Қоршаған ортаны қорғау

Берілген мақалада Қазақстан Республикасының мүнай кен орыны аймақтарындағы (ҚМГККО мысалында) өнеркәсіп орындарында атмосфералық ауаға шығарылған тастамаларына, жаңа әдіснамалық зерттеу тәсілімен талдау жүргізу үлгісі келтірілген.
2013

Төмендегі мақалада Алматы қаласы бойынша су нысандарына жылдық қорытынды бақылау нәтижелері берілген.*1.2+ Жерасты және жерүсті суларының ластануынан қорғау және тастандыны утилизациялау іс – шаралары енгізілген. Қазіргі уақытта қаламыздың су нысандарының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.*3+
2013

Каспий теңізінің су ресурстары қазіргі таңда Каспийдің коммерциялық байлықтарының ішіндегі маұнайдан кейінгі екінші орынды алады. Соңғы жылдары теңіз ортасына лас ағынды сулардың төгілуіне байланысты, тірі табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің нашарлауына және биологиялық сан алуандықтың сақтауына қауіп төндіру секілді жаңа экологиялық мәселе алып келіп отыр.
2009

Қолайлы қоршаған ортаға адам құқығының тиімділігі мен əлеуметтік маңыздылығын анықтау, мақсатқа лайықты адам бостандығы мен құқығы жүйесінде осы құқық орнын анықтаудан бастаудан ұсынылады. Осы мəселені талдау адам құқығы мен бостандығын əр түрлі жүйелі құру болғанда маңызды қиындықты туғызады. Əрбір əлеуметтік құбылыс сияқты адам құқығы институтының тарихи айырмашылығы бар. Осы тұрғыдан қарағанда тарихтың өткен беттерін шолу барысында адамның қолайлы қоршаған орта құқығын зерттеу өзекті болып отыр.
2010

 Мақала қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық ынталандыру тетіктерін жетілдіру мәселелеріне арналған. Автор мақаланың басында тәуелсіз Қазақстанның экологиялық заңнамасының дамуына тоқтала отырып, экологиялық құқықтық қатынастарды реттеудегі экономикалық әдістердің орны мен мәнін ашып көрсетеді. Одан әрі ғалымдардың ұсынған экономикалық ынталандыру тетіктерінің бағыттарын саралай келе экологиялық заңнаманың өзгерістер енгізуді қажет ететіні туралы ұсыныстар жасайды.
2014