталады. Бұл дағдарыстан шығудың өнімді жолы - жаңашылдық, құрастырушылық, каръера, əлеуметтік жəне кəсіби нормадан тыс белсенділік [4,5].

Жетінші кəсіби əрекеттегі соңғы дағдарыс - бұл маманның кəсіби аренадан кетуімен сипатталады. Маман иесі зейнет жасына жетуімен байланысты мамандықты жоғалту қиындығын бастан кешіреді. Жоғарыда қарастырылған жеке адамның кəсіби қалыптасуының нормативті дағдарыстарының əрқайсысы өз ерекшеліктерімен, жетекші əрекеттерімен сипатталады. Алғашқы кəсіби дағдарыста туындағанда объективті факторлар; жетекші іс- əрекетті ауыстыру, əлеуметтік жағдайдың түбегейлі өзгеруі үлкен мəнге ие болса, кейінгі стадияларда субъективті факторлар; “Мен-концепциясының” өзгеруі, кəсіби сананың қайта құрылуы, талаптану деңгейі мен өзіндік бағалаудың өсуі, өз-өзін жүзеге асыру қажеттілігі, яғни жеке адамның дамуының ішкі психологиялық жағдайы өз кезегінде кəсіби мотивацияның құрылымдық қиындықтардың басты себебі болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. Кикнадзе Д.А. Потребности. Поведение. Воспитание. - М.: Мысль, 1983. – 290 с.
  2. Данилов Н.А. Место и роль ценностных ориентаций в системе мировозрения: Автореф. дис.…психол.н. - М.: Наука, 1990. – 25 с.
  3. Файзуллаев А.А. Мотивационные кризисы личности. // Психологический журнал. - №.107 - №4. - С. 87-96.
  4. Деркач А.А., Орбан Л.Э. Акмеологические основы становления психологической и профессиональной зрелости. - М.: Просвещение, 1998. – 260 с.
  5. Знак З.В. Категории “потребности”, “интерес”, “цель” и их роль в анализе социального детерминизма: Автореф. Дис. … канд. психол. н. - М.: Просвещение, 1984. – 25 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.