Статьи, год 2009

Мақалада ТМД шегіндегі экономикалық интеграцияның дамуы жайлы қысқаша шолу жасалған. Әсіресе Ресей Федерациясының ТМД елдерінің экономикалық дамуына әсері талданған.
2009

Әлемдегі қарулы қақтығыстар санының азаймауына орай, соғыстың зардабын тартып жатқан балалардың саны да барған сайын көбеюде. Кейбір елдерде қарулы күштер  мен топтар ұл балалар мен қыздарды әскер ретінде ерікті түрде немесе күштеп тартуда. Әсіресе жинаушылардың жеңіл олжасына және пайдалану нысанына кедейлік немесе кемсітушілік жағдайларындағы балалар айналуда. Оларды көбінеки мектептен, көшеден немесе үйінен ұрлап әкетіп жатады. Балалар әкетілгеннен кейін оларды әртүрлі әдістермен пайдаланады.
2009

Қарулы қақтығыстардың құқықтық регламенттелуі мен әскери қылмысқа қарсы күресті мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мен қалпына келтіруге қатысты көкейкесті сұрақтарды талдауға кіріспес бұрын, мына сауалдарды қою қажет деп көруге болады. Негізінен, «әскери қылмыстар» деген түсініктің өзі қашан пайда болды? Осы фактінің құжат жүзіндегі куәгерлік күшін, шамамен болсын, анықтауға бола ма? Осы қылмыстардың заңдық құрылымын ғана емес, алғашқы түсінігі де берілетін нақты дереккөздерді қайдан іздеуге болады?
2009

Сыбайлас жемқорлық әдетте күшті әрі зиянды жағынан кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсерін тигізеді. Қазақстан 2030 – даму стратегиясында көрсетілген сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шаралары құқықтық мемлекеттің пайда болуы мемемлекеттік Қазақстан- ның  қызметінің  жаңашылдануымен  тығыз  байланысты [1].
2009

Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын  анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан, оның    құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық  туғызады.
2009

Заңды тұлға өзінің іскерлік беделін белгілі бір қызметті жүзеге асырған кезде иеленеді. Бұл кызмет занды тұлғаның органдары мен қызметкерлері, ал заңмен көзделген жағдайларда - қатысушылары, ретінде шығатын азаматтардың әртүрлі іс-әрекеттерінде көрініс табады. Сөйтіп, азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталган мәмілелері, яғни занды әрекеттерді занды тұлға оның мүдделеріне сай, адал және орынды әрекет етуге міндетті өзінің органдары мен қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. Міндеттерді орындау мен құқықтарды жүзеге асыру заңды тұлға тарапынан тек өзінің органдары арқылы ғана емес, оның қызметкерлерінің әрекеттері арқылы да жүзеге асырады. Бұндай әрекеттер сол занды тұлғаның әрекеттері болып саналады. Сондықтан да, мысалы, занды тұлғаның өз мәмілелерін жүзеге асырғанда шындыққа сай емес ақпаратты беретіні туралы жарияланым, заңды тұлға мәмілелерін жасататын адамдар туралы мәліметтерді де (ашық болмаса да, бірақ дәлелдеуге, идентификациялауға оңай) береді.
2009

Қорқытып алушылықты онымен аралас басқа құрамдардын ажырату мәселесі, ең алдымен, практикада бұл мәселенің   біртекті және дұрыс шешілмеуінен   туындайды. Е.Алауовтың   айтуынша: «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама көрсетіп отырғандай, олардың шамамен 70% күш көрсетумен қосылған қорқытып алушылықты қарақшылық және зорлықпен тонаудан  ажырату кезінде  қиыншылықтарға кездеседі» [1, 200 б.].
2009

11 сәуір 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаһандану жағдайында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Біздің мақсатымыз қазақстандықтарға және әлемдік қауымдастыққа Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев елдегі білім беру жүйесін реформалаудағы стратегиялық бағытын іске асырудағы жетістіктерімізді көрсету, еліміздің ең ірі университетінің білім мен ғылымның дамуындағы алатын жетекші орнын, оның әлемдік білім және ғылыми кеңістікке бірігуін таныту болып табылады. Елбасының қойған мақсатына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасыда өз үлесін қосты.
2009

Пара алу мен пара беру - біздің қазіргі қоғамымызда жыл сайын түрліше сипатпен түрленіп, қауіп төндіріп тұрған күрделі мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық Қазақстанда пайда болған және оған тән құбылыс емес, ол белгілі бір мөлшерде кез келген мемлекетке тән дерт. Сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері мен және барлық деңгейлерден оған қарсы күрес жүргізетін жүйе болғанша қазіргі кезеңде Қазақстанның алдында тұрған ауқымды міндеттерді іске асыру мүмкін емес.
2009

Көлік қылмыстарын детерминациялайтын себептер мен алғышарттардың көптүрлілігі және әртараптығы тиісінше, жүзеге асыру саласы мен өзінің сипаты, мазмұны бойынша әртүрлі іс- шаралардың жүйелі кешенін ұсынады. Бұл шаралар әр алуан деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін.
2009

Егер қылмыс жасаған тұлға өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті сипатын ұғынып, оның қоғамдық қауіпті салдарын алдын ала болжап және оларды тілеген болса, немесе сол салдардың орын алуын саналы түрде мүмкін санаған болса, қылмыс қасақана жасалған болып танылады.  Келтірілген  анықтамадан  көріп  отырғанымыздай,  заң  жасырын  ниетті      материалдық құрамдарға қатысты анықтайды: ол субъектінің әрекетке немесе әрекетсіздікке, сондай-ақ салдарына деген психикалық қатынасының сипатын білдіреді.
2009

Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және басқарудың жергілікті органдардың қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы туралы категория. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.