Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ əйел тұлғасының басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі таңда қоғамда қазақ əйелдерін басқару саласында жиі көруге болады. Дамыған мемлекеттерде бұл таң қалдырарлық жағдай емес, норма болып есептеледі десек те қателеспейміз. Біздің мемлекетіміздегі қазіргі нарықтық жағдай əйел затына басқару  саласында жақсы мансап құруға кедергі келтірмейді. Дəл осы себептерден қазіргі таңда қазақ əйел тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, оның ішінде басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен қызығушылық тудырып отыр. «Қыздың қырық жаны бар» делінгендей, олардың тек қана басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеп қана қоймай, қазақ тарихымыздағы, салт  дəстүріміздегі, тұрмыстағы күш-жігерлерін, ақыл-даналықтарын қарастырмай кету мүмкін емес.

Қазақ халқы көшпенді халық болған, əр жаңадан қоныстаған жерлерін өз ұйлері ретінде қабылдап, бауыр басулыры əйел затынын еншісінде болған. Көшпенді халықтағы əйел адамына қатысты қандай жағымды жəне ескірген ойлар мен пікірлер қалыптасқанына келетін болсақ. Ежелгі уақыта, сақтарда, түрктерде, қыпшақтарда, монғолдарда əйел заты танымал деңгейде құрметке ие болған. Мысалы, қазіргі таңда барлығына танымал, массагеттер ханшайымы болған Томирис пен ежелгі түріктердің үй ошағы мен балалар қорғаушысы-əулие Ұмай ана өз əйелдік нəзіктілігімен, даналығымен, ер-жүректіліктерімен жəне қолбасшылық қасиеттерімен көзге түскен. Ұлы Дала халықтарында ержүректілік пен батырлық рухы əйел адамдарға да берілген: олардың бəрі ерекше ержүрек жəне шыдамды болған, онымен қоса салт атты керемет игерген. Көшпенді халықтардың əйелдері мен қыздары көп жағдайда ер сауыттарын киіп, соғыс алаңдарында жаулармен шайқасып, ерекше батылдық пен керемет күш көрсете білген. Ержүрек дала жауынгер қыздары жайлы аңыз-əңгімелер де көп, олар қазіргі уақытқа дейін танымал. Мысалы, Қабанбай батырдың əйелі Гаухар жəне қызы да батыр  болған, Буланбай батырдың əйелі Айбике де батыр болған жəне т.б. Бұлардың барлығы жонғарларға қарсы ұлы шайқастарда өз ерліктерін көрсеткен. Онымен қоса, қазақ халқының жауынгер қыздары ат салтын керемет игерген. Олардың бірі Кеңесары ханның қарындасы Бопай болған. Көшпенді қазақ халқының кейбір отбасылары қыз баланы ер бала лайықты киіндіріп, үйленгенге дейін ұл ретінде тəрбиелеп, олардың жігіттерге сай нақыштарын қолдап отырған, оларды халықта «еркек шора» деп атаған. Мүмкін осындай тəрбиенің нəтижесінде қазақ халқында мықты жауынгер қыздар көп болғаны [1].

Ешбір қоғам жəне ешқандай өмір сүру салты шыңайы əйел негізін өзгерте алмаған. Көшпенді мəдениет контекстінде жəне оның қағысында əйел адам толығымен өз бойндағы қасиеттер мен нышандарын дамытып, қолдана алмаған. Себебі көшпенді əлем - ол ерлік пен күш, жəне шайқас əлемі болған. Сол себепті əйел нəзіктілігіне, сезімталдығына орын бола бермеген. Біз білетінімізше, əйел заты жанының негізгі қасиеттері – нəзіктілік, рақымдылық, бейбітшілдік сол уақыттың рухымен сəйкестендірілді. Əрине, ақыл-ойы мен психологиялық қасиеттері де сыртта қалып қалған жоқ. Сол кездері бай дүниетанымдық поэзия, импровизациялық өнер, құқықтық шеберлік, діни мəдениеттілік те болған. Көшпенді қоғамда əйел адамы өзін өзі бекіте алмады деп толық сеніммен айтуға болмайды, себебі əйел– ақындарды, əйел–емшілерді, əйел–билерді қазақ тарихы кеңінен таниды. Мысал ретінде, сол кездері Хан уəзірлері шешімдеріне үлкен əсер ететін, өте ақылды жəне данышпан əйел болған. Ол – Айғаным, Шоқан Уалихановтың анасы. Көшпенді қазақ халқында тіпті сол кездері əйел затының басқару шешімдеріне тікелей болмаса да, жанама түрде қатысып, ой қосуы таң қалдырады [1].

Ерте заманнан бері еңбек бөлінісі болған, бар жəне болады. Осы кездегі еңбектті бөлу қалай жүзеге асатыны жайлы біраз айтып кетейік. Мысалға, киіз үйді құру мен жинау, аттар мен түйелер ауқатын жинау, ол ауыр жəне қайталана берілетін жұмысты тек қана əйел заты ғана орындаған. Ер адамдары осы уақытта бос болса да, көмек көрсетпейтін. Көп уақыт пен күшті алатын үй шаруасы əйелдердің иығында болған. Онымен қоса бүкіл отбасының киімін əйелдер жасаған, тігуден бөлек, олар өздері теріні реттеп, одан тоң немесе материал жасай білген. Ер адам тек қана қойды сояды, ал одан кейінгі барлық жеңіл емес шаруаларды əйелдер жасаған. Əйел қолдары қойдың шикі терісінен сым немесе кафтан жасауы керек болған. Ер адамның психологиясы бойынша, осындай жұмысқа тиіп кету «əйел жұмысымен» өзін қорлау деп саналған. Осындай атқарылатын еңбектерден кейін əйел затының құқығын шектеу əділетсіздік деп санауға болады. Мысалы бұл жайында А.Левшиннің еңбектерінде де  айтылған: «Қазақ халқының əйел жынысы көптеген себептерден ерлер жынысынан жоғары тұруы керек. Қазақ əйелдері қазақ ерлерін еңбекқорлықта асып түседі. Олар бүкіл үй  шаруасын шешеді, малды бағып–қараудың жартысын орындайды, онымен қоса бүкіл отбасыны киім кешекпен қамтамассыздырып, қолөнермен айналасады, күйеулеріне қажетті бүкіл затты реттеуі керек, кей кездері атты да ертоқымдайды. Бүкіл еңбектері үшін олар құлшылықпен мадақталған жəне күйеулері олар үшін қожайын немесе құдай» [2].

Онымен қоса, бақылаушы этнографтар қазақ əйелдерін көрші елдердің əйелдерімен салыстыра келе, олардың дене бітімдеріндегі айырмашылықтардың бар екендігін айтып  кеткен: қазақ əйелдері тамырлы, мықты жəне ірі конституцияға ие болған. Бұл жердегі айырмашылықтар турандық нəсіл болғандықтан емес, ал қоғамдық қажеттіліктердің əсерінен туындаған табиғи таңдау нəтижесі. Сол себепті де қазақ əйелдері мықты, шыдамды, рақымды жəне еңбекқор болуы керек, бұл қасиеттер басқару сферасында да басты талаптардың бірі.

Көріп отырғанымыздай, ежелдің өзінде əйел адам қоғамда ерекше орын ала білген, яғни əйел адамның бойында өзіндік ерекше қасиеттер болған, ғасырлар бойы олар өз шыдамдылығымен, ақылдылығымен үйдегі ауа-райың онымен қоса даладағы шайқасты да икемді игеріп, басқару жұмыстарында өз белсеңділіктерін жақсы көрсете білген. Əйел адамының  тұлғалық  ерекшеліктері  сарқылмас  күш-қуатпен  серіктеседі.  Қазіргі  таңда, əйел адамы  тек  қана  үй  шаруашылығымен,  отбасы  тəрбиесіиен  ғана     айналасып  қоймай,  өз кезегінде жан-жақты салаларда жақсы көрсеткіштерге ие.

Біздің қоғамда əйел адамы енді енді əлеуметтік өмірде өздерін танытып, басқару стилінде өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп келеді. Қазақ менталитетіне сай «Үй жұмысы» ережеге  сай ақылы жұмыс емес, жəне ол «шыңайы жұмыс» болып саналмайды. Тек ХХ ғасырдың 70- ші жылдары ғана əлеуметтанушылар оны жұмыс ретінде қабылдай бастады, олардың айтуынша бұл еңбек түрі қоғамдық өндіріс сияқты социумның дұрыс дамуына ықпалын тигізеді. Үй шаруасын əйелдер бос уақыт өткізу деп санамайды, оны олар жұмыс ретінде қабылдайды. Оның жағымды жəне жағымсыз қырлары дəл ме дəл шыңайы жұмыс терминдеріне ұқсас атауларымен сипатталады: еңбек шарттары, автономдық деңгейі, жұмыс мазмұны сияқты [2].

Егер əйел заты білікті деңгейде ұй шаруашылығын басқара алса, онда кез келген жұмысты басқарып, жақсы жетістіктерге жете алады деуге əбден болады. Əйел адамының бизнеспен айналасуы дамыған мемлкеттерде əдттегі жағдай жəне таң қалдырмайды, онымен қоса бизнеспен айналасатын əйелдер іскерлік қоғамда құрметке ие болып келеді. Əйел адамы нəзік болса да, аса маңызды жəне жауапты шешім қабылдауларымен, басшылық орындарына сай міңездерін көрсте білген. Қазақ əйелдерінің мансап құру жолдарындағы қазіргі кедергілердің бірі ол ертеден қалыптасқан, əйел заты жайындағы қоғамдық түсініктер жəне менталитет. Мысалға, əйел адамы жайлы біздің қоғамда келесі түсініктер қалыптасқан – оларды əлсіз жандар деп қабылдайды, əрине оларды тек физикалық күш жағынан салыстырғанда ғана бұл ойды дұрыс деп қабылдауға болады. Ал руһтық күш қатынасына байланысты – олар мықты ішкі жан дүниеге ие деп айтуға болады, себебі қазақ əйелдерінің шыдамдылығы мен батылдықтары туралы біраз жоғарыда жазылып кеткен. Əйел басшы үшін руһтың мықты болуы өте маңызды, себебі, ол басқара білуі керек, бағалай, марапаттай жəне жазалай білуі керек. Ал бұндай қасиеттер мен психологиялық ерекшеліктерді қазақ əйел тұлғасында көруге болады. Əрине психофизиологиялық құрылыстары бойынша көптеген мамандықтар əйел адамдардың қолдарынан жақсы келеді. Біздің қоғам оны қазір аздап түсініп кележатыр деп ойлаймын, себебі шет елде ірі компаниялар мен бизнестің көп түрінде əйел адамдар жақсы жетістіктерге жетіп, өздерін таңыта білген. Онымен қоса, əйел адамдардың саяси ортаға жəне басқару бизнесінде жұмыс атқаруы күннен күнге арту үстінде, дүние жүзі бойынша мысалы, Венгрияда басқару бизнесінде 16% əйелдер, Великобританияда - 18%, Японияда - 20%, Эстонияда 22 % байқалған [3].

Қазақ əйелдері бойларындағы ерекшеліктерімен өздерін финанстық құрылымда өте  сенімді ұстай алады. Ер адамдар оларда ақшаға деген ұқыптылық жоқ деп кінə тақса да, олар өте тыңғылықты түрде ақша санай алады жəне ұқыпты ұстуды да біледі. Сол себепті, олардың бойындағы қасиеттер мақсатқа ұмытылу жəне ұқыптылық, онымен қоса жұмысқа деген зейіндерінің жоғары болуы кез келген жұмыста оларды жетістікке жеткізе алады деуге болады [3].

Ойлау иілгіштігі мен тапқырлықтары, бағалау мен анализге деген қабілеттілік, шешім қабылдауға дайындық, комуникабельділік жəне əлеуметтік компетенттілік осы қасиеттер бойында бар қазақ əйел тұлғасы мықты басшы бола алады, бұл қасиеттер қазақ əйелінің бойында ежелден келе жатқан қасиеттерінін ішінен орын табуда, бірақ біздің елде бұл қасиеттерді дамытуға менталитет кедергі етеді.

Əйелдерді бизнеспен басқаруда жетістікке жеткізетін ол олардың «керекті» «қалаймынға» ауыстыра білуінде. Олар үшін «қалаймын» ол олардың жан жақты тəуелсіз екендігін жəне ерікті екендерін білдіреді. Жəне бұл қасиет олардың қазіргі уақыта аса маңызды емес істерді артынан қалдыруға көмектеседі. Сол себепті олар қызықсыз жəне қажетті емес істерді тездетіп реттей алады [4].

Қазақ əйелдері мансап құруға өте кеш бел буады. Көбінесе, белгілі бір фирмада он жыл жұмыс жасап, олар бұдан да жоғары орынға ауысуға шешім қабылдайды, сол себепті ертеректе жоспарланып қойылған олардың мансаптарына уақытынан тым кеш қол жеткізіледі. Қазақ əйелдері табиғытынан  көбінесе пассивті болып келеді. Өздері қозғалып, бірденені бітіргенше,барлығы    өз    жүрген қалпымен  жүре берсін  дейді. Бұл  біздің діни тəрбиемізбен менталитетіміздің шектеулерінің нəтижесі деуге болады.

Бірақта қазіргі уақытта қазақ əйелдері мансапты өзіндік реализация жəне тұлғалық даму ретінде қабылдайды, сол себепті қазіргі таңда қазақ əйелдерінің басқарушылықта жұмыс атқарулары олардың менің қолымнан ол келеді деген сезімін дамыту үшін жəне өзін тұлға ретінде қалыптастыру себептерінің салдары. Əйел адамы табиғаты бойынша реттеуге жақын, сол себепті олар екі түсінікті бөліп қарастырады, мысалы, атқарылатын жұмыс пен мансапты. Жұмыс олар үшін «осында жəне қазір» əдісімен орындалады, ал мансап тек қана жеке  басының мақсаты болып келеді, жəне оның жеткен немесе жетпеген нəтижесін тек қана əйелдің өзі ғана талқылай алады [5].

Бірақта, жақсы отбасылық қызмет пен басқарудағы жұмыстарды бірге алып жүру өте қиын. Кейбір əйелдерде бір уақытта жақсы ана, үй ханшайымы жəне жақсы жұмыскер болу кезінде ұшырайтын рөлдік конфликт жəне стресс – бұл таң қалатын жағдай емес. Осыған байланысты, əйел адамының психологиялық саулығына арналған, соңғы зерттеулер нəтижесін жинаған жəне өңдеген Ла Крукс пен Хейнс келесі жағдайды атап өтті:  «...алынған мəліметтерге сүйене жұмыс істейтін əйелдердің психологиялық саулығы басқаларға қарағанда бірнеше есе жақсы. Əйел денсаулығына жұмыстың əсер етуінің жағымды эффект деңгейі - ол жұмыс түріне жəне басқа да шарттарға тəуелді болады. Шарттар біздің өзімізге жəне əлемге деген қатынасымызға əсер етеді, ал бұл өз кезегінде барлық физиологиялық жəне психологиялық процесстерге əсер етіп, ағзаны не ауруға шалдықтығып, не керісінше оны болдырмауға ықпалын тигізеді..» [6].

Сол себепті басқару стиліндегі қазақ əйел тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін анықтамас бұрын, қазақ əйелінің үй шаруашылығындағы жəне жұмыстағы сипаттамаларына көшеиік. Ол үшін арнайы құрастырылған сұрақтамалар арқылы ақпарат жинадық. Бұл зерттеуге 18 кəсіптік немесе мемлекеттік ұйымдарда басқару жұмысымен жəне 20 үй шаруашылығымен айналысатын əйелдер қатысты. Жастары 22-25 тен 50-55- ке дейін болды. Кəсіптік жəне мемлекеттік ұйымдарда басқару шаруашылығымен айналысатын əйелдерді табуда жəне тест өткізуде көптеген қиындықтар əрине кездесті. Сондықтан да, ол топ саны азырақ болып келеді. Олар мемлекеттік мекемелерде, мектептерде, университеттерде жəне кəсіптік ұйымдарда ТОО «ДДиТ», Консалтинг жəне «Прогресс» аудиткомпаниясында, ТОО  «DNPP»да  жұмыс  істейтін  азаматшалар, жəне  үй шаруашылығымен  айналысатын  əпке- аналарымыз.

Жүргізілген сұрақтамалар нəтижесінде, əйелдердің айтуы бойынша олар жұмысқа шығармашылық жəне инициативтілік қасиеттерін дамыту үшін жəне таныстар мен туыстардын өздеріне деген құрметтерін иемдену үшін қажет дейді. Олар үшін еңбек ету мотивтері ол сыртқы қоғамдық мойындау жəне еңбекті  өзіндік құндылық ретінде қарастыру.

Əйелдің жұмыстағы статусына оның отбасылық жағдайы əсер етеді, жəне іс-əрекет мүмкіншіліктерін шектейтін рөлдерді бірге алып жүру талабы жұмыста қозғалуды қиындатады жəне жұмыс барысында да проблемалар тудырады. Сондықтан профессионалды қиыншылықтар – ол əйелдердің үйде жəне жүмыста алатын ауыртпалықтарынын  алдында артқа шегінулері. Осыдан əрине, үнемі нервтік қысым жəне шаршап шалдығулар, үлгермей қалушылық қорқынышы пайда болады. Əрине осы келтірілген барлық себептерден əйел адамдар өздерін профессионалды сферада толығымен көрсете алмайды.

Қазіргі заманның əйелін сипатттайтын психологиялық қырлардың арасында тең құқықтылықты терең түсінуді жəне өз қабілеттер мен мүмкіншіліктерді тең мөлшерде бағалауын саналау даму үстүнде. Қазақ əйел тұлғасынан басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін біз оларды үй шаруашылығы мен айналысатын əйелдермен салыстырып, оларды зерттедік. Бұл зерттеу арнайы тақырыпқа байланысты құрылған анкета, ҚҰҚ əдісі бойынша жəне «Басқару стилдері» тесті арқылы жүргізілді. «Басқару стилдері»  тесті бойынша алынған қорытындыларды санды əдістермен талдау нəтижесінде біздің зерттеуімізге сəйкес келетін, екі топтың нəтижелері реттік шкала бойынша берілген жəне зертеудің мақсатында екі топтың айырмашылығықтары анықталды. Кəсіптік жəне мемлекеттік ұйымдарда басқару жұмысымен айналысатын əйелдерді, үй шаруашылығымен айналысатын əйелдермен салыстыра келе біз келесі айырмашылықтарды анықтадық: басқару жəне үй шаруашылығымен айналысатын əйелдер арасында директивті мен либералды стильдерінің айырмашылықтары бар, онымен қоса басқаруда жүрген əйелдерде бірте мускулиндік міңездемелер пайда бола бастайды, олар үй шаруашылығымен айналысатын əйелдерден, өздерінің шешімді нақты қабылдай алулары мен шыдамды жəне лидерлік қасиетерін дамытуларымен ерекшелінеді. Ал үй шаруашылығымен айналысатын əйелдер көбіне либералды стиль мен коллегиалды стильді ұстанады. Ол олардың жұбайсыз шешім қабылдамауларынан, бəрін ақылдасу арқылы шешулерімен, жəне де қазақ қоғамының менталитетіне сай тəрбиемен байланысты болады. Ол зерттеу бойынша кəсіптік жəне мемлекеттік ұйымдарда басқару жұмысымен айналысатын əйелдердің айырмашылығы лидерлік, ұйымдастыру жəне коммуникативті қабілеттерден байқалады. Бұл əдістердің нəтижесі бойынша басшы əйелдерде лидерлік касиеттер басым болып келеді, ал үй шаруасымен айналысатын əйелдерде көбінесе өзімен өзі шешім қабылдау жəне белсенділіктің төменгі көрсеткіштері жиі көрінеді. ҚҰҚ əдісі бойынша коммуникативті мен ұйымдастыру қабілеттерінен де басшы мен үй шаруашылығымен айналысатын əйелдер арасында айырмашылықтар байқалды. Кəсіптік немесе мемлекеттік ұйымдарда басқару жұмысымен айналысатын əйелдердің коммуникативті жəне ұйымдастыру қабілеттері басым болып келеді. Себебі егер айтылған қабілеттері болмаса қазіргі нарық экономикасында басшы əйелдер жұмыс істей алмас еді. Анкета жəне ҚҰҚ əдісі бойынша осы басшы əйелдердегі көрсеткіштерді лидерлік көрсеткіштерге теңедік, себебі лидерлік қасиет теориялық талдау бойынша басшылықтың да, коммуникативті мен ұйымдастыру қабілеттерінін негізінде де мүмкін болады. Онымен қоса, басқару сферасында жүрген əйелдерде лидерлік қасиеттер бірте бірте жетістікке жете келе көрініс табады.

Басқару стилдерін ортақ мəнмен алып салыстырғанда басшы əйелдерде директивті стиль басым болды, ал үй шаруашылығымен айналысатын əйелдерде коллегиалды стиль, яғни мəселелерді ортақтасып жəне ақылдасып шешу басым болды. Оның себебін басшылықтағы əйелдер тұлғаларына лидерлік мінездеме берумен түсіндіруге болады. Қазақ əйелдерінде лидерлік қасиеттер тарихы жағдайлармен қалыптасқанын жоғарыда атап кеткендей толығымен растауға болады. Ежелден қазақ əйелдері толығымен үй шаруасымен айналасып, онымен қоса бала шағаны бағып, жəне де ерлердің де жұмыстарын атқара білген. Əрине қазақ əйелдерінің ішінде де лидер тұлғалар болған. Біздің қазақ елімізде басшы əйелдердің психологиялық ерешеліктері онша зерттелінбегені байқалады. Коммуникативті мен ұйымдастыру қабілеттері басқа ұлт əйелдерінен ерекшелінеді. Бұл жағдайды психологиялық қазақ əйелінің от басы мəселелерімен байланыстыруға болады.

Егер қазақ əйел-басшы өз бойында нағыз лидерге сай қасиеттерді, яғни, мықты міңезді, кəсіптілік, инициативтілікті, жəне тəуекелге бел буа алуды дəстүрлі əйел бойында болатын құндылықтармен байланыстырып, бірге ала білсе, онда осындай əйелде идеалды басшы болуға мүмкіншіліктері жетер еді.

Ал қазақ əйелдері жайлы түсініктер сонау көшпенді қазақ заманынан қазіргі заманға дейін басқаша ойлауға итермелейді. Егер қазақ халқынын менталитеті болмаса жəне мұсылмандық тарбие болмағанда біздің халқымызда үй шаруашылығы мен басшылық жұмыстарды бірге алып жүре алатын көптеен, білікті де мықты басшы əже-аналарымыз болар ма еді.

Қорыта келетін болсақ, көріп отырғанымыздай, ежелдің өзінде əйел адам қоғамда ерекше орын ала білген, яғни əйел адамның өзіндік бойында қасиеттер болған, ғасырлар бойы олар өз шыдамдылығымен, ақылдылығымен үйдегі ауа райың онымен қоса даладағы шайқасты да икемді игеріп жəне басқару жұмыстарында өз белсеңділіктерін көрсете білген. Əйел адамының тұлғалық ерекшеліктері сарқылмас күш-қуатпен серіктеседі. Қазіргі таңда, əйел адамы тек қана үй шаруашылығымен, отбасы тəрбиесіиен ғана айналасып қоймай, өз кезегінде жан-жақты салаларда жақсы көрсеткіштерге ие болуда.

 

 

 Әдебиеттер

  1. Гумилев Л. Көне түріктер. – Алматы: Білім, 1994. – 460 б.
  2. Адаева Г. Қазақ халқының дəстүрлі дүниетанымындағы гендер мəселесі. Философия ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2007. – 129 б.
  3. Баймұқанова М.Т. Отбасымен əлеуметтік-педагогикалық жұмыс. – Астана: Омега, 2005. – 225 б.
  4. Бабаева Л.В., Чирикова А.Е. Женщины в бизнесе. // СОЦИС. - 1996. - № 3. - С. 67-69.
  5. Женщины-управляющие в разных странах. // Женщина и бизнес. - - С. 264-266.
  6. Сафонова М.В. Социально-психологические особенности женщин, успешных в карьере. Автореф. дис. …канд. психол.н. - СПб., 1999. – 32 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.