Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Метафораның зерттелу мəселесі жайында

Метафора мəселесін ойшылдар сонау ықылым заманнан бері қарастырып келе жатыр. XX ғасырдың орта шеніне дейін метафора жай ғана стилистикалық құрал немесе көркем шығарманы əсірелеуші, көркемдеуші əдіс ретінде қарастырылып келсе, соңғы онжылдықтарда тілтанушы ғалымдар метафораның көпқырлылығына көңіл аударып, жан-жақты зерттеуді қолға алды. Мұндай ғалымдар қатарына метафора жайлы құнды еңбектер жазған Н.Д.Арутюнова, В.Н.Телия, Б.Блэк, Дж.Лакофф, М.Джонсон сияқты авторларды жатқызуға болады.

Қазақ тіл білімінде тілдік  метафора, оның  түрлері туралы  А. Байтұрсыновтың «Əдебиеттанығыш» (1926), К.Ахановтың «Қазақ тілі лекикасының мəселелері» (1956), «Тіл біліміне кіріспе» (1965), М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаевтың «Қазақ тілінің стилистикасы» (1974), Ə.Болғанбаевтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» (1988), А.Айғабыловтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» (1955), І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» (1975), тағы басқа біршама қазақ тіліне қатысты еңбектерде айтылып, түсінік беріледі.

Кейінгі жылдарға дейін метафора троптың бір түрі, көркемдік тəсіл, стилистикалық құрал ретінде ғана қарастырылды. Сөздіктерде, лексикологияда, əдебиеттану теориясына қатысты еңбектерде метафораның түрлері, тілдегі қызметі туралы біраз түсінік беріледі.

Қазіргі қазақ тілінде метафоралардың зерттелу бағыттарын былайша саралауға болады:

  • қазіргі метафоралардың тілдік табиғатын ашу, оған қазіргі тілге сай ғылыми анықтама беру;
  • метафораның түрлерін айқындау;
  • жаңа мағына жасаудағы метафораның танымдық рөлін көрсету;
  • əлемнің тілдегі көрінісін танып білуде метафораның қызметін көрсету;
  • көркем мəтіндегі ұлттық еркешелікті көрсетудегі метафораның маңызы;
  • метафораның концептуалдық қызметі, номинативті мағына жасау қызметі.

Қазақ тіл білімінде метафораны ұзақ уақыт бір жақты түсіну орын алып келгені белгілі. Метафора – тек көркем шығармадағы көріктеу амал-тəсілдерінің бірі ретінде, бұған дейінгі жазылып, зерттеліп жүрген дүниелердің барлығында көркем шығарманың тілдік аспектісінде ғана троптың түрі ретінде, стильдік ыңғайда сөз етіліп келді. Қазақ ғалымдары метафораны тек осы тұрғыдан қарастырып, зерттеді.

Тіл – адамзат қоғамымен, оның ой-санасы, таным-білімімен бірге өзгеріп, бірге дамып келе жатқан жанды құбылыс. Оның сөздік құрамының үнемі өзгеріп, толығып, дамып отыруы заңдылық деуге болады. Əр дəуір, əр қоғам, əр халық өзіне қажет жаңалықтарды туғызса, сонымен бірге сол жаңа зат, құбылыс, ұғым, іс-əрекеттердің өз атаулары пайда болады. Қазіргі заманда қазақ халқының саяси, əлеуметтік мəдени өміріне, ғылым-біліміне көптеген жаңалықтар енді. Зерттеу жұмыстарында метафора түрлеріне, өзіндік жасалу жəне қолдану ерекшеліктеріне қатысты жеке-жеке бөлінеді.

Əлем лингвистикасында метафораның табиғаты адамның білім қорының құрылымдық сипатымен байланыстыра қарастырылады. Лингвистикалық, əдебиеттану терминдері сөздіктерінде метафораға төмендегідей түсініктер беріледі. Мəселен, «Тіл білімі сөздігінде»: «Метафора — (грек. metaphora — ауыстыру) троптың бір түрі, ұқсастық, сəйкестік жəне т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» [1; 220] деп беріледі, ал метафоралану «... ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті қасиеттерінің күшеюі нəтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі» деп түсіндіріледі [1; 220]. «Лингвистикалық түсіндірме сөздіктегі» метафораның анықтамасы: «Метафора — троп немесе сөйлеу механизмі. Метафора – сөздің басқа мағынада қолданылуы. Риторика мен лексикологияда метафора номинациялық құрал ретінде қарастырылады» [2; 124].

Қазақ тіл білімінде теңеу, метонимия, эпитет сияқты троп түрлерінің лингвистикалық ерекшеліктері, жалпы теориялық жақтары біршама зерттелген. Т.Қоңыровтың «Қазақ теңеулері» (1978) [3], Л. Нұржекееваның «Қазақ метонимияларының лингвистикалық табиғаты» (1991) [4] деген еңбектері жарыққа шығып, кезінде жақсы пікірлерге ие болды. Қазақ тіліндегі метафораның жай- күйі, оның жасалу механизмі, тілді, ойды дамытудағы қызметі, жалпы қазақ метафораларының зерттелуі, сипатталуы, ғылым тіліндегі танымдық, термин жасау қызметі теориялық тұрғыдан терең зерттеуді қажет етеді. Əсіресе метафораның концептуалдық (мағына, ұғым жасау), когнитивтік (танымдық) қызметі, ғылыми мəтіндерде жаңа ілім-білім түрлерін қалыптастыруда қолданылуы, жаңа (номинативті) мағына, термин жасау қабілеті назардан тыс қалып келеді.

Метафораның бүкіл болмыс-бітімін ашатын, оны тек лингвистикалық аспектіде ғана емес, адам ойлауы мен танымына қатысты философия, психология, логика сияқты ғылымдармен байланыстырып, жан-жақты қарастыратын, қазақ тіліндегі метафора құбылысының теориясын қалыптастыруға үлес қосатын ірі зерттеу еңбектерді қажет етеді. Алғашқы рет қазақ тіл білімінде метафора мəселесі Р.Барлыбаевтың «Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы» атты кандидаттық диссертациясында (1963) жəне Б.Хасановтың «Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы» (1966) атты кандидаттық диссертациясында сөз етіледі [5].

Р. Барлыбаев былай деп жазады: «Бір заттың атауы жалпы сыртқы ұқсастық, сəйкестікке қарай екінші бір заттың, құбылыстың атауына ауысады екен. Олай болса, сөз мағынасының ауысуы объективтік болмыстағы заттардың, құбылыстардың жалпылық жақтарының негізінде туған тілдік құбылыс» [6; 136]. Ғалым сөздің ауыспалы мағынасы туралы ойларын былай қорытындылайды:

«Біріншіден, сөздің ауыс мағынасы заттың түр, түс ұқсастықтарын негізделіп жасалады екен; екіншіден, тілдің тарихи даму барысында кейбір ауыс мағыналар дами келе тұрақты мағынаға айналып, кей жағдайда ауыс мағына алға шығып кетуі мүмкін; үшіншіден, сөздің тұрақты, кеңейген, көп мағыналығы (қай тілде болмасын), түрлі дəрежелері екенін айтуға болады» [6; 137].

Б. Хасанов «Қазақ тілінде сөздердің матафоралық қолданылуы» атты кандидаттық диссертациясында метафораны алғаш рет арнайы алып, жан-жақты зерттеген. Жұмыс өз алдына еңбек болып 1966 жылы баспадан жарық көрді. Еңбекте Абайдың, І.Жансүгіровтың С.Сейфуллиннің поэзиялық шығармалары, сонымен бірге XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының өлеңдері тіліндегі метафоралық тіркестерге талдау жасалады, сөздердің метафоралық мағынада стильдік қолданылуы жан-жақты зерттеледі. Ғалым, əсіресе, метафораның жасалу жолдарына ерекше көңіл бөледі. Автор метафоралық мағына алған сөз метафоралық қолданыстың негізінде пайда болатынын, оның сапасы сөйлеушінің шама-шарқына қарайлас, дүниетанымына, біліміне тікелей байланысты екенін айтады. «Көптеген уақыт өткеннен кейін метафоралардың өзі қайтадан метафоралануы, тіпті бұрынғы «төл мағынасына кері оралуы мүмкін», — дейді ғалым.

Сондай-ақ метафора туралы кейбір ой-пікірлер Б.Манасбаевтың «С.Мұқановтың поэзиясының тілі» (1961), М.Жақыпбековтың «Жамбыл шығармаларындағы сөздердің жəне фразеологиялық тіркестердің стильдік ыңғайда қолданылуы» (1955) сияқты кандидаттық диссертацияларында да айтылады. Əйтсе де басқа тілшілердің еңбектерінде метафора сөз болмайды деуге болмайды.

Метафора тілдегі қолдану сипатына қарай: тілдік метафора; тұрақты метафора; жеке қолданыстағы метафора деген түрлерге бөлінеді [2; 115].

Сонымен зерттеушілер метафораның бірнеше қызметін атап көрседі. Метафора жаңа мағына тудырады, бейнелі образ жасайды, көркем сөз стилінде бейнелеуші, мəнерлеуші тəсіл ретінде қолданылады, сөзге эмоционалды-экспрессивті баға береді. Метафораның қызметі арқылы тілдің лексикалық жəне фразеологиялық қабаты, жалпы сөздік құрылымы толыға түседі, белгілі бір ұғым аясы кеңи түседі. Метафора — көптеген тіл қабаттарының шығу көзі. Мəселен, фразеологизмдер, мақал-мəтелдер, қанатты сөздер метафораға негізделіп жасалады. Адам өмір сүрген ортадағы факторлардың өзгерістеріне қарай еркін сөз тіркестерінен жасалған фразеологияның компоненттеріндегі тура мағынадағы сөздер ауыс мағынаға ауысуы — ондаған, жүздеген жылдардың ішінде болатын құбылыс. Ал кейбір реттерде идиома болған сөздер метафоралы қолданыстың негізінде бірден ауыс мағына алуы мүмкін [7]. Демек, фразеологизмдер сөзді метафоралы қолданудан пайда болады.

Метафораны тіл білімінде зерттелуін қарастырғанда, олардың əр бағытта жазылғанын байқадық. Бұл құбылыстың адам ойын қалыптастырушылық қызметі ғалымдардың терең қызығушылығын тудырғанын көреміз. Тіл біліміндегі метафора семасиологиялық, ономасиологиялық, гносеологиялық, лингвистикалық тұрғыда зерделенуімен қатар, когнитивтік бағытта да қарастырылады.

Метафораны арнайы зерттеген еңбектердің арасында да оны стилистикалық құрал деп танығысы келмейтіндер де болған. Бұл — біржақты тұжырым. Шын мəнінде, метафора — мəніне мағынасы сай келсе, стилистикалық бейнелеуіш құрал. Ю.Л. Лясотаның сөзімен айтқанда, «индивидуальные метафоры являются одним из основных средств образной речи, используются как стилистический прием художниками слова» [8].

Профессор М. Балақаев көркемдік арқау болатын тілдік тəсілдерді екі топқа бөледі. Бірі – бейнелеу тəсілдері — өмірдің реалды шындығын, құбылысты кісінің көз алдына елестететіндей етіп суреттеу, екінші əсері — əсерлеу — оның үстіне кісінің эмоциялық сезіміне əсер беретіндей етіп көріктеу [9].

Əрбір жекелеген ұлт түсінігінде əлем əр түрлі көрініс табады. Бұл əсіресе тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі əлем бейнесі — адамның əлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан қарасақ, əр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата-бабаларымыздың «ғалам бейнесін» қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың «ғалам бейнесін» елестетеміз. Адам дүниетанымының басты элементі деп ғалам бейнесін айта аламыз. Онда адамның дүниені тануының негізгі көріністері жинақталған.

Мəселен, сөз көтере алмау, ала көз болу, жылы сөйлеу. Ағылшын тілінің фразеологизмдерінен мысал келтірсек: to kill time (убить время), to have one`s heart in one`s boots (душа в пятки ушла), to be in step with the times (шагать в ногу со временем), with an open heart (с открытой душой). Қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де метафоралық ойға негізделген мақалдарды көптеп кездестіруге болады: піл көтермегенді тіл көтереді; тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады; ашу ақылдың дұшпаны; actions speak louder than words (поступки красноречивее чем слова); don`t teach a fish to swim (не учи плавать щуку, щука знает свою науку); love laughs at lockmiths (любовь на замок не закроешь).

Дүниенің тілдік бейнесіндегі метафоралардың алатын орнын көрсету – өте қызықты да ауқымды мəселе. Метафоралар əлемнің күнделікті тілдік бейнесіндегі үлгі-образ болып табылады.

Метафоралық дүние бейнесінің түп негізінде белгілі бір этномəдени ұжымның сан ғасырлар бойы қоршаған ортаны меңгеруі, игеруі жəне өзгертуі үдерісінде қалыптасатын дүниені бейнелі, көрнекі етіп көруі жəне тануы жатады.

Метафораның теориясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, оның тілдегі қызметі, тіл, сана, таныммен байланысты сан алуан ғылым салаларындағы термин жасау, жаңа білімді қалыптастыру қызметі, түрлері, мəн-маңызы мен қолданылу аясы жөнінде қарастырылып келеді. Көптеген ғалымдар метафораны əлем туралы ойлаудың вербалды əдісі немесе ойлау əрекеті деген тұжырымға тоқталды. Осы мəселемен айналысқан лингвистердің қатарында А.Хили, Р.Харрис, А.Ортони, Р.Рейнолде, Ф.Ницше, П.Риккер, М.Влэн, А.Ричардс, А.А.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д.Арутюнова, В.К.Харченко жəне тағы басқалар бар. Олардың жұмыстары 1990 жылы шыққан«Теория метафоры» жинағында жарық көрген. Құрылымы əр түрлі ағылшын жəне қазақ тілдерінің сөздік қорындағы сан алуан атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі метафоралық теңеулер. Сондай-ақ қазақ тіл білімінде де кейінгі кезде жазылған Г.Зайсанбаева [10], А. Сыбанбаева [11], Б. Қасым [12], С.Е. Кəрібаева [13] тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде метафора танымдық тұрғыдан қарастырылады.

Метафоралардың басым көпшілігі ұлттық негізді арқау ете отырып пайда болған. Олар ұлт өмірінің айнасы, сондықтан да бойында сақталған ұлттық мəдени негіздерге сүйенеді. Қазақ, ағылшын тілдеріндегі метафоралар халықтың ұлттық дүниетанымы мен дəстүрінен хабар беруде ерекше қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, белгілі бір ұлт тілінің жасалуына сол халықтың танымы мен түсінігіндегі ақпараттар əсер етеді, яғни кез келген нəрсені таңбалаушы тілдік бірлік жайындағы ұғымы əр ұлтта əр түрлі екендігі анық. Сонымен қатар метафоралар күрделі тілдік бірлік болып табылады, оларға едəуір ақпараттық əлеует тəн.

Сөздердің мағыналарының метафоралануы тілімізді жандандырып, оның төл байлығын көбейтуге, ұлттық терминдердің қалыптасуына зор үлес қосып келеді. Бұны кірме сөздердің, төл сөздерінің аударылуынан көруге болады.

Сонымен, бір заттың атауы жалпы сыртқы ұқсастық, сəйкестікке қарай екінші бір заттың, құбылыстың атауына ауысады. Сөз мағынасының ауысуы – объективтік болмыстағы заттардың, құбылыстардың жалпылық жақтарының негізінде туған тілдік құбылыс.

Əр ғалым метафора түрлерін өзінше саралайды. Ғалымдар метафоралардың жіктелуіне байланысты бір ортақ тұжырымға əлі күнге дейін келген жоқ. Мəселен, орыс тіл білімінде О.С. Ахманова метафораларды 5 типке ажыратады, олар:

  • гиперболалы метафора;
  • лексикалық метафора;
  • нəтижелі метафора;
  • нəтижесіз метафора;
  • ақындық метафора [14] .

Б.Н. Томашевский метафораларды екіге жіктейді, олар: стилистикалық жəне тілдік меафоралар [15]. А.В. Бельский метафораларды ақындық жəне риторикалық етіп жіктейді [16]. Ю.С. Язикова метафораларды екі ірі топқа ажаратады, олар: тілдік метафоралар жəне стильдік метафоралар, тілдік метафоралардың өзін генетикалық (орындықтың арқасы, қаламсаптың басы жəне т.б.) жəне ауыспалы мағыналы метафораларға (алтын мінез, алтын қолдар жəне т.б.) жіктеді [17]. А.А. Бельский екінші типтегі метафораларды риторикалық метафоралар деп атады. Осы ғалымдардың ішіндегі А.В.Калининаның метафора жіктеуін көптеген ғалымдар қолданады. Өйткені зерттеуші іргелі зерттеулерге сүйене отырып, тілдік мүмкіндіктерді ескере отырып, метафораларды жіктейді.

А.В. Калинина метафораларды қолдану дəрежесіне байланысты 3 топқа ажаратады, олар:

  • метафора деп бір сөздің орнына екінші сөзбен орын ауыстыруын айтамыз. Мысалы,мұрыныңның ұшындағыны білмейсің;
  • жалпы тілдік метафоралар. Мысалы, қап-қап əңгіме. Мұндай метафораларды сөздіктерден табуға болады, бұл метафораларды ауыспалы деп те атауға болады;
  • автордың жеке стиліне байланысты жасалынған метафоралар [18].

Бұл образды метафоралар белгілі бір ақынның жаңадан тапқан метафораларын айтамыз. Мысалы, орыс тілінде мына сөздерді айтуымызға болады: ситец неба, кровинки ягод, vehicle of his daily business life [19].

Қазақ тіл білімінде Б.Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «Метафораның екі түрі бар деуге болады: бірі – белгілі бір шешеннің сөз саптауында пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі — халықтық сипат алған дəстүрлі метафоралар. Бірақ бұл екеуінің ара-жігі жоқ, өйткені жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтық дəстүрлі метафоралардың ізімен жасалады жəне олардың көпшілікке кең тарауы мүмкін» [5; 138].

Метафораның жасалуын Р.Барлыбаев былай түсіндіреді: «Біріншіден, сөздің ауыс мағынасы заттың түр, түс ұқсастықтарын негізделіп жасалады екен; екіншіден, тілдің тарихи даму барысында кейбір ауыс мағыналар дами келе тұрақты мағынаға айналып, кей жағдайда ауыс мағына алға шығып кетуі мүмкін; үшіншіден, сөздің тұрақты, кеңейген, көп мағыналығы (қай тілде болмасын) түрлі дəрежелері екенін айтуға болады» [6; 137].

Көрнекті тілші К. Аханов метафораларды жалпы халықтық тілдегі метафоралар, жеке ақын- жазушылардың тіліндегі метафоралар деп екіге бөледі [20].

Ғалым А. Айғабылұлы метафораларды: тілдік метафора, тұрақты метафора, индивидуалдық метафора деп үшке бөледі [21].

Жалпы қазақ тілі оқулықтарын шолып қарастыру барысында тілші-ғалымдардың біразы метафораларды поэтикалық метафора, лексикалық метафора деп бөлсе, енді біразы дəстүрлі (халықтық тілдегі), жеке қолданыстағы метафоралар деп екіге бөледі, ал кейбір ғалымдар тілдік метафора, тұрақты метафора, индивидуалдық метафора деп үшке бөлетіндігін байқадық.

Əдебиеттану теориясында ғалым, академик-жазушы З.Қабдолов метафораның ұлғайған, күрделі түрлері туралы былай айтады: «Күрделі метафора жасаудағы мақсат – сөзді құбылту арқылы ұғымды тереңдету; ой бейнесін үстемелей, өсіре келе, оның əсерін күшейту» [22].

Көрнекті əдебиет зерттеушісі Қ.Жұмалиев қазақ əдебиетіндегі метафораларды құрылысына байланысты бес түрге бөліп қарастырады:

  • метафораның жай түрі;
  • жалғаулар арқылы жасалатын метафора;
  • көмекші етістік арқылы жасалатын метафора;
  • күрделі метафора, немесе метафораның ұлғайған түрі;
  • метафораның «бейне бір», «тең» деген сөздердің көмегімен жасалатын түрі [23].

Қазақ тілінде ең жиі қолданысқа түсетін метафоралар – поэтикалық (бейнелі) метафоралар. Поэтикалық (бейнелі) метафоралар тілге бейнелілік, көркемдік беріп, оқырманға эмоционалды- экспрессивті əсер етеді. Мəселен, жеке қолданыстағы поэтикалық метафораларды бейнелілік күшті болса, концептуалдық метафораларда əлсіз болады, тіпті жойылып кетеді. Терминдік мəндегі концептуалдық метафораларда бейнелілік мүлдем болмайды. Поэтикалық метафораларда бейнелі ой танымның алғашқы кезеңімен шектеледі. Ал концептуалдық метафоралар танымдық қызметі жағынан тереңдей түседі. Концептуалдық метафораларға əр түрлі ғылым тілінде атауыштық, термин қызметін атқаратын генетикалық кілт, мəдени ошақ, баспасөз беті, семантикалық өріс, дүниенің тұтқасы, ой ордасы, тарихи қабаттар, тарихи тозаңы сияқты мысалдарды келтіруге болады.

Аударма барысында метафоралар көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер тілдің жəне аударылып жатқан тілдің этимологиялық жəне лексикалық өзгешеліктеріне байланысты туындайды. Бұл — жеке зерттеуді қажет ететін мəселе.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген зерттеулердегі пікірлер мен тұжырымдарды жинақтай келгенде, метафора құбылысына тəн белгі қасиеттер мен ерекшеліктер ретінде мыналар көрсетіледі:

  • ойлау, таным үдерісінің (процесінің) нəтижесі;
  • ұқсастық (аналогия) негізінде жасалады;
  • зат, құбылыс, белгі, қасиеттердің бір-бірімен теңдестірілуі;
  • тілдік қолданыста бар сөз мағынасы мен жаңа ұғым атауының арақатынасының нəтижесі;
  • күнделікті қолданыстағы сөз мағынасының қайта ойлаудан өтуі;
  • жасалуы адам еркіне тəуелді емес. Ол тілдегі қажеттіліктен пайда болады;
  • троптың метонимия, теңеу сияқты түрлеріне ұқсас қасиеттері де, айырмашылықтары да бар;
  • тілдің ажырамас бір бөлшегі.

Қорыта айтқанда, метафора болмысын танып-білуге қажетті, маңызды мəселелердің бірі – метафора түрлерін анықтау. Сондықтан келешек жұмыстың басты мақсатының бірі метафора түрлерін анықтап, оларға ғылыми сипаттама беру болады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тіл білімі сөздігі Ред. Э.Д.Сүлейменова). — Алматы: Ғылым, 1988. — 544 б.
  2. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. — Алматы: Сөздік — Словарь, 1998. — 320 б.
  3. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. — Алматы: Мектеп, 1978. — 178 б.
  4. Нұржекеева Л. Қазақ метонимияларының лингвистикалық табиғаты: Автореф. дис. ... канд. филол. наук. —Алматы, 1991. — 166 б.
  5. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы: Автореф. дис. ... канд. филол. наук. — Алматы,— 187 б.
  6. Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы: Автореф. дис. ... канд. филол. наук. — Алматы, 1963. — 206 б.
  7. Ларин Б.А. История русского языка и общее языкознание (Избранные работы). — М., 1977. — С.
  8. Лясота Ю.Л. Роль метафорических слов и выражений в развитии словарного состава языка: Автореф. дис. … канд. фи- лол. наук. — М., 1951. — 25 c.
  9. Балақаев М. Қазақ əдеби тілінің мəселелері. — Алматы, 1961. — 98–99-б.
  10. Зайсанбаева Г. Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі: Филол. ғыл. д-ры... дис. автореф. — Алматы,— 25 б.
  11. Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы жəне концептуалды метафоралар. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2002. — 162 б.
  12. Қасым Б. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері. — Алматы: Қазақ ун-нің баспасы,— 313 б.
  13. Кəрібаева С.Е. С.Мұқанов поэзиясындағы авторлық метафоралар (когнитивтік аспект): Филол. ғыл. д-ры... дис. автореф. — Астана, 2010. — 22 б.
  14. Ахманова О.С. Очерки по общей и русской лексикологии. — М.: Учпедгиз, 1957. — 295 с.
  15. Томашевский Б.В. Стилистика: Учеб. пособие. — 2-е изд., испр. и доп. — Л.: Изд-во ЛГУ, 1983. — 288 с.
  16. Бельский А.А. Зарубежная драматургия: Сб. ст. / А.А. Бельский. — Пермь: Пермский гос. ун-т им. А.М.Горького, 1989. — С. 5–27.
  17. Язикова Ю.С. Анализ метафор стиля повести М. Горького «В людях» // Учен. зап. Дальневост. ун-та. — —Вып. 5. — 127 с.
  18. Калинина А.В. Стилистические очерки. — М.: Изд-во МГУ, 1979. — 195 с.
  19. Кубрякова Е.С. Роль словообразования в формировании языковой картины мира // Роль человеческого фактора в языке. — М., 1988. — С.
  20. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Мектеп, 2002. — 158-б.
  21. Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. — Алматы, 2004. — 11-б.
  22. Қабдолов З. Сөз өнері. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1992. — 226-б.
  23. Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі. — ІІ-т. — Алматы: Қазақтың мемкөркем əдебиет баспасы, 1960. — 216-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.