Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түрік халықтары тағдыры тарихтың алапат үш иірімінде

Көркем өнердің түрлері мен оның жанрлары бойынша дүниеге келген елеулі туындылары ғасырлар қойнауында ғұмыр кешкен халықтың рухани айнасына айналары шындық. Əйтсе де бізде түрік халықтарының қара шаңырағын ұстап отырған қазақтардың көне заман мен бүгінгі дəуірдегі рухани əлемін танып-білу жолындағы ғылыми əрекеті тым кеш басталды. Бұл кезеңде халқымыз Ресей патшалығының отаршылдық жүйесінен босанып, кеңестік заманда тоталитарлық идеологияның қол астында ғұмыр кешіп жатты. Осы себептен де рухани əлеміміздегі құндылықтарды танып білу мəселесі кеңестік биліктің қызметі таптық таным тұрғысында пайда болған тұрпайы социологиялық көзқарастың шеңберінен шыға алмай тұншығумен келді. Көркем əдебиеттің салалары мен жанрлары бойынша дүниеге келген туындыларды танып білу, бағалау мəселесіне таптық таным жəне əдебиеттің партиялығы тұрғысынан қарап бағалау талабы қатаң бақылауға алынып, шығарма атауларының тағдырын шешу социалистік реализм талабы тұрғысынан қаралып жатты.

Көне дəуірдің рухани мұрасын немесе классикалық деңгейдегі ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеп, ғылыми талдау əрекетінің қандайына болса да, осы идеологиялық талап қатаң түрде алға қойылды. Сондықтан да əдеби-рухани мұраны танып-білуге талпыну мен оны бағалау алғашқы кезде тұрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік бағыттар басым түсіп жатты. Ал, бұл танымнан сəл тыс кеткендер болса, аяусыз жазаланып қуғындалып отыр. Бұны Кеңестік дəуірдегі Одақтың барлық халықтары бастан өткерді.

Оның үстіне 1949 жылы СОКП ОК-і қабылдаған космополитизм жөніндегі арнаулы қаулы мəселені одан ары ұшықтыра түсті. Аталған қаулы, əсіресе, түркі халықтарын рухани нəр алған Шығыстық қазына көздерінен қол үздіруді мұрат тұтты. Өткендегі тарих, рухани, əдеби, мəдени мұрамыздың терең тарихи тамырларын ғылыми тұрғыдан барлап танып білуден көз жаздыруға арналған саяси-идеологиялық мақсатты көздеді. Əдебиетші-ғалымдар қаулының саяси ызғарынан бет бұрып, əдебиет тарихының бастау көздерін XVIII ғасырдағы Бұқар жырау мұрасынан бастауға дейінгі шегініс жасауға барды. Қазақстан КП ОК-і де бізді осы шеңберден шығармау əрекетімен тікелей айналысты. Қазақстан КП ОК-нің қазақ əдебиеті мен өнер туындылары жайында қабылданған қаулылардың бəрі де орталық қойған талапты орындауға ұрынып, «шаш ал десе — бас алдың» əрекетін қалтқысыз жүзеге асырып отырудың идеологиялық құралына айналды. Мысалы, Кеңестік Жазушылар одағының Бас хатшысы, атақты жазушы А.Фадеевтің «мен Шаяхметовты түсінбеймін, Жамбылдан басқа ақын-жазушылардың барлығына сенімсіздікпен қарайды» деп сынай жазудың біз біле бермейтін көп мəселенің астарлы сыры жатыр. Немесе Б.Момышұлының 1943 жылы қазақ тілінің тағдыры жайында ҚКП ОК-тіне арнайы шаралар қолдану туралы жазған хаты Орталық Комитет ұйымдастырған мəжілісінде қаралып, тиісті шаралар қолдану жайындағы шешімі не себепті жүзеге аспай қалуында да, яғни, артынша ол мəселені тұншықтырып тастауында да, біз біле бермейтін беймəлім əрекеттің болғаны да көп нəрседен хабар беріп тұр.

Түркістан өлкесін жайлаған байырғы түрік халықтарының бəрін де компартия көсемдері «жабайы, жартылай тағы халықтар» деп еуропацентристік танымның тұрғысынан қарап бағалап тануының өзіндік саяси астары бар болатын. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халықтық барлық рухани қазына көздерін осы өктем еуропацентристік талап шеңберінен шықпай танып білу, осы тұрғыдан ғана насихаттау талабы саяси-идеологиялық өлшемге айналғанын ешкім де терістей алмайды.

1991 жылы тəуелсіздігімізді жариялаған күннен бастап қана ой-таным еркіндігіне шындап бет бұру басталды. Бүкіл рухани қазына көздеріне бөгде жұрттың көзімен қараудан арылып, өзіндік ұлттық таным тұрғысынан танып-білуге мүмкіндік алдық. Тəуелсіздік заманы жаңа ой еркіндігіне бағыт алды. Əдебиет пен тарихымызды, басқа да саладағы рухани қазыналарымызды осы ой еркіндігі мұнарасынан қарап ғылыми зерттеулерге сүйенуге əрі соның тұрғысынан танып білуге, танытуға ойыстық. Бірақ баспандап кірген құлдық санадан арылудың жолы мысқалдап шығатын кеселдей баяу өтетіні өкінішті. Бұған біздің елімізде отарсыздандыру саясатының Прибалтика еліндегідей тегеуірінде түрде жүрмеуі де себеп болған тəрізді. Өйткені ой-танымда тоталитарлық идеология арқылы қалыптасқан стереотиптік жаны сірі қасаң кеңістік ұғымдардың тез арада өзгеріп, санадан тез шайылып кетуі оңтайлықпен жүзеге асатын құбылыс емес еді.

Алдымызға қойылып отырған осы жаңа талап, соны таным тұрғысынан бір-екі өзекті мəселеге назар салып барлай қарасақ та, көп нəрсенің астарлы сыры айқындала түспек.

Осы тұрғыдан қарағанда мəселенің бастапқы басқышы, яғни тұңғыш табалдырығы, қазіргі күндегі түрік халықтарының ежелгі түптөркінін, яғни түріктік түпотанын (прародинаны) ғылыми негізде танып-білу деңгейінің тым аласылығында жатқандай.

Қазіргі түрік халықтарының прототүріктік түпотаны, сол тұстан бері қарай қалыптасып келе жатқан тіліміз бен діліміздің, дініміздің түріктік дүниетаным болмысымыздың пайда болған о бастағы бастау Отаны (прародинасы) қайда деген мəселеде əр түрлі танымдық ой-пікірлер, тұжырымды байламдар айтылып жүр. Сол прототүріктік Отанымызды дəл меңзей алып, ғылыми тұрғыдан адаспай тани алсақ қана, ата-бабаларымыздың рухани қазынасындағы есте жоқ ескі замандағы қара қазанынан дəм татып, табиғи жұпар исін сезінер едік.

Соңғы уақыттағы ғылыми ізденістердің барысында анықталған ата-бабалар қолымен жасалынған тұңғыш рухани қазынамыздың қалыптасқан ошағы, яғни прототүріктердің атамекені, қазіргі Жерорта теңізінің гректер жайлап, өзіндік өркениетін өркендеткен заманының ар жағында жатқаны ғылыми болжам негізде меңзеліп отыр [1].

Прототүріктік атамекен уақыты жағынан б.ж.с.б алты мыңыншы жылдың ар жағында жатқан уақыт межесіне сілтейді, яғни «А» сызықты жазуы» деп аталатын («өлі тілді») өте көне рухани əлеміне қарай меңзейді.

Жалпы гректер əлеміндегі «А» сызықты жазулар мен «В» сызықты жазулары түгел оқылған. Бірақ «В» сызықты жазуының сыры оқылып, ондағы сөздердің мəн-мағынасы ашылғанымен, «А» сызықты жазуындағы мəтіндердің мағынасын ашу мүмкін болмай келуі себепті, ол жазу оқылса да, ондағы сөздердің мағынасы ашылмауынан «өлі тілдер» қатарына ысырылды. Осы себепті ол жазуды ғалымдар «өлі тіл» деп қарастырып келді. Ал, бүгіндері ғалымдар ол жазудың құпия сырын ашып, оның түрік тіліне (қазақ тіліне) жататын өте көне жазу таңбасы екендігі анықталуда. Əрине, жаңалық атаулының бəрі де бірден мойындала бермейтіні бар. Мұны көне түрік жазу ескерткіштертін танып білу жолында орын алған машақатты талас-тартыстардың тарихынан хабары барлардың бəрі де біледі.

Бұл «А» сызықты жазу» таңбасы ғажап құбылыс əрі тамаша əлемдік жаңалық ретінде əйгіленіп, бүкіл əлем ғалымдарының назарына ұсынылуда. Олай болатын себебі, көне замандағы прототүріктер жасап қалыптастырған тұңғыш түрік өркениеті, яғни «А» сызықты жазу» табиғатын, қайталанбас дербес рухани əлем ретінде танып-білу міндет күн тəртібіне қойылуда.

Күні бүгінге дейін адамзат баласының теңдесі жоқ өркениет бесігі ретінде танылып келген Грек, Рим, Мысыр, Қытай өркениеттерінің пайда болу, қалыптасу уақыты б.ж.с.д. алты мың жылдық мерзім ішінде қалыптасқан бірігей құбылыс делінсе, түрік өркениеті осы алты мың жылдықтың ар жағында жатқан мейлінше көне тұңғыш рухани құбылыс деп танылуда. Сондықтан «А» сызықты жазу» өркениетті адамзат тарихындағы ең көне теңдесі жоқ тұңғыш өркениет үлгісі болып танылуы заңды құбылысқа айналмақ.

Түрік халықтарының түп ата мекені (прародинасы) саналған Жерорта теңізі аймағын темір құралмен қаруланған басқыншы жаулардың басып алу себептерінен прототүріктік ата жұртынан кеткен түрік халықтарының соңғы мекені жайында тарихта қилы болжам, пікірлер де бар. Қос өзенді жайлап, артына қайталанбас өркениет белгісін қалдырған шумерлер де сол түрік халықтарының бір сілемі болса керек-ті. Немесе түпотанын тастап шыққан түріктер басынан бұлт айналған Орал тауы мен Еділ-Жайық кеңістігін еркін жайлап, соңынан Алтай-Саянды сағалап тұрақтаған тарихи іздері сайрап жатыр. Халықтардың ұлы көші басталғанда ұлы дала бойын жайыла жайлап, атақты қолбасшы Еділ бастаған жорықтың қарқынына ілесіп, еуропалықтармен де араласа қоныстасып, бұл өлкеге өз мəдениетін ала келеді.

Ал, Алтай мен ұлы дала жонында қалғандары Тұран деп аталатын ұлы өлке кеңістігінде тұрақтайды. Тұран аталымы арабтардың жаулап алуынан кейін Түркістан деп аталды. Түркістан аталымы ол өлкені Ресей мен Қытай империясы жаулап алып отарлаған соң, Орта Азия деген атаумен алмастырылса, бүгінде Орталық Азия деп аталына бастады. Міне, осы Орталық Азиядағы түрік халықтарының тарихи тағдыры көне замандағы жұмбақ сыры мол жер шарының үш тұсында пайда болған тарихи алапат иірімдер аумағында тағдыры шешіліп жатты.

Оларды түсінікті болуы үшін нақтылы түрде атап өтер болсақ, ол тарихи алапат иірімдер төмендегіше айқындалмақ Ғұндар мен сақтардың, одан тараған түрік қағанаттары қытай, парсы жұртымен бетпе-бет келуі, екі арадағы тарихи талас-тартыстардың VІІІ ғасыр ортасына дейін созылып келіп, бəсең тартып босаңсуы тарту күші алапат зор тарихи иірімнің тоқырауына алып келді. Бар тарихи тағдырымыз VIII ғасырға дейін осы алапат тарихи иірім ауқымында шешімін тауып жатқаны түрік қағанаттарының тарихында өз болмысын толық көрсетті. 751 жылы Талас өзені бойында болып өткен соғыста қытай əскерінің күйрей жеңілуінен кейін бұл алапат тарихи иірімнің тартылыс қуаты əлсіреп, əрекет өрісі мүлде тоқтауға бет алды.

Түрік халықтары тарихтың алғашқы алапат иірімінің тарту күшінен босанып қана қоймай, өзінің бүкіл рухани болмысындағы халықтық жадының болмысын толық сақтап шығуымен де ерекшеленді. Түрік халықтарының тілін де, ұстанған дінін де, жазу таңбасы мен елді мекен жер атауында ұлы ханьдық, яғни қытайлық, мəдениеттің еш белгісі əсер етпей бастапқы табиғи қалпында сақталып, өзгеріске түспей өз қалпында жетті. Керісінше, музыкалық өнер жағынан қытайларға түрік халықтарының əсері болғанын тарихшы-ғалым əрі қытай тіліне жетік Əлімғазы Дəулетхан атап өтеді («Ақжол», 16.11.2006). Ə.Дəулетхан хундар пайдаланған «...қобыз аспабы 2000–3000 жылдан бері айтарлықтай өзгеріске түспей-ақ Қорқыт бабамызға, одан бізге жеткен» деп жазуында үлкен тарихи дерек көзі жатыр. Қобыздың шығу көзін біздердің Қорқыт атадан қайырып жүруіміз əбестік екенін аңғартады. Хундар заманында сахналық əн-би өнері болғанын қытай ғалымдарының өз аузымен атап өтетіні бар. Əрине, əн-би болған жерде өлең мəтіндері де болатыны табиғи нəрсе.

Дəулетхан Алып Ер Тоңа туралы жоқтау өлеңінен кейінгі тарихтағы нақты дəлелді көлденең тартады. Яғни қытайлар хундар пайдаланған «ху киімі, ху шатыры, ху төсегі, ху биі, ху театры, ху сыбызғысын» күнделікті тұрмысында астана ақсүйектері қажетіне жаратып пайдаланып отырған дерек көзін дəлел ретінде келтіреді. Ə.Дəулетхан, қытай деректеріне сүйене отырып, Қытайдың «Батыс хан патшалығы» дəуірінде өмір сүрген бегілі саясаткер əдебиетшісі Жия И (б.ж.с.д. 200–168 жж.) 10 томдық «Жаңа кітап» деген еңбегінің төртінші томында: «...Хундарда бұдан басқа «ху-шы» деп аталатын сахналық əн-би түріндегі өнері бар деп жазған айғақты дерек көзін келтіреді. Бұлардың бəрі де түрік халықтары əдебиет тарихының бастау көздері қайда жатқанын меңзейді. Əдебиет тарихындағы бұл іспеттес нақтылы дерек көздерінің б.ж.с.б. 726–168 жж. аралығында жатуы — кейбір менменсіп көкірегін көтере керген ұлы державалы астамшыл халықтардың түсіне де кірмейтін дерек көздерімен «тағы, жартылай тағы халық» атансақ та, заңды түрде мақтануға құқымыз бар халықпыз.

Бұл заман ауқымында түрік халықтарының рухани болмысы мен əдебиетінде, өнерінде өзінің түріктік белгілері де сақталып, олар бүгінгі ғылыми-зерттеу еңбектерінің нысанасына алына бастады. Жалпы түрік халықтары əдебиет тарихының бастау көздерін ғұндар мен сақтардың жəне көне түріктердің рухани ескерткіштерінен бері қарай тарту əрекеті жыл өткен сайын бел алып келеді.

Түрік халықтарының қара шаңырағын ұстанып қалған қазақ халқының əдебиет тарихын дəуірлеу жүйесін жоғарыда айтылған алапат тарихи иірімдер шеңберінде алып жүйелеуге табан тіреген орынды болмақ деп, төмендегідей қалыпты ұсынамыз. Бірақ біз бұл танымды тұжырымдамалық тұрғыдан ұсынғанда кейбір ұлт əдебиеттерінің (ұйғыр, түрік, əзербайжан т.б.) өзіне тəн ішкі даму ерекшеліктері болатынын назарда ұстаймыз. Бұл жайында əрқилы пікір танымдардың болу ықтималы да бар.

Қазірдің өзінде менің шəкірттерімнің бірі — Иманғазы Нұрахмет жақын арада қорғалған «Қазақ əдебиетінің төркіні мен тарихын дəуірлеу» деп аталатын кандидаттық диссертациясында қазақ əдебиеті тарихының бастау көзін б.ж.с.б. ғасыр ішінде жатыр деген ғылыми танымын ұсынды. Бұған дəлел қытай тілінде жазылған нақтылы өлеңдері мен көптеген шашыранды өлең жолдарымен айғақты да нақтылы дəлелдер келтіруде.

Бұл тақырыпты тереңдеп зерттеу арқылы жаңа танымның орнығуына негіз болып қаланатын талай əдеби қайнар көздерін ашып беретін айғақты дəлелдер де баршылық. Бұл күрделі ой танымды деректі əдеби қайнамдар көзімен салыстыра отырып сарапталғанда келетін ой түйіні, əсіресе, жалпы түрік халықтары əдебиет тарихының жүріп өткен ұзақ ғасырларға созылған жолдары тəрізді қазақ əдебиеті тарихын дəуірлегенде де оның ыза тартар бастау көзі тым алыста көне заман деректерінде жататыны алдымыздан шығады. Əрине, оларды халқымыздың басынан өткен алапат тарихи иірімдермен тікелей байланыста жатқан рухани құбылыстар ретінде қарау жөн сияқты. Ол құбылыстарды рет-ретімен қарастыратын болсақ, əдебиет тарихын жүйелеудің желісі төмендегідей қалыпта көрініс беретіні заңдылықты байқаймыз:

І. Біздер ендігі заманда қазақ əдебиетінің о бастағы ыза тартар бастау көзін барлық түрік халықтарына ортақ рухани мұра ретіндегі б.ж.с.б. VІІ ғасырдағы Алып Ер Тоңа туралы жоқтау жырынан бастау — заңды құбылыс деп қараймыз. Өйткені тарихи рухани туынды «Авеста» мен Фирдоусидің «Шаһнама» дастанында қатар өріліп бас кейіпкер ретінде жырланатын Алып Ер Тоңа (Афрасияб) туралы эпикалық тарихи жырдың бір көрінісі — шумақты он екі жолды өлең жолымен, бірыңғай желілі ұйқас түрімен ерілетін таза жоқтау өлең үзіндісі негіз болатын əдеби мəтіннің өзі-ақ ғылыми тұрғыдан қарағанда тарихи тұрғыдан əдеби құжат ретінде айғақтайды. Тарихтың алапат тұңғыш иірімі Тұран-Иран арасындағы көне замандағы тарихи тартыстан басталып, ғұндар мен қытай арасындағы тарихи алапат иірімінде жалғасын тауып жатқаны көп нəрсенің сырын аңғартады.

Ал, қазіргі ғылыми ойдың үдере жылдам дамуы бізге бұл мəселені жаңаша дүниетаным тұрғысынан шешу қажетттілігін алға қоя бастады. Тəуелсіздік заманы талап еткен ой-танымдағы өзгерістер біздің алдымыздағы күрделі мəселелер мен міндеттер қоя бастағаны күн өткен сайын айқын сезілуде. Мысалы, мен «Тұранның ұлы қағаны» деп аталатын Афрасияб (Алып Ер Тоңа) туралы ғылыми мақала (Ақжол. 2004) жарияладым. Мақалада б.ж.с.д. VІІ ғасырдағы Алып Ер Тоңа туралы жоқтау жырының өлең уəзініндегі («көг») желілі ұйқас түрінің дəстүрі Дулат ақын (1802– 1872) мен Абай (1845–1904) өлеңдерінде жалғастық тауып, «көг» өлең уəзініндегі есте жоқ ескі замандағы көне өлең өрнегінің дəстүрлік жалғастық тұрғыдан жаңаша дамытылуы өлең өрнектерінің болмысын ғылыми тұрғыдан талдау арқылы дəлелденді. Осы мақала Түркістандағы Түркология институтының жетекші ғылыми қызметкері Сайран Əбушəріпке түрткі салып, ол «Афрасияб» деп аталатын үлкен ғылыми монографиясын жариялады. Белгілі ғалымдардың бəрі де Афрасияб туралы көне дерек көздеріне назар сала бастады.

М.Қашғаридің «Түрік сөздігіндегі» Алып Ер Тоңа туралы эпикалық тарихи жыр сілемдерін жинастырып (600 өлең жолы, немесе 150 шумақ өлең), осы дерек негізінде түрік халықтары əдебиеті тарихын б.ж.с.д. VІІ ғасырдан бастаудың ғылыми негізі бар деп сеніммен ұсынып отырмыз. Сүйенер дəлеліміз — «көг» деп аталатын байырғы бармақ өлең уəзініндегі желілі ұйқастың қазақ əдебиетінде дəстүрлік жалғастық тауып, бүгінге дейін даму жолында түрленіп өзгерістерге түссе де, бастапқы табиғи қалпын таза сақтауында жатыр. Бұл көне дəстүр түрік халықтарының өлең құрылысында əрқилы түрде қолданылып келе жатқан өлең өрнектерінде өз белгісін танытып келеді.

ІІ. Қазақ жəне түрік халықтары əдебиеті тарихының екінші дəуірі V–VІІІ ғасырдағы түрік жазба ескерткіштерінен басталады. Дəл осы жазу тағбасындай шығысымыздағы сонау Енисей өзенінен басталып, Еуропаның Балқан тау сілемдеріне дейін созылған кең көлемдегі кеңістікті қамтитын əлемде басқа жазу таңбасы болған емес. Мұндай алапат рухани құбылыс мейлінше қалыптасқан мемлекеттік құрылыстан туындайтын болмысы бөлекше жатқан құпия сырға толы дүниеліктер. Еуразия өлкесінде шашырап жатқан əр тұстан кездесетін тасқа жазылған ескерткіштерді əлі де жанры жағынан толық айқындап ала алмай жатқан жазба ескерткіштерінің жанрлық табиғатын терең танып анықтау мəселесінде екі түрлі ой-пікір тұжырымдары орын алып, пікірталасы толастамай келеді.

Бір топ зерттеуші-ғалымдар еуропацентристік танымның ықпалынан шыға алмай көне түрік жазба ескерткіштерін «поэзиялық туынды» деп өлең жанрына жатқызудың басында проф. И.В.Стеблеваның «Поэзия тюрков VІ–VІІІ веков» (Москва, 1965) деп аталатын ғылыми монографиясы тұрады. Бірақ тас бетінде бедерленген көне түрік жазба ескерткіштерін ой жотамен өлең өрнегіне салудың дəлелді ғылыми негізі бар деуге келмейді. Өйткені проф. И.В.Стеблева —еуропацентристік иірімнің тартымынан шыға алмай қалған ғалымдардың бірі. Бұл түгіл ертедегі түрколог-ғалымдар көне түрік жазба ескерткіштерін əуелгі кезде түрік халқының рухани мұрасына қия алмай, оны еуропалық халықтардың ата мұрасына жатқыза қарағаны есімізде. Қашан тастағы жазулар түрікше сөйлегеннен кейін ғана олар лажсыз райынан қайтып, мойындауға мəжбүр болды емес пе?

И.В.Стеблеваның көне түрік жазба ескерткіштерін «поэзиялық туындыға» жатқызуының астарында осы еуропацентристік танымның ызғарлы табы жатыр. Олар түрік халықтарын жабайы, жартылай тағы халықтар деген танымды ұстанып келгенін бүгінде жасырып болмайтын шындық. И.В.Стеблева да осы таным тұрғысынан түрік поэзиясының көне заманда туып қалыптасқан «көг» (бармақ уəзіні) деп аталатын өлең өлшемі болғанын аңғарып біле алмаған. Сондықтан VІ–VІІІ ғасырлардағы түрік өлең өрнегінде бір қалыпқа түсіп, жетілген өлең өлшемінің болуы мүмкін емес деп тұқырта қарауы себепті, баяндау үлгісіндегі тарихи шежіре жанрын «поэзиялық туынды» деген қорытындығы алып келген. Мұндағы мақсаты V–VІІІ ғасырға дейінгі түрік өлең өрнегі əлжуаз, дамып жетілмеген, бар даму деңгейі осы ғана деген балаң танымды алға тартады.

Түрік өлең сөз мəдениетінің басы б.ж.с.д. VІІ ғасырында Алып Ер Тоңа туралы бізге жеткен жоқтау өлең жолдарында жатыр. Ондағы өлең шумақтарын қай жағынан алып талдасаң да, шұқшия қарасаң да қалыптасқан өлең өлшемі негізінде шығарылған ауызша поэзиялық туынды екеніне көзің анық жете түседі.

Осы айтылған ой пікірлері ескере отырып дарынды ойшыл ғалым Құлмат Өмірəлиев: «... орхон ескерткіштерін «түрік поэзиясы» деп тану — бізге жеткен дүниені (табылған барды) түркі халықтарының сөз мəдениетінің басы деп түсінуден барып туған қате пайымдаулар», — деп жазған болатын [2].

Шындығына келсек, тас бетінде бедерленген көне түрік жазба ескерткіштерінің бəрі де проза жанрының өзіндік бір уақыт талабы тудырған қайталанбас түріне жатпағы жөн сияқты. Өйткені ол жазба тас ескерткіштеріндегі көне түріктік «көг» өлең уезініне сай жыр өрнектері, яғни буын, бунақ, ұйқас, шумақ, ішкі ұйқас түрлері табиғи қалпында өз ерекшелігін көрсете бермейтін жағын қайда қоямыз?

Б.ж.с.д. VІІ ғасырда «көг» өлең уəзіні, яғни бармақ уəзіні, сияқты қалыптасқан өлең өлшемін көне түрік жазба ескерткіштері не себепті ата дəстүрі ретінде қабылдап жалғастырып əкетпеген? Өйткені олар проза жанрында жазылуы себепті ол өлең дəстүрін жалғастырып əкетудің реті келмейді. Егер көне түрік жазба ескерткіштері өлеңмен жазылғанда, сөзсіз, ол дəстүр міндетті түрде қолданысқа түсер еді. Егер ол ескерткіштер өлең түрімен жазылғанда, желілі ұйқасты бармақ уəзінімен жазылған дəстүрдің жалғастық тапқан ғажап үлгілерін көрген болар едік.

Көне түрік жазба ескерткіштерінің табиғи жанрын дəл анықтап алмай жатып, проза түріндегі туындыны жасанды түрде поэзия жанрына жатқызып танытуымыздың қисыны жоқ. Түбінде жасанды танымды əр кезде-ақ табиғи таным өз қалпына түсіріп отыратын заңдылық үстем болса керек-ті.

V–VІІІ ғасырлардағы көне түрік жазба ескерткіштері дəуіріндегі аласапыран тарихи оқиғалардың болмысынан терең мазмұнды сыр шертетін тарихи шежіре жанры тілімен жазылған көне түрік жазба ескерткіштері дүниеге келді. Осы себепті бұл бірінші əлемдік алапат тарихи иірімнің шеңберінде көк түріктер қағанаты мен Қытай империясының арасында болып өткен сан қилы талас-тартыстардың шеңберінде қаралуы жөн. Бұл тартыс сонау көне замандағы Ғұндар мен Қытай империясы арасында болып өткен тарихи тартыстардың заңды жалғасы болып табылатын алғашы алапат тарихи иірімнің өзіне айналып кетті десе болғандай.

Бұл таным бізді бүгінге дейін қазақ əдебиеті тарихи белгілі ғалым профессор Б.Кенжебаевтың тұжырымдамасы негізінде басқа туысқан түрік халықтары тəрізді VІІІ ғасырдағы ойма жазу ескерткіштерінен (Орхон, Енисей жазба ескерткіштері) бастау алып, даму үстінде келеді.

Түрік халықтары көне замандардағы парсы жұртымен (VІІІ ғасырдан бастап парсыларды жаулап алған арабтармен) бетпе-бет келіп, соңыра олармен бар салада мидай араласып, құндылықтар алмасуымыз VІІІ–ХVІІІ ғасыр аралығына дейін мың жылдан астам уақытқа созылған осы екінші тарихи алапат иірім ауқымында өтіп жатты. Он ғасырдан астам ұзақ мерзімге созылған осы аралықта түрік халықтарының тағдыры шешіліп, рухани құндылықтары талай рет сапырылысқа түссе де, өзінің халықтық əдет-ғұрыптың тамырынан қол үзбеген өміршең дəстүр жалғастығын бастан кешіп жатты. Дегенмен түрік халықтарының рухани дүниетанымында елеулі өгерістер орын алып, қоғамдық ғылымдар мен көркем əдебиет туындыларында сырттан енген маргиналдық сананың белгісі анық аңғарылып тұратыны бар. Мысалы, атақты түрік халықтары əдебиетінің классикалық туындысы Жүсіп Хасқаджиптің «Құтадғу білік» дастанында молынан сөз болатын мұсылмандық дүниетаным салаларынан елеулі көріністері осы айтылған пікірдің айғағындай алдымыздан шығатынын терістей алмасақ керек.

Қазақ жеріне мұсылмандық дін VІІІ ғасырдың орта тұсында біртіндеп ене бастады. Халқымыз ұстанған монотеистік танымдағы Тəңірлік дін осы танымды ұстанған ислам дінімен үйлесім тауып, жаңа діннің бейбіт жолмен халық санасына сіңісуіне мүмкіндік тудырып отырды. Осы ерекшеліктен болса керек тəңірлік діннің кейбір атрибуттары бүгінге дейін халқымыздың салт-санасында жиі ұшырасып отыратыны жай нəрсе емес-ті.

Ислам діні дендеп енумен бірге қазақ даласына араб əлемінің ғылымы мен мəдениеті де кеңінен тарап, мектеп медреселер арқылы кеңінен тарап өрісін жая түсті. Араб ғылымы мен философиялық ойын дамытуға түрік елінен шыққан Əл-Фараби, Бируни, Ж.Баласағұни, Ясауи, тағы басқа саңлақтар айтарлықтай үлес қосып жатты.

VІІІ–ХVІІІ ғасыр арасында мəдениет пен философиялық ой танымдағы, өнер мен ғылымдағы бүкіл адамзаттың ой-танымы деңгейін биікке көтерген өнер, ғылым саңлақтары туындыларында көрініс берген өмір шындығын əлемдік алапат тарихи екінші иіріміне тартылған құбылыс ретінде қараймыз. Бұл аталып өткен тарихтың алапат иірімінің тарту күші он ғасыр бойы түрік халықтары əлеміндегі мəдени, рухани болмысымызды қалыптастыруы себепті бұл кезең ішінде болып өткен əдеби болмысымыздың даму жолындағы іштей байланыстағы үш кезеңін қамтитын құбылысты көреміз.

ІХ–ХІІ ғасырлар арасындағы Қараханидтер дəуіріндегі түрік халықтарының бəріне ортақ тұңғыш жазба əдебиетінің классикалық туындыларын қамтиды. Осы кезеңнің маңдай алды ұлы туындылары Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» дастаны, М.Қашқаридің көп томды «Түрік сөздігі», Ясауидің «Хикметтері», Бақырғани мен Сопаллаярдың, тағы басқа ақындар мен ойшылдардың туындыларында сол заманның рухани əлеміндегі өзгерістер өз көріністерін беріп жатты. Түрік халықтарының рухани əлемінде бүкіл адамзаттық жəуан мəртілік ілімінің негізі салынып, адам жанын рухани жағынан тазаруы жайындағы ар ғылымы қанат жайып, өрісі кеңи түсті. ХІІІ–ХV ғасырлардағы Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет тарихында ортақ рухани тұтастықтың болмысын жырға қосып əспеттейтін жазба əдебиет үлгілері дүниеге келді. Алтын Орда заманында туындаған ортақ рухани тұтастықты жырға қосқан əдебиет туындыларын танып білу бізде көпке дейін қолға алынбай келуіне ұлы державалық таным ырық бермей келді. Тіпті Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет деген атаудың өзін тұншықтырып қуғынғы салып отырды.

Түрік халықтарын рухани бір тұтастыққа түсіріп билеп отырған Алтын Орда империясы ыдырап, түрік халықтары көптеген ұсақ хандықтарға бөлініп, тарыдай шышылып бөлшектеніп кетті.

Дербес халықтардың билігіндегі түрік халықтарының өздеріне тəн ұлттық əдебиеттері пайда болып, өріс ала бастады. Осы себепті Алтын Орда ыдырап кеткенге дейінгі түрік халықтары əдебиетін солардың бəріне тəн ортақ əдебиет ретінде танып, қарастыруға бағыт алдық. Осы таным тұрғысынан бүкіл түрік халықтарына ортақ əдеби мұраларды, яғни Алып Ер Тоңа туралы эпикалық тарихи жырды, ойма жазу ескерткіштерін, Оғыз қаған эпосы мен Қорқыт мұрасын, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Ясауи, Бақырғани жəне тағы басқа əдеби құндылықтарды, түрік халықтарының бəріне ортақ əдеби мұра ретінде тану мəселесі мақұлдануда. Осы жағдайға орай ХV ғасырдан бастап Алтын Орда империясы құлап, түрік халықтары бірнеше ұсақ хандықтарға бөлініп, өмір сүре бастаған заманды ұлттық əдебиет тарихының Басталу кезеңі деп тану мəселесі де алға қойылып отыр. Міне, осы ортақ таным тұрғысынан келіп, əдеби мұраны əркім өз ұлтына қарай тартқылып таныту əрекетіне тосқауыл да қойылмақ.

ХV–ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы тұсындағы абыздардан өріс алған жыраулық əдебиет үлгілері біздің əдебиет тарихында Қазақ хандығы тұсындағы қазақ əдебиеті деп аталып жұр. Қазақ ұғымындағы абыздар интуитивтік сана-сезімнің өкілі болуы себепті келешекті алдын ала болжай білетін көріпкел сөз өнері жағынан қазақ көркем өнерінің синкреттік табиғатын орнықтырған белгілері мен көріпкелдік қасиет жыраулар поэзиясында көрініс беріп отырды. Мысалы, Асан Қайғыдағы интуитивтік сана-сезімнің орын алған белгісі оның көріпкелдік, алдын болжағыштық сөздерінен көрінеді. Мысалы, оның «Мұнан соң қилы-қилы заман болар» толғауындағы болжамын Бұқар жыраудың Абылай хан сұрауына берген жауабында анық сезінеміз. Біздің қазақы ұлттық əдебиетіміз Қазақ хандығы тұсында қалыптасты. Бұл кезеңдегі рухани тұтастығымыз, қалыптасқан бір бүтін мəдениетіміз, монолитті тіліміз, исламдық дініміз, ұлттық дүниетанымымыз бен салт- санамыз, əдет-ғұрпымыз мызғымас бір ізділікке түсті. Бұл ерекшеліктің бəрі де арғы басы абыздардан басталатын жыраулар поэзиясының табиғатында тұнып тұр. Бұл асыл қасиеттерден біз отаршылдық заманда сырттан енген қысымның күшімен біртіндеп айырыла бастадық.

Тұран өлкесі халықтарының тағдыры ХVІІІ ғасырдан бастап Ресей империясымен бетпе-бет келіп, сол арқылы еуропалықтармен жалғасып, тікелей қарым-қатынасқа түсуіміз бүгінге дейін созылып отырған тарихтың аса қуатты үшінші иірім шеңберінде шыр айналып, тағдырымыз осы иірімнің тарту күшімен шешіліп келеді.

Тұран өлкесін жайлаған барлық түрік халықтарының тарихи тағдыры мен рухани болмысы, ондағы болып өткен түрлі тарихи сапырылыстардың бəрі де осы аталып өткен тарихтың сырға толы үш бұрышындағы адуынды тарихи иірімдірдің тартылыс шеңберінде өтіп келеді. Біз үшін енді тарихтың үш бұрышы саналған осы кеңістікте пайда болып қалыптасқан рухани қазынамызды (біртіндеп қалыптасқан жалпы түрік халықтарының рухани əлемі, оның ішіндегі əдеби-мəдени қазынасы) осы кеңістік аумағында қарастырып таныту міндеттері алға қойылып, жаңаша дүниетаным негізінде сарапталған шешімдер негізін танып білуді филолог, тарихшы ғалымдар мен қазақ философтарынан күтудеміз.

Жалпы түрік суперэтносының (қазіргі күнде 49 ұлт пен ұлыс) бір əлеуеттің бұтағы — қазақ əдебиеті тарихының дəуірлеуін аталып өткен тарихи тағдырымызбен бірлікте алып қарастыру мəселесі бүгінде күн тəртібіне қойылып, ғылыми тұрғыдан шешімін күтуде. Өйткені бүкіл болмысымыз бен рухани əлеміміздегі жақсылы-жаманды бүкіл өзгерістеріміз түрік халықтарының Ресей мен Қытай империясы отаршылдық саясатының желісінде шешіліп келді. Осы себепті бодандық дəуірде дүниеге келген əдебиетімізді отаршылдық дəуірдегі əдебиет деп атауды ұсынып келеміз.

ХVІІІ–ХХ ғасырдағы отаршылдық дəуірдегі əдебиет төмендегідей қалыпты жүйеге түсіріліп сараланбақ.

ХVІІІ ғасыр басындағы вассалдық дəуірдегі, яғни, сырттай Ресей мен Қытай империясы билеген, ал ішімізді өзіміз билеген кезеңнің əдебиеті. Бұл тұстағы ұлттық идеяның ұраны қалмақтарға қарсы Ұлы Отан соғысында халықтық деңгейге көтере алды. Бұл замандағы өмір шындығы Бұқар жырау бастаған жыраулар поэзиясында өз көрінісін тауып жатты.

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы бір тұтас қазақ əдебиетінің отаршылдық ырқына түсіп, бөлшектену, бұрынғы тұтастығынан айрылу заманы басталды. Осының нəтижесінде Қазақ хандығы кезінде бір тұтас, біркелкі дамып келген қазақ əдебиеті отаршылдардың кəнігі «бөлшекте де билей бер» саясаты нəтижесінде үшке бөлініп, арасы ашылып, алшақтап кеткен қалпын көреміз:

  • Кіші жүздегі сұлтан-правительдер билігі тұсындағы саяси-əлеуметтік жағдайдан туындаған қайталанбас өмір шындығы Махамбет бастаған ақындар поэзиясында толық бейнеленді. Бұл ақындар жырындағы ортақ белгі сұлтан-правительдер образын жасаудағы ақындық бағыт пен сатиралық сарын мығым түсіп жатты. Бұл өлкенің орталығы Орынбор қаласы болып табылады;
  • Орта жүздегі отаршылдық ел билеудегі өзіндік ерекшелік аға сұлтандар билігі тұсындағы өмір шындығын əшкерелей жырлап аға сұлтандар образын сомдаған Дулат ақын бастаған ақындар шығармаларында қайталанбас өз көрінісін беріп жатты;
  • Қоқан хандығы қол астындағы Ұлы жүздегі ел билеу жүйесіндегі датқалар билігі дəуіріндегі əдебиет дəуіріндегі əдебиет Жанкісі жырау мен Сүйінбай бастаған ақындар поэзиясында датқалар образын сомдап бейнелеудегі ортақ сарынды ұшыратамыз.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясы мен Қазақ жері мен Түркістан өлкесін тұтас жаулап алған соң, оларды Ресейдің ел билеу жүйесіне жақындату мақсатымен ел билеудің бірыңғай территориялық принципті ұстанған болыстық жүйесін ендіру дəуіріндегі əдебиет кезеңі 1867 жылдан 1917 жылға дейін созылды. Қазақ əдебиетінің ұлы классигі Абайдың саналы өмірі осы билік жүйесінің шеңберінде өтті. Осы дəуірдегі саяси-əлеуметтік өмірде болып өткен өмір шындығы тудырған құбылыс атаулының бəрі де Абай шығармаларында реалистік тұрғыдан дəл суреттеліп, өз көрінісін толығымен беріп, əдебиетті жаңа өріске бастады. ХХ ғасыр басындағы, яғни, Ояну дəуіріндегі əдебиет деп атауымыздың мəнісі осы тұста əдебиет майданына қызу араласқан ақын- жазушылар шығармасындағы ортақ сарын қазақ халқының ұлттық санасын оятуға жұмыла кірісуіне байланысты осылай атап отырмыз. Бұрындары осы тұстағы əдебиет тарихын жүйелуде оны екі бағытқа бөле қарайтын. Біріншісі, бұржуазиялық ұлтшылдық əдебиет деп аталса, екіншісі, ағартушылық-демократиялық бағыттағы əдебиет деп бөлінетін. Əрине, бұл ғылыми танымға шалыскелетін əдебиеттің партиялығы мен таптығы деген марксистік дүниетаным тұрғысынан қабылданып саясаттанған байлам болатын.

Алаш ұранды əдебиет таптық, партиялық танымды қабылдамауы себепті, олардың артына шам алып түскен ұр да жық солақай сындар жазған əдебиетшілер де баршылық еді.

Кеңестік билік дəуіріндегі əдебиет 1917 жылдан 1991 жылға дейін созылды. Қазақ совет əдебиетін дəуірлеу мəселесі туралы ой-танымдар совет ғалымдардың ой-пікірі мен ұстанған жолдары қалың оқырман қауымға кеңінен мəлім.

Кеңестік билік заманындағы əдебиет əлемінде болып өткен халық санасының мəңгүрттеніп, жас ұрпақтың тарихи жадынан айрылып, коммунистік партияның бір текті кеңес адамын қалыптастыру саясатының теріс əсері жайында айта кетудің де жөні бар.

Қазақстанның тəуелсіздік жолына түсуіне байланысты ой-сана мен танымдағы түбірлі өзгерістердің ұлттық сананы оятуына орай өткен заман мен кеңестік дəуірдегі əдеби-мəдени құндылықтардың бəрін де оянған ұлттық сана мен бүгінгі заман талабы тұрғысынан халықтық тарихи жадымызды жаңғыртуына қарап бағалайтын бағыт-бағдар күн өткен сайын күш алып үдей дамып келеді.

Кеңестік дəуірдегі əдебиет тарихын сөз еткенде, онда айрықша орын алған əдебиеттегі бір рухани құбылыстың қайталанбас өзіндік ерекшелігіне назар аударып, оның орын алу себебін айқындап алудың орны да, жөні де бар. Өйткені қазақ халқының бір ғасыр ішіндегі, яғни XIX ғасыр ішінде, өмір сүрген төрт түрлі ұрпақ аралық алмасудың төрт кезеңі де рухани тұтастық желісі үзілмей ұрпақ дəстүрі жалғасын тауып бірінен-біріне өтіп отыратын заңдылық сақталған. Өткен ғасырлардың бəрінде де осы заңдылық үстем болып толассыз жүріп жататын. XIX ғасыр ішіндегі отарланған заманның өзінде де саяси-əлеуметтік жағдайдың отаршылдық саясат арқылы бұзыла бастаған өзгерістерге орай ұлттық рухани дəстүрде үзіліс болмай, ұрпақтар заңды жолмен алмасып отырған дəстүрлі тұтастықтың жалғасын көреміз. Бұл құбылыс ғасырлар бойы қайталанып, үзіліссіз жалғасын тауып отыратын табиғи қалпы жайында Бауыржан Момышұлы: «У нас есть последственная преемственность всего благородного от поколения к поколению. Именно в этом достоинство нашего народа. Именно в этом суть нашего прогрессивного мышления и стремления к идеалам...», — деп өзінше жаңаша танымдағы ой толғанысынан ұрпақтар алмасуы арасында дəстүрлі жолмен болып жататын табиғи заңдылыққа айрықша мəн бере қарайтын ғылыми ой танымын ортаға тастайды. Кеңестік дəуірде айтылған бұл көреген əрі батыл пікірде саналы ұрпақ сабақ алар ғылыми ой-өнегесі жатыр.

Кез келген ұлттың бойындағы осы тұрақты табиғи заңды құбылыс XX ғасыр ішіндегі қазақ қауымы арасындағы ұрпақ алмасу тұсында елміздегі саяси-əлеуметтік алапат өзгерістерге байланысты ұрпақтар арасындағы рухани дəстүр жалғастығы алғаш рет зорлықпен күрт үзіліс тауып, қасіретті рухани құбылысқа айналып жүре берді. Бұл қазақ қауымының басына алғаш рет түскен аса ауыр қасірет XX ғасыр ішіндегі ұрпақтар алмасу жолында айрықша қайталанбас өз көрінісін берді. Бұл өзгерісті еске алмай кеңестік дəуірдегі қазақ əдебиетінде болып өткен адам жанындағы рухани өзгерістердің табиғатын терең танып біле алмаймыз. Бұл құбылыстың сырын танып білу ғана бізді шындық жолға тура бастайды.

Қазақтардың «Елу жылда — ел жаңа, жүз жылда — қазан» деген өмірлік тəжірибеден туған даналық сөзінің терең мəн-мағынасы барлығына ой жүгіртіп, жүз жыл ішінде алмасатын ұрпақтар буынындағы ерекшелікке айрықша мəн бере қарау қажеттігі алдымыздан шығады. Мысалы, қазақ халқының XIX ғасыр ішіндегі ұрпақтар буынының алмасу ерекшелігіне назар аударсақ, дүниетанымдағы ұлттық салт-санадан, əдет-ғұрыптан дəстүрлік жалғастықтың бұрыннан қалыптасып келе жатқан табиғи болмысы толассыз бір ұрпақтан келесі ұрпаққа тоқтаусыз өтіп отырған табиғи қалпын көреміз. Бұл дəстүр əр халықтың жүз жыл ішінде ата буын, аға буын, орта буын, жас буын болып, бұлар кезекпен алмасып отыратын тұрақты табиғи заңдылығын айғақтайды. Халықтық дүниетаным, əдет-ғұрып, салт-санадағы ұлттық таным бір ұрпақтан келесі ұрпаққа дəстүрлік жалғастық тауып отырды. Мұны ұлы Абайдың сөзімен кестелеп айтар болсақ:

 Дүние — үлкен көл,

Замана соққан жел.

Алдыңғы толқын ағалар,

Соңғы толқын інілер,

Кезекпенен өлінер,

Бəрі бірдей көрінер, —

деп бұл табиғи құбылыстың ұрпақтар арасындағы заңды түрдегі алмасуының өзі болып шығады. Толассыз өмір ағысындағы үнемі қайталанып отыратын ұрпақтар арасындағы тұрақты рухани дəстүрлік жалғастықтың мəңгілік тұрақты құбылысқа айналған заңдылығы ашық көрініп тұр. ХVПІ ғасырдағы Бұқар жыраудан Жанақ ақынға дейінгі өнер саңлақтарының бірінен-біріне өткен дүниетанымдағы рухани ұлттық дəстүр жалғастығына қылау түспеген. Ал, XIX ғасырдағы Махамбеттен (1804 жылы туған) басталып, Абаймен (1904 жылы қайтыс болған) екі аралықтағы бір ғасырға созылған төрт буын ұрпақтың заман сазына сай пайда болған туындыларында да буын арасындағы рухани дəстүрлік жалғастық табиғи қалпын бұзбай сақтаған ерекшелік те айқын із тастап тұр. Ұрпақтар арасындағы сан ғасырлар бойы қайталанып келген осы тұрақты табиғи рухани дəстүрлі жалғастық түңғыш рет XX ғасыр ішінде кенет қолдан зорлықпен бұзылып, түбірлі өзгеріске түсіп күрт үзіліп қалуы аса ауыр орны толмас ұлттық рухани қасіретімізге айналды. Бүгінде соныңуытты зардабын əлі де болса тартып келеміз.

Қазір баспасөз бетінде неге ауылдарда қазыналы ақылгөй шежіре қарттарымыз мүлде азайып көз жаздырып барады. Ал əжелеріміздің көбі, əсіресе, қалалы жерлерде «цивилизованный» əжелерге айналып, немере-шөбелерін бауырына басып мəпелеп бағып қағудан сырт қалуда? Бұрындары ата ұрпақ арасында əр ауылда ұлтымыздың рухани қазынасын бойына жиған көкірегі шежіре қарттарымыз мол болып, өмірден көріп білгендерін жас ұрпақтың құлағына сіңдіріп бір ауылды бір өзі-ақ тəрбиелеп отырушы еді. Енді олардың орны толмай отырса, халықтың əжесі болған Абайдың əжесі Зере мен Бауыржан Момышұлының əжесі Қызтумас тəрізді əжелер бүгінде некен-саяқ, сирек ұшырасуда. Осы себепті оқырмандар тарапынан «неге?» деген сұрақ жиі қойыла бастады. Бұл құбылыстың құпия жасырын сыры жоқ, бəрі де ұрпақтар буыны алмасқанда сақталып келген бір буыннан келесі буынға ауысып отыратын тұрақты ұлттық рухани дəстүрлі салт-сана, əдет-ғұрыптағы табиғи жалғастықтың тоталитарлық зорлықпен күрт үзіліп, күшпен жойылуында жатыр.

XX ғасыр басындағы ата ұрпақтың бойындағы рухани қазынаның аға ұрпаққа берілер дəстүрлік жалғасын кеңестік таптық саясат саналы түрде күрт үзілуіне алып келді. 1930–1937 жылдан кейін дүниеге келген бүгінгі ата ұрпақ өкілдері тұтастай мəңгүрттену жағдайын бастан кешті. Бұлардың мəңгүрттенуіне Қазақстан Республикасының басшысы болған қаныпезер, ұр да жық əрекеттің иесі Голощекиннің И.В.Сталинге жазған қызмет хатында (Советская степь, 20.11.1927.): «...бесінші кезеңде — қалған барлық қазақ зиялыларының көзін жойып, қазақ əліппесін тағы да ауыстырып, осындай əдіспен жеткіншек ұрпақтың өз халқының тарихын бастапқы тума көздерден оқып білу мүмкіндігінен айыру», — деген саяси ұстанымдағы бағдарламасын Сталиннің: «Голощекин жолдас! Менің ойымша, қызметтік жазбада атап көрсетілген саясат, негізінен, бірден-бір дұрыс саясат болып табылады», — деп ресми түрде бекітіп беруі арқылы келешек жас ұрпақты тұтас мəңгүрттендірудің саяси негізін салып беруінде басымызға түскен барлық қасіреттің өзекті қанды желісі жатыр...

Осы аға ұрпақтың өкілінің бірі — менің өзім де қатты мəңгүрттеніп, ұлттық сананың оянуына байланысты есімді əрең əрі кешірек жидым. Голощекин ұстанған саясаттың көздеген мақсаты негізінде мен, өз замандастарым сияқты, қазақ əліппесінің ауысуына байланысты өзіме дейінгі ұрпақтың ой қазынасын оқып-білуден мақұрым қалдым. Біздер халықтың тарихи жадынан қол үзіп, ата ұрпақтың бойындағы дəстүр арқылы бізге ауысатын барлық ой қазынасынан айрылып құралақан қалдық. Біздерді, жасөспірім жастарды, халықтың ұлттық əдет-ғұрып, салт-санасын байшылдық- феодалдық қалдықтың кертартпа қалдығы деп танытты. Мен өсе келе мəселеге сын көзімен қарайтын деңгейге жетсем де бəрібір мен жазған ғылыми, публицистикалық еңбектерде мəңгүрттіктің рухани табы аңдаған кісіге байқалып тұратынын өзім де іштей сезінемін.

Табиғи жолымен сақталып дамып келген бұл рухани дəстүрлі жалғастықтың бұзылу себебі қайда жатыр деген сұрақ алдымызға қойылып, оның себебін танып-білуге назар аудармай тұра алмаймыз. Бұл мəселе əсіресе ұлттық əдебиет саласында орын алған асыра сілтеу заманында анық белгі беріп жатты.

Ал енді XX ғасыр ішіндегі қазақ елінің алғашқы буын өкілі, яғни ата буын өкілдері (мысалы, 75 пен 100 жас арасындағы өкілі А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Əуезов т.б.), одан кейінгі екінші буны, яғни аға буын өкілдері (50 мен 75 жас аралығындағы Ə.Əлімжанов, С.Жүнісов, О.Сүлейменов, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Ғ.Қайырбеков т.б.), үшінші буын, яғни 25 пен 50 жас аралығындағы, орта буын өкілдері, ал ең соңғы буынға жататын 25 жасқа дейінгі жаңа буын жас толқын арасындағы рухани ұлттық дəстүрдің жалғастық таппай қалуынан орны толмас аса ауыр қасіретін шегіп отырмыз.

Сан ғасырлар бойы біздің ой-санамызға сырттың идеологиялық əсері басым түсіп жату тəрізді келеңсіз құбылыстың орын алып, одан арыла алмай отыруымыздың себебі мен сыры қайда жатыр?

Бүгінгі ата ұрпақтан басталған жаппай мəңгүрттенудің ең соңғы ұрпақтарға дейін созылып келуінде қандай себеп бар? Оның төркіні қайда жатыр? Осыларды жете танып білмейінше, XX ғасыр ішіндегі ұлттық əдебиет тарихында болып өткен əр түрлі рухани құбылыстардың астарын дəл танып, саяси-əлеуметтік себептерін толық біліп анықтай алмаймыз.

Бұл құбылыстың түп тамыры Ресей империясы мен оның мұрагеріне айналған Кеңес үкіметі жүргізген əділетсіз ұлттық саясаттың астарында жатыр. Отаршыл Ресей империясы өзі жаулап отарлаған Түркістан өлкесіндегі халықтарды шоқындырып орыстандыру саясатын мемлекеттік саясат деңгейіне көтерді. Осы мақсатқа жету үшін аямай жомарттықпен қаржы бөліп, миссионерлік ұйымдарды қоздатты. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бұл аса жауапты жұмысты атақты профессорлар Ильминский, Алекторов, Остроумов тəрізді миссионер ғалымдарға тапсырды. Олар қазақ елін шоқындырып, орыстандырудың ең қолайлы төрт түрлі ұрымтал жолын пайдаланудың идеологиялық күрес жолын алдымен қолға алғандар болатын.

Олар, біріншіден, қазақ жастарын тек аралас мектептерде (орыс-түзем мектептері) оқыту арқылы ұлттық санасын өшіріп, алдымен, жастардың тарихи жадын шайып мəңгүрттендіру жолына шешуші мəн бере қарады. Миссионер-ғалымдар орыстандырудың басты кілті аралас мектеп түрінде жатыр деген танымды ұстанды. Осы танымды кеңестік идеологтар аралас мектеп — халықтар достығын нығайтатын идеологиялық құрал деп қарады. Қазақстан Оқу министрінің орынбасары Щербаков Қазақстандағы аралас мектептер халықтар достығын нығайтуда тəлім-тəрбие беру жұмысының ең өзекті мəселе екендігі жайында кандидаттық диссертация қорғады. Бұл «ғылымсымақ» диссертацияның қорғалуына жазушылар С.Мұқанов, Б.Момышұлы, тағы басқалар тікелей қарсылық білдірді. Ғылыми кеңесте С.Мұқанов қатты сынап сөйлесе, Б.Момышұлы Сəбеңе берген хатында: «Сəке! Мен ойланып ҚазПИ-дің бүгінгі жиналысына бармайтын шешімге келдім. Бір жаман орысқа күллі қазақ шуылдап, жабысу бізге жараспайды. Адамды өлтіру үшін бір-ақ оқ керек. Сіздің сөзіңізге қосымша — том 24, 154–155-бет В.И.Ленин: «У нас например, при Комиссариате просвещения или около него есть коммунисты, которые говорят: Единая школа, поэтому не смей учить на другом языке, кроме русского, по-моему, такой коммунист это — великорусский шовинист. Он сидит во многих из нас. С ним надо бороться, их надо убрать с пути просвещения», — дейді В.И.Ленин», — деп жазуы арқылы өз қарсылығының төркіні қайда жатқанын меңзеп өтеді.

Бүгінде тəуелсіз Қазақстанның Білім жəне ғылым министрлігі осы кертартпа танымға қарсы күрес жүргізудің орнына соның артынан мұрнын тескен тайлақтай елпектей еріп келе жатқанын көргенде сүйінесің бе, күйінесің бе? Қазақстандағы екі мыңнан астам аралас мектептер өмір сүріп тұрғанда жас буын жаңа ұрпақтың мемлекеттік тілді меңгеруі екі талай. Бұл мектепте оқитын қазақ балалары орыстанудың классикалық жолынан өтіп жатқаны Білім жəне ғылым министрлігінің санасына кіріп те шықпайды! Не деген танымсыздық, не деген керенаулық?...

Екіншіден, қазақ жастарының халықтық тарихи жадын жойып, ұлттық дəстүрінен қол үздіру үшін қазақ халқының он ғасыр бойы қолданып, мұсылмандық, ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың негізін қалаған араб жазу таңбасын əуелі латын (1930 ж.) таңбасына, артынша 1940 жылы бірден орыс жазу таңбасына ауыстыру арқылы халықтың тарихи жадын шаю сияқты аса нəзік саясат арқылы өткен тарихын білуден мүлдем мақұрым қалдыруды көздеді. Голощекин мен Сталиннің ұстанымы өз «жемісін» тоқтаусыз түрде беріп жатты. Осы себепті түрік халықтарының ортақ жазу таңбасы мен ортақ емлеге негізделіп əрі түрік халықтарының рухани тұтастығын сақтаудың кілтіне айналған түрік халықтарына ортақ араб жазу таңбасын істен шығаруды саяси- идеологиялық мақсат ретінде ұстанды. Бірақ орталық осы саясатын қазақтардан шыққан солшыл танымдағы қоғам қайраткерлері мен сатымсақ ғалымдарының қолымен жүзеге асырған айлакерлік саясаттың қулығына құрық бойламайтын жағына да назар салмақ керек. Бұл саяси мақсатты қазақ зиялыларын бір-біріне қарсы қойып, солардың солшыл ұраншыл тобының қолымен жүзеге асырып жатты.

Үшіншіден, Ресей империясы түрік антропонимдерінің орнына біртіндеп орыс, еуропа антропонимдерін шым-шымдап сіңдіру амалын іске қосты. Бөгде халықтар антропонимін тұтынған қазақ олардың идеясы мен рухын өл-өлгенше насихаттайтын ұлттық рухы өлген тіл алғыш нағыз мəңгүрттің өзі болып шығады. Бұл жолды Кеңес үкіметі халықтар достығы деген жалған ұранды жамыла отырып, аса шебер нəзік тəсілдермен жүзеге асырып келді. Ұлттық санасы əлсіз халық бұл мəселеге мəн бермей тез бой алдырады. Ал, отаршылдық ұлыдержавалық санасы жетілген халықтар бұл құбылысқа айрықша мəн бере қараған. Осы себепті қазақ ішінде сан ғасырлар бойы аралас тұрған орыс қоғамының ең төменгі сатысындағы топтың өкілі саналатын ішкіштер (алкаштары) мен ұры-қарылардың бірі де өз баласына қазақ атын қоюға аяғын аттап басқан емес. Іздесең де ырымға бірін таба алмайсың.

Төртіншіден, халықтың тарихи санасы мен халықтық жадының сақталуына рухани нəр беріп жандандырып тұратын бір көнікті рухани бұлақ көзі — «ел тарихы — жер тарихына» аяусыз қатыгездікпен қол салуында жатыр.

Халықтық топонимдер орнына саналы түрде отаршылдық, тоталитарлық топонимдерді қаптатты. Мұндағы мақсаты да жергілікті халықты тарихи жадынан жаңылдырып өткендегі ата дəстүрін ұмыттыру арқылы құлдық санаға түсіру əрекетін көздеді. Қазақ жерінің жартысынан астамы орыс тілді елді мекен, жер атауларымен аталып шұбарланып кетуінің сыры да осы мақсаттың жүзеге аса бастауының айғағы болатын-ды. Ресей жерінде патшалық заманда да, кеңестік дəуірде де қазақ топонимімен аталатын елді мекен жер атауларының мүлде болмауы көп мəселенің сырын ашық аңғартып тұрады. Мысалы, бір кезде Қазақстанның астанасы болған Орынбор қаласында қазақша ырым үшін бір көше атының болмауы көп нəрсенің сырын ашып айғақтап тұр.

Осындай отаршылдық саясаттың тарихын өз басынан өткізгендердің бірі атақты жазушымыз Ə.Нұрпейісовтің Халықаралық ПЕН клубтың Берлинде өткен конгресінде ашына сөйлеп: «...сол совет дəуірі үстемдік құрып тұрған шақта ол өзінің бүкіл идеологиялық күш қуатын соншалық бір рахымсыз қаталдықпен аз ұлттар тілін түп тамырымен құртуға жұмсағаны белгілі. Тіл құрыса — ұлт құриды. Ал ұлт құрыса — ұлттық мəдениет те, ұлттық дəстүр де, ұлттық сана-сезім де түгелдей құрып, дүниеге тегі, дəстүрі белгісіз бір қасиетсіз халық келетініне совет идеологиясы кəміл білді. Сүйтіп бұрын-соңды жер бетінде болып көрмеген, ешқандай ұлттық нəсілі белгісіз, ешбір Құдайға, дінге сенбейтін, ата-тегі беймəлім ұрпақ — кеңес адамы деген жаңа адам жасап шығаруды қолға алды» («Ана тілі», 22. 06. 2006), — деп жазуында Кеңестік жалған идеологияның сырын əшкерелейтін аса мəнді шындық жатыр. Л.И.Брежнев билігі кезінде орталықтың бірыңғай кеңес адамын жасау туралы саяси əрекеті бүгінгі аға ұрпақтың көз алдында өтіп жатты. Осы саясаттың аса қатерлі лебін сезінген көреген жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Касандра таңбасы» романындаға мəңгүрт ұрпақ жасау жолындағы орталықтың саяси мақсатын шеберлікпен əшкерелей суреттеуінде осы ұстанған империялық шовинистік астам саясаттың алысты көздеген адамзат атаулыға жат мақсатын суреттеуде өмірде болған шындықтың ащы шындығы негізге алынған еді.

Бүкіл түрік халықтарының, оның ішінде түрік халықтарының қара шаңырағын иеленіп отырған бүгінгі қазақ елінің ту баста қалыптасқан ата салты, əдет-ғұрпы мен ұлттық дүниетанымы, яғни рухани бар болмысы, тарихтың алапат тарту қуаты орасан зор үш түрлі иірімінде, шыр көбелек айналып түбірлі өзгерістерге ұшыраса да, ата-бабаларымыз жан беріп, жан алысып жүріп өзінің тума рухани болмысын сақтап қалған таңғажайып ерлігін тарих ананың өзі де айғақтауда [3].

Тарихтың бірінші иірімінде Қытаймен бетпе-бет келген Гұндар мен Түрік қағанаттары бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүріп тарихтың қатерлі сапырылысына түссе де, табиғи болмысы мен рухани əлемін бастапқы табиғи қалпында сақтап қалды. Тілі, ділі, діні де мұқалмай таза табиғи қалпында келесі ұрпақ қолына жетті. Халқымыздың болашақ тағдыры тарихтың қайталанбас алапат төртінші иірімінің тарту күшін сезінуде.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Айзахметов А. Рождение тюркского мира. — Тараз,
  2. VІІІ–ХІІ ғасырлардағы көне түркі əдеби ескерткіштері. — Алматы, 1985. — 21-б.
  3. Мурад Аджи. Европа, Тюрки, Великая степь. — М.,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.