Тарих

Мақалада қазіргі кезеңге дейін жанкүйерлердің назарын өзіне аударып отырған жапон классикалық мəдениетінің қайталанбас үлгілері дүниеге келген кезең – VIII-XII ғасырлардағы Жапониядағы мəдениет дамуы қарастырылады. Жапондық мəдениет дамуына аристократтық топтардың қосқан үлесі мен мəніне ерекше көңіл бөлінеді.
2012

Ғылыми мақалада сабақтас құқықтардың пайда болуының тарихи алғы шарттары қарастырылған. Жұмыста орындаушылар, фонограмма шығарушылар жəне хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау заңнамасы, оның даму жолдары зерттелген. Жүзеге асырылған зерттеулер белгіленген құқықтардың халықаралық тарихын талдауына жəне оның Қазақстан Республикасының заңдарына əсер ету мəселелеріне бағытталған. Қорытынды ережелер ретінде Қазақстандағы сабақтас құқықтарды реттеу заңнамасының даму бағыттары шығарылған.
2013

Көкше өңірі — ертеден күміс көмей, жезтаңдай əншілері мен жырымен ел ішін өрнектеген ақындарға бай өлке. Арқа өлкесін əн мен жырға бөлеген ақындар легін тудырған Айыртау өлкесінің біртуар ұлы Əміре Сұлтанмұратұлын осы лекке қосып атауға болады. Жаратылысынан əн мен жырдың бесігі болған Айыртау елінің сұлу табиғатынан нəр алып өскен Əміре Сұлтанмұратұлы — тағдырдың талай тартыс, қиындығына қарамастан, өмірде өзіндік із қалдырған азамат, əнші.
2009

Ертеректегі аңыз-əңгімелердің бірінде егіз туған Қабыл (Каин) мен Ақлима, Абыл (Авель) мен Лабуда алғашқыда мейлінше түсіністікте тату-тəтті өмір сүріпті. Күндерде бір күн үй болу мəселесінің мезгілі жеткенде Қабыл өзінен бөлек туған Лабуданы емес, көркіне қызығып, өзімен бірге дүниеге келген Ақлимаға еріктен тыс үйленіпті. Бұрыннан мінезі кедір-бұдыр Қабылдың бұл əрекет ағайындылар арасына сызат түсірген. Екі жігіттің екеуі де қанша дегенмен ол үйленуден туған алакөздікті ұмытпапты. Əсіресе — Қабыл.
2009

Т.Рысқұловтың публицистикалық жəне ғылыми-зерттеу еңбектерін оның қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Ол жиырмаға жуық кітаптар, брошюлардың авторы мен редакторы болды. Жүздеген ғылыми жəне үгіт-насихаттық, публицистикалық мақалалар жазып, жариялады. Өлкелік басылымда бас редактор қызметін атқарды. Қазақстанда тілшілер қозғалысының дамуына ықпал етті. Республикалық, өлкелік съездерде облыстық жəне аудандық партия конференцияларында, Кеңестер съезінде, көптеген қалалар мен ауыл шаруашылығымен айналысатын аудандардың жұмысшы, шаруаларының, жастарының, зиялы қауым өкілдерінің алдында баяндама жасап, сөз сөйледі.
2011

Жалпы ономастика сияқты, антропонимиканың да бірінші заңдылығы — оның тарихилығы. Зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, тарихтан тыс ешқандай құбылыстың болуы мүмкін емес. Себебі бүгінгі жаңалық — ертеңгі тарих. Тарихтың қозғаушы күші адам болғандықтан да, адам өмір сүрген кеңістік пен уақыт адамзат тарихының бір беті. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына себепші факторлардың негізгісі — тіл десек, тілдің ауқымды бөлігін құрап отырған есімдер ұлттық ерекшеліктің негізін құраушы фактордың бірі. Халықтың тарихымен біте қайнасып келе жатқан есімдер тарихы түрлі қоғамдық-саяси, шаруашылық-экономикалық, мəдени-тұрмыстық жағдайларға байланысты өзгерістерге ұшырап, сонда да болса, өзінің табиғатын бар болмысымен сақтап отырады.
2011

Көркем өнердің түрлері мен оның жанрлары бойынша дүниеге келген елеулі туындылары ғасырлар қойнауында ғұмыр кешкен халықтың рухани айнасына айналары шындық. Əйтсе де бізде түрік халықтарының қара шаңырағын ұстап отырған қазақтардың көне заман мен бүгінгі дəуірдегі рухани əлемін танып-білу жолындағы ғылыми əрекеті тым кеш басталды. Бұл кезеңде халқымыз Ресей патшалығының отаршылдық жүйесінен босанып, кеңестік заманда тоталитарлық идеологияның қол астында ғұмыр кешіп жатты. Осы себептен де рухани əлеміміздегі құндылықтарды танып білу мəселесі кеңестік биліктің қызметі таптық таным тұрғысында пайда болған тұрпайы социологиялық көзқарастың шеңберінен шыға алмай тұншығумен келді.
2011

Біз мақаламызда құрамында киелі сандар бар кейбір фразеологизмдер мен мақал-мəтелдердің қалыптасу жəне қолданылу ерекшелігіне қысқаша тоқталмақпыз. Өйткені сан есім қатысқан фразеологизмдер, жалпы сөз тіркестері қаншама зерттеліп келе жатса да, оның қыры мен сыры түгел ашылды деуге болмайды. Тіл білімінің кейінгі жылдары ғана қолға алына бастаған, келешегі зор жас саласы — этнолингвистика — тіл мен этностың даму тарихын, талай ғасырғы тағылым жүйесін, жалпы рухани өмірін, ата салтын, ежелгі елдік дəстүрін зерттейтін ғылым саласы. Лингвистикалық зерттеулердің антропоцентристік бағыты тілдің лексикалық құрамындағы əр түрлі топтардың этномəдени ерекшеліктерін қарастырады.
2012

Соңғы уақытта қазақ əдеби тілінің коммуникативтік-прагматикалық əлеуеті күшейіп, қоғамдық- əлеуметтік қызметі артып, қолданыстық аясы кеңейе түсуде. Қазіргі тіл білімінде жаңа бағыттағы зерттеулер мен танымдық негіздегі ғылыми ізденістер қарқынды жүргізілуде. Əсіресе қазіргі тіліміздің құрылымдық жүйесін, оның белгілі бір кезеңдеріндегі даму тарихын, сөздік қазынасын, прагматикалық сыр-сипатын, тағы басқа қырларын зерттеуге баса көңіл бөлініп отыр. Лингвостилистика ғылымында көркем əдебиет тілін зерттеу аспектілері тілдік-стильдік құбылыстардың мазмұнын кеңейтіп қана қоймай, оның дамуында мəтіннің құрылымдық- семантикалық ұйымдасуын, авторлық баяндаудың стилистикалық жүйесін, мəтін ішіндегі əр түрлі стилизация белгілерінің көрінісін де қолданыстық тұрғыдан қарастыру да жиі қолға алынып отыр.
2012

Мақалада діни дастандардағы мифтің адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа берілуі жəне түрлену жолдары қарастырылды. Діни дастандарда мифологиялық сарындардың қолданылуын айқындау арқылы мифтердің қаншалықты түрленгендігі туралы айтылды. Сондай-ақ мифтердегі ерекше көріністер діни дастандарда белгілі бір деңгейде түрлендіріліп қолданылуы сипатталды. Сонымен бірге діни көркем туындыларға жүргізілген олардың тарихына, мазмұнына, поэтикасына қатысты зерттеулер ескеріледі.
2013

Мақалада қазақ эпосындағы тұтастану құбылысы жан-жақты сараланып, оның ішінде эпикалық билеуші бейнесінің қалыптасу заңдылығы дəлелденген. Автор қазақ эпосындағы эпикалық билеуші бейнесін Абылайханға арналған тарихи шығармаларды талдау арқылы көрсетті. Тарихи эпостың қазақ хандық дəуірінен бастау алатынын айта келе, қазақ фольклорындағы эпикалық билеуші бейнесі Абылайдың ақ жолы атанған кезеңде жүзеге асқандығын, ауызша мұрамыздың белгілі бір тарихи реалды шындықты көрсете алғандығын нақтылай түседі
2013

Мақалада қазақ ономастикасының маңызды жəне елеулі бір саласы — топонимдердің табиғи жəне жасанды түрлері қарастырылып, жасанды атаулар көбіне идеологиялық мақсаттарға қызмет ететіні көрсетілді. Қала ономастикалық кеңістігінің бір түрі — годонимдер халық өмірінің тарихи, мəдени жəне ақпараттық коды ретінде сипатталды. Годонимдер заман талабына, қоғамның талап-тілектері, сұраныс-сұранымдарына сай өзгеріп, құбылып, түрленіп отырады, сондықтан мақала авторлары Қарағанды қаласының годонимдері де реконструкциялауды қажет етеді деп қорытады.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.