Статьи, год 2009

Қаншалықты дүниежүзілік дағдарыс кезеңі болса да Қазақстанның экономикасы – нарықтық экономикадағы елдерде әрекет еткен үлгiден айрықша ерекшеленетiн, экономикамен құқықтың өзiндiк байланысын негiздейтiн экономика. Экономика бәсекелестік және оған қарама-қарсы жосықсыз бәсекелестік институттарының қатар дамуында жекелеген институттардың сұрақтарын құқықтық тұрғыдан бекітумен анықталады.
2009

Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген заңнаманың негізгі бастауы, тірегі болып табылады. Қолданыстағы салалық заңнама Конституция талаптарына сүйене отыра әрі қарай дамиды және өрби түседі. Соның ішінде еліміздің Конституциясы азаматтык іс жүргізу саласының да негізгі бастауы. Азаматтық іс жүргізу саласында Қазақстан Республикасының Конституциясының алатын орны мен атқаратын қызметін айқындау барысында, жалпы Конституцияның мәні мен маңызына тоқталып өтпей болмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен оның азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді (1-баптың 1-тармағы).
2009

«Инновациялық қызмет» түсінігі –инновациялық процесс бөлігі. Тәжірибеде маркетингтік қызмет инновациялықпен қатар болуы да мүмкін. Кейде ол алға шығуы да ықтимал, мысалы  енгізу процесінің басталмаған кезінде саралау жүргізу, жарнама жасаушылармен жұмыс жүргізу, т.б.Сондықтан балама ретінде инновациялық қызметтің бастамасын жаңаны енгізу кезеңімен біріктіруге болады.
2009

Қазіргі нарықтық жағдайда жермен жасалатын мәмілелер үлкен маңызға ие болып тұр. Жер нарығының қүннен-күнге дамуы, жермен жасалатын мәмілелер түрлері мен санының өсуіне себепкер болып жатыр.
2009

Қоғамдық қатынастың белгілі даму кезеңінде жерге меншік құқығы тәжірибеде шектелмеген (illimitato) болатын. Оның әрекет ету аймағы жер қабатының ортасына дейін, жер учаскесінің бетінде орналасқан бүкіл аумағына дейін алатын. Римдік заңгерлер, оны: dominus soli est dominus coeli et inferiorum (жерге меншік құқығы бұл аспан мен жер қойнауына құқығы) [1, 9 б.] деп айтатын. Жер учаскесіне деген меншік құқығының мұндай конструкциясы азаматтық айналым қатысушыларын жер қойнауы айналымға енгенге дейін қанағаттандырған болатын. Соған қарамастан, Көне Римде меншік құқығы абсолютті болған емес. Көне Рим құқығында жеке меншік құқығын шектеу қарастырылған болатын, оның мақсаты әртүрлі меншік иелерінің арасында соқтығысты болдырмау болып табылды
2009

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Экологиялық заңдарын жетілдіру мәселелері, оның ішінде рекреациялық табиғатты пайдалану құқығы туралы нормаларды жетілдіру, оларды халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіруді талап етеді. Ол үшін бірқатар халықаралық нормативтік құжаттарға назар салу қажет, әсіресе үлгідегі (модельді) заңдарға, себебі нақ солар ғана ұмтылуды мақсат тұтатын идеалдарды танытса керек.
2009

Қазақстанда қылмыстық процестің қылмыстың iс жүргізу сатысы басты институттарының бiрi болып табылады. Аталған инстанция бiрқатар объективтi факторларға байланысты қалыптасады. Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-нiң қабылдануы, оны қолдану тәжірибесінің болмауы, оның жетістіктерін бара-бар бағалаудың мүмкін еместiн. Мұндай факторларға жататын жағдайлар: 1997 жылғы қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-нiң қабылданылып, енгізілуі қылмыстық iс жүргізу мiндеттерiн айқындай түстi.
2009

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге бағытталған шаралар Қазақстанда XVIII-XIX ғасырларда өз ерекшеліктерімен сипатталды. Жерге орналастыру заңнамасының қалыптасуы мен құқықтық реттелуінің ерекшелігін революцияға дейінгі кезең және Кеңес дәуіріндегі кезең деп қарастыруға болады.
2009

Каспий теңізінің су ресурстары қазіргі таңда Каспийдің коммерциялық байлықтарының ішіндегі маұнайдан кейінгі екінші орынды алады. Соңғы жылдары теңіз ортасына лас ағынды сулардың төгілуіне байланысты, тірі табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің нашарлауына және биологиялық сан алуандықтың сақтауына қауіп төндіру секілді жаңа экологиялық мәселе алып келіп отыр.
2009

Түркістан өлкесінде кеңес өкіметінің орнап, оның одан әрі қарай дамуында республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің рөлі ерекше болды. Түркістан республикасының басқару жүйесінде Халық Комиссарлар Кеңесі жоғары атқарушы билік тармағын қалыптастырды. Түркістан республикасы 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені көпшілікке мәлім. Осы уақыт аралығында Халық Комиссарлары Кеңесінің даму тарихын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.
2009

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (омбудсман) өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне келтірілген адамдардың шағымдарын тексеретін тәуелсіз лауазымды тұлға болып табылады. Омбудсманның қызметке тек мемлекет басшысымен тағайындалып, осындай жолмен қызметінің тоқтатылуы, сондай-ақ омбудсман қызметінің толығымен республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуы оның тәуелсіздігінің негізгі кепілі болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес «Ережеде көзделмеген функцияларды Уәкілге жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол берілмейді» (5-бап) [1]. Уәкілдің қызметі: заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, объективтілік, жариялылық принциптеріне негізделеді.
2009

“Қазақстан халқы Ассамблеясы” тарихына тоқталатын болсақ, сонау 1992 жылы Қазақстан халықтарының 1-ші форумында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан халықтары Ассамблеясын” құру туралы тың идея ұсынған болатын. Сол идея 1995 жылы 1 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен ел тарихында тұңғыш рет “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” құрылды.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.