Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əміре Сұлтанмұратұлы

Көкше өңірі — ертеден күміс көмей, жезтаңдай əншілері мен жырымен ел ішін өрнектеген ақындарға бай өлке. Арқа өлкесін əн мен жырға бөлеген ақындар легін тудырған Айыртау өлкесінің біртуар ұлы Əміре Сұлтанмұратұлын осы лекке қосып атауға болады. Жаратылысынан əн мен жырдың бесігі болған Айыртау елінің сұлу табиғатынан нəр алып өскен Əміре Сұлтанмұратұлы — тағдырдың талай тартыс, қиындығына қарамастан, өмірде өзіндік із қалдырған азамат, əнші.

Өкінішке орай, Əміре Сұлтанмұратұлы жайлы ақпарат əдеби дерек-көздерде көп кездесе бермейді. Қазақ Совет энциклопедиясының оныншы томында ақын жайлы қысқаша мəлімет келтірілген. Сол сияқты белгілі əдебиеттанушы Е.Ысмайловтың «Ақындар» атты 1959 жылы шыққан еңбегінде: «Ə.Сұлтанмұратов жастайынан ел ішінде ақын ретінде танылған. 1916 жылы патша өкіметіне қарсы өлең шығарғаны үшін жер аударылып, Атбасарда болды. Октябрь революциясынан кейін социалистік жаңа өмір жəне В.И.Ленин туралы көптеген өлең жазды. «Амангелді батыр» (1924) дастанын шығарды. Оның бірсыпыра өлеңдері «Ленин деп халық жырлайды» (1969)», «Песня степей» (1940) тағы да басқа жинақтарға енді, Республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. Советтік республикалардың ақындар слеті (1937) мен ақындар айтысының жүлдегері (1943). Қолжазбалары Қазақ КСР-нің Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы»,— деген мəліметтер берілген [1].

Кезінде, ақынның өз баласы Қадыржан Əміреұлының айтуымен, белгілі журналист Жұмабай Есекеев 1998 жылдың 16 қыркүйегінде «Солтүстік Қазақстан» газетінде көлемді мақала жариялады. Ақынның өз өмір дерегіне тоқталмас бұрын ақындық жолға түсуіне бірден-бір себеп болған Əміренің əкесі Сұлтанмұрат ақын туралы мəлімет келтіре кетейік: «Сұлтанмұрат Құдасұлы қартайған шағына дейін серілікпен ел аралап, талайларды өнерімен тамсандырып өткен. Ол Ақан сері тобындағы ең шешен, тамаша əнші, алғыр да өжет, адамгершілігі де мол, ақылы сымбатына сай жігіттердің басы болса керек. Ал оның əн айтқандағы дауысының биіктігі жөнінде Бірлестік ауылының Қасым, Есдəулет сияқты қариялары ауыздың суын құртатын мынандай естелік əңгіме айтады. Сол кездегі Кененбай, Жанболат, Алтынбай, Үлкен Сапақ деп аталатын ескі ауылдардың арасы бес-алты шақырымнан кем болмайтын. Сұлтанмұраттың желсіз тынық кеште өз үйінің жанында отырып шырқай салған əнін жаңағы ауылдардың адамдары өз үйлерінің іргесінде отырып-ақ немесе орта жолда ат үстінде тұрып тыңдай береді екен»[2]. Алты қырдың астынан естілетін асқақ дауыс деп осындайдан айтса керек. Сонымен қатар Сұлтанмұрат Құдасұлы туралы деректер Сəкен Жүнісовтың «Ақан сері» романында келтіріледі. Шығарма барысында серінің жақын жолдасы ретінде ақын-əнші Сұлтанмұрат ойын тойдың көркі, шоқтығы биік өнерпаз деп суреттеледі. Зеренді өлкесінің əсем тауларының бірі— Жыланды тауы, бұл Ақан серінің атақты «Балқадиша» əні туатын Ащылы Жекебояқ көлінің баурайында отырып Ақанның атақты «Маңмаңкерін» шырқатқанда əншінің даусына риза болған Ақан сері: «Шіркін-ай, бетіңді теріс қаратып қойып, əніңді тыңдай берер ме еді»,—тамсанады екен. Бұл жерде, келтірілген деректер бойынша, Сұлтанмұрат бабамыз қара кісі болған. Əнші жолдасын ағартамын деп ақын ағасы Сұлтанмұратты Жекебояқ көліне қырық сабынмен жуындырыпты деген аңыз бар. Ал əңгімемізге арқау етіп отырған Əміре Сұлтанмұрат ақынның үлкен ұлы болып келеді.

Əрі əнші, əрі суырып салма ақын Əміре Сұлтанмұратұлы 1870 жылы ақпанның бесінші жұлдызында бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Қамсақты бойын жайлаған Қарауыл- Қантай елінде Сапақ аулында (кезінде Ұялы, кейіннен Бірлестік аулында) дүниеге келген. Алдына мыңғыртып мал айдамаса да еліне өнерімен аты мəлім Сұлтанмұрат ақыннан бала Əміренің алары да, үйренері де көп еді. Əкеге қарап бой түзейтін əрбір қазақ отбасындағыдай Əміре де жастайынан əн мен жырға құмар болып өсті. Ақын тілі қылыштан өткір, қылдан жіңішке деп тегін айтпайды халық. Ғасырлар тоғысында өмірге келіп от ауызды, орақ тілді ақын отбасында ер жетіп, ат жалын тартқан Əміре ақын да тілін шындыққа жанып, əділетсіздікке қарсы шықты. Қарапайым халықты екі жақты қанаған ақ патшамен қазақтың би-болыстарының озбырлығы ақынның ащы əжуасынан қалыс қалмады. Елге тырнақ батырған есерсоқтарға қарсы ақын өзінің сөз қаруын қолдана білді. Шындықты ту еткен Əміре көпшілікке аты мəлім қарапайым халықтың жанашыры ретінде елге танымал адамға айналады.

Қазақ сахарасына келген ұлы жаңалықтар ақын өміріне көптеген өзгерістер алып келді. Халық арасынан шыққан қарапайым ақын ретінде Əміре де қарны жуан байлар мен ел қанаған жауларына өлеңін қару етіп қарсы жұмсады.«Ақынды ақ патшаға тіл тигізді» деген жаламен ел ішінен аластап, Атбасар жаққа жер аударады. Ол жайлы ақын өзінің естелік өмір дерегінде былай деп жырлайды:

Адыра қалғыр сұм заман,

Адымымды аштырмай,

Қанатымды талдырдың.

Ездің кедей сорлыны,

Аштан өліп қалам ба?

Кім береді тамақты,

Бай сөзін бұлдап ақша алып,

Мен кеттім ғой қасыңнан,

Астымда аяқ қалдырдың,

Ерік бермедің Николай,

Ішімді от қып жандырдың.

Кедейді құл ғып арбадың,

Құрысын заңың жауыз-ай.

Ол жақта жылдан артық жүріп елге қарай оралады. Ел арасында Николай патшаны құлатып, билікті большевиктер алыпты деген қуанышты хабардан кейін 1919 жылы Көкшетау қаласына келіп азаттық алып еліне қайтады. Талантты Əміре бұдан бұлай өлең, жырларын жаңа заман талабына сай жаңаша өмір көріністері мен халық тұрмысын жырлауға арнады. Қостанай аймағын аралаған кезінде ел арасында жүріп көптеген толғаулар мен өлеңдер жазады. Сол кезде қазақ даласына аты мəлім болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры Амангелді Имановпен кездесіп, оның қол астында біраз күн жолдас болады. Қиын күндерде қол ұшын берген асыл азаматқа арнап, кейін ақын ойынан

«Амангелді» дастаны туады. Дастанда Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Əміре ақын жиырма төрт жас шамасында кезі болғанын айта келе, батырмен қалай қандай жағдайда кездескенін баян етеді. Жалғыз басты жігітті аяған мəрт батыр өзінің мініп жүрген жүйрік биесін жас ақынға тарту етеді. Батырдың жанындағы жолдастарынан да сый-сияпат көреді. Амангелді тобында біраз уақыт болып, оларға біраз өлең-жыр айтып көңілдерін көтеріп, кейін өз елі Көкшетау дуанына қайтады. Ол жайында ақын былай жырлайды:

Жас жігіт Амангелді салды күшін,

Таныс емес, көрген емен бұрын түсін.

Қыпшақта Амангелді артық ер деп,

Бұрыннан естіседі оның ісін.

Замана талабына сай ақын шығармашылығы да жаңарып, түлеп отырған. Патшаның тақтан таюы, Қазан төңкерісі, жаңа өмірдегі мəдени-рухани өзгерістер ақын шабатына шабыт үстейді. Сол уақыттың саяси көзқарасына сай жұмысшы мен шаруа табының көсемі В.И.Ленинге арнап көптеген өлеңдер жазады. Алайда ақын жанын ауыртқан ащы шындықты да жасырып қала алмайды. Жаңадан құрылған жас үкіметтің келелі саясатын халыққа жеткізуде, елді басқару ісінде көптеген қателіктер мен бұрмалаушылықтар болды, осындай кемшіліктерге көз жұма білмеген ақын кейбір тəкаппар, менменшіл басшылардан тайсалмай жыр қаруын тағы да қолға алады.

Жаныңда кекейгенде тұра алмадық,

Алдыңда қия басып жүре алмадық.

Үкімет сөйлеу, жүру ерік дейді,

Осының қалай екен деп сыр алмадық.

Бұрынғы Николайдың мінезіндей,

Отырған үйіне де кіре алмадық,—

деп ақын сол кездің өзінде-ақ ақын мінезіне тəн демократиялық сарынды байқатады. Əрине, мұндай өлеңдерден кейін көп ұзамай ақынның өзі де оның отбасы да кейбір солшыл шенеуніктер тарапынан көптеген қиындықтар көреді. Сонымен қатар Əміре ақын тек өз өнерімен ғана емес, ісімен де жаңа өкіметке көп қызмет көрсеткен. 1929–1931 жылдар аралығында сол аймақтардағы шағын ауылдарды біріктіріп, ұйымдастыру ісіне белсене араласады. Соның нəтижесінде қазіргі «Бірлестік» ауылының іргесі қаланды. 1931–1932 жылдардағы аштық зұлматы кезінде де ел іргесінің сөгілмеуіне көп атсалысады. Кезінде, Əміре ақынды көзі көрген ауылдың көнекөз қарияларының айтуынша, ұжымдастыру, одан кейінгі ашаршылық кезінде ел азаматтарының басын біріктіріп ауыл ортасына алты қанат үй тіккізіп қазірге дейін сақталып келе жатқан тас құдықты қаласқан. Ақын сол кезде үш бөлмелі ағаштан қиылып салынғын үйде тұрған. Бөлменің ортасында үлкен үстел, үстелдің үстінде қағаз, сиясауыты жататын. Ол далаға көп шыға қоймайтын, көбіне-көп өлең жазумен айналысатын. Ақын үйіне ауыл адамдары айналада болып жатқан жаңалықтарды естуге жиналады екен. Əміренің көптеген қолжазбалары Қазан төңкерісі кезіндегі аумалы-төкпелі кезеңде Колчак əскерлерінің қолына түсіп көбісі өртеледі де, үлгергендерін үй маңына шүберекке орап тығып кетті деген деректер бар.

Соған қарамастан, ақындық жігері мен қайраты мұқалмаған ақын Əміре 1930-жылдары халық арасында ұйымдастырылатын мəдени қызмет көрсету істеріне белсене араласады. Кейіннен Айыртау аудандық комитетіне арнайы хат келеді, мұнда халық ақыны ретінде Əміреге қамқорлық жасалып, жанына ақынның өлең-жырларын хатқа түсіруіне хатшы-көмекші ретінде хат танитын жас біреуді қосуына жəрдем берулерін сұрайды. Соңында С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсіреповтар қол қояды, осыдан кейін ақынның шығармалары қағаз бетіне түсіріліп жинақтала бастайды. Негізінен ақынның жазбаша сауаттылығына келетін болсақ, өз кезінде ескіше сауатты болғанға ұқсайды. Өйткені өзінің өмірдерек естелігінде мынадай ақынның өз аузынан жазылып алынған дерек келтіріледі: «Бойға біткен мінез сүтпенен қонса, өнер-білім, қажеттілік өлгенде сүйекпен кетеді дегенді» өз басымнан бақылап айтамын. Оған мысал бірде Шыңғыс ханның үлкен баласы Жақып төренің үйіне келіп, аттан түсіп есігіне барсам, тал түсте ішінен кілт салып қойыпты. Адам үндемейді, ашпайды. Төре үйінде отыр деп жұмыскерден естіген соң, есіктің қарағай ақ тақтайына қарындашымды ала салып, былай деп өлең жазып кеттім:

Байғұсқа тəккəпарлық толғаныма,

Амақын боп кəртайып солғаныма.

Тал түсте есігіне кілт салады,

Рəсімі шүршіт-қалмақ болғаны ма? [3]

1934 жылы Қазақстан ақын-жазушыларының І съезіне қатысады. Белгілі қазақ ақындары Нүрпейіс Байғанин, Кенен Əзірбаев, Нұрқан Ахметбековпен, тағы сол сияқты саңлақ ақындармен кездесіп пікірлеседі. Одан кейінгі кезде де өткізілген облыстық, республикалық көлемдегі айтыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Одан кейінгі кезде де өткізілген 1939 жылы Айыртау ауданында құрылған озат еңбекшілердің делегациясы құрамында Мəскеуге де барып қайтады. Сол кездегі барлық шаруалар мен жұмысшылардың көсемі Ленин кесенесінде болып, кейін сапар əсерінен туған өлеңдерін жергілікті баспасөз беттерінде жариялайды.

1943 жылы Қостанайда Солтүстік Қазақстан жəне Қостанай облыстарының ақындар айтысына қатысып, жүлделі орынға ие болады. Ал 1946 жылы Жамбыл Жабаевтың жүз жылдық мерейтойын еліміз болып атап өттік. Осыған орай Көкшетау жерінде де үлкен айтыс ұйымдастырылады. Айтысқа Арықбалық ауданынан Шəкен Отызбаев, Айыртау ауданы атынан Əміре ақын шығады да, ақындар айтысына төрелік ету құрметі шортандық ақын Қалия Жұбандықовқа бұйырады. Əміренің тапқырлылығымен, сөз саптауына риза болған Қалия ақын төрелікті қара сөзбен емес, өлеңмен былай деп береді:

Қойғанда төрешіге мені деймін,

Аузыңның кеткен екен желі деймін.

Құр айғаймен сөзіңді естірмейсің,

Əміре жеңіп кетті сені деймін, —

деп əділ бағасын берген екен [4]. Кезінде өнер жолын əншілік-ақындықпен бастаған Əміренің əншілік дəуірі көпке созылмайды. Жастайынан зорлық-зомбылыққа қаны қас ақын өз бақыты үшін күресте табиғаттың берген үлкен сыйы табиғи даусынан айрылады. Ақынның алғашқы алған жары Ұрқия қайтыс болғаннан кейін, қалың малы беріліп, беделді адамның баласына айттырылып қойған Бəдиша атты қызбен көңіл қосып Қостанай өлкесіне қарай қашады. Осы сапарында қуғыншылардан қашып Тобыл өзеніне қойып кетеді. Күзгі қара суық өз дегенін істеп, ақын табиғи даусынан айрылады. Кейіннен көпшілікке айтыскер ақын ретінде танылады. Əмірені жастау кезінде көрген ауыл адамдары ақынның даусы бертінге дейін асқақтағанынан айрылмағанын баян етеді. Əміренің туған бауыры Сəкен де жастайынан əн-жырға жақын болған деседі. Бірде қой жайып отырған Сəкеннен жөн сұрасқан жолаушыға:

Баласы Сұлтекеңнің, атым—Сəкен,

Сан топқа ілдірмеген менің əкем.

Атығай-Қарауылға мəлім болған,

Сұрасаң Əміре ақын менің тəтем.

Қасықтан тамған балдай сорғалайын

, Алдыңда құнан қойдай жорғалайын.

Болғанда əкем де ақын, тəтем де ақын,

Мен қайтып айтар сөзден құр қалайын.

Жалпы ақыннан қалған ұрпақ жайлы сөзге келетін болсақ, жеті ұл, үш қызы болған. Көбісі жас кезінде шетінеп кеткен. Ақынның үлкен ұлы Қайыржан ел ісіне араласқан білімді, білікті азамат əрі талантты əнші адам болған екен. Халық ауыз əдебиетіне қатысты талай қисса-дастандарды жатқа айта білген.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ысмайлов Е. Ақындар. –Алматы: Ғылым, 1956. — 94-б.
  2. Қазақ Совет энциклопедиясы.— 10 т. –Алматы: Ғылым, 1979. — 96-б.
  3. Рахым Б. Ата мұра — асыл қазына.— Қарағанды: Фолиант, —93-б. 4. Айыртау таңы. — 2000. — № 23.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.